Ас қорыту жүйесі



жүктеу 43.46 Kb.
Дата29.12.2016
өлшемі43.46 Kb.
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауыз жұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

1.Балаларда  асқорыту ағзалар ауруларының даму себебі, клиникалық негізгі көріністері. Ауыздың Ас қорыту ағзаларының туа біткен даму ақаулары.

ойылуы, уылуы. Ауыздың ойылуы /стоматиттер/. Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі. Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер аызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.  Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:



  1. Катаральды

  2. Герпесті

  3. Жаралы деп бөлінеді.

Катаральды стоматит-ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, баланың аузынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, бала тамақты нашар ішеді. Стоматиттің бұл түрі емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі.

Герпесті стоматит- немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар, бұл ауру 6ай-3жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иекте, кейде таңдайына шығады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып, кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, бала мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.

Жаралы стоматит-жасы үлкен, кариесті тістері бар балаларда кездеседі.-қан кернеген, ісінген шырышты қабықтар, жаралар пайда болады, аузынан сүйкімсіз иіс шығады.

Ауыздың уылуы /молочница/. Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады. Ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.

Тамақ пен жұткыншақта қабыну үдерісі, басқа сырқаттарға қарағанда жиі кездеседі. Бадамша безінің қабынуын баспа немесе тонзилит, ал жұтқыншақтың қабынуын фирингит деп атайды. Сонымен қатар баспа қызамықта, дифтерияда, қанның және қан жасау жүйесінің сырқаттарында олардың жергілікті бергісі ретінде дамиды. Әдетте баспа жиі-жиі қайталанып созылмалы түрде өтеді. Баспаның 1.катаралды; 2.локуналды; 3.филликулалы; 4. Іріңді; 5.фибринді; 6.некрозды; 7.гангреалы түрлері ажыратылады.

Өңеште туа біткен кемістіктер, қабыну және ісіктер жиі ұшырайды. Туа біткен кемістіктерге өңештің бітік болуы(атрезия) және кеңірдек пен өңештің арасындағы саңылаудың сақталып қалуы кіреді. Өңіщштің белгілі бір бөлігінің бұлтиып тұруын дивертикул деп атайды. Егер ол өңештіңбарлық қабаттарынан тұратын болса, онда нағыз диверкул деп есептеледі.



2. Асқазан мен он екі елі ішектің қабынуы.

Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық). Ауру  өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады — енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп,  қайталап құсу  болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн. )    

1.   Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері).

2.     Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар).

3 .Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату диагностикасы

Алдын алу-тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық); қосалқы созылмалы инфекция ошақтарынан дер кезінде тазатрып-сауықтыру; гельминттерден арылту; асқазан-ішек жұмысын қалыпқа келтіру шаралары; дәрі-дәрмектер қабылдауға ұқыпты қарау; балалардың соматикалық ауруларын дер кезінде анықтап әрі мұқият емдеу.



Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.  Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады. Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен  білінеді. Өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді. Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық ( олар осы ағзалардың шырышты  қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация
publications -> 2-курс студенті Нұрсәлімова Сымбат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет