Қарсақ бастауыш мектебі Шомылу маусымының басталуына байланысты өткізілген жұмыстар жөніндегі ақпарат. Мектепте оқушылармен шомылу маусымы туралы «Судағы қауіпсіздік ережелері»



Дата20.06.2017
өлшемі25.33 Kb.
Қарсақ бастауыш мектебі

Шомылу маусымының басталуына байланысты өткізілген жұмыстар жөніндегі ақпарат.

Мектепте оқушылармен шомылу маусымы туралы «Судағы қауіпсіздік ережелері» атты сынып сағаты өтті.



Мақсаты: судағы қайғылы оқиғалардың алдын-алу.

Сынып сағатына 1- 4 сынып оқушылары қатысты.Тақырып бойынша түсініктер берілді,сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарылды.Сынып жетекші Ағбаева Баян Қажыбайқызы оқушыларға судағы ережелерді айтып берді.

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау  үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:  
  I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары 
    - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 
     - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 
     - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 
     - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 
     - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. 
     - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. 
     - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар. 
   

  ІІ .   Су иірімінен шығудың тәсілдері 


      - Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз. 
      - Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. 
      - Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз. 
    ІІІ. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет 
       Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады. 
      - Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз. 
     - Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз. 
     - Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз. 
    

ІV. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек 


     Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше  тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. 
     - қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын  судан босатуға кірісу; 
     - қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің  әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.

Алдағы мектеп жанындағы алаңдарда профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу әлі де қажет етеді.



Әр уақытта есте сақтау керек!
     Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.


Мектеп меңгерушісі: Б.Қ.Ағбаева

05.05.2016 жыл


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет