Қаржы кафедрасы Г. С. Майкопова Қаржы



жүктеу 1.42 Mb.
бет1/8
Дата05.02.2018
өлшемі1.42 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

Г.С. Майкопова

Қаржы
оқу құралы

Қостанай, 2011


ББК 65.26 (5каз).я73


М 13

Автор:

Майкопова Г С., э.ғ.қ., қаржы кафедрасының доценті



Рецензентер:

Жиентаев С.М -.э.ғ.д., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ факультетінің экономика жөне басқару кафедрасының меңгерушісі, профессор

Исмуратова Г.С.–.э.ғ.д., профессор, Қостанай инженерлі-педагогикалық университетінің сырттай оқу бөлімінің деканы.

Сартанова Н.Т.- э.ғ.қ.,., қаржы кафедрасының доценті

Майкопова Г.С.

М 13 Қаржы. Оқу-кұрал. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2011 – 93 с.

Қаржы курсында ұйымдастырудың негізгі теориялық формалары, тәжірибеде қолданылуы сияқты қаржының негізгі аспектлері көрсетілген. Бұл оқу-кұрал кешен оқырмаңдардың қызығушылықтарын қамтыған: ғылым, оқытушылардың және студенттердің. Сонымен қатар аграрлы кешен аясындағы мамандардың кәсіпорындардағы қаржыларды қолдану және жоспарлауды ұйымдастьыруға көмек береді.


ББК 65.26 (5каз).я73


А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу әдістемелік кеңесімен бекітілген, хаттама № _________2011ж.




Г.С. Майкопова.

© А. Байтұрсынов атындаға ҚМУ

Мазмүны


Кіріспе.......................................................................................................

4

Тақырып 1 Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен ролі....

5

Тақырып 2 Қаржылық жүйені ұйымдастыру.......................................

11

Тақырып 3 Қаржылық саясат және қаржылық механизм...................

16

Тақырып 4 Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысы................

25

Тақырып 5 Үй шаруашылығының қаржысы........................................

31

Тақырып 6 Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру..................

37

Тақырып 7 Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы.

Мемлекеттік кірістер мен шығындар.................................



43

Тақырып 8 Мемлекеттік бюджет...........................................................

49

Тақырып 9 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар..................................

54

Тақырып 10 Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз...................

58

Тақырып 11 Сақтандыру........................................................................

65

Тақырып 12 Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу..................

69

Тақырып 13 Қаржылық нарық................................................................

73

Тақырып 14 Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы

76

Тақырып 15 Қаржы және инфляция......................................................

78

Студенттердің білімін тексеру үшін тест тапсырмалары....................

82

Қолданған әдебиеттер тізімі ..................................................................

90


Кіріспе
«Қаржы» пәні міндетті кәсіптік пән болып табылады.

«Қаржы» курсы базалық оқу пәні болып табылады, онда экономика ғылымдарының маңызды құраушыларының бірі – қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерттеледі. Қаржы курсында ұйымдастырудың негізгі теориялық формалары, тәжірибеде қолданылуы сияқты қаржының негізгі аспектлері көрсетілген. Қаржыны әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыру студенттерге осы экономикалық категория мәнін, оның ұдайы өндіру процесі мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролін түсінуге мүмкіндік береді. Қаржыны игерудің маңызды жағы оған кіретін субкатегорияларды (кіріс, салықтар, шығындар, бюджет, мемелекеттік несие, сақтандыру, резервтер), жүйелерді, түсініктерді, функционалдық жүйелерді (қаржылық жоспарлау және болжау, бақылау, құқықтық қамтамасыз ету, қаржылық нарық) анықтау, топтау және топтастыру болып табылады.

Курста қаржының негізгі аспектілері берілген: теориялық негіздері, ұйымдастыру нысандары, практикалық қолданымы. Қаржыны әр түрлі тұрғылардан қарастыру студенттерге бұл экономикалық категорияның мәнін, ұдайы өндірістік үдерістер мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының рөлі мен маңызын игеруге мүмкіндік береді.

Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функциялары, оның басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті мен шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралады. Сонымен қатар, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қалыптасатып отырған рыноктық экономиканы реттеуде қаржыны пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жұйелерді, ұғымдарды, басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелерде олардың іс-әрекеті мен өзара байланысының қағидаттарын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Бұған келесілер кіріктіріледі: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, резервтер, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит, мемлекеттік борыш, сақтандыру, функциялық жүйелер-қаржылық жоспарлау мен болжау, қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы. Курста түрлі шарруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында, қаржының іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берілген.

Курсты зерделеу экономика мен қаржыларда рыноктық негіздерді қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді қолдануды қажет етеді. Сондықтан рыноктық қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, рыноктық экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезінде студенттердің жеке-дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа ғылыми-практикалық іс-шараларға баяндамалар даярлап, қатысуы қарастырылған.

Әдістемелік нұсқаулар курстың оқу бағдарламасына және типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған.



Тақырып 1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен ролі.
1. «Қаржы» түсінігі – құндық экономикалық категория.

2 Қаржының қызметтері.

3. Қаржы қызметтеріне экономистер көзқарастарының дамуы.

4. Қаржылық ресурстар: қаржылық ресурстар көздері, өсу факторлары.


Қаржы – бұл бөлу және қайта бөлу процестері арқылы қоғамдағы ақшалай қатынастардың айтарлықтай бөлігін қамтитын тарихи түрде қалыптасқан эко-номикалық категория. Экономикалық өмірде қаржы сыртынан қоғамдық өндіріске әртүрлі қатысушылардың ақшаларының қозғалысы түрінде көрінеді және қолма-қол ақшасыз немесе ақшалай есеп айырысу және төлем түрінде ақша сомасын қоғамдық өндірістің бір иесінен екіншісіне беруді білдіреді.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы 6 кітап» деген деген жұмыс бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жазып қоюға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғагқы авторлары Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржы «financia» латын тілінен аударғанда қолма-қол ақша, кіріс деген ма-ғынаны, кең мағынада алғанда, ақша-қаражаттары, ақшалай айналым деген мағы-на береді. Ақша қаржының болуының міндетті шарты болып табылады. Сондық-тан көбінесе «қаржы» түсінігін «ақша» түсінгімен ауыстырып түсінеді. Бірақ бұл екеуі әртүрлі, бірақ өзара байланысты түсініктер. Қаржы мазмұны бойынша да, орындайтын қызметтері бойынша да ақшадан айтарлықтай бөлек болып келеді.

Ақша-бұл ерекше тауар. Тауар ретіндегі ақшаның ерекшелігі-ол барлығына ортақ эквивалент, оның көмегімен тауар өндіруші жұмсаған еңбек шығындары өлшенеді. Ақшаның негізгі бағыты оның бес қызметі арқылы көрінеді. Олар: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, жинақтау құралы, дүниежүзілік ақша.

Қоғамдық қатынастар иерархиясында ақшалай қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынасар жүйесінің айқындаушы бөлігі – өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржылық қатынастарды базистік әрі негізгі қатынастар болып табылатынын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады.

Нарықтық экономика мемлекеттің экономикадағы рөлінің күшейуін нақтылы шарттастырады және сондықтан да маңызды дамулар мемлекеттердің экономикаға кірісуі бойынша шығындарға ие, экономикаға, көмір, газ және де өнеркәсіптің басқа да салаларына, ауыл шаруашылығын қолдауға, экономикадағы мемлекеттік сектордың ұлғайтуға (әсіресе, дағдарыс кезеңінде) күрделі мемлекеттік салымдар өсті (ғылыми-техникалық прогресске шығындар, әлемдік нарықта отандық өндірушілерге қатысты протекционизм) сарапшы фирмаларға, сарапшы сыйақыларға ұсынымдар).

Кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың акционерлік нысаны нарықтық экономикасы дамыған елдерде кең ауқымға ие. Бұл акцияларды шығару - ақша жинақтарын өндірістік инвестицияларға тасымалдауға мүмкіндік беретін капиталды мобилизациялаудың мықты формаларының бірі болып табылуымен тығыз байланысты. Акцияларсыз, облигацияларсыз, банк несиелерінсіз және қаржы нарығының басқа да элементтерісіз корпорациялар өзін-өзі қаржыландыруда болуы керек еді, бұл болса олардың өсімін жылдам шектейтін еді. Сондықтан дамыған шет елдерде қаржы қатынастарының маңызды сферасы жеке ұлттық трансұлттық операциялардың қаржылары болып табылады, өйткені өздерінің ұйымдастырушылық құрылымы бойынша корпорациялар акционерлік қоғамдарға тән.



Қаржы – мемлекеттің және оның ақша ресурстарына қажеттілігінің да-муына байланысты жүйелі тауар-ақша айналымы жағдайында туындайтын ақ-ша-қаражаттары қорын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қаты-настарды көрсететін экономикалық категория. Тарихи тұрғыдан қаржы мемле-кеттің экономикалық құрылысымен байланысты көрінетіндігі дәлелденген. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы ірі ақша ресурстарын шоғырландырады, ал ол қоғамның қажеттілігімен дәлелденген.

Қаржы – бұл жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты (ҰТ) бөлу мен қайта бөлудің экономикалық құралы, ақша-қаражаттары қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын бақылайтын қару. Қаржының негізгі бағыты – мемлекет пен кәсіпорынның ақша-қаражаттарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақ-шалай кірістер мен қорлар құру, сондай-ақ, қаржылық ресурстардың жұмсал-уын бақылау.

Қаржылық қатынастарға бюджетке салық және басқадай төлемдерді төлеу бойынша, бюджеттен кәсіпорындардың кейбір шығындарын қаржыландыру бойынша мемлекет пен кәсіпорындар арасында; бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті және ерікті төлемдер салған кезде мемлекет пен азаматтар ара-сында; орталықтандырылған қорлар құрған кезде кәсіпорындар мен жоғарғы органдар арасында; бюджеттен тыс қорларға сақтандыру жарналарын салған кезде кәсіпорындар мен сол қорлар арасында; несие алған, несие үшін пайыз төлеген, банк шоттарында ақша-қаражаттарын сақтаған кезде кәсіпорындар мен банктер арасында; сақтандыру жарналарын төлеп, сақтандыратын жағдай туын-даған кезде сақтандыру қорынан өтеген кезде кәсіпорын және сақтандыру ұйымдары арасында; еңбек ақы қорынан жалақы төлеген кезде кәсіпорындар мен жұмыскерлер арасында; туарлық-метариалдық құндылық сатып алғаны үшін есеп айырысқан кезде, дайын өнім сатқанда және қызмет көрсеткендегі өндірістік және коммерциялық қызмет процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар арасында туындайтын ақшалай қатынастар жатады.

Ақша-қаражаттарының қозғалысымен байланысты мемлекет, кәсіпорын, салалар, аймақтар мен жеке азаматтар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды. Сонымен, қаржы –ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу негізінде ақша-қаражаттары қорларын құру және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.

Орталықтандырылған қаржылар ретінде мемлекеттік бюджет жүйелері мен дұрыс бюджеттен тыс қорларда аккумуляцияланатын мемлекеттің ақша қаражаттарының қорларын қолданумен және қалыптастырумен байланысты экономикалық қарым-қатынастар, ал деорталықтандырылған қаржылар ретінде – кәсіпорындардың ақша қорларының айналым шеңберін орталайтын ақша қатынастары түсіндіріледі.

Қаржы – ақша қатынастарының үздіксіз бөлшегі, сондықтан олардың рөлі мен мәні ақша қатынастарының экономикалық қатынастарда алатын орнына байланысты.



Қаржының пайда болу себебі – мемлекет пен әртүрлі субъектлердің өз қызметтерін қамтамасыз ететін ресурстарға қажеттілігі.

Қаржыға қатысты фунуция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Фунцияда категорияның арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қаржы – ішкі жалпы өнімді бөлу мен өайта бөлудің экономикалық инструменті, ақша қорларының жасалуын және пайдалануын бақылау құралы. Сондықтан қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның орындайтын функцияларынан айқын көрінеді.

Қаржының қызметтері: бөлу және бақылау.

Бөлу қызметі қаржының қоғамдық бағытын, яғни қоғамдық өндірістің әрбір мүшесін (субъектіні де, мемлекетті де) қажет қаржылық ресурстармен қамтама-сыз етуді, сондай-ақ, ақша ағымдарын мақсатты бағыты бойынша жұмсауды анықтауды жүзеге асырады. Бұл қызметтің шаруашылық ішінде, сала арасында және территория арасындағы бөлу деген түрлері бар.

Бақылау қызметі қаржының бөлу қызметінен туындаған және ақша қор-лары және олардң мақсатты түрде жұмсалуы бойынша жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге бақылау жасау кезінде көрінеді.

Қаржының бөлу және бақылау қызметтері қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм – мемлекеттегі қаржылық қатынастар формалары; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша-қаражат-тары қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі (ережесі); қаржылық жоспар-лау әдістері; қаржыны басқару формалары; қаржылық заңдылық сияқты қаржы-лық қатынастарды басқару тәсілдерінің жиынтығы.



Қаржы пайда, баға, жалақы, несие, сақтандыру сияқты басқадай экономи-калық категориялармен өзара әрекеттеседі. Аталған категориялардың барлығы бөлу және басқадай өндірістік қатынастар жүйесінде ерекше орын алады, өз қызметтерін қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің бір-ыңғай процесінде көрсетеді. Ақша-қаражаттарының мақсатты қорлары қаржы-лық қатынастардың негізі болып табылады. Оларды қалыптастыру көздері мен қорлар халық шаруашылығының сәйкес звеноларының қаржылық ресурстары болып табылады.

Қаржылық ресурстар дегеніміз жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс-ты бөлген және қайта бөлген кезде мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер қа-лыптастыратын ақшалай жинақтар мен ақшалай қорлар. Қаржылық ресурстарда пайда түріндегі таза табыс, қосылған құн салығы, акциздер, кеден төлемдері, әлеуметтік қажеттілікке төленетін төлемдер мен амортизациялық төлемдер не-гізгі орын иеленеді. Қаржылық ресурстар мемлекеттің қаржылық қуатының ма-ңызды көрсеткіші болып табылады. Ол неғұрлым көп болса, соғұрлым тиімді болып саналады. Сонымен қатар ұдайы өндірістің эффектілігін көтеру және экономикалық өсу қарқынын арттыру мәселесін шешу қаржылық ресурстарды эффективті пайдалануға тәуелді (Сурет 1).


Жалпы қоғамдық өнім

С

V

m

Материалдық шығындар

Қажет өнім

Қосымша өнім

Өзіндік құн (шығындар)

Амортиза-циялық төлемдер



Айналымдық қаражаттар



Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер



Ұлттық табыс

Әлеуметтік қорларға ауда-рылған төлемдер (әлеуметтік салық)

Таза табыс (пайда)

Халықтан алынатын салықтар

Жанама салықтар (ҚҚС, акциздер,

басқалары)



Займалар

Ерікті жарналар

Табиғи ресурстар төлемдері

Сыртқы экономика-лық қызметтен түсетін түсімдері

Баж төлемдері, лицензиялар, тіреу алымдары

Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер










Мемлекет мүлкін сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер










Сыртқы қаржы көздерінен түсетін түсімдер (ин-вестициялар, займалар, трансферттер, гранттар)

Сурет 1 – Қаржылық ресурстар құрамы



Сондай-ақ, мемлекеттік несие жолымен тартылған қаражаттар мемлекеттің қаржылық ресурстар көздері болып табылады. Қаржылық ресурстардың негізгі көздері – ақшалай жинақтар, пайда, ҚҚС, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін кірістер.Қаржылық ресурстардың өсім факторлары: қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру, қоғамдық өнімді материалдық шығындарды өтеу қорына және өндірілген ҰТ бөлу пропорциясы.

Қаржы экономикалық категория сияқты басқа да экономикалық категориялармен тығыз байланысты. Осы байланыстан мысал келтірейік.

Қаржы және несие экономикалық категория сияқты өзара тығыз байланысты. Таза түрінде банктік несиені толтыратын несие, мемлекетке байланысты емес. Оның өндірушілік үрдістегі рөлі – бұл кіріс пен шығыс арасындағы уақытша тоқталуын жабатын, өндірісті модернизациялау қажеттілігін жабатын әдіс және т.б. Алайда, несие – бұл жетіспеушілікті, бюджетті және бюджеттік кассалық тоқталуды жабудың маңызды нышаны (кезекті кірістердің түсуіне банктік қызметтердің қажет болуы).

Егер өз кегінде бюджеттік қаражаттар коммерциялық банктер есебінде сақталса, бұл банктер үшін маңызды ссудалық қайнар көз болып табылады. Несиенің мүмкіндігі мемлекеттің маңызды өкілі болып табылатын Ұлттық банктің саясатымен байланысты (міндетті қор, қаржыландыру инвестициясы). Несие қаржыландырудан өзінің қайтарымдылығымен және ақылылығымен ерекшеленеді, ал қаржы - бұл құнның біржақты және ақысыз тегін қозғалысы. Сол уақытта, екі жағдайда да бұл ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. Несие де, қаржы да ақша қатынастарының аясына кірмейді.

Баға экономикалық категория ретінде экономиканы жоспарлы реттеуде кірісті қалыптастырудың маңызды құралы болып қалыптасады. Нарықтық экономикада бағалар зейнетақыны, жәрдемақыны және минималды еңбекақыны есептегенде анықтаушы көрсеткіш болады. Егер мемлекет бағаны реттемесе, әлеуметтік төлемдерді түзетуге және минималды ақыны ұлғаутуға мәжбүр болады. Бағаларды мемлекет кедендік реттеуде және кедендік кірістерді алуда қолданады. Кедендік баждар сату бағасымен емес, нақты бағадан артатын нормативтік бағалармен алынуы мүмкін (ресейдің кейбір тауарларына кедендік баждармен мысал келтіру). Сәйкесінше, бюджет кірістері өседі (ішкі нарықтағы бағалар да). Ресурстар бағасының өсуі кәсіпкерлердің инвестициялық мүмкіндіктерінің қысқаруына әкеледі. Көптеген елдерде мемлекет әлеуметтік мәні бар маңызы тауарлар бағасын реттеуге талпынады.

Барлық аталған категориялар ақша сипатына, ақша табиғатына ие.

Салық – бұл заңға сәйкес мемлекетке қайтарымсыз беретін ақша. Сонымен қатар салық – бұл біздің кірісіміз бен еңбекақымыздың бір бөлігі. Өз кезегінде ақша шығаратын операциялар да мемлекет кірісінің қайнар көзі болып табылады.

Барлық аталған категорияларды олардың ақша табиғаты біріктіреді. Олар бір бірлерінен өз қызметтерімен және маңыздылығымен ерекшеленеді. Категорияларды белгілер жиынтығын қарастыру арқылы айыруға болады. Біз, мемлекеттік қаржыны қоғамдағы ақша қатынасы деп санаймыз. Сферадан тыс қаржыны бөлуге болмайды. Қаржы қайта бөлу сферасынан өткеннен кейін экономикалық категорияның басқа белгісіне ие болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Қаржыға толық түсініктеме беріңіз?

2. Қаржының негізгі қызметтерін атаңыз?

3. Қаржының пайда болу себебін атаңыз.

4. Қаржының қызметтеріне берген экономистердің көзқарастары?

5. Қаржылық ресурстаға не жатады?


Тақырып 2. Қаржылық жүйені ұйымдастыру
1. Қаржылық жүйенің мәні және жіктелуі.

2. Қаржылық жүйенің функционалдық белгісі бойынша құрылымы.

3. Қаржылық жүйені ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

4. Қаржылық жүйені жетілдірудің бағыттары.


"Қаржылық жүйе" түсінігі сәйкес ақша-қаражаттары қорын құрып, пайда-лануға негіз болатын қатынастар жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын ұйымдарды қамтиды. Қаржылық жүйе үш бөлімнен құралады: қаржылық қатынастар жиынтығы, ақша-қаражаттары қорларының жиынтығы, басқарудың қаржылық аппараты.

Өзінің тарихи дамуында қаржы механизмі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек қана бір буынмен – мемлекеттік бюджеттен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буыны-мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржфлар құрады. Олар ақша қорларын құруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отыр.



Қаржылық жүйе интеграциялық типтегі жүйе болып табылады, оған кіре-тін элементтеррдің (ішкі жүйелердің) тығыз байланысын сипаттайды. Функционалдық ішкі жүйе ретінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлар (болжамдар), сметалық қаржыландыру, т.б. қаржы жүйесін топтастырудың функционалдық белгісімен қатар қаржылық қа-тынастарға қатысатын, қаржы субъектлері белгілері бойынша төмендегідей топтастыру жүріледі: жалпы мемлекеттік қаржы, кәсіпорын, ұйым және мекеме қаржысы, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.

Қаржылық жүйе – қаржылық қатынастарға басқару формасын беретін өзара байланысты сфералар, ақша-қаражаттар қорлары мен басқару аппаратының жиынтығы (Сурет 2).

Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Қаржылық жүйенің кейбір құраушыларының орны мен ролі бірдей емес. Мемлекеттік бюджет - басты элемент, басқа жүйелер арасында алдыңғы қатарлы орын иеленеді. Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорын қаржысы да қыржы негізін құрайды және қаржылық жүйенің бастапқы звеносы болып табылады, өйткені қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі - ҰТ материалдық өндірісте жасалады. Халық (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы-лық жүйенің ерекше бөлімі болып табылады. Халық (азамат) өзінің ақша-қаражаттары арқылы жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және мемлекеттік және басқа меншік формаларындағы өндірістік, өндірістік емес сфера кәсіпорындарымен байланысқа түседі Елдің біртұтас қаржы жүйесі – тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:



  1. қаржылық қатынастардың жиынтығы;

  2. ақша қорларының жиынтығы;

  3. басқарудың қаржы аппараты.

Қазақстан Ресаубликасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:

  1. мемлекеттік бюджет жүйесі;

  2. арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

  3. мемлекеттік несие;

  4. жергілікті қаржы;

  5. шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы;

  6. халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.




Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі

Жалпы мемлекеттік қаржы

Шаруашылық субъектлерінің қаржысы

Үй шаруашы-лықтары-ның (халы-қтың) қаржысы

Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік несие

Арнаулы бюджеттен тыс қорлар

Материалдық өндіріс сферасы-ның қаржысы

Өндірістік емес сфера қаржысы

Рес-пуб-ликалық бюджет

Жергі-лікті бюд-жеттер: облыс, қала, аудан бюд-жеттері

Мемле-кеттік қарыз (ішкі, сыртқы)

Мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қоры, Инвестиция-лық қор,

ҚР Ұлттық қоры



Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс кәсіп-орындарының, жүк тасушы көлік, бай-ланыс, геология-лық барлау, ұйым-дары сауда, дайын-дау, қанымдаудың мемлекеттік ұйымдарының қаржысы

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы-лар көлігі, денсаулық сақ-тау, білім беру, мәдениет, ғылым және ғылыми қыз-мет көрсету, банктік-не-сиелік, сақтандыру, ком-мерциялық және делдал-дық ұйымдар, мемлекеттік емес және басқадай су-бъектлер (басқарма, қорға-ныс, құқық қорғау ұйым-дары) қаржысы

Сурет 2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.


Жалпы мемлекеттік қаржыға қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорының қалыптасуының экономикалық формасы ретінде республиканың мемлекеттік бюджетінде және мемлекеттің қаржылық жоспарында, қоғамдық қажеттіліктерді мақсатты қаржыландырудың қосымша формалары ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрсетілген қаржылық қатынастарды қамтиды.

Несиелік қатынастар қаржылық қатынастармен бірдей болмағанымен, мемлекеттік несие қаржылық жүйеге кіреді. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға, мемлекеттік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалуына байланысты ол бойынша бюджеттік қаражат есебінен есеп айырысады. Бұл звеноны қаржылық та, несиелік те жүйе деп қа-рауға болады.

Екінші звено – бұл халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдары қаржысы. Оның екі дербес звеносы бар: материалдық өндіріс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы; өндірістік емес сфера кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.

Бірінші звенода, өндірістік сфера қаржысында, өндірістк бірлестіктер, кә-сіпорындардағы, халық шаруашылығы салаларындағы орталықтандырылмаған ақша-қаражаттары қорын қалыптастыру және эффективті пайдалану, сондай-ақ, аталған шаруашылық субъектлерінің мақсатты және резервтік қорлары қара-жаттарын орталықтандыру міндеттері шешіледі.

Екінші звенода қаржылық қатынастар оның бірінші реткі құрылымдарын-да және олардың арасында, қаржылық жүйенің басқа звеноларымен, басқа экономикалық жүйе звеноларымен (баға, несие, т.б.) қатынаста туындайды.

Ақша-қаражаттарының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларының жиынтығы қаржылық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Қаржының материалдық мазмұны бюджеттік, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету қорлары, амортизациялық қор, айналымдық қаражаттар қоры, тұтыну қоры сияқты көптеген ақша қорларын қамтитын қаржылық ресурстар қалыптасыру мен пайдалануда көрінеді.

Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады. Қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте ақшалай табыстар, аударымдар және түсімдер есебінен қалыптасады, ұлғаймалы ұдайы өндіріске, жұмыскерлерді материалдық ынталандыруға, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады. Олар қаржылық қатынастардың материалдық иелері болып келеді, бұл құндық бөліске қатысушы категориялар жалпы жиынтығынан қаржыны бөліп алуға жағдай жасайды. Көмегімен қаржы ресурстары жасалынып, пайдаланылатын нысандар мен әдістер қоғамның әлеуметтік табиғатына қарай өзгергенімен бұл қоғамдық-экономикалық формацияға тәуелділіктен тыс болып жатады.

Қаржылық қатынастар формалары және ақша-қаражаттарының қорлары басқарылатын материалдық объект құрайды. Мұндағы басқарушы субъект мемлекеттік және қоғамдық аппарат жүйесін құрайтын қаржылық аппарат.



Мемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеумен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.

Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждықтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың басқарудың мұқтаждықтарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория, қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын құрудың экономикалық нысаны және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстан - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.



Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері:

а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;

ә) бюджеттен берілетін субсидиялар;

б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

в) ерікті жарналар және қайырмалдылықтар.

Жалпы қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:


  • мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредиттік қатынастардың жиынтығы.

Сақтандыру – шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының табыстарындағы ысырыптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары қарасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.

Сақтандыру – айрықшалықты, өзінің буындары бар сфера: әлеуметтік сақтандыру, жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру және т.б.



Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды , материалдық өндірісте нақтылы өнім – қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.

Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызметкөрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б) тұтыну тауарлары мен қызметтерді саитып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәо сәйкес келу тиіс.



Қаржылық жүйені ұйымдастыру қағидалары:

1) біртұтастық қағидасы орталық қаржылық органдар арқылы мемлекет өткізетін бірыңғай саясат және бірыңғай мақсат арқылы анықталады, ал қар-жылық жүйені басқару бірыңғай құқықтық базаға, менеджменттің бірыңғай амалдары мен әдістеріне негізделеді;

2) дербестік қағидасы қаржылық жүйенің әр звеносы өз міндеттерін шеше-тіндігімен, әрбіреуінде өзіндік қоғамдық бағыты, ұйымдастырудың арнайы фор-масының болатындығымен және оларға зінің ерекше қаржылық аппараты сәйкес келетіндігімен ерекшеленеді;

3) жалпы ұлттық және жергілікті (субұлттық) мүддені ұстану қағида-сы мемлекет пен аймақтардың қаржылық қатынастырының тең дәрежелі жағдайымен қамтамасыз етіледі.



Қаржылық жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары: 1) өндірістік қаты-настарды жетілдіру, 2) экономиканы әлеуметтік жағына бұру, 3) ұлттық шаруа-шылықты құрылымдық қайта құру, 4) ғылыми-техникалық прогресті жеделде-ту, 5) сыртқы экономикалық қызмет белсенділігін арттыру, 6) ішкі өндіріс есе-бінен тұтынушылар нарығын толтыру мәселелерін шешу. Қаржылық шараларға инвестицияны тиімділігі, басқару аппаратын қанымдау шығындарын төменде-ту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде үнемдеу режимін қатал бол-дыру; экономиканың төменгі звеноларында – залалды жою, коммерциялық есепті дамыту, қаржылық жүйенің барлық звеноларында қаржылық қатынас-тарды индикативтік реттеу жатады.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сонедықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділіг арттыру жөніндегі жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағалау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми – техникалық прогрессті жетілдіру тұр.


Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық жүйенің мәнін атаңыз.

2. Қаржылық жүйе қалай жіктеледі?

3. Қаржалық жүйенің ұйымдастырылуының негізгі қағидаларына сипаттама беріңіз.

4. қаржылық жүйені жетілдірудің бағыттарын атаңыз.

5. Қаржылық жүйенің функционалдық белгісі бойынша құрылымы қандай?



Тақырып 3. Қаржылық саясат және қаржылық механизм

1. Қаржылық саясат түсінігі, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны.

2. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары, қағидалары мен сатылары.

3. Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.

4. Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу.

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыпу үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөль атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамьамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады.

Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, пайдалану және бөлу жөніндегі мемлекеттің іс-шаралары қаржы саясаты деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді.

Қаржылық саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша мәселелерді шешу үшін қаржыны пайдалану бойынша мемлекеттің мақсатты қызметі. Қаржылық саясат – дербес қызмет сферасы және экономикалық сая-саттың құрамдас бөлігі.

Қаржылық саясат мақсаты мемлекеттік бюджетті теңестіру, экономи-каны тұрақтандыру негізінде халық шаруашылығын қаржылық сауықтыру мәселелерін шешу.

Қаржылық саясат мазмұны – елде экономикалық заңдардың әрекет етуі негізінде қаржыны дамытудың ғылыми негізі бар тұжырымдамасын жасау; эко-номиканың жағдайы және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму келешегін игеру; экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын қа-лыптастыру; экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне байланысты оны түзе-ту және реконструкциядан өткізе отырып, қаржылық механизм арқылы белгі-ленген әрекеттерді тәжірибеге айналдыру сияқты сатыларды біртіндеп жүзеге асыру.

Қаржылық саясат міндеттері: елдің дамуының нақты сатысының ерекше-лігі негізінде қаржылық ресурстар көлемін қалыптастыруға жағдай жасау; қаржы ресурстарын қоғамдық өндіріс, шаруашылық секторлары арасында нақты бөлу және пайадалану; ресурстарды нақты мақсатқа жұмсау; экономикалық дамудың нақты бағытын орындау үшін қаржылық механизм жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру. Мемлекеттің қаржылық саясаты қаржылық стратегия мен қаржылық тактикаға бөлінеді.

Қаржылық стратегия – келешекке есептелген және экономика мен қоғам-ның әлеуметтік дамуының ірі мәселелерін шешуді қарастыратын ұзақ мерзімді бағыт. Қаржылық тактика – елдің дамуының белгілі сатысындағы мәселелерді шешу және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру тәсілдерін уақытында өзгерту жолымен дамуды қамтамасыз ету.

Қаржылық саясат қағидалары қоғамдық өндірістің барлық мүшелерінің мүд-десін ұстанады, олар: 1) қаржылқ қатынастарды тиімді ұйымдастыруды қамтама-сыз ету; 2) мемлекеттік қаржы кірісі мен шығынын теңестіру; 3) мемлекет резервін және әлеуметтік қорлар құру; 4) қаржы ресурстарын оптимал түрде бөлу.

Қаржылық саясат қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады. Қар-жылық механизм – экономика мен қоғамдағы қаржыны басқару басқару жүйе-сіндегі белсенді элемент, қаржылық қатынастарды ұйымдастыру түрлері, фор-малары мен әдістерін, оларды саны жағынан анықтау тәсілдерін қамтиды, өзін-дік ішкі құрылымы бар (Сурет 3).

Қаржылық механизм құрылымына жүйелі талдау, ішкі жүйе, блок, элемент сияқты түсініктер кіреді.



Қаржылық механизм (жүйе)

Ішкі жүйелер

Қаржылық жоспарлау

(болжау)


Қаржылық тетіктер мен стимулдар

Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық режим

Блоктар

Қаржылық болжамдар, жоспарлар және баланстар

Қаржылық көрсеткіштер

Ағымдағы жоспарлауға қолданылатын қаржылқ нормалар мен нормативтер

Қаржылық ресурстарды бөлу нормативтері (макроэкономикалық нормативтер: салық ставкалары, қорларға аударылатын төлемдер нормалары, т.б.)

Ұдайы өндіріс пен ынталандыруды қаржылық қамтамасыз ет у қорлары

Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

Қаржылық қатынастарды реттейтін заңдық және нормативтік актлер

Қаржылық бақылау

Элементтер

Қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың бастапқы түрлері, формалары, әдістеріне, ішкі жүйелер мен блоктарға, оларды саны жағынан анықтау тәсілдеріне сай нақты атаулар.

Сурет 3 – Қаржылық механизм жүйесі


Ішкі жүйе (бөлік) – қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер мен стимул, ұйымдастыру құрылымы, қаржылық жүйенің құқықтық режимі және қаржылық бақылау.

Блок (звено) – жалпы мақсаттық бағыт белгісі бойынша (қаржылық бол-жамдар, жоспарлар мен баланстар, қаржылық көрсеткіштер, ұдайы өндірісті қаржымен қамтамасыз ету және ынталандыру қорлары, қаржылық қатынастар-ды реттейтін заңдық және нормативтік актлер) біріктірілген біртекті, өзара байланысты элементтер жиынтығы.

Элемент – қоғамдық өндіріс мүшелерінің мүдделері ерекше түрде көрінетін қарапайым шаруашылық формасы.

Қаржылық механизм ерекшеліктері: динамикалылығы, үнемі жетілдіріп отыру, шаруашылық механизм звеноларымен тығыз байланыста болу. Нақты, жақсы ойластырылған қаржылық механизм көмегімен өндіріс көлемі мен сапа-сына белсенді түрде ықпал етуге, оның эффектілігін көтеріп, экономиканы өсі-ру үшін қаржылық ресурстармен, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық бағдар-ламаларды орындау үшін орталықтандырылған меншікті мемлекеттік қаржы-мен қамтамасыз етуге болады.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ҚР экономикасының дамуының қазіргі сатысындағы қаржылық механизмді жетілдіру міндеттері өндірісті кең кө-лемде демократияландырумен, коммерциялық бастама енгізумен, нарықтық реттеумен, шаруашылық нәтижесінде экономикалық мүддені күшейтумен бай-ланысты. Қаржылық саясат қазір қарама-қайшы міндеттерді шешеді, қаржылық саясат теңестірілген болуы тиіс.



Қаржылық саясаттың негізгі бағыттары: 1) шаруашылық субъектлері-нің қаржысы сферасындағы нарықтық қатынастарды нығайту шараларын өткі-зу; 2) дағдарысты жағдайды жеңу және қаржылық жүйені сауықтыру; 3) халық-ты әлеуметтік қорғау шараларының кешені; 4) монополияға қарсы саясатты ары қарай дамыту; 5) салық жүйесін жетілдіру; 6) қаржы нарығын дамыту; 7) бюд-жеттік тапшылықты азайту; 8) ішкі және сыртқы қарызды азайту, т.б.

: files -> book


  1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет