Қарасай ауданының қазіргі экологиялық жағдайы Р. Е. Қалдыбекова



Дата17.07.2017
өлшемі77.96 Kb.
Қарасай ауданының қазіргі экологиялық жағдайы
Р. Е. Қалдыбековагеография магистрі, оқытушы

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.

Ауданның табиғи экологиялық тұрақсыздық деңгейі күшті. Ауданның қоршаған ортасының жағдайын кешенді бағалау. Табиғи орта нашарлауының төмендегідей түрлері анықталды.

Топырақтың ластануы, топырақтың техногендік бұзылуы Алматы облысының барлық аумағына қатысты. "Казнедр" АҚ-ң жүргізген экологиялық-химиялық зерттеулерінің мәліметтеріне қарағанда Алматы агроөнеркәсіп аудандарының аумақтарындағы топырақтарда қорғасынның, фосфордың (жалпы көлемі 3 есе артық), хромның (жалпы көлемі 1,2 есе артық) көп мөлшерде кездесетін анықталды. Мәселен: Қаскелеңнен солтүстікке қарай ұзақтығы 18 км-ден астам қорғасын қалдығының бар екендігі, бұл онда 30 мг/кг зиянды заттың бар екендігін айқындады. Орталығы Алматы қаласына қарай бағытталған оқшаулау сызығы бойында ауқымды аудан орын алған. Бұл тосын құбылыс Ремизовка кентінен солтүстік батыс бағыттың 19 км-не тартылған. Топырақ қабатының сынаппен улануы. Гидрологиялық режим өзгеруі нәтижесінде көлдердің айналасы мен өзендердің жайылымдарындағы топырақтың сортаңдануы байқалуда. Осы күні үлкен құрылыстар салынып жатқандықтан да жер қыртысы жыртылып бітті. Жел бола қалса, жер қыртысындағы шаң төбеге көтеріледі. Адамдардың әрекет етуі үшін топырақтың қызметі мен ролі үлкен мәнге ие. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық болып табылады. Топырақ аулшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы ретінде қарастырылады. Жерді, соның ішінде топырақты орынды түрде қолдану жер бөлу заңымен базаланады. Маңызды жағдайлардың бірі - өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде өсімдіктер қоректенген эелементтердің топыраққа қайта келуі. Топырақтың қызметін ешнәрсе алмастыра алмайды. Бұл – біздің әрекет ету көзіміз. Сондықтан, топырақты тоздырмау үшін оған қарап, оның құнарлылығын арттыру керек, осы мақсатта Қарасай ауданында даланың өздігінен қайта қалпына келуі бойынша тиімді жұмыстар жүргізеді, егіс алаңдары құрылысын жетілдіреді, жерді жақсартады. Топырақ эрозиясымен күресу үшін топырақты өңдеуге арналған орманды даланы қорғау жолақтарын пайдаланады. Агрономиялық мерзім бойынша органикалық және минералды тыңайтқыштар – калийлі, фосфорлы (суперфосфат) және тағы да басқаларды себеді.

Ормандарды шабу - шамадан тыс шабылған ормандар; топырақ бетінің нашарлауы қарашірінді, микроэлементтердің, шайылған топырақтардың азаюы бойынша; топырақтың пестицидтермен ластануы - шамадан тыс көптігі бойынша; жер асты және жер үсті суларының ластануы - суда ауыр металл тұздарының, пестицидтердің, сондай-ақ жалпы минералдандырудың шамадан тыс артуы бойынша; атмосфераның ластануы шаң, жасанды радиоактивтік заттар, көміртегі, күкірт, азот және тағы да басқа бірқатар химиялық элементтер қоспаларының нормадан тыс көптігі.

Су эрозиясы. Қарасай ауданының шаруашылық әлеуеттінің қауіптілігі байқалады. Жауын - шашын мен қамтылған және жартылай қамтылған аймақтардағы тілім жерлер, барлық тілім алқаптар 2-ден 12 градус аралықтарындағы таулы беткейлерде орналасқан алқаптар. Олар тез шайылып кетуге ыңғайлы болып келеді. Ауданның шаруашылығында жыралы эрозия көрініс береді. Табиғи мал азғындық алқаптарына, әсіресе таулы беткейлерге орналасқан жайылымдықтарға эрозия үлкен нұқсан келтіреді. Ол шымның бұзылуының, жайылымдық шөптердің құнарлы бөлігінің жойылуының негізі болып табылады. Су ресурстарын сарқылу мен ластанудан қорғау үшін келесідей су қорғау шараларының кешені көзделеді:

- жер беті суларын ластанудан қорғау үшін су объектілерінің су қорғау аймақтары мең жолақтарын анықтау;

-қалалар мен елді мекендердің шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелерін кеңейту және қалпына келтіру, топтық су таратқыштар салу;

- қала маңы аймағының алаңы бойынша су жинағыштарды ұтымды орналастыру;

- жер асты суларының су іріктеу жүйесін реттеу;

Қала маңы аймағы елді мекендерінің шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін суды оңтайлы іріктеуді анықтау жөніндегі гирдогеологиялық зерттеулер жүргізу керек. Елді мекендердің топтары үшін жайғастыру аймағынан тыс шашыраңқы орналастырылған тазарту құрылымдарының кешендеріне ағын суларды бұру арқылы қала маңы аймағы қалаларының орталықтандырылған кәріз жүйесін кеңейту және қалпына келтіру.

Ауаның ластануы. Алматы облысының аумағы бойынша 2000 жылы атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын шығару 295,5 мың тоннаны құрады. Соның ішінде оның көп бөлігі 128,0 мың тоннасы автомобиль көлігінің зиянды қалдығы. Алматы қаласына жақын орналасқан елді мекендердің ауа бассейнінің ластануын зерттегенде SO 2, NO 2 қоспаларының жоғарғы екендігі, яғни орташа тәулік көрсеткіші1,4-4,7 есеге, бір мезеттегісі 1,6-13,0 есеге жоғары екендігі анықталды. Бір мезеттік шаңмен ластануы орташа көрсеткіштен (25,3 %) және азот қышқылымен ластануы (31,7 %) жоғары екендігі байқалды. Қалалардың тұрмысқа, тіршілікке қолайлы болуын сақтау үшін оның суын, ауасын, топырағын, жасыл желегін табиғи қалпынан өзгертпей ұстау жеткіліксіз. Әсіресе қанатын кеңге жайып қарыщтап, дамып бара жатқан қалалар үшін оның қоршаған ортамен үйлесімділігі бас шарт. Қала орталықтарында жасанды көлдер, бассейндер,фонтандар жасау да ауаның қалыпты болуыны жағдай жасайды. Ауаның ластануын азайту мақсатында және транспорт тасқынын шектеу мүддесіне үлкен қалаларда газдану мен шуды азайту үшін орағытып өтетін жолдр салынуда. Қоршаған ортаны қорғауға үкімет соңғы жылдары қаржы бөлуді күрт өсірді. Ал оны тиімді әрі ұтымды пайдалану жергілікті әкімшіліктің іскерлігі мен жауапкершілігі ғана байланысты болмақ.

Жайылымдықтың нашарлауы. Алматы облысының жайылымдығы 14449,9 мың га жерді немесе облыстың 64 % жерін алып жатыр. Облыстың табиғи жағдайының әртүрлілігі жайылымдықтардың әртүрлі болуына негіз болып табылады: жазықты - шөл алабынан бастап, биік таулы жайылымдықтар. Жайылымдықтардың экологиялық жүйесін қарқынды пайдалану олардың антропогендік бұзылуына әкеліп соқтырды. Бүгінгі таңда жайылымдықтарды үздіксіз пайдалану және бұталарды шабу, әсіресе сексеуілдерді отынға шауып алу жайылымдықтарды құмның 50-60 % басуына ол берді. Сол себептен құмды төбешіктің 10 % жуығы бұзылды. Ластанған және өте нашарлаған жайылымдықтардың өнімділіктері әр гектардан 0,5-0,9 центнерден аспауда. Бүгінгі таңда Іле Алатауының солтүстік беткейлері аралығындағы жайылымдықтардың экологиялық жүйесінің өнімділігі гектарына 1,0-2,4 центнерден айналып, көктемгі - жазғы - күзгі уақыттарда пайдаланылады және орташа нашарлаған болып табылады. Аумақты суармалы және тәлімі егін шаруашылығына игерудің нәтижесі тау алабындағы жайылымдықтардың көп бөлігі 700-ден 1000 метрге дейін орташа және қатты нашарлаған болып табылады. Ауданның жайылымдықтар тапталып, қатты тозған. Биік таулы жайылымдықтарға да антропогендік салмақ түскен. Олардың өнімділігі әр гектардан 6-9 центнерден 1,5-2,0 центнерге дейін төмендеді. Шөптері сұйылып, пайдасыз өсімдіктер басып кетті. Алматы облысының биік таулы жайылымдықтары арасында әсіресе, Үшқоңыр қойнауындағы Казачка өзенінің жоғарғы сағасындағы жайылымдықтар қатты тозған.

Тұрмыстық қалдықтармен ластануы. Қазіргі таңда Алматы қаласында жарты миллион тұрғын бар. Оларға тіркеуде жоқтар мен сырттан келген қонақтарды қоссақ, 2,5 миллиондай халық қалада тұрып жатыр. Сол себепті тұрмыстық қалдықтар көлемі де өсуде. Бүгінде Экологиялық кодекстің талабы бойынша екінші санаттағы қалдықтарды жинақтау, полигондарға тасымалдау, оны қайта өңдеу үшін арнаулы кәсіпорындарға орналастыру – тікелей шаруашылық иелеріне жүктеледі. Мысалы, осы мақсатта 2008 жылы 22 желтоқсанда «Алматы қаласындағы өндірістік және тұтынған қалдықтарды есепке алу, өңдеу және залалсыздандыру Ережесі» жасалып, бекітілген. Алматы қаласы өте үлкен болғандықтан, 71 участокке бөлінген. Мұнда 1056 контейнерлік алаң бар (онда 6014 контейнер орналасқан). Жиналған тұрмыстық қалдықтар сұрыпталып, Алматыдан 34 шақырым жерде орналасқан Қарасай ауданындағы «Плазма энержи» ЖШС-ға қарасты полигонға тасымалданады. Қаладағы жалғыз қоқыс полигонына жылына 1млн.м3-тан астам қалдық тасталады. Сонымен қатар, территорияларда стихиялы қоқыстардың құрылғаны байқалады. Бұл полигон осыдан 25 жыл бұрын салынған, қалдықтарды көму әдісі әбден ескірген. Осы мерзім ішінде 4 млн тонна қалдық жинақталған. Қарасайдағы полигон қажетті талаптарға сай салынбағандықтан да қоршаған ортаға зиянын тигізіп келеді. Онда үнемі өрт шығып, жанып жатады. Полигонға әкелінген қалдықтар жиналып, көмілмей әр жерде тау-тау болып үйіліп жатыр. «Бұл полигон «Плазма» ЖШС-нің иелігінде. Бүкіл қала қоқыстарын жинап, оны тиісті жерлерге көміп, жоюмен айналысады. Полигонның ашылғанына көп жыл болса да әлі де көметін жер бар. Тек қажетті техника жетіспегендіктен қоқыс-қалдықтарды жоюға мүмкіндігі төменірек. Бұл жерге техника көпке дейін шыдамайды, оны жаңартып отыруға тұра келеді. Полигон аймағына «ПИК» (КСК), «Тәртіп», «Пәтер», т.б. ЖШС қоқыстарды әкеліп төгеді. Енді, бұдан артық күл-қоқысты қабылдауға бұл полигонның мүмкіндігі көтермейді. Сондай-ақ, ондағы ашыған улы заттардың ауаға үздіксіз «биометан» газын бөліп шығарады. Жел батыстан соққанда, ол газдың исі бірден Алматыға жетеді. Мәселен, полигонды соңғы технологиямен салу керек. Яғни, ондағы газды ұстап, пайдалануға тиіспіз. Қазір полигон құрылысының техникалық-экономикалық негіздері жасалуда. Таяуда еуростандарт үлгісінде қалдық полигоны салынбақ. Бұл Алматы маңындағы экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсерін тигізбек. жаңа полигон салу үшін 14 миллиард қаржы қажет. Қазіргі уақытта 360 миллион теңге бөлініп, полигон құрылысына жер сатып алынды және жоба сметасы дайындалуда.

Антропогендік салмақтың әр түріне жауап ретіндегі адамдар тарапынан жасалған іс-әрекеттің деңгейі мен бағыты аумақтың экологиялық-шаруашылық жағдайының сипаты арқылы бағалануы ықтимал. Ол антропогендік салмақ дәрежесі мен түрін, ландшафт тұрақтылығының құрамдас бөлігі ретінде аумақтың табиғи қорғалынуын қамтиды. Табиғат қорғау проблемаларын айқындау антропогендік салмақ пен табиғи ландшафттың ерекшеліктері арасындағы өзара қатынасты талдауға итермеледі. Соның нәтижесінде экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін табиғи ортаның өзгергендігі анықталды.

Қарасай ауданының экологиялық жағдайын жақсарту үшін тек әкімшілік қана емес, бүкіл халық болып атсалысуымыз керек. Әрине, ең әуелі экологиялық жобаларды жүзеге асыруға тиіспіз. Қаланы көркейту-күту бойынша үздік ландшафт жобалар болуы қажет. Автокөліктер көбейіп кеткендіктен атмосфера ластанып бітті. Қоршаған ортаның келешекте ластану мен бұзылмауын болдырмау, нарықтық экономика жағдайында экологиялық проблемаларды шешудің экономикалық тәсілдеріне ерекше маңыз бар. Ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып қоршаған табиғи ортаның ластануын төмендетуге мүмкіндік жасайды. Бүгінгі күні қалады ағаштар мен көшеттер отырғызылуда, стихиялы қоқыстар жойылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясының реконструкциясы аяқталады, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе. Сол себепті 4 жүйеден тұратын ұсынысты ұсынар едім:

– табиғат пайдаланушылардың қалдықтарды есепке алу, өңдеу және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын енгізуді талап ету;

– барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;

– қалдықтарды залалсыздандыру мақсатындағы инфражүйелер мен өндірістік қуатты дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру;

– оған мемлекеттік органдармен бірге шағын бизнес өкілдерін қатыстырудың экономикалық-құқықтық ынталандыру тетіктерін жасау.

Осы ұсыныстарды толық жүзеге асыратын болсақ қалдықтарды игеру мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табатынына сенім мол.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 1Астана, 17 қаңтар 2014 жыл

2. Қазақстан-2050 стратегиясы, Алматы, 2012

3. http://www. karasay.zhetysu.gov.kz/



4. http://www.stat.gov.kz/
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет