Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл отырғызылымдарды сақтау және күтіп ұстау Ережелері



бет1/3
Дата05.07.2017
өлшемі456.6 Kb.
  1   2   3



№___ 2012 жылдың 27 қыркүйегiндегiн

Қарағанды облыстық маслихатының



шешiмiне қосымша
Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл отырғызылымдарды

сақтау және күтіп ұстау

Ережелері
Қарағанды облысының елді мекендерінде жасыл екпеағаштарын отырғызу, күтіп ұстау және қорғау ережелері (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасы Экология Кодексіне, Қазақстан Республикасы жер Кодексіне, Қазақстан Республикасы Орман Кодексіне, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару туралы» Заңына, басқа да нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және меншік нысанынан тәуелсіз, барлық заңды және жеке тұлғалармен облыстың елді мекендерінде жасыл екпе ағаштарды күту мен қорғау тәртібін анықтайды.

1. Осы Ережелерде пайдаланатын негізгі түсініктер
1. Осы Ережелерде келесi негiзгi ұғымдарды қолданылады:

  1. жасыл екпеағаштардың еріксіз құлату –кауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру мен елді мекендің дамуының бас жоспарын іске асыру үшін ағаштар мен бұталардың кесілуі, осыған қоса көгалдарды алып тастау;

  2. дендрологиялық жоспар – ашық көгалдар мен гүльзар учаскелерімен, алаңдармен, соқпақтармен, су қоймалармен, кіші сәулетті түрлерімен үйлесті қолданыстағы және жобалаудағы сүректі және бұталарды өсімдіктерінің ассортименті мен орналастырылуы көрсетілген 1:500 және үлкенірек ауқымдағы сызбасы;

  3. ағаштар – діңі айқын ажыратылатын көпжылдық өсімдік (бас өркені бірінші рет). Орман алаңында ағаштар орналасуы тығыз болған жағдайда (ағаш отырғызу бір шақырым жерінде бес немесе одан кобірек дің) және сүрек діңдерінің орташа жуандығы 5 см кем болса екпеағаштар бұталар болып саналады;

  4. ағаш діңінің диаметрі – ағаштың өркендеуінің көрсеткіші, өсіп тұрған ағаштар діңінің диаметрі көбінесе түбірінен тамыр мойнынан 1,3 метр биіктікте өлшенеді («дене деңгейінде»), есепті биікте бірнеше бірінші реттегі бұтақтары бар ағаш үшін, бір ағаш болып көрінгеніне қарамастан, әр қайсысы бөлек саналады;

  5. бұта діңінің диаметрі – бұта өркендеуінің көрсеткіші, жуанды, бірінші реттегі бұтақтарды 25 см биіктікте өлшеу арқылы анықталады;

  6. жасыл екпеағаштарды қорғау – жасыл массивтер мен көгалдандырылған аумақтарды, жасыл екпеағаштарды құруға, сақтау мен өндеуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;

  7. жасыл құрылыс – елді мекендер мен басқа да объектілерде жасыл екпеағаштар аумақтарын құру, көбейту мен сақтау бойынша шаралар жүйесі. Аумақтық учаскелерді едәуір көгалдандыру жобалық тапсырма мен оның негізінде құрылған дендрологиялық және техникалық жобалар негізінде жасалады.

  8. жасыл екпеағаштар – табиғи және қолдан жасалған сүрек, бұталы мен шөпті өсімдектер, азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтың мүлік болып саналады және елді мекендің жасыл қорын құрайды;

  9. жалпы пайдаланудығы жасыл екпеағаштар – қала мен ауыл тұрғындарын тынықтыруға бағытталған жасыл екпеағаштар аумағы (қалалық ормандар, орман паркі, парктер, бақтар, );

  10. шектеулі пайдаланудағы жасыл екпкағаштар – спорттық кешендердің, өнеркәсіп кәсіпорындар,емдеу, балалар, оқу және ғылыми мекемелердің, тұрғын құрылыстың көгаландырылған аумағы;

11) арнаулы тағайындалған жасыл екпеағаштар - санитарлы-қорғаныш, су-қорғаныш, мелиоративті-қорғаныш, өртке қарсы аймақтар, автомобильді, темір жол қашықтығындағы екпелер, ботаникалық, зоологиялық және жемісті бақтар, көшеттер, гул шаруашылығы жасыл аумағы.

12) жасыл алқап- жасыл екпеағаштармен көмкерілген, 50 турлі үлкен ағаштардан кем емес, бірыңғай жамылғыны құрайтын жер участкесі. Үлкен ағаш деп 15 жылдан жоғарғы немесе екпеағаштарды қорғауы бойынша уәкілетті ұйымның қортындысы бойынша қайта отырғызуға жатпайтын ағаш.

13) жасыл қор- жасыл екпеағаштар аймағының жиынтығы, жалпы жасылданған аумақты қоса алғанда, елді-мекеннің әкімшілік шекарасы шамасында шектеулі және арнаулы пайдалану.

14) жасыл желекті екпелердің өтемақылық құны – зақымдалған немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы. Өтемақы құны екпе ағаш құруға орташа шығынын, олардың узақ уақыт күтім шығынын, сонымен қатар сапалақ жағдайының құндылық бағасы және жасыл екпеағаштың экологиялық мазмұнын құрайды.

15) өтемдік көгалдандыру – жойылған немесе зақымдалған жасыл желекті екпелердің орнына екпеағашпен жаңғырту;

16) нысанның коэффицент жағдайы- келешекте дамуға потенциалдық қабілеттілігі үшін нысанның есептен шығаруға ұсынылған өмірқабілеттілігі есептілігі жасыл екпеағаштың сапалық жағдайы.

17) бұтақтылар- ең басты діңі анықталмаған, көп санды бұтақшалармен пішінделген көпжылдық сүректенуші өсімдік.

18) жасыл алқаптағы ландшафты кесу- декоративті басты ағаш түрлерінің өсуі мен дамуына кедергі болатын, рекреациондық жағдайларға нашар төзімді, төмен декоративті, қурап кеткен ағаштар мен бұталарды кесу.

19) жасыл екпеағаштардың орман ауруларын тексеру- зиянкестер белгілерін, ауру ошақтар белгілерін, діңдердің саңырауқұлақ ауруларының таралу белгілерін, бөрікбастарын, тамыр жүйесін арнайы тексеру. Егер екпеағаштар аурумен 50 %-дан астам зақымдалған болса, онда олар санитарлық мақсатта ағаш кесуге жатады.

20) көгалдандырылған аумақ – табиғи жаңғырған өсімдіктер мен жасанды жолмен салынған саябақтар кешені және нысандар, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлзарлар орналасқан жер участкесі;

21) жалпы пайдалануға көгалдандырылған аумақ – халық рекреациясы үшін, табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гүлзарлар орналасатын тұрғын үй қоғамдық, іскерлік, коммунальдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері;

22) жасарту - екпеағаштарды қайта жаңғырту үшін кесу (бұтақ қаңқаларын, діңін қысқарту) және бұталы және ағаш бөрікбасын сирету, күту үшін кесу түрі;

23) Ережені бұзғаны үшін жауапкершілігі- жеке және заңды тұлғаға ҚР қолданыстағы заңдылыққа сәйкес әкімшілік және экономикалық шаралар қолдану;

24) жасыл екпеағаштарды қорғау – жасыл екпеағашатарды сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;

25) күзету куәлігі – есепке алынған объектінің паспорты негізінде жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган көгалдандырылған аумақтарды күтіп ұстау және қорғау жөніндегі міндеттер жүктелетін олардың меншік иелеріне (жалгерлеріне) беретін құжат;

26) жасыл екпеағашты қайта отырғызу- өсіп тұрған ағашты, бұталы ағашты және көпжылдық өсімдікті көшіру;

27) отырғызудың өтемақы (кепілдік) жоспары- санкциялы санитарлық кесілген, құлатылған, санкциясыз құлатылғанағаштардың орнына, жасыл екпе ағаштардың барабар өтемақы көлеміндей ағаштарды отырғызу жоспары, оның ішіне сан бөлігі, тұқым құрамы, көлемі, отырғызу мерзімдері, жоспар негізіне қосылған отырғызылу орналастыру сызбасы кіреді;

28) жасыл екпе ағаштардың зақымдалуы- бөрікбасына, діңіне, бұталы-ағаш өсімдіктің тамыр жүйесіне, өсуіне кедергі келтірмейтін шөптесін өсімдіктердің тамыр жүйесіне және жерасты бөліктеріне зақым келуі. Тамыр жүйесінің механикалық, термикалық немесе химиялық зақымдалуы қабығының біртұтастылығының бұзылуы, топырақ жамылғысының және тағы басқа зақымдылығы;

29) жасыл екпеағаштардың тізілімі – елді мекен аумағындағы жасыл желекті екпелердің тұрпаты, түр құрамы, мөлшері туралы деректер жиынтығы;

30) санитарлық кесу- зақымдалған, қурағандарын, сонымен қатар апат жағдайына қауіпті бұтақтарын жою (тоқ өткізгіш сымдарына және газ құбырларына қауіпі барбұталар);

31) таңдаулы-санитарлық кесу- құрғап кеткен, өлген, жел құлатқан, қар ындырған дара ағаштарды және бұталарды, сонымен қатар саңырауқұлақ ауруымен және зиянкеспен зақымдалған ағаштарды кесу;

32) жаппай санитарлық кесу- белгілі бір жер учаскесінде үлен көлемде жел құлатқан, қар сындырған, қураған және ауырған жасыл екпе ағаштары бар аумақтарды жаппай тазалау.

33) жеке тұлғаның смежная аумағы- қалалық аумағындағы жалпы пайдалану жерімен шекаралас екпе ағаш өсетін жеке тұлға меншігіндегі участок аумағы;

34) жасыл екпе ағашты сақтау- аймақты көркейту жұмыстарын жүргізу мен құрылыс жұмыстары кезінде екпе ағашты сақтап қалу үшін шаралар жиынтығы. Өндіріс кезінде екпе ағаштарға зақым келмес үшін қоршау әдісімен және т.б. әдістермен сақтау жүргізіледі.

35) мамандандырылған ұйым- жарғыда жасыл екпе ағашты қорғауы, құрылымы, отырғызуы бойынша жұмыс жүргізу түрлері көрсетілген қажетті материалдар мен куәландырылған еңбек ресурсы бар шарауашылық субъект;

36) ағашты және бұталыларды қию- екпе ағаштарға декоративті пішін беру үшін бұтағын 2 сантиметрге дейін (диамертін) кесу арқылы бұталылар мен ағаш бөрікбасын пішіндеу;

37) генералдық құрылыс жоспары- құрылыс ұйымының генералдық жоспары;

38) тіркеудегі көгалдандыру аймағы- көгалдандыру қорын дамытуға негізделген генералдық жоспарға сәйкес елді-мекендегі аймақ;

39) техникалық қадағалау- жасыл екпе ағаштың құрылысының, құрылымының, қорғауынның технологиясын және бекітілген ережені қадағалау;

40) шөптесін өсімдіктер- жерасты бөліктері сүректенбейтін біржылжық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктер;

41) жасыл екпе ағаштарды жою (есептен шығару) – аталған отырғызылым шарттары бойынша қажетті көрсеткіштерді (көлемі, пішіні, биологиялық және экологиялық сипаттамасы) қалпына келтіру мүмкін емес болғанда олардың жағдайының едәуір нашарлауы немесе қурауына әкеп соғатын жасыл отырғызылымдардың зақымдануы;

42) есепке алынатын нысан – белгіленген шекарасы бар және жауапты меншік иелеріне – мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға не жеке тұлғаларға меншікке немесе жалға берілген жер учаскесі;

43) бөрікбасын пішіндеу- белгілі бір пішін беру мақсатында бұталылардың және ағашатрдың діңдерін қысқартып бұтақтарын кесу;

44) энергетика жерлері – орналастыру үшін апарылған жер телімдері:

- электр станциясы, атом станциялары, олардың ғимараттары және объект қызмет етушi тағы басқа электр станциясылардың жылулық станциялары;

- электр жеткiзулер, подстанциялар, таратушы пункт, басқа ғимараттар және энергетиканың объекттерiнiң электр жеткiзулер, кабель желдерiнiң жер бетiндегi ғимараттарының әуе жолдары.

45) электр желдерiнiң қорғауының ережелерi 1000ге дейiн және артық 1000 және жылу желiлерi электр желдерiнiң сақталуды қамтамасыз етуi мақсаттарындағы 1000ге дейiн енгiзiлген және артық 1000 және электр және электр және жылулық энергияның тұтынушыларының қамтамасыз етуiндегi үзiлiс шамданған жылу желiсi сонымен бiрге тұрғынды ара-арасынданың қайғылы жағдайларының сақтап қалуын жылу желiсi, пайдалану, бұзылуларды сақтап қалудың ұтымды шарттарының жасауы;

46) жылу желiлерiнiң қорғау аймағы - олардың бұзылуларының жылу желiлерiнiң сақталуды қамтамасыз етуi, пайдалану, сақтап қалудың нормалы шарттарының жасауы мақсат апарылған жер телiмi сонымен бiрге желiлердiң қорғау аймақ бола тұра тұрғынды ара-арасынданың қайғылы жағдайлары;

47) электр желдерiнiң қорғау аймағы - жер телiмi, су және олардың бұзылуы электр желдерiнiң сақталуды қамтамасыз етуi, пайдалану, сақтап қалудың нормалы шарттарының жасауы мақсат апарылған әуе кеңiстiгi сонымен бiрге бұл желiлердiң қорғау аймақ бола тұра тұрғынды ара-арасынданың қайғылы жағдайлары;

48) тоғай жолы - тазалалған жердi тар жолақтың қандыағаштарынан;

49) тазалау кескен - қандыағаштардың ойығы және бұталарды, шабылатын қалдықтар, қурай, бұтанақтар, қандыағаш сұлатылған тоғайлардан тазарту.

2. Жасыл екпеағаштарды құрудың, күтіп ұстаудың

және қорғаудың негізгі прициптері
2. Елді-мекеннің аймағында орналасқанына барлық жасыл желекті екпелер кімнің қарамағында болғанына қарамастан біртұтас жасыл екпе қорын құрайды және қорғалуға жатады.

3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл екпелерді сақтау жөнінде шаралар қолдануға, жасыл екпелердің бүлінуіне немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермейге міндетті.

4. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желекті екпелердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуге міндетті.

5. Арнайы агротехникалық шараларын жүргізілуіне байланысты екпе ағаштарының күту және отырғызу бойынша жұмыстарын, куәлігі негізінде құқығы бар мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

6. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ереже белгілеген жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметті ұйымдастыруға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы топографиялық негізге салынған жасыл желекті екпелердің жай-күйі туралы толық және шынайы мәліметтерді қамтуға тиіс.

7. Белгіленген тәртіппен келісілген елді мекенді дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, қала, кент аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар, скверлер, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге жатпайды.

8. Жалпы жұрт пайдаланатын жерлерде жасыл желекті екпелер құру белгіленген тәртіппен бекітілген қаланы, кентті көгалдандырудың бас жоспары мен ұзақ мерзімді кешенді схемасына сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарының оң қорытындысы, экологиялық сараптама негізінде жүргізіледі.

9. Жасыл желекті екпелер құру жұмысының барлық түрі белгіленген тәртіппен бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша орындалады. Жасыл желекті құрылыс жұмысын жүргізу кезінде жоба авторлары орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың бекітілген дендрологиялық жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуін қадағалап отыруға міндетті.

10. Ереже мемлекеттік орман қорына және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сонымен қатар бейттер аймағына қатысты жерлерге қолданбайды.

11. Электопередачидың әуе жолдары үшiн шектердегi қандыағаштардың ойығы және бұталарды шешулердiң ресiмдеудi талабысыз өндiрiп алуға кес.



3. Азаматтардың құқығы мен міндеттері
12. Азаматтардың құқығы:

1) осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, өздерінің мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бақтарда, парктерде, скверлерде емін-еркін жүріп-тұруға, серуендеуге, спортпен шұғылдануға және өзге де мақсаттарда болуға құқығы бар. Қала, кент халқының арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген учаскелерін пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішінара немесе толық шектеу қойылуы мүмкін;

2) қаланың, ауданның жасыл желекті қорының жай-күйі, оны қорғау шаралары мен дамыту перспективалары туралы шынайы ақпарат алуға;

3) жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл желекті құрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;

4) іске асырылуы қаланың, кенттің жасыл желек қорына зиян келтіруі мүмкін жобалық құжаттамаға қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы бастамашылық жасауға;

5) қаланы, ауданды, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға. Жасыл желек қорын қорғау мен күзету бойынша мемлекеттік органдармен шара қолдануға әрекет жасауға;

6) лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына байланысты әрекеттеріне (әректсіздігіне) әкімшілік немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.

13. Жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:

1) жасыл желекті екпелердің сақталуын және оларға білікті күтім жасалуын қамтамасыз етеді;

2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасыл желекті екпелердің өзгеруі (қазып әкетілгені, қайта жаңартылғаны, қайта отырғызылғаны, отырғызылғаны) туралы оған жыл сайын ақпарт жіберіп тұрады;

3) уәкілетті органның әдістемелік-нұқсаулық ұсыныстарына сәйкес агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресуді, көгалдарды тегістеп шауып отыруды жүйелі түрде жүргізіп тұрады;

4) ағаштар мен бұталыларды жасарту мен санитарлық кесуге уәкілетті органға жазбаша рұсат алу арқылы ғана жүзеге асыра алады;

5) бекітілген аумақтағы екпе ағаштарға ағымдық құрылыс пен көгалдандыруды қала құрылысымен, экологиялық және санитарно-гигиеналық нормамен келісе отырып бекітілген дендроглогиялық жобамен, өз есебінен жүргізіледі;

6) екпе ағашты қайта отырғызу қолданыстағы Ережемен бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізеді;

7) аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен бұталарды тасып әкетеді;

8)

9) Жүргiзуiнде бұл сызықтарда болатын ұйымдар электр берiлiсi желiлерiндегi апаттардың сақтап қалуы және олардың зардаптарының жоюы үшiн жыл массивтардың Лесноелердегi жеке қандыағаштарының (кесу ) ойығы және бұл сызықтардың трасса жабысып тұратын орман қорғау жолақтарындағы кез келген уақытта рұқсат етiледi.

10) Жылу желiлерiнiң нормалы жұмысын бұза алған әсер қандай болмасын олардың бұзылуына немесе қайғылы жағдайларға келтiру өндiрiп алуға рұқсат етiлмейдi, соның iшiнде жылу желiлерiнiң қорғау аймағындағы жасыл отырғызуларды отырғызуды өндiрiп алу.

14. Жасыл екпе ағаш аймағының елді-мекендеріне тиым салынады:

1) уәкілетті органның рұқсатынсыз екпе ағаштарға зиян келтіруге және ағаштар мен бұталыларды, сонымен қатар зақымдалған ағашатардыда кесуге;

2) уәкілетті органмен қойылған таңбаларды, кестелерді, табиғат қорғау белгілерін жыртуға және жоюға;

3) екпе ағаштар аумағында от жағуға, құрғақ өсімдікті, түскен жапырақты жағуға, т.б. өртқауіпі бар заттарды ұстауға;

4) химиялық заттармен, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарымен ластауға, қалдықтарды арнайы орынға тастау керек;

5) арнайы рұқсатсыз не болмаса аумақты екпе ағашты кесіп құрылыс салуға, қойма құруға, уақытша ғимараттар, жазғы кафе салуға, жерді қазуға және отырғызылымдарды кесудегі кез-келген басқа да әрекеттерді жасауға;

6) ағаштың шырынын алуға, қабығын зақымдауға немесе қыруға, тілік түсіруге, жазуға, ағаштар мен қылқан жапырақтыларға жарнамалар, хабарламалар, нөмірлік белгілер, түрлі көрсеткіштер желімдеуге, сымдар тартуға және отырғызылымдарға күршектер, шегелер, басқа да тескіш құралдар кіргізуге;

7) өсімдікті қазу мен қайта отырғызға, аңдар мен құстарды аулау мен жоюға, оның ішінде иттер мен басқа да хайуанаттар арқылы құмырсқа ұясын жоюға ұяларды, аңдарға арналған қоректер мен астауларды бұзуға және зақымдауға және топырақтың құнарлы қабатын алуға;

8) уәкілетті органның рұқсатынсыз шөп шабуға;

9) елді мекендер малдарын жасыл екпе ағашқа босатуға;

10) топырақ жабындысы мен гулзарда арнайы қатты қорғаныс жоқ жерде ағаштардың бөрікбасы астына автокөліктерді коюға, оны жууға, жөндеу және басқа да техникалық жұмыстарды жүргізуге, қозғалтқышты іске қосып тастап кетуге, отырғызылымдарға күтім жасайтын және аталған пайдаланылым аумағына байланысты техникалардан басқа жасыл отырғызылымдар бар аумақта қарастырылмаған жерлерде автокөлікпен қозғалуға;

11) дренаж жүйесін, суару жүйесін, өздігімен қолдануға,зақымдауға, жоюға, су қоймалары мен бұлақтарды бітеуге;

12) ағаштар мен бұталардың зақымдалмауына шара қолданбастан екпе ағаш аумағына шатырдан қар лақтыруға;

15. Жер участкесін сатқанда, сатып алғанда, сыйға тартқанда, жалға алғанда жер заңына сәйкес жаңа меншік иесіне жасыл екпе ағашты қамтамасыз ету мен қорғауы бойынша міндеті мен құқығы беріледі.

16. Жасыл отырғызылымдарды қорғау куәлiк қағазы, абаттандыру және аумақтың тазартуға арналған келiсiм шарты кейде, жасыл отырғызылымдар орналасқан жер теліміне орнату құқықтары құжаттарын ресiмдеуiне (қайта ресiмдеу) дейiн жасалады.



17.

18.

4. Жасыл екпеағашты қорғау бойынша

уәкілетті органның өкілеттілігі
19. Уәкілетті органның құзырына енетіндер:

1) жасыл екпе ағаш сұрағы бойынша өтініштерін қарау:

өтініште көрсетілген екпе ағаш жеріне шығады, түрін, жасын, сапалық жағдайын анықтайды;

санитарлық кесуді, амалсыздан есептен шығару, екпе ағашты қайта отырғызуды кеңейтуге материалдарды дайындауды жүзеге ауыстыру; пішіндеп қиюды (жасарту), санитарлық кесуді, екпе ағаштардың штамбын кеңейту;

санитарлық кесуге, амалсыз есептен шығаруға, қайта отырғызуға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, екпе ағашты елді-мекенге отырғызуға кеңейту беруге, екпе ағашты тексеру актісі әзірленеді (1,2,3 қосымша);

2) келешекте екпе құрылыстарын жүргізу үшін елді-мекен аумағын анықтау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;

3) екпе ағаштарға қатысты орман шаруашылығы, карантиндік өсімдік, қоршаған ортаны қорғау функсияларын мемлекеттік бақылаумен жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірге жұмыстарын ұйымдастыру;

4) жергілікті бюджеттен қаржыландыру екпелерді құрудың техникалық қадағалауын жүзеге асырылыуы бойынша жұмыстарын ұйымдастыру (екпе отырғызу, декоративті гүлмен безендіру);

5) орнатылған тәртіппен елді-мекендердің жасыл екпе ағаштарының орман ауруларына тексеруіне және мониторингіне санақ бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;

6) жасыл екпе ағаштың тіркеуін жүргізу;

7) екпе ағашатарды қорғау, қамтамасыз ету, құруы бойынша шаралардың орындалуын бақылау және ұйымдастыру;

8) бекітілген әдістемеге немесе такса бойынша екпе ағашқа келеген зиян көлемін бағалау;

9) жасыл екпе ағашқа келтірілген зиян көлемі бойынша төлем жүргізілуін бақылау;

10) екпе ағашатарды қорғау, қамтамасыз ету, құруы бойынша мамандандырылған сертификат беру және аттестация жүргізілуін ұйымдастыру;



5. Жасыл екпелерді есепке алу, қорғау және күту
20. Елді мекендердегі жасыл желекті екпелердің санын, түр құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу есеп объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.

21. Жасыл желекті екпелерді түгендеу және оларды тексерудің өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.

22. Жасыл желекті екпелерді есепке алу:

1) қала, кент аумағындағы жасыл желекті екпелердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы шынайы деректер алу;

2) жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге асыратын қызметінің аумақтардың белгіленген функциональдық мақсатына сәйкестігін айқындау;

3) қаланың, кенттің көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсаттарында жүргізіледі.

23. Жасыл желекті екпелердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады.

24. Бекітілген нысан бойынша (1-қосымша) толтырылатын есеп объектісінің паспорты жасыл желекті екпелерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжат болып табылады.

25. Есеп объектісінің паспорты бес жылда 1 рет жоспарлы түрде жаңартылып отыруға тиіс.

26. Жылжымайтын мүліктің жауапты иесі өзіне тиесілі жер учаскесіндегі жасыл желекті екпелерді есепке алуды ұйымдастырады және алынған деректерді есеп объектісінің паспортына енгізуді қамтамасыз етеді.

27. Есеп объектісінің паспортын жауапты меншік иесі бекітеді және уәкілетті органмен, сондай-ақ тексеру жүргізген мамандандырылған ұйыммен келісіледі.

Есеп объектісі паспортының көшірмесі Жасыл желекті екпелер тізіліміне (2-қосымша) деректерді енгізу үшін уәкілетті органға береді.

28. Көгалдандырылған аумақтарда орналасқан Жасыл желекті екпелер тізілімінің деректерін жаңартып отыру 2 жылда 1 рет жүргізіледі.

29. Жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау мыналарға:

1) бақтар, скверлер, бульварлар, жаяу адамдар жүретін аллеялар – уәкілетті органға, мамандандырылған коммунальдық кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;

2) мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары, мамандандырылған саябақтар – осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі;

3) сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің, офистердің, кәсіпорындардың, жеке меншік үйлердің және басқа да жеке иеліктердің бүйірінің (алдыңғы жағының) ажырамас бөлігін құрайтын жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желекті екпелер – осы жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;

4) ұйымдардың аумақтарындағы, сондай-ақ оларға бекітіп берілген учаскелердегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды тікелей осы ұйымдар жүзеге асырады;

5) санитариялық-қорғаныштық аймақтарда – жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар санитариялық-қорғаныштық аймақтар шекарасында жүзеге асырады;

6) квартал ішіндегі жасыл желекті екпелер, үй қасындағы аумақтардағы екпелер жер пайдалану шекарасында – тұрғын үй қорының меншік иелеріне (тұрғын үй-пайдалану кәсіпорындарын пайдаланушыларға) жүктеледі.

30. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желекті екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды, жасыл желекті екпелерді жөндеу мен қайта жаңартуды уәкілетті орган берген тиісті сертификаты бар мамандандырылған көгалдандыру ұйымдары жүргізеді.

1) кесуді ағаштың сөлі басталмай тұрып және жапырақ ашпай тұрып (ақпан, наурыз, сәуір) немесе жапырақ түскеннен кейін (қыркүйек, қазан) қатты аязға дейін;

2) кесуден кейін тіліктер қалмауы керек, ағашты қорғау үшін диаметрі 2 см үлкен тіліктерді арнайы құралдармен міндетті түрде өңдейді.


Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет