Қарағанды қаласының Әйел тұРҒындарының репродуктивті мінез-қҰЛЫҚтарының медициналық ЖӘне әлеуметтік аспектілері



жүктеу 51.84 Kb.
Дата16.03.2017
өлшемі51.84 Kb.
Әлиева М.Ж.

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЙЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ


208-топ, үздіксіз кәсіби дамыту факультеті, Қарағанды мемлекетік медицина университеті, Қарағанды қаласы
Зерттеу мақсаты: қазіргі әйелдердің репродуктивті мінез-құлықтарынының ынтасын және ерекшеліктерін зерттеу, туып көбеюінде ұсыныстар беру.

Мекеме: Қарағанды мемлекетік медицина университетінің үздіксіз кәсіби дамыту кафедрасы.

Зерттеу мәліметі: Зерттеу бойынша «Әйелдердің репродуктивті мінез-құлқына әсер ететін факторлар» атты сұраунама құрастырылып, 2014 жылдың 5-ші наурызында ғылыми эксперттік комиссияның мәжілісінде бекітілді. Сұраунама 42 сұрақтан тұрады, оның ішінде 17 сұрақ әлеуметтік жағдайына, 25 сұрақ медициналық тұрғысынан қойылған. Сұраунамаға Қарағанды қаласының №5 емхана және перинатальды орталығында тіркелген 15-49 жас аралығындағы әйелдер арасында жүргізілді.

Зерттеу әдістері: статистикалық, анонимді сұраунама.

Зерттеу нәтижесі: Қарағанды қаласында соңғы жылдың есебі бойынша туу көрсеткіші 18,23‰ құраса, ал жалпы өлім көрсеткіші 11,55‰ құраған. Осы аралықта қала аумағындағы тұрғындардың толығуына қарамастан тұрғындардың өсуінің жетіспеуі байқалған. 150 сұраунама бойынша біріншілік туғандар аналар көрсеткіші – 54 (36,0%). Қала тұрғындарының азаматтық некемен туғандар саны – 16 (10,7%). Некесіз туғандардың көрсеткіші – 7 (4,7%) құрады. Түсіктің абсолютті саны 41 ± 27,4% (p˂0,01) көрсетті.

Өзектілігі

Репродуктивті жастағы әйелдердің репродуктивті мінез-құлығы және денсаулығы – бұл әрқашан да кез келген өркениетті қоғамның бірінші кезектегі міндеті. Өйткені, әйелдер денсаулығы – бұл дені сау бала, ал дені сау ұрпақ, соңында – дені сау халық.

Ұрпақты пайда ету үшін ыңғайлы уақыт таңдау, қаламаған жүктілікті ескерту, қалаған балалардың туылуы отбасын жоспарлау қызметінде негізгі бағыт болып табылады.

Өкінішке орай, әлемнің барлық елінде дерлік бірнеше жылдардан бері түсік туу көрсеткішін реттеуші негізгі әдіс болып қала береді. Осыған сәйкес, Ресей Федерациясында әрбір үшінші ана өлімінің себебін құрушы, 3 млн. түсік жасалынады екен [1, 2].

Қазақстанда 4,6 млн. репродуктивті жастағы әйелдер тұрғындардың 30%-ын құрайды. Мемлекетімізде жыл сайын 15-19 жастағы бойжеткендердің 3% бала тууда, мұның өзі Батыс Еуропа, Австралия мен Сауд Арабия мемлекеттеріне қарағанда 2-3 есе жоғары. Бірақ, жыл сайын туылатын 200 мың балалардың 50 мыңдайы некесіз туылған балалардың үлесіне тиеді. Некесіз жүктіліктердің санының көбеюі бұрынан келе жатқан жалпы әлемдік мәселе, ал Қазақстанда басым жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеушілік, сауатсыздық бұл мәселені шешуде қиындықтар туындатуда. Арнайы статистикалық мәліметтер бойынша 2000 жылы некесіз туылғандар 24,2%, 2001 жылы – 25,0%, 2002 жылы – 25,9% құрады [3].

Қазақстанда 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда түсік көрсеткіші 1000 фертильді жастағы әйелдерге шаққанда 28,1-ден 23,0-ге төмендеген. Ал түсіктен аналар өлімі 100 мыңң тірі туғандарға шаққанда 3,8-ді құрады [4, 5].

Мәлімет және зерттеу әдістері: репродуктивті жастағы пациенттердің 150 амбулаторлық картасының көшірмесі алынды және репродуктивті жастағы әйелдер арасында анонимді сұраунама жүргізілді, статистикалық өңдеу.

Зерттеу нәтижесі және талқылау

Қарағанды қаласында соңғы жылдың есебі бойынша туу көрсеткіші 18,23‰ құраса, ал жалпы өлім көрсеткіші 11,55‰ құрады. Осы аралықта қала аумағындағы тұрғындардың толығуына қарамастан тұрғындардың өсуінің жетіспеуі байқалды. Біріншілік туғандар саны басым – 20-24 жас аралығындағы әйелдерге (1,24%), ал 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үлесінде (0,28%).

Аса назар аударатыны пайда болған жағымсыз тенденцияны тұрғындардың репродуктивті потенциалының төмендеуімен түсіндіріледі. Бұған себеп тіркелген жүкті әйелдердің және репродуктивті жастағы әйелдердің – 36±24%-ы (p˂0,05) эффективті контрацептивті әдістерді қолдануы төмендеген.

Қала аумағында 2013 жылы туу көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 12,9% көбейгені байқалады, сәйкесінше некесіз туғандар саны – 23±15,4% көбейген. Үлес салмағының өсуі тұрғындар санының өсуінде әлеуметтік мағынада маңызды. Некесіз туылған балалар 2013ж. (18,6%) 2012 жылмен салыстырғанда біртіндеп төмендеді. Қалада заңды некемен туғандар саны (81,4%) құрады.


Біріншілік туғандар санының үлес салмағы – 54 ± 36,0%, екіншілік туғандардың – 55 ± 36,7%, ал үшіншілік туғандардың үлес салмағы 55 ± 36,7-тен 20 ± 13,3%-ға төмендесе, ал 4 және одан жоғары туғандар 15 ± 10,0%-ға (p˂0,01) төмендеген.

Әйелдердің әлеуметтік жағдайын зерттеу нәтижесі бойынша, аяқталмаған орта білімді (5 ± 3,3%) және орта немесе арнайы орта білімі бар азаматшалар (51 ± 34,0%), жиі ақыл-ой еңбегіне қарағанда физикалық еңбегімен шұғылданады. Сонымен қатар, аяқталмаған жоғары білімді әйелдердің үлес салмағы – 15 ± 10,0%, жоғары білімді – 76 ± 50,7% және білімі жоқ әйелдердің үлес салмағына – 3 ± 2,0% (p˂0,05) тиесілі. Дәл осы аналардың 7 ± 4,7% (p˂0,05) зиянды әдеттермен залалданған, оның ішінде темекі шегумен. Некесіз туған әйелдердің қоғамдағы толеранттылығына қарамастан, олардың 8 ± 2,2% -да (p˂0,05) психологиялық тұрақтылығының жоқтығын айқындайтын суицидальды ойлар болған.

Жүкті әйелдер тобының соматикалық денсаулығын бағалау, эндокринді аурулары, жыныс мүшелерінің жұқпалы-қабыну аурулары басым екендігін көрсетті. Әйелдерде жүктілік ағымында жүрек-қан тамырлық аурулар (3 ± 2,0%), өкпе аурулары (1 ± 0,7%), жедел респираторлы аурулары (40 ± 26,7%), бүйрек аурулары (26 ± 17,3%), асқазан аурулары (4 ± 2,7%) (p˂0,01) байқалды. Жаңа туылған балалар акушерлік көрсеткішінің күрделігімен байланысты жиі арнайы балалар емдік мекемелеріне ауыстырылып жатады.

Демографиялық санақта маңызды орынды әйелдердің өз қалауы бойынша жүктілікті үзу алып отыр. Сұраунама қорытындысында жалпы 41 ± 27,4% (p˂0,01) түсіктің болғандығы анықталды. Оның үлесінде, жасанды түсік - 28 ± 18,7%, өздігінен түсік - 12 ± 8,0%, жасанды және өздігінен түсік - 1 ± 0,7% көрсетті. Жүктіліктің 12 аптаға дейінгі мерзімдегі жасанды түсік - 35 ± 23,3%, 12-21 аптаға дейінгі мерзімдегі өздігінен түсік - 4 ± 2,7% (p˂0,01) кездесті. Түсіктің әлеуметтік көрсеткіштер бойынша орын алуы әйелдердің - 12 ± 8,0% -да, медициналық көрсеткіштер - 15 ± 10,0% -да, ал баланы қаламау себебі бойынша - 8 ± 5,3% -да (p˂0,01) байқалды. Осыған байланысты, жас аналар арасында, физиологиялық дамымауы және қоғамдағы приоритетіне байланысты жүктілік үзілген.

Туу және түсік қатынасы, контрацепция әдісін қолдану, қала тұрғындарының репродуктивті мінез-құлқына және репродуктивті құрылғысымен анықталады.

Біздің зерттеуіміз қазіргі әйелдердің репродуктивті құрылғысының өзгерулерін көрсетеді. Өз өмірін ешқандай баласыз жоспарлайтын азаматшалардың үлес салмағына 2 ± 1,3%, отбасын бір баламен елестететін әйелдердің үлес салмағына 4 ± 2,7%, екі және үш балалы болуды жоспарлаушы әйелдердің үлес салмағына 44 ± 29,3% және 34 ± 22,7%, ал үш және одан жоғары балалы болуды жоспарлаушы әйелдердің үлес салмағына 27 ± 18,0% (p˂0,01) сәйкес келеді. Басым бөлігі, 44 ± 29,3% (p˂0,01) әйелдер нағыз отбасын екі баламен елестетеді екен. Бұл жастардың баланы өсіру, тәрбиелеуге байланысты жауапкершіліктен бас тартатындығын көрсетеді.

Тұрғындардың репродуктивті құрылғысының қалыптасуында, қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың рөлі маңызды, осыған орай, жүкті әйелдер мен аналарға қала аумағында әлеуметтік-экономикалық және медициналық-әлеуметтік шаралар, оның ішінде материальдық көмек көрсеткені абзал.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Планирование семьи в регионе: проблемы, поиски, решения (на примере Алтайского края). Москва-Барнаул, 1995. 48 с.

  2. Кеттинг Е.// Планирование семьи. 1994. № 1. С. 7-9.

  3. Тлеужан Р.Т. Социально-гигиеническая характеристика сельских женщин, отнесенных к группе повышенного риска по материнской и перинатальной смертности. ҚазҰМУ ХАБАРШЫСЫ, 2010, № 2. С. 269-274.

  4. Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2010 году». Астана. – 2011;

  5. Бикташева Х.М. Проблемы аборта в Казахстане. Журнал «Актуальные вопросы акушерства, гинекологии и перинатологии», 2011. – С. 205-208.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет