АҚпарат өнеркәсіп



Дата24.01.2018
өлшемі74.54 Kb.
2016 жылдың бірінші жарты жылдығына Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылдың екінші жарты жылдығына арналған міндеттері туралы

АҚПАРАТ


  1. Өнеркәсіп

Ауданда 2016 жылдың қаңтар-маусымына 24,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейіне 101,1% құрайды. Табиғи көлем индексі 87,4% құрады.

Аудан өнеркәсібінің негізгі үлесін тау-кен саласы алады (76,3%), онда өткен кезеңде 18,4 млрд. теңге сомаға өнеркәсіп өнімі өндірілді, өткен жылдың деңгейіне 96,0% құрайды. Қолданыстағы бағада табиғи көлем индексі – 84,7%.

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 19,4% алады. Салада 4,7 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, бұл өткен жыл деңгейіне 109,1% құрайды. Сала бойынша ТКИ – 97,2%.

Индустрияландыру Картасы бағдарламасы аясында «Авто көлік құралдары үшін тіркемелер мен жартылай тіркемелерді өндіру бойынша цехты ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда. Бастамашысы «Восток-Автопром» ЖШС өндірістік -коммерциялық фирма болып табылады. Жобаның жалпы құны 180 млн. теңге, оның ішінде 140 млн. теңге – меншік қаражат, 40 млн. теңге «НАТР» АҚ гранты. Жобаның жобалық қуаттылығы: заттай тұлғалануы – 600 бірлік, құндық тұлғалануы – 150 млн.теңге. Аталған жобаны іске асыру есебінен құрылыс кезінде 8 жыұмыс орны құрылды және 10 жұмыс орнын пайдалануға берген кезде ашу жобалануда.

Жобаның ағымдағы жағдайы: ғимараттың құрылысы және ішкі әрлеуі аяқталды. Жер телімін рәсімдеу үшін толық жоспарлау жоспарын әзірлеу қажет.


  1. Ауыл шаруашылығы

Тірідей салмақта 2 344,0 тонна ет (100,2%), 22 158,0 тонна сүт (100,5% ), 3650 мың дана жұмыртқа (91,7%) өндірілді. Бір сиырдан сүттің орташа мөлшері 2 321 кг., өткен жыл деңгейіне 104,6%.

Мал басы 30 229 басты құрады (96,0%) оның ішінде сиырлар 9 955 бас (93,3%), қойлар мен ешкілер – 17 015 бас (93,9%, шошқалар – 10 431 бас (105,2%), жылқылар – 3 881 бас (103,5%), құстар – 81 481 бас (98,0%).

Сүт өндірісін дамыту үшін инвестициялық жобалар іске асырылуда:


  1. Камышинское шаруа қожалығында СТФ құрылысының аяқталуы. 2015 жылы меншік қаражат есебінен 320 басқа арналған СТФ салынды (2,5 мың шаршы метр ғимарат, су тартылды, қи жинағыш орнатылды, пластик терезелер, төбе жабындылары орнатылды). Аталған ғимаратта ішкі жұмыстары жүргізілуде (жемдеу орындарын және қабырғаларын, дельта скреперлерді, мал қораларын бетондау, резеңке алашалар төсеу). СТФ пайдалануға беру ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне жоспарлануда. Сэндвич панельдер әкелінді, шатырды жабу басталды, кәріз жүйесі орнатылуда. Барлық қажетті материалдар мен жабдықтар толық сатып алынды.

  2. «Заря» ШҚ 100 бас сүтті мал басын сатып алу. Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті бағыттағы құнажындар сатып алуға 58,0 млн теңге сомасында кредит алынды. 01 шілдедегі жағдай бойынша Шемонаиха ауданының «Камышинское» ШҚ 18 айдан үлкен 43 бас тайынша сатып алынды, РФ Петропавл ауданының «АКХ Ануйское» ЖШҚ 57 бас құнажын сатып алуға шарт жасалды.

  3. Каменев және Зевакино ауылдық округтерінде сүт қабылдау пункттері ашылды, толық жабыдқтаумен «Ульба модульдік компаниясы» ЖШС шығарған сүт қабылдау модульдері орнатылды. Сүтті жеке сектордан жинайды. Жинау көлемі тәулігіне 1500-1700 литр сүтті құрайды. Сүтті сатып алу бағасы 50—65 теңге және «Исток-1» ЖШС бағасы 80 теңгеден өткізіледі.

Ағымдағы жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша ауданда 279 шаруа қожалықтары, 44 ЖШС, 1 КС, 1 ӨК тіркелген (01.01.2016 жылы: 300 ШҚ, 48 ЖШС, 1 КС, 1 ӨК), ұсақ шаруа қожалықтарының ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің саны қысқарды. Ауданда 230,4 мың га ауыл шаруашылық алқаптары бар, оның ішінде 140,5 мың га егістік, 65,4 мың га жайылым жерлер және 17,7 мың га табиғи шабындықтар.

2016 жылдың өніміне егістік құрылымы: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 61% (жаздық дәнділер және дәнді – бұршақтылар 77,8 мың га, күздік дәнділер 5,7мың га), майлы дақылдар - 29% (күнбағыс 38,5 мың га, рапс 0,83 мың га), жаздық егістің жемдік дақылдары - 5% (сүрленген шөпке жүгері және күнбағыс 4,0 мың га, бір жылдық шөптер 3,0 мың га) картоп - 1% (1,4 мың га).

Ауыл шаруашылығы техникаларын жыл сайын жаңарту ылғал сақтайтын технологияны ендіру алаңдарын арттыруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы аталған технология 75,8 мың га қолданылды, бұл егіс алқаптарының 54% құрайды (2016 жыл деңгейінен 1,3 есеге жоғары).

Ауданда 1949 га суармалы жерлер тіркелген. 2016 жылы суару алаңы 689 га құрады (өткен жылдың деңгейіне 107,5%).

«Агробизнес – 2020» бағдарлмасының екінші бағыты аясында ағымдағы жылы мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында 195,5 млн. теңге субсидия игерілді. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру үшін 2016 жылдың өніміне ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 91,52 млн. теңге сомаға 1765 тонна мөлшерінде тыңайтқыштар дайындайтын зауыттармен шарттар жасалды.

«БЖК – 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы көкөністер өсіру үшін (қияр, қызанақ) «Жылыжай құрылысы» жобасы жүзеге асырылды (ек іжылыжай орналастырылды). Бастамашасы – жеке кәсіпкер Владимир Аркадьевич Шагай. Жобаның жалпы құны 21 млн.теңгені құрайды.




  1. Шағын бизнес

Ауданда 241 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2015 жылдың деңгейіне 100,4% (240 бірлік).

Әрекеттегі кәсіпорындардың саны – 162 (жалпы саннан 67,2%), 2015 жылдың деңгейінен – 95,9%. Оның ішінде белсенділер саны – 146 бірлік (2015 жылдың деңгейіне 94,2%).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау Бірыңғай бағдарламасы аясында:


  1. Сыйақы мөлшерлемесін 10% субсидиялау үшін Өңірлік үйлестіру кеңесімен жобалар бойынша өтніштер қабылданды:

  1. «Шагай В.А» ЖК «Жылыжай шаруашылығын ашу» жобасы, жобаның сомасы 4,0 млн.теңге;

  2. «SIP AGRO» ЖШС, «Защита Уба» ЖШС «Ауыл шаруашылық техникаларын және жабдықтарын сатып алу», жобаның сомасы 145,0 млн.теңге (ұзарту);

  3. «Шемонаиха ұн – құрама жем комбинаты» ЖШС, жобаның сомасы 350,0 млн.теңге (ұзарту).

  1. Конкрустың нәтижесі бойынгша «Шамчиева Р.С.» ЖК «Сырт киім тігуге» 3,0 млн.теңге сомасында грант ұсынылды.

м

Бөлшек сауда айналымының көлемі 4 464,9 млн.теңге құрады, 2015 жылдың деңгейіне 113,1%. Табиғи көлем индексі – 96,5%.




  1. Инвестициялар және инфрақұрылымдық кешен

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5 994,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 есеге артық.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі – 1 969,7 млн.теңге, 2015 жылдың деңгейінен 3,1 есеге артық.

Есептік кезеңде тұрғын – үйді пайдалануға енгізу жалпы ауданы 2 883 шаршы метрді құрады (60,4%).




  1. Бюджет

Жеке табыстар бойынша аудан бюджеті 2016 жылдың қаңтар-маусымына 102,7% орындалды, 655,8 млн.теңге жоспардан, 673,2 млн.теңге түсті, өткен жыл деңгейіне 94,6%.

Аудан бойынша 2016 жылдың 01 шілдесіне берешек 162 мың теңгені құрады (2015 жылы – 130 мың теңге).

2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша алгоритмдер аясында қосымша 6,9 млн.теңге түсті, өткен жылдың деңгейіне 110,7%.

Бюджеттің шығындар бөлігі 1 878,4 млн. теңге жоспардан 99,0% орындалды, игерілу 1858,7 млн.теңге. Шоттағы қалдықтар 19,7 млн. теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде: бос орындар және уақытша еңбекке жарамсыздық парағы есебінен – 2,9 млн.теңге; мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу есебінен – 3,6 млн.теңге, жәрдемақылар алушылар санының азаюынан – 12,5 млн. теңге, тұтынудың табиғи көлемінің өзгеруінен және дөңгелектеуден - 0,7 млн.теңге.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақша алу Бақылау шоттарындағы қаражаттың қалдықтары 29,4 млн.теңгені құрады. 6 айда ЖӨБ шоттарына түскен түсімдер 50,7 млн.теңгені құрады, 60,4 млн теңге шығындалды. 01 шілдегі қаражаттардың қалдықтары – 19,7 млн.теңге.


  1. Халықты жұмыспен қамту.

Орташа айлық атаулы еңбекақы 116 110 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 113,1%.

Есептік кезеңде аз қамтылған азаматтардың саны 680 адамды құрады (2016 жылдың 1 қаңтарына 698 адам).

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар 271 адамды құрады, бұл 2015 жылдың деңгейінен 22,6% жоғары (2015 жылдың шілдесіне 221 адам). Жұмыссыздар санының көбеюіне «ЕСЖК» ЖШС қызметінің толық тоқтауы және 166 адам қысқарған жұмыссыздар саны ықпал етті. Есептік күнге қысқарғандар санынынан 90 адам есепте тұр Талданып отырған кезеңде 190 жұмыс орны құрылды, жылдық тапсырмадан 71,7% (265 жұмыс орны). 266 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Аудан бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінгендер санынынан жұмыссыздық деңгейі 75% құрады (2015 жылдың шілдесіне – 65,9 %).

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 130 адам тартылды (350 - жылдық тапсырмадан 37,1%. Кәсіби дайындыққа 54 адам, жастар тәжірибесіне 29 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 26 адам жолданды. Оқығаннан кейін 41 адам жұмысқа орналастырылды (2015 жылдың 01 шілдесіне 20 адам).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 44,2% (2016 – 48 адам, 2015 жылы – 86 адам), тұрғын үй көмегі – 10,3% (2016 жылы – 279, 2015 жылы 311) төмендеді, балалар жәрдемақысы 12,3 % (2016 жылы -71, 2015 жылы – 81),

«Өрлеу» жобасының шартталған ақшалай көмегі 34 өтініш берушіге тағайындалды және төленді (2015 жылдың 01 шілдесіне 77 өтініш беруші).

ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 60,0 млн. теңге сомаға 24 қарыз алушыға микрокредиттер берілді. 01 шілдедегі жағдай бойынша 7 қарыз алушыға мал аруашылығын, ара шаруашылығын және ТҚКО үшін жабдық сатып алуға 20,8 млн.теңге сомаға микрокредиттер берілді.


  1. Білім беру

Ауданда 5167 оқушысы бар 23 жалпы білім беретін мектептер, 690 баланы қамтитын қосымша білім беру мекемелері, бұл оқушылардың жалпы санынан 13,4 % құрайды, 3 бала бақша және 6 «Мектеп – балабақша» кешендері – 1 338 мектепке дейінгілер және 15 шағын орталықтар (онда 21-топ) – 410 тәрбиеленушілер, 523 тәрбиеленушісі бар 34 мектепке дейінгі дайындық сыныптары жұмыс істейді; 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100%, 1-ден 6 жасқа дейінгілер – 83,7%, мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 0-ден 3 жасқа дейінгілер 532 орын.

ҰБТ орташа балы 75,9 (2014 жылы – 76,4)

1 балаға орташа шығын:

мектептерде 431,1 мың теңге (2015 жыл деңгейіне 138,4%);

мектепке дейінгі ұйымдарда – 177, 1 мың теңге (116,8%).

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен Верх-Уба ауылында апатты мектептің орнына 300 орынға арналған орта мектеп құрылысы басталды.




  1. Денсаулық сақтау

2016 жылдың қаңтар-маусымына ауданда 280 адам дүниеге келді, 2015 жылдың ұқсас кезеңінде 297 (-17 адам), 380 адам қайтыс болды, 2015 жылы 351 адам (+29 адам).

Туберкулезбен сырқаттанушылық 10 жағдай немесе 100 мыі тұрғынға 22,0 (2015 жылы – 10 жағдай, 100 мың тұрғынға 21,8). Өткен кезеңде туберкулезден өлім-жітім 1 жағдай тіркелді.

Қатерлі ісіктен өлім – жітім 26 жағдай (2015 жылы – 41 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 56,9.

2016 жылдың қаңтар-маусымына сәби өлімі 1 жағдай тіркелді, көрсеткіш 1000 тірі тулғандарға 3,6 (2015 жылы – 6 жағдай, 1000 тірі туылғанға 22,7).

Ауданда сәйкес кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ.


  1. Құқықтық тәртіпті қорғау

2016 жылдың қаңтар-маусымына аудан аумағында 379 қылмыс тіркелген, бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңінен 28,0% тіркелген (2015 жылдың қаңтар-маусымына – 296).

Қылмыстар деңгейі 10 мың тұрғынға 167,1 құрайды (2015 жылы – 128,8). Қылмыстардың ашылуы өткен жылдың деңгейінен 6 пайыздық тармаққа жоғары: 2015 жылы - 74,2, 2016 жылы – 80,2).



Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет