АҚпарат өнеркәсіп



Дата24.01.2018
өлшемі66.54 Kb.
«Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы

1 жартыжылдық қорытындылары және 2017 жылғы 2 жартыжылдыққа қойылған міндеттер туралы»

АҚПАРАТ
1. Өнеркәсіп

2017 жылғы қаңтар-маусым айларында ауданда 20,4 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері шығарылды, өткен жылдың деңгейіне 84,0% құрайды. Табиғи көлем индексі 95,4 %. Облыстық көлемдегі ауданның үлесі 2,8% құрайды.

Тау-кен өндіру саласында өткен кезеңде 13,2 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, өткен жылдың деңгейіне 69,9% құрайды. Қолданыстағы бағада табиғи көлем индексі – 84,5%.

Төмендеу себебі: өндірілген кендегі металдардың азаюы. 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында мыс-мырыш кені 645,6 мың тонна, 2016 жылғы сәйкес кезеңіне 100,0 %, мыс концентраты 35,1 мың тонна (61,4%), мырыш концентраты 19,5 мың тонна (86,3%) өндірілді, сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты НКБФ (а.ж. мамыр-маусым айлары) кенді өңдеу тоқтатылды.

Өңдеу өнеркәсібінде сомасы 6,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ол 2016 жыл деңгейіне 139,1% құрайды. Сала бойынша ТКИ – 139,2%. Азық-түлік өнімдерін өндірудің көлемдері 46,8 %, машина құрастыру 29,5% артылды, жеңіл өнеркәсібі өндірісінің көлемі 16,4% төмендеді.


  1. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығару көлемі 4 456,3 млн. теңгені құрады, өткен жылғы деңгейге 110%. Облыстық көлемдегі ауданның үлесі 4,1 % құрайды. Табиғи көлем индексі – 100,3%.

Тірідей салмақта ет өндірісінің көлемі 2 388,3 тонна (101,9%), сүт – 22 068,6 тонна (99,6%), жұмыртқа – 3 650 мың дана (100,0%) өндірілді.

Мал басы: ІҚМ – 29 906 бас (98,9 %), оның ішінде сиыр – 10 443 бас (104,9%), қой және ешкі – 16 178 бас (95,1 %), шошқалар – 8 926 бас (85,6%), жылқылар – 3 829 бас (98,7%), құстар – 82 025 бас (100,7%).

Сүт өндірісін дамыту үшін ағымдағы жылы келесі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады:



  1. «Камышинское» ШҚ 300 басқа арналған екі СТФ реконструкциялау. Ағымдағы жағдайы: қабырғаларды тұрғызу жүргізілуде, қажетті жабдықтар бар.

  2. «Рулиха» ЖШС 400 басқа арналған екі СТФ қайта құру. Ағымдағы жағдайы: қабырғалар қайта құрылуда, бұзау қораның шатыры қайта жабылды, ферманың шатырын қайта жабу басталды.

  3. Красная Шемонаиха с. «Белокаменское» ЖШС 320 басқа арналған бұзау қораның құрылысы. Ағымдағы жағдайы: фундамент құйылды, құрылыс материалдарын сатып алу жүргізілуде.

  4. Волчанка селолық округінде сүт қабылдау пункті ашылды.

  5. 2 ауыл шаруашылық кооперативі ашылды:

  • Вавилон селолық округі Сугатовка с. сүт қабылдау бойынша «Тұмар» кооперативі құрылды, кооперативте 21 қатысушы.

  • Зевакино селолық округінде төлді бордақылау бойынша «Дархан Дала» кооперативі құрылды, кооперативте 3 мүше бар.

Ауданның агроөнеркәсіп кешені 272 шаруа қожалығын, 45 ЖШС, 1 коммандиттік серіктестік, 1 өндірістік кооперативті біріктіреді.

Ауданда 230,4 мың га ауыл шаруашылық пайдалы жер бар, оның ішінде 140,5 мың гектар егіндік, 65,4 мың гектар жайылым және 17,7 мың гектар табиғи шабындық.

2017 жылы егістік құрылымы мынаны құрады: дәнді-бұршақтылар – 62% (жаздық дәнділер және бұршақ дәнділер 77,95 мың га, күздік дәнділер 5,7 мың га), майлы дақылдар – 31,6% (күнбағыс 38,0 мың га, рапс 1,5 мың га), жазда отырғызылған мал азығы дақылдары 5% (сүрлемге жүгері мен күнбағыс 4,0 мың га, бір жылдық шөп 3,0 мың га), картоп 1% (1,4 мың га).

Ауылшаруашылық техникаларын жыл сайын жаңарту ылғал сақтайтын технологияны енгізу алаңын арттыруға мүмкіндік береді. 2017 жылы аталған технологияны 75,8 мың га қолдану жоспарланып отыр, бұл егістік алаңдарының 54% құрайды.

Ауданда 1949 га суармалы жерлер тіркелген, оның ішінде 2017 жылы суармалы жерлер ауданы 759 га құрады (өткен жылғы деңгейге 110,2%).

Егіс өнімділігін және өсімдік шаруашылығы өнімдері сапасын арттыру үшін қожалықтар 481,0 млн. теңге сомасына 4959,7 тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алды (2016 жылғы деңгейден 2,8 есеге көп), оның ішінде «Тыңайтқыштар құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша субсидияланғаны 240,5 млн. теңге. Тыңайтқыштарды енгізу ауданы 20,0 мың га-дан 50,0 мың га дейін артты.



3. Шағын бизнес

Ауданда 250 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2016 жыл деңгейіне 103,7% (241 бірлік).

Әрекет ететін кәсіпорындар саны - 172 (жалпы санынан 68,8%), 2016 жыл деңгейіне – 106,2%. Оның ішінде белсенділер саны – 143 бірлік (2016 жыл деңгейіне 97,9%).

«Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындаүстеме ақы ставкасын субсидиялау үшін 2017 жылы Аймақтық үйлестіру кеңесікелесі жобаларды мақұлдады:


  1. «Д.В.Пономарев» ЖК «Дүкенді және жер телімін сатып алу», құны 12,5 млн. теңге;

  2. «Ауыл шаруашылық техниканы және жабдықтарды сатып алу», «Защита Уба» ЖШС, жобаның құны 230,0 млн. теңге

Бөлшек сауда айналымының көлемі 6 057,8 млн. теңгені құрады, 2016 жыл деңгейіне 130,4 %. Табиғи көлем индексі – 119,0 %.
4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5 327,8 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне жоспар-тапсырмасына 103,8 %. Табиғи көлем индексі 85,0 %. Облыстық көлемдегі ауданның үлесі 4,1% құрайды.

Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 3 960,1 млн. теңге, 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 2,0 ретке жоғары, жоспар-тапсырмаға 107,6%.

Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 2 073 шаршы метрді құрады, өткен жылғы деңгейге 71,9%. Облыстық көлемдегі ауданның үлесі 1,4% құрайды.


5. Бюджет

2017 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша жеке табыс бойынша аудан бюджеті 110,6 % орындалды, жоспар бойынша 731,0 млн.теңге, нақты түскені 808,3 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге 120,1%.

2017 жылғы 6 ай қорытындысы бойынша алгоритмдер аясында қосымша 5,0 млн.теңге түсті, өткен жылғы деңгейге 71,9 % (6,9 млн. теңге).

2017 жылдың 1 шілдесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражат – 99,8 % игерілді, 2 656,1 млн. теңге жоспардан, 2 650,4 млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттағы қалдықтары 5,7 млн. теңгені құрады. Қалдықтардың негізгі себептері: бос орындар, жұмысқа жарамсыздық парақтары, іссапарлар кестесін өзгерту 0,7 млн. теңге, мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу – 2,1 млн. теңге, дөңгелектеу есебінен 0,5 млн. теңге, жәрдемақылар алатындар санын азайту – 1,4 млн. теңге, 1,0 млн. теңге – жеткізушімен шартты міндеттемелерді орындамау.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың Бақылау шоттарында қаржат қалдығы 2017 жылғы 01 қаңтарға 13,7 млн теңгені құрады. 6 айда ЖӨӨБ шоттарына түсімдер 109,3 млн. теңгені құрады, шығындалғаны 87,6 млн. теңге. 01 шілдеге қаражат қалдығы – 35,4 млн. теңге.
6. Халықты жұмыспен қамту

Орташа айлық еңбекақы 122 001 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 105,1%.

Аз қамтылған азаматтар саны есептік кезеңде 10 адамға қысқарып, 660 адамды құрады (2017 жылдың 01 қаңтарына 670 адам).

2017 жылғы 1 шілде жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 705 адам жүгінді немесе 2016 жылғы деңгейіне 164,3%, ресми тіркелген жұмыссыздар саны 365 адам, бұл 2016 жылғы деңгейден 34,7% артық (2016 жылғы 01 шілдеге 271 адам). Жұмыссыздар санының өсуіне мыналар әсер етті: кәсіпкерлік негіздеріне «Жұмыссыздар» нысаналы тобы бойынша 205 адам оқыды (жоспар 545 адам), еңбек күші артық аймақтардан ересек тұрғындардың қоныс аударуы 30 адам.

Талданып отырған кезеңде 246 жұмыс орны құрылды, ол жылдық тапсырмадан 91,1% (270 жұмыс орны). 252 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылды, аудан бойынша жұмыспен қамту қызметіне жүгінгендер санынан жұмысқа орналастыру деңгейі 35,7% құрады (2016 жылдың 01 шілдеге – 75%).

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 207 адам тартылды (65,1% жылдық тапсырмадан – 318) немесе өткен жылға 159,2%. Жастар тәжірибесіне 20 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам жолданды.

Атаулы әлеуметтік көмек 1,8 млн.теңге сомасына 89 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (27 отбасы), алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 41 адамға артты. Алушылар санының өсу себебі – жергілікті бастапқы құжаттарды қалпына келтіруге нашар отбасыларды өңдеу. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 32 өтініш білдірушілерге (69 бала) 0,8 млн.теңге сомасында төленді (2016 жыл – 68 бала). «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 2,8 млн.теңге сомасында 129 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді. Тұрғын үй көмегі 4,3 млн. теңге сомасында 256 алушыға төленді, алушылар саны 10 адамға азайды.

Ағымдағы жылы (2016 жылғы транш есебінен) мал шаруашылығын дамытуға, омарта шаруашылығы өнімдерін сатып алуға 4 қарыз алушыға 12,0 млн. теңге сомасында шағын кредиттер берілді.


7. Білім беру

Ауданда 5167 оқушысы бар жалпы білім беретін 23 жалпы білім беретін мектеп, 1070 баланы қамтитын 3 қосымша білім беру мекемелері, 10 балабақша, оларда 1408 баланы қамтитын 61 топ, 15 бірлік шағын орталықтар, оларда 398 баланы қамтитын 21 топ жұмыс істейді.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 1-ден 6 жасқа дейін – 90,8%, Шемонаиха қаласында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек 0-ден 3 жасқа дейін 471 орын, Усть-Таловка кентінде 97 орын.

ҰБТ орташа балы 77,0 (2016 ж. – 75,9).

1 балаға орташа шығын:

мектептерде – 342,6 мың теңге (2016 жылғы деңгейге 101,8%);

мектепке дейінгі мекемелерде – 199,3 мың теңге (112,5%).

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттары есебінен Верх-Уба селосында апатты мектептің орнына 300 орынға арналған орта мектептің құрылысы жалғасуда. Мердігер - «Өскемен – Құрылыс» ЖШС. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2017 жылғы тамыз айы.



8. Денсаулық сақтау

2017 жылғы қаңтар-маусым айларында ауданда 154 адам туылды, 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 280-ге қарсы (-126 адам), 346 адам қайтыс болды, 380-ге қарсы (-34 адам).

Туберкулезбен сырқаттанушылық 11 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 24,2 (2016 жыл – 10 жағдай, 100 мың тұрғынға 22,0). Өткен кезеңде туберкулезден 2 қайтыс болу жағдайы тіркелді (2016 жыл 1 жағдай) немесе 100 мың халыққа 4,4.

Қатерлі ісіктен өлім-жітім 30 жағдай (2016 жыл – 26 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 65,4.

Ауданда сәйкес кезеңде ана және бала өлімі тіркелген жоқ.
9. Құқықтық тәртіпті сақтау

2017 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан аумағында 427 қылмыс тіркелді, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 12,7% жоғары (2016 жылғы қаңтар-маусымда - 379).

Қылмыстардың деңгейі 10 мың тұрғынға 189,3 құрады (2016 ж. – 164,8). Қылмыстардың ашылуы өткен жыл деңгейінен 1,7 пайыздық орынға жоғары: 2016 жыл – 80,2, 2017 жыл – 81,9.

Ағымдағы жылы 18 ЖКА жасалды, онда 31 адам зардап шекті, олардың ішінде 2 қайтыс болды (2016 жылы 6 ЖКА, 10 зардап шегуші, оның ішінде 3 қайтыс болды).



Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет