АҚПарат хат қҰрметті әріптестер!



Дата22.02.2018
өлшемі39.12 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ


АҚПАРАТ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі 2013 жылдың 18 сәуірінде дәстүрлі «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыты» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр. Еліміздегі, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі белгілі маман тарихшылар қатысатын осы конференцияның жұмысы барысында мынандай мәселелер талқыланады:

– 20 кітаптан тұратын 10 томдық «Қазақстан тарихы» жобасын қазіргі ғылыми жетістіктер негізінде даярлау;

– тарих философиясы, методологиясы және тарихнамадағы инновациялық тұжырымдар;

– деректану мен археография салаларын инновациялық тұрғыда дамыту;

– тарих ғылымындағы және тарихты оқытудағы жаңа технологиялар;

– этнологиялық және антропологиялық зерттеулер: тәжірибесі мен дамыту жолдары;

– патриотизмді қалыптастырудағы тарихтың орны мен рөлі;

– тұлғатану тағылымы;

– өңірлер тарихын зерттеудің қырлары;

– «Қазақстан тарихын» дәуірлеудің жаңа ұстанымдары.


Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру мекен-жайына жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.

2. Мақала мәтіні 16 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.


МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ - 2012 жылдың 10 сәуіріне дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.
Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727) 261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

Факс: 8(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru; aina.89@list.ru


МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 16 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы - 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).



МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

1916 ЖЫЛҒЫ БОСҚЫНШЫЛЫҚ

Рүстемов С.К.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)
Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін .... мәтін [2, 25-б.].

________________
1 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся против царизма в 1916 г. Сб. Воспоминание и материалов / Сост.: С. Шарипов. – Алма-Ата: Каз. Госиздат, 1937. – 316 с.

2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.

3 Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)
«Қазақстан тарихы: инновациялық концепциялар мен кезеңге бөлу ғылыми танымның басым бағыты ретінде» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Аты-жөні (толық) _________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ___________________________________

Лауазымы: ______________________________________________________

Ұйымның толық атауы: __________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

Автордың адресі:________________________________________________

Факс, E-mail ______________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:________________________



Қонақ үй қажеттілігі:________________________________________
Каталог: downloads -> nauka
nauka -> Логическая форма высказывания; логическая форма высказывания
nauka -> Атты II республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді Конференцияға келесі секциялардың жұмысы жоспарланады
nauka -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі астана қаласындағы отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь
nauka -> 25. Сабақ жүйесінде дене жаттығуларын бір қалыпты қамтамасыз ету үшін қажет: 26. Динамикалық қағиданың мәні
nauka -> «20 игі іс» Қазақстан республикасы президенті жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы
nauka -> Құрметті білімгерлер, магистранттар және аспиранттар!
nauka -> Диссертация жұмысына АҢдатпа бейcенова Салтанат Рашидқызы Gagea


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет