Ануарова Л. Е. Жаздық ОҚу практикасына әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 98.18 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі98.18 Kb.
Ануарова Л.Е.
ЖАЗДЫҚ ОҚУ ПРАКТИКАСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Дала оқу практикасының жоспарына жабайы өсетін өсімдіктер флорасын, табиғи фитоценоздарды, мәдени өсімдіктер және олардың агрофитоценоздарын зерттеу мәселелері кіргізіледі.

Оқу практикасын ботаниканың теориялық мәселелерімен байланыстыру үшін әрбір тақырыптың алдында теориялық түсініктеме беріледі. Себебі ол студенттердің тапсырманы механикалық орындауына мүмкіндік бермейді. Өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Экскурсияға шығар алдында белгілі оқу құралы бойынша әрбір тапсырманың мазмұнымен танысады.
Ботаника» пәні педагогикалық университеттер мен институттардың биология факультетінде үш бөлімнен тұрады: дәріс (лекция), зертханалық сабақтар және дала оқу практикасы. Соңғы уақытқа дейін бірінші екеуіне бір кредит бөлініп, үшіншісіне бес кредит бөлініп келді. Тек осы оқу жылынан бастап дала оқу практикасына екі кредит жоспарланып отыр. Жақсы маман болу үшін практика сабағының ролінін жоғары екені айтпаса да түсінікті.

Табиғатта өтетін жазғы оқу практикасының негізгі мақсаты студенттердің ботаникадан алған теориялық білімдерін бекіту. Практика кезінде өсімдіктердің морфологиясы, жүйеленуі туралы студенттердің білімдері нақтылана түседі.

Педагогикалық, ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарында экологияға және геоботаникаға жеткілікті көңіл бөлінбейді, сондықтан осы шағын мақалада экология мен геоботаниканың негізгі теориялық мәселелеріне қысқаша тоқталдық.

Жаздағы практика кезінде студенттер өсімдіктер дүниесінің көп түрлілігімен және олардың қоршаған ортамен байланысы туралы заңдылықтарымен, адамның табиғи факторларды өзгертудегі ролінің өсімдіктерге тигізетін әсерімен, өсімдіктердің әртүрлі тіршілік ортасына бейімделуі арқылы тіршілік ету ортасымен бірлікте болатынын түсінеді. Белгілі орындағы өсімдіктердің бірлестігін және олардың зерттеу әдістерімен танысуы арқылы геоботаникадан ұғым алады.

Практика кезінде студенттер практика өтілетін ауданда жабайы өсетін өсімдіктермен бірге мәдени өсімдіктердің түрлерімен өндірістік мақсатта өсіп тұрған жағдайында танысып, кеппешөп жасау, флоралық зерттеу әдістерін үйренеді.

Жаздағы оқу практикасы кезінде нақтылы жағдайда табиғатты қорғауды және табиғаттың негізгі заңдылығы өлі табиғат пен тірі табиғаттың өзара байланысын бірін бірі қамтамасыз ететін жағдайына байланыстырып уағыздау.

Практика кезінде экскурсиялар жасалынып, студенттер табиғи жағдайда өсімдіктердің түрлерін көріп, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кеппешөптер дайындайды. Экскурсия орманға, шалғынға, батпақты жерлерге және егістік алқаптарға жүргізіледі.

Тоқтау су көздерінен, батпақты жерлерден сачок арқылы жиналған балдырларды арнайы эксикаттарға салып, сыртына алынған орны, студенттердің аты жөні көрсетіледі. Экскурсияның барлық түрінде саңырауқұлақтар мен қыналар да жиналады.

Жаздық оқу практикасы кезінде жиналған материалдар аудиториялық – зертханалық сабақтарға, диплом, курстық жұмыстарды орындауға пайдаланылады. Сонымен бірге әрбір студент арнайы альбомды орманның флорасын, шалғындықтың өсімдік түрлерін, арам шөптердің түрлерін, өсімдіктердің тіршілік формаларын, сабақтың, жапырақтың, гүлшоғы, жемістердің морфологиялық әр түрлілігін кеппешөптер арқылы көрсете алады. Экскурсияға шығардың алдында оқытушы (тьютер) экскурсияның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, олардың орындалу жолдарын нақтылайды. Экскурсияға қажетті құралдар, киімдерін тексереді. Тіршілік қауіпсіздігі туралы инструкция өткізеді. Әсіресе электр желісі маңында жұмыс істеудің қауіптілігін ескертеді. Егістікте және орманда, темекі шегуге болмайтындығын айтады. Орманға экскурсияға шыққанда студенттердің бас киімі болуы қажет.

Жаздағы дала практикасы кезінде оқытушы әрбір студенттің өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кеппешөп дайындап, орманның, шалғынның, даланың, батпақты жерледің өсімдіктерінің ерекшеліктері туралы қорытынды жасауын қадағалап, әрбір студент 100-ден астам өсімдік түрлерін жинап, 9-томдық «Қазақстан флорасы» (1956-1966 ) атты оқулықтан өсімдік түрлерін анықтап, тізімін жасайды.

Студенттерге тапсырма бергенде ұзақ дәріске айналдырмай оның нұсқасы қысқа анық болуы керек.

Студенттің бір жұмыс күні екі кезеңнен тұрады. Бірінші жартысында дайындалған кеппешөптердің сыртқы қағазын құрғақ қағазбен ауыстырып (екі-үш қабат болса тіпті жақсы) преске салып, мықтап байлап, желдің өтіне көлеңке жерге қалдырады. Сосын экскурсияға шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Екінші жартысында тағы кеппешөптердің қағазын ауыстырып, өсімдіктерді анықтап, әрбір кеппешөптегі өсімдіктің морфологиялық ерекшеліктері: тамыр жүйесін, сабағының, жапырағының,гүл шоғырының, жемістерінің әртүрлілігін көрсетеді. Альбом – күнделікті толтыра бастайды.

Жергілікті флораны түгел қамту үшін ерте көктемде гүлдейтін бір жылдық эфемерлер мен көп жылдық эфемериодтарды жинап кеппешөп дайындайды. Ол үшін әрбір студентке жазда пайдаланатын жабдық заттарын (кеппешөпке қажетті қағаз, кеппешөпті престейтін сетка, ботаникалық пышық т.б.) таратып қояды. Бұл жағдай да студенттің өсімдіктерді жинап, кептіруге дағдысы қалыптаса бастайды.

Практика кезінде табиғатты қорғауға айрықша көңіл бөлінеді. Өсімдіктерді мақсатсыз көп жинауға болмайды. Тек кеппешөп дайындауға ғана алады. Сол ауданда сирек кездесетін реликті (жойылып бара жатқан, бұрынғы флораның қалдығы) өсімдіктерге айрықша абай болуы керек. Экскурсия кезінде ботаникалық бақтардан, қорықтардан, қолдан отырғызылған көшеттерден, ағаштардан кеппешөп дайындауға болмайды.

Қызыл кітаптағы өсімдіктерді жинауға болмайды. Олардың түрлерін қорытынды есепте көрсету керек. Бір жерде бірнеше жыл қатарынан жаздық практика өткенде, өсімдіктердің кейбір түрлері айрықша азайып кетеді. Сондықтан тек қажетті дарасын алуды естен шығармау қажет.

Әрбір студенттің экскурсия кезінде төмендегідей жабдықтары болуы тиіс.

1 - дәптер немесе блокнот; 2 - қалам; 3 - қағаздан жасалған этикетка немесе парақтары алынатын блокнот; 4 - лупа; 5 - темірден жасалған ботаникалық қазғыш немесе асхана пышағы немесе кішкентай күрек; 6 - экскурсиялық кардоннан жасалған папка немесе ішіне қағаз салынған кеппешөп сеткасы; 7 - кеппешөпке қажетті запастағы қағаз (200 газет). Кеппешөпке қолайлысы фильтр қағазы немесе газет. Газеттің әрбір парағы папкаға немесе кеппешөп сеткасына салынады; 8- орманға экскурсияға барғанда қыналарды, саңырауқұлақтарды бөліп алатын кішкене ара алу керек; 9- балшықты немесе тоқтау сулары бар жерлерге барғанда ұзын сабы бар сачок болуы тиіс; 10- әрбір 3-4 суреттен тұратын бригадаға бір фотоаппарат қажет. Кафедра экскурсияға қажетті жабдықтарды студенттен қолхат алып береді (1 – сурет).

Кеппешөп дайындау үшін өсімдіктерді құрғақ ауа райы жағдайында жинайды. Жаңбырмен, шықпен ылғалданған өсімдік тез қарайып кетеді. Өсімдіктердің систематикасына қажеттілерінің тамыры, сабағы, жапырақтары, гүл шоғыры, жемістері болуы керек. Капустагүлділер, раушангүлділер, шатыргүлділер, бұршақтар, алабұталар, күрделігүлділер (жұлдызгүлділер), лалалар, астықтар тұқымдасының түрлерін анықтағанда гүл шоғыры мен жемістерінің диагностикалық маңызы жоғары болады. Жапырақтары жетілгенше гүлдейтін өсімдіктерден гүлдерінен кеппешөп, екі үйлі өсімдіктердің аталықтары мен аналықтарынан бөлек кеппешөп дайындайды. Ағашты, бұталы өсімдіктердің жапырақтары бар бұтақтарын және діңінің қыртысты қабығынан кесіп алады.

Өсімдіктерді жинап кеппешөп дайындағанда гүлінің, жемісінің, жапырақтарының табиғи түсінің сақталуы маңызды. Себебі басқа жақтан келген танысемес өсімдікті анықтау үшін қажет болады. Кептіру ережесін сақтағанда кеппешөптердің сапасы жоғары болады.
c:\users\user\desktop\новая папка (2)\127.jpeg
1 - сурет. Өңделетін материалды жинау үшін экскурсияға қажетті жабдықтар мен құралдар: 1 – қазғыш; 2- полиэтилен қапшық; 3 – папка; 4 – пресс; 5 – штативтегі лупа; 6 – пинцет; 7 – ине; 8 – кеппешөп сақталатын ыдыс.
Жердің үстіндегі және астындағы мүшелерінің морфологиялық сипатын жасауға шөптесін өсімдіктерді тамырымен қосып қазып алады. Тамырын топырағынан тазартып немесе жуып топырақтан тазартып кеппешөп дайындайды. Тамырсабағы, жуашығы енді болған жағдайда ұзыннан жіңішке пластинка түрінде кесіп алып қосады. Бір кеппешөпке бір, майда өсімдіктен 2-3 дарасын алады.

Әрбір өсімдіктің 2-3 дарасын алып, ең жақсысын альбом-күнделікке тігеді. Биік өсімдіктерді бірнеше бөлшекке бөледі немесе бірнеше рет иеді. Жапырақтарын жазады. Өсімдіктің вегетативтік мүшелері кеппешөп қағазынан сыртқа шықпауы тиіс.

Өсімдіктерді жинағанда бірнеше гүлін бөліп алып газеттің арасына салып өсімдікті анықтау үшін пайдаланады. Гүлдер солып қалмау үшін ылғалды қағаздың арасында ұстайды.

Кеппешөпке этикетка жасау да зерттеудің маңызды бір бөлімі. Кеппешөп дайын болғанша этикетканың алғашқы түрі, альбом-күнделікке тігерде тұрақты этикетка жасалынады. Алғашқы түрінде қарындашпен тұқымдасы, туысы, белгілі болса түрі көрсетіледі; жиналған орны (пункты, облысы, ауданы, нақтылы орны, жиналған айы, күні) сия қарындашпен немесе тушпен толтырылады.

Тұрақты этикеткада алдын-ала дайындалған бланкыда немесе таза қағаздан дайындалған бланкыда университет, кафедра; келесі кезекте тұқымдастың, туыстың, түрдің атауы қазақ және латын, орыс тілдерінде; өскен орны, жиналған айы мен күні, жинаған, анықтағын студенттің аты-жөні көрсетіледі. Мұндай кеппешөптің этикеткасы әрбір өсімдіктің төменгі оң жағына жапсырылады. Кеппешөп этикеткасының нұсқасы төменде көрсетілген.

Жоғары оқу орнының атауы:

Биология кафедрасы:

Тұқымдасы:

Түр (қазақша, латынша, орысша атаулар):

Жиналған орны:

Жинаған студенттің аты-жөні:

Анықтаған студенттің аты-жөні:

Күні, айы, жылы:

Кеппешөп этикеткасы ғылыми документ. Этикеткасы жоқ кееппешөп нұсқасының оқулық немесе ғылыми маңызы боламйды. Этикетканың бланкысын алдын-ала типографияға заказ беру арқылы жасату қажет.

Жиналған өсімдіктердің табиғи бояуы сақталып кебуі қажет. Кеппешөп сеткасы сым тартылған рамасы бар екі ағаштан жасалған құрылым. Кеппешөпті екі фанердің арасында да кептіруге болады.

Кеппешөпке алынған кеппеген өсімдікті қағаздың арасына салып, жапырақтарын жазып, сабағының бұтақтарын дұрыстап кеппешөп сеткасына орналастырады. Келесі өсімдік түрімен арасына 3-4 парақ қағаз салады. Сөйтіп, барлық жиналған өсімдік түрлерімен кеппешөп сеткасын толтырады. Егер жапырақтары сулы, гүлдері нәзік (мысалы көкнәр) болса фильтр қағазын, мақтаны пайдаланады. Екінші бетімен жауып жіппен крест тәрізді немесе көлденең екі рет орап тартып байлап тастайды. Бос етіп байлаған жағдайда жапырақтары бүктеліп, дұрыс пішінін жоғалтады. Байланған сетканы көлеңкеге желдің өтінде қалдырады. Түнде сетканы ішке құрғақ бөлмеде ұстайды. Ылғал қағаздарды кептіріп алады (2 – сурет).


c:\users\user\desktop\новая папка (2)\21.jpeg

2 - сурет. Кеппешөп қағазы.


Қағаздарын ауыстырғанда кеппешөптің этикеткасы түсіп қалмауы керек. Кеппешөптің тек арасына салған қағазын ауыстырып өзінің қағазын қалдыру керек. Себебі, солып қалған өсімдікті ауыстырса дұрыс орналаспайды. Жапырақтары, гүлінің күлте жапырақтары бүктеліп қалады. Қағазын ауыстыруды өсімдік әбден кепкенше қайталайды. Кепкен өсімдікті көтергенде салбырап иілмейді.

Тезірек кебу үшін сеткаға 10-15 қана өсімдік салады. Кейде 2-3 күн өткен соң кеппешөпті тым ыстық емес утюгпен үтіктейді. Бұл көрсетілген тәсілдер ылғалдылық жоғары болған жағдайда гүлдің түсінің сақталуына көмектеседі.

Құрғақ ауа райында сапалы кеппешөп дайындау үшін, фанердің бетіне бірнеше гүлді жазып орналастырып бетін қалыңдығын 3-5 см етіп, кепкен құммен көмеді. Бір фанердің бетіне 4-6 гүл орналастырады. Фанерді желдің ығында, күн сәулесі түсіп тұрған орында 10-12 сағатқа қалдырады. Кешке қарай кеппешөп дайындап сеткаға салады. 1-2 күнде толық кебеді. Осындай әдіспен мақтаның басқа да құлайыргүлділердің түрлерінің гүлдерін кептіруге болады.

Кептірілген өсімдікті қатты ақ қағазға (48x28см) тігеді (жапсырады). Бір қағазға бір өсімдік, майда болса, өсімдіктің бірнеше дарасын тігеді, төменгі оң жағына этикеткаға орын, сол жағына ішіне жемісі, тұқымдарын салатын пакетке (қалта) орын қалдырады.

Жаздық оқу практикасы кезінде экскурсия ұйымдастырылатын орынмен оқытушы алдын-ала танысып, жұмыс жоспарын жасайды. Экускурсияға шығар алдындағы әңгіме кезінде мақсатын, міндеттерін қысқаша түсіндіріп, құрал жабдықтарын тексереді. Құрал жабдықтары болмаған студенттердің практика өтуге зауқы болмай, тапсырманы енжар орындайды.

Әрбір студенттің күнделігі болуы керек. Күні, қысқаша сол күнгі жұмыс жоспары көрсетіледі. Кейде кепкен өсімдіктер күнделік-альбомның беттеріне тігіледі. Бұл күнделік-альбомда барлық кестелер, геоботаникалық карта, жиналған өсімдіктердің тізімі көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс соңында оқытушы күнделік-альбомды тексеріп, ескертулер жасап қол қояды. Кейде бағалайды.

Практика соңында студент емтихан тапсырады. 100-ден артық өсімдік түрі жақсы кептіріліп, түріне дейін анықталып, этикеткасы жазылып тігіледі. Күнделік-альбом соңына тұқымдастары көрсетілген қазақша, латынша, орыс тіліндегі атаулары нақтыланған тізімі беріледі. Фитоценоздық сипаттамалар, геоботаникалық карта, өсімдіктердің тізімі, практика кезінде пайдаланған әдебиеттер көрсетілген, қорытынды жасалған болуы керек.

Сонымен бірге емтиханда студент практика кезіндегі қарастырылған материалдар бойынша қойылған сұрақтарға: өсімдіктердің биологиялық, экологиялық ерекщеліктеріне, жүйелік белгілеріне, практикалық маңызына жауап беруі, өсімдіктердің қазақ, латын, орыс тілдеріндегі қосарланған атауларын білуі керек. Өсімдіктердің орыс, латын тіліндегі атаулары « Қазақстан флорасынан» Қазақ ССРО Ғылым «Академиясы баспасы», 1956-1966 ж.ж. 9 том, қазақша атаулары С.А.Арыстанғалиев, Е.Р.Рамазанов «Қазақстанның өсімдіктері» Ғылым баспасы 1977ж. еңбегінен алынады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. О. Абдрахманов, А.О. Абдрахманова, С.Т. Назарбекова, А.Т. Нуркенова, Е.А. Гаврилькова. Систематика низших растений. Учебно – методическое пособие для студентов биологических факультетов высших учебных заведений. Караганды. 2009.

  2. Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманкулова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, «Санат», 1998.

  3. Ә.Ә. Әметов. Ботаника. Алматы, 2005.

  4. Н.А.Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.А. Уранов. Ботаника. Систематика растений. Москва. «Просвещение» 1975.

  5. Ж.Ж. Кожантаева. Төменгі сатыдағы өсімдіктер классификациясы. Алматы ҚазМемҚызПУ, 2004.

  6. Ж.Ж. Кужантаева, Ж.М. Ералиева Ботаника пәні бойынша зертханалық сабақтар. Алматы, 2011.

  7. Н.М. Мухитдинов Геоботаника: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 384 б.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет