Қанттың шығу тарихы



жүктеу 67.77 Kb.
Дата16.10.2018
өлшемі67.77 Kb.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы № 3 жалпы білім беретін мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада Ибадуллақызы

3 – сынып оқушысы Тұрғали Нұрымжан Тәттімбетұлы

Қанттың шығу тарихы

Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал қанттың шығу тарихын біле бермейді екенбіз.

Қанттың бірнеше түрі бары белгілі. Ол жан-жануарларда да, өсімдіктерде де кездеседі. Алайда, адамдардың қант туралы әңгімесі қант қызылшасы мен қант қамысының өнімі турасында ғана өрбиді және сол турасында түсініктері өрілген. Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың 62 пайызы қант қамысы болса, 37,5 пайызын қант қызылшасы құрап отыр. 

Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан мың жылдай бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Сол уақытта осы өсімдік үшін қанша тайпалар өз-өздерімен соғысып, қорғап қалуға жандарын салысқан.

Содан бері қаншама ғасырдың ширегінде, қоғамның дамып, өркениеттің жаһандануына байланысты қант зауыттары көптеп ашыла бастады. Қантты өндірудің өнеркәсіпте қаншама түрлері шығып, дүниежүзілік экспортқа айналып кете барды.

Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып жіберді. Алайда, қанттың тарихы осымен бітпейді.

Кейбір ғалымдардың ойынша, қант қамысы бұрынғы өткен замандарда Үнді елінде тараған. Алғаш қантты көріп, Еуропаға жайып жіберген Александр Македонский болатын. Бәріміз білетіндей, мүйізі бар адам б.з.д. 325 жылы Үнді еліне жорық жасаған. Олар алғаш қант қызылшасын көргенде, арасы жоқ бал есепті өсімдікке балаған.

Содан Үнді елінен жол алып шыққан қант Персияға жеткен. Ал Персия елі 500 бен 700 жылдар аралығында Сирия, Палестина, Египет, Жерорта теңізі бойын жаулап алып, қантты тұтынуды дағдыға немесе әдетке айналдырып жіберген сыңайлы.

Қант қызылшасы ең бірінші рет Америка Құрама Штаттарына 1751 жылы жеткізілді. Сол уақыттағы түрлі діни ағымдардың миссионерлерінің бірі қантты Гаитиден Жаңа Орлианға, содан Луизиана штатына алып барған. Қант өнімі 1795 жылы тұрақты экспорт көзіне айналады.

Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі. Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін айдалған жерден алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5,3%-ы айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4,3% үлесін құрады.

Қант өндірісін көтеру – өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне байланысты. Жоғары қаттылықты және салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының төзімді сұрыптарын алуға бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауды арттыруда агротехникалық шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады. Қант қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен бірге екіжылдық айқас тозаңданушы дақыл. Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті, әртүрлі фитопатогендерге төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды. Биотикалық және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде биотехнологиялық әдістер үлкен рөл атқарады. Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден жасушалық деңгейге алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары жасушаларында, селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер қолданылады. Жасушалық сұрыптаудың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ дисперсті суспензиялық культурасы табылады.

Өсімдіктің суспензиялық культурасын алудың негізгі әдісі – каллусты ұлпаны қоректік ортада фрагменттеу және өсіру болып табылады.

Каллусогенез индукциясының экспланттық сапасы ретінде шие бұтақтарын және қант қызылшасының әртүрлі инбредті линияларындағы өркен гүлсидамдары сегменттері қолданылды (Әмірханова және т.б. 1985 ж).  Мурасиге және Скугтың қоректік ортасында таза өсімдік материалын араластыру, қосымша 2 мг/л БАП, каллус ұлпаларының түзілуін туғызды. Каллусогенез қарқындылығынан әртүрлі инцухт-линиялар ерекшелене бастады. Жоғары бейімділікті иеленуші А-52 және ССП линия эксплантаталарында тұтас каллус индукциялары жиі байқалды. Каллустық культураның өсімталдық және цитоморфологиялық сипаттамасын ұлпалық тегі, өсу жағдайы және қоректік орта құрамы анықтайды. Сонымен қатар, каллус культураларының консистенциялары: 1 – борпылдақ, жеке жасушаларға тез ыдырайды; 2 – орта берік, гетерогенді, меристемалық ошақтан тұрады; 3 – берік, қысқарған камбий және тамыр аймақтарынан тұрады (негізінен трахеидтәрізді элементтерден). Салыстырмалы борпылдақ каллус культураларының алынуына әртүрлі тәсілдер әсер етеді: 2,4-Д құрайтын ортада өсіру; Са++ иондарын қоректік ортадан жою және т.б. Линия ССП алынған біздің каллусты жасушамыз борпылдақ консистенцияға және құрылымы бойынша гетерогенді болды. А-52 инбредті линиясындағы каллус берік, гомогенді және жарықта тез жасыл түске енді.

Қант қызылшасының суспензиялық жасушасы ССП инбредті линиясының каллусты ұлпасынан алынды (Әмірханова, 1988). Каллустің түйірін колбаға Мурасиге және Скугтің келесі үстемелерді құрайтын сұйық ортасымен араластырды: 0,1мг/л 2,4 Д, 0,1мг/л НУК және 0,5 мг/л БАП. Тотығу процесін болдырмау үшін қоректік ортаға аскорбин қышқылын 5 мг/л концентрациясын үстемелейміз немесе қосамыз. 100 мл қоректік орта үшін  каллусты ұлпа есептен 2-3 г шикі массаны алды. Екі аптадан кейін алынған бірінші суспензия жаңа қоректік ортаны пассирледі.

Суспензиялық культураның цитологиялық талдауы, өлшемі және пішіні бойынша оның жасушасының гетерогенділігін көрсетті.Үлкен ядролы ұсақ жасушалармен қатар, төменгі ядро – цитоплазмалық қатынастарымен ерекшеленетін вакуольді жасушалар да кездеседі. Жиі кездесетін 6-20 (50%) жасушадан тұратын жасушалық агрегат, суспензиялық культураның агрегаттық  дәрежесін анықтады. Бір жасушалылар және 2-5 жасушаның агрегаты барлық өсіру бірлігінің  27% құрады.

Жүздеген жасушалардан тұратын ірі агрегаттар бірлік болды. Қант қызылшасы суспензиясының тіршілікке қабілеттілігін анықтау әдістемесінде, тірі жасушаны 0,003% концентрациялы көк метиленмен бояды.  Суспензиялық культураның өсу фазасына тәуелдене отырып, тірі жасушалар үлесі 67%-тен 93%-ке өзгерді.

Осылайша, мұнан былайғы қант қызылшасы селекциясын жасушалық деңгейге көшіру жүзеге асты және  қант қызылшасы суспензиялық культурасының сипаттамасы алынды.

Алдымен теріліп әкелінген қызылша үлкен астауға салынады. Содан кейін бірінен соң бірі кезекте тұрған машиналар жоғары көтеріп, жуып, оны майда тіліктерге кеседі. Тіліктерден шырын бөлінеді. Бірақ түсі ақ қызылша қара сөл бөледі. Осы сөлдер үлкен ыдыста жиналып түтікшелер арқылы өңдеуден өткенде, оның түсі мөлдір болады.


Қызылшадан алынған сөл қою болуы үшін үлкен мұнарада оның құрамындағы артық суларды буландырып шығарып тастайды. Шыққан затты тағы да тазартудан өткізіп, оған қант ұлпаларын себеді. Ұлпалар қоймалжың шәрбатқа араласып түйіршік болып «өсе» бастайды. Осылай қант кристалдары пайда болады. Кристалдарды арнайы қондырғыда жуып кептірген соң шекер пайда болады. Ал шекерден шақпақ қант жасалады. Міне, бір түйір қант жасалу үшін үлкен жұмыстар істеліп, көп тер төгіледі.

Орта есеппен алғанда адам бір жылда 80 кг, яғни күніне 225 г қант жейді екен. Бұл қорқынышты көрсеткіш. Қантты мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына өте зиян. Ағзада қанттың шамадан көп болуы семіздікке, қант диабетіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сол себептен қантты мөлшерден тыс пайдаланбауға тырысу керек.


Артық салмақ проблемасы мен өзін жайсыз сезіну, тез шаршау - ағзадағы қант мөлшерінің шамадан көп болуының салдары. Қантта дәрумендер де, минералдар да жоқ, бірақ ағзада тез арада қортылуы керек. Ағза қан құрамындағы қантты тез пайдаланып үлгеру үшін глюкоза жасушаға бару керек. Жасушаларға барған қант ағза үшін энергия көзіне айналады, гликогенге айналып кейін пайдаланылады немесе майға айналып ағзада қалып қалуы мүмкін.
Қантты мөлшерден тыс пайдалану ағзадағы инсулин деңгейін көтереді, бұл тәбеттің жақсы болуына әкеледі, осының салдарынан қантты одан да көп мөлшерде пайдаланады. Бұл артық салмақты тез алу мен ағзаның жалпы қартаюына әкеп соқтырады. Сол себептен құрамында қант мөлшері көп азық-түлікке құмарлануды қойған жөн.
Қанттың ерекше қолданысы

Қант біздің түсінігімізде денсаулығымыз бен сырт келбетімізге жағымсыз әсер ететін тәтті қоспа. Алайда оның ерекше қолданылуы кейбір жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.

Ғалымдардың жүргізген сараптамаларының нәтижесі таң қалдырмай қоймайды. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандыра алады екен. Бактерияларға дамып көбейуі үшін ылғал қажет, ал қант артық ылғалды өзіне жұтып алады.

Ащы тамақтан кейін ауызға салынған бір кесек қант ащы дәмді оңайлықпен баса алады.

Қант қосылған дене терісіне арналған скрабтар баяғыдан-ақ танымал. Ондай скрабты өзіңіз де жасап алсаңыз болады. Оны зәйтүн майы мен кез келген эфир майының бірнеше тамшысымен араластырып қолдана беріңіз. Теріңіз таза, нәзік бола қалады.

Міне қызық: егер далап жағылған ерінге құмшекер сеуіп, бірнеше секундтан кейін жалап жіберсеңіз, далап әлдеқайда ұзақ сақталады.

Қантты дақ кетіргіш ретінде де қолданады. Ол шөптің ізінен қалған, және т.б. дақтарды оңайлықпен кетіреді. Суланған даққа қантты сеуіп, бірнеше сағатқа қойып қойыңыз.

Кофе ұсатқыш, блендер, ет тартқыштағы қалған жағымсыз иістерді (сарымсақ, кофе, т.б.) қант кетіре алады. 

Қант тіліңіз ыстық шай не кофеге күйіп қалғанда көмекке келеді. Қант салынған қасықты тіліңізге қойсаңыз, ауырғаны сол сәтте қояды.



Ерініңізге далап дұрыс жағылмай ма? Ерініңізге зәйтүн майы мен қантты араластырып жағыңыз. 30 секундтан кейін оны сүртіп тастап, далапты жаға беріңіз.

Қант сыйланған гүлдердің ғұмырын ұзарта алады. Гүл тұрған суға 3 ас қасық қант, 2 қасық сірке суын қосыңыз. Қант гүлдің бұтағын сақтаса, сірке суы оны бактериялардан қорғайды. 




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет