Аннотациясы



жүктеу 61.55 Kb.

Дата26.10.2018
өлшемі61.55 Kb.

Байдалы Рауан Жомартұлының 6D020300 – «Тарих» мамандығы 

бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған                       

«Айдархан Тұрлыбаевтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» атты 

диссертациялық жұмысының 

 

АННОТАЦИЯСЫ 

 

Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Қазақстан  әлем  қауымдастығы 

қатарынан  егемен  ел  ретінде  өз  орнын  тауып,  тәуелсіз  өркениетті  даму 

жолына  түсіп,  өзінің  барлық  ұлттық-рухани  байлығын  қайта  жаңғыртқан 

қазіргі заманда оның өткен тарихына деген көзқарас жаңа сипатқа ие болды. 

Осы  уақытқа  дейін  бұрмаланып,  ақиқаты  айтылмаған  немесе  біржақты 

бағаланған  төл  тарихымызды  жаңаша  саралап,  қайта  қалыптастыру 

бағытында  шаралар  жүзеге  асырылып  жатқан  мезгілде  еліміздің  тарихында 

сүрлеуін  қалдырған  тарихи  тұлғаларымыздың  ғұмырнамасын  зерттеу  қолға 

алынды.  Соған  байланысты  ұлт  қайраткерлерінің  туған  еліне,  халқына 

сіңірген еңбегін, қоғамдық-саяси және әлеуметтік процестердегі алар орнын 

көрсету  және  олардың  қайраткер  ретінде  қалыптасу  мәселелеріне  көп  көңіл 

бөлінуде.  Осындай  қайраткерлердің  қатарына  XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX 

ғасыр  басында  тарих  сахнасына  шыққан  қазақ  зиялыларын  жатқызуға 

болады.  Елбасы  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 

бағдарламалық 

мақаласында 

«Қазақстанның 

революциялық 

емес, 

эволюциялық дамуы биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр  аумағын астан-



кестен  еткен  1917  жылдың  қазан  айындағы  оқиғаға  100  жыл  толады.  Күллі 

ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша 

ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті»,  дейді. 

XX  ғасырдың  басындағы  тарихи  оқиғалар,  яғни  жәдиттік  қозғалыс, 

1905-1907  жылдардағы  Бірінші  орыс  революциясы,  Алаш  қозғалысы,  1917 

жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері, оларға жалғасқан азамат соғысы және 

Кеңес үкіметінің орнауы қазақ қоғамы соның ішінде алашшыл зиялылардың 

өміріне түбегейлі өзгерістер әкелді. Осынау аласапыран заманда ел мен жер 

тағдырын  тереңнен  ойлаған  ұлт  зиялылары  мәселенің  туған  халқының 

мүддесіне  сай  шешілуі  бағытында  нақтылы  әрекеттер  жасап,  саяси  күреске 

араласты.  Қазақтың  ұлттық-демократиялық  зиялылары  қазақ  халқын 

өркениетті мемлекет етіп қалыптастыруды саяси күрестерінің негізгі мақсаты 

етіп қойды.  

Олар XX ғасырдың басында қазақ қоғамының ең өзекті мәселесі болған 

отарлық езгіге қарсы халықтың ұлттық санасын оятып, өзара бірлікке жеткізу 

мақсатында  біртұтас  идеологияның  қажеттілігін  түсінді  және  оны  жаңа 

кезеңге сай жүйелеп, қалыптастыру жолында орасан зор жұмыстар атқарды. 

Ел  басына  күн  туған  қиын-қыстау  кезеңде  халық  арасынан  суырылып 

шығып,  саяси  сахнада  реформаторлық,  мемлекеттік-саяси  көзқарастарымен, 

халық  игілігі  үшін  аянбай  тер  төккен  озық  ойлы  биік  тұлғалардың  тарих 

беттерінде із қалдырары ғасырлар бойы дәлелденген ақиқат. Бірақ, Кеңестік 

тоталитарлық  жүйе  жағдайында  ұлтымыздың  белгілі  тұлғаларының 



ғұмырнамасын  зерттеуге  мүмкіндік  берілмеді,  олардың  көзқарастарын 

бағалауда  әділетсіздікке,  бұрмалауға  жол  берілді.  Олардың  шын  мәніндегі 

халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі саналы түрде бұрмаланып 

қана қоймай, оларға «ұлтшыл», «буржуазияны жақтаушы», «үстем тап өкілі» 

т.б.  айыптар  тағылды.  Кеңестік  тарих  ғылымы  большевиктердің  біржақты 

идеологиясы  қыспағында  болып,  таптық  бағалау  қағидасы  негізінде  жалған 

мағынада  жазылды  және  қазақ  ұрпағының  санасын  коммунистік  режимге 

қажетті  идеялармен  уландырды.  Соған  сәйкес  қазақ  ұлтының  әлеуметтік-

экономикалық, рухани дамуына зор үлес қосқан алаштық интеллигенцияның 

тарихына байланысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл Қазақстан тарихында 

«ақтаңдақ» беттер болып табылды. 

Осындай қара жамылғының астында қалғандардың ішінде Қазақстанның 

ірі  тарихи  тұлғаларының  бірі  көрнекті  қоғам  қайраткері,  қазақ  заңгері, 

Ақмола  мен  Батыс  Сібір  өңіріндегі  Алаш  азаматтарының  көшбастаушысы 

деңгейіне  көтерілген  А.Тұрлыбайұлы  да  бар.  Бұл  тұрғыда  президентіміз 

Н.Назарбаевтың  «Әрбір  өлкенің  халқына  суықта  пана,  ыстықта  сая  болған, 

есімдері  ел  есінде  сақталған  біртуар  перзенттері  бар.  Осының  бәрін  жас 

ұрпақ  біліп  өсуге  тиіс»,  деген  тұжырымы  өте  орынды.  Елбасы  айтқан 

осындай  біртуар  перзенттердің  қатарында  Көкшетау  өлкесінен  шыққан 

А.Тұрлыбаев  та  бар.  Айдархан  Тұрлыбаев  қазақ  тарихында  өз  орнын  ала 

алмай  келген  тұлғаның  бірі.  Оның  саналы  өмірі,  қоғамдық-саяси,  құқықтық 

қызметі Қазақ елі болашағының жарқын болуына арналған. Туған халқының 

мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса да, ұзақ жылдар бойы 

ұлтына беймәлім болып келген Айдархан Тұрлыбаевтың өмірі мен қоғамдық-

саяси  қызметін  тарихи  тұрғыдан  зерттеу  қазіргі  заман  талабы  қажет  етіп 

отырған  зәру  мәселе.  Тақырыптың  тарихи-танымдық  маңызы  осындай 

өзектілігімен ерекшеленеді. 

Зерттеу нысаны - А.Тұрлыбаевтың өмірі мен қоғамдық саяси-қызметі 

алынып отыр. 



Зерттеу  пәні.  Тұлғаның  тарихтағы  орны  мен  рөлі,  тұлға  мен  елдің 

тарихи тағдырының өзара байланысы.  



Диссертациялық зерттеудің мақсаты:  

А  А.Тұрлыбаев  өмірінің    кезеңдерін  қоғамдағы  саяси-әлеуметтік 

өзгерістермен  байланыстыра  отырып,  оның  қоғамдық  көзқарасының 

қалыптасуына  әсер  еткен  жағдайларды,  Алаш  қозғалысындағы  орны  мен 

рөлін  айқындау,  қоғамдық-құқықтық  қызметін  тарихи  тұрғыда  зерттеу 

жұмысымыздың мақсаты болып табыдады. 

 Зерттеудің міндеттері:  

 



 Тұлғатану  мәселесінің  теориялық-методологиялық  негіздері  зерттеп-

зерделеу; 

–  Тақырыптың зерттелу деңгейі бойынша тарихнамалық талдау жасау

 



 Зерттеу жұмысының деректік негіздеріне деректанулық талдау жасау; 

 



 А.Тұрлыбаевтың  өскен  ортасы,  студенттік  кезеңі  және  саяси 

көзқарасының қалыптасуына әсер еткен факторларды айқындау; 



 

 А.Тұрлыбаевтың    заңгер  маман  ретіндегі  құқық  саласындағы  кәсіби 



қызметінің қырларын көрсету; 

 



 Шығармашылық  мұрасы  бойынша  Қазақ  баспасөзіндегі  жарияланған 

мақалаларына  және  диплом  жұмысына  тарихи  тұрғыдан  ғылыми  талдау 

жасап, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру; 

 



 А.Тұрлыбаевтың Алаш қозғалысы қызметіндегі қайраткерлік тұлғасын 

ашу; 


 

 Сібір төңкеріс комитетіндегі Қазақ АКСР-нің өкілі ретіндегі қызметін 



зерттеу; 

 



 А.Тұрлыбаевтың саяси қуғын-сүргін ахуалындағы өмірін қарастыру.  

Зерттеудің 

ғылыми 

жаңалығы. 

Қазақстан 

тарихнамасында 

А.Тұрлыбаевтың өмірі, құқықтық  және қоғамдық-саяси қызметі  тұңғыш рет 

кешенді қарастырылып төмендегідей жаңалықтарға қол жеткізілді: 

 



 Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  мұрағаттар  мен  Ресей  

Федерациясындағы  мұрағат  қорларындағы  А.Тұрлыбаевтың  өмірі  мен 

құқықтық,  қоғамдық-саяси  қызметіне  қатысты  жинақталып,  сақталған  жеке 

істеріндегі құжаттар мен деректерді алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.  

–  А.Тұрлыбаевтың  шығармашылық  мұрасына  алғаш  рет  тарихи  талдау 

жасалды.  Баспасөз  бетіндегі  жұмысы  мен  мақаласына  назар  аударылды. 

Сондай-ақ,  «Киргизская  степная  газетаның»  (Дала  уалаятының  газеті) 

белсенді қызметкері болғаны дәлелденді.  

–  А.Тұрлыбаевтың  «Обычное  право  киргиз:  -  брачное  право  киргиз» 

тақырыбындағы ғылыми жұмысына назар аударылып, талданды. 

 

 Тарихнамада  айтылатын  А.Тұрлыбаевтың  Алаш  қозғалысындағы 



қызметі мұрағат деректерімен толықтырылып, қайраткерлік қыры  ашылды. 

 



 1921-1923 жылдардағы Сібір төңкеріс комитетіндегі Қазақ АССР-ның 

өкілдіктегі төрағалық қызметі мұрағат деректері негізінде зерттелді.  

 

 Қазақ зиялыларымен бірге Омбы уезінің оңтүстік бөлігі мен Павлодар 



облысындағы  тұзды  көлдерін  қазақ  жеріне  қосқандағы  қызметі  мен  еңбегі 

деректер мен құжаттар негізінде дәлелденді. 

– Айдархан Тұрлыбаевтың саяси-қуғын сүргін құрбаны ретіндегі тарихы 

зерттеп-зерделінді. 

 

А.Тұрлыбаевтың ұрпақтары туралы деректер жинақталып, жүйеленді. 



Қорғауға шығарылатын нәтижелер:  

1. Тұлғатану мәселесінің теориялық-методологиясында ғұмырнамадағы, 

тарихи тұлғаға қатысты еңбектердегі ұстаным мен ұғымдар қарастырылды; 

2.  Тарихнамасында  А.Тұрлыбаевқа  қатысты  еңбектерге  тарихнамалық 

талдау жасалынды; 

3. Зерттеу бойынша мұрағат, мерзімді баспасөз, жарияланған құжаттарға 

деректанулық талдау жасалды; 

4. А.Тұрлыбаевтың туып-өскен жері, шығу тегі, саяси ортасы мен Омбы 

гимназиясындағы білім алу жолы, Санкт-Петербургтегі студенттік кезеңінде 

қазақ  студентінің  қалыптасу  белестері,  қазақтың  әдеттегі  құқығының 

империялық  жүйеге  енгізілуімен өз  бостандықтарын қорғау  мақсатында  заң 

факультетіне,  оның  ішінде  астанадағы  оқу  орнына  түсуі  көрсетілді.  Бұл 



жерде  студенттердің  әлеуметтік  жағдайы  мен  стипендия  қаржысының 

жетіспеушілігінің оқу процесіне әсер етуі, бұратана студенттердің оқытушы-

профессорлар  құрамымен  қарым-қатынасы,  оқыған  пәндерінің  және 

студенттік 

қозғалыстар 

мен 


жерлестік 

ұйымдардың 

барлығының 

А.Тұрлыбаевтың  азаматтық  мектептен  өтіп,  оның  саяси  көзқарасының 

қалыптасу жолының басталуына ықпал етті;  

5.  А.Тұрлыбаев  құқықтық  қызметте  соттық-құқықтық  жүйедегі 

әкімшілік-территориялық яғни қазақ қызметкерлерінің ең төменгі  дәрежеден 

басталатын өсу жолы бойынша көтерілді. Сол кездегі қазақ қызметкерлерінің 

білім  дәрежесі  курс,  семинар,  училище  және  университетті  бітіргендігі 

бойынша  бағаланатын.  Соттық-құқықтық  салада  университеттік  білімі  мен 

заңгерлік  дипломы  барлар  керек  болып,  А.Тұрлыбаев  мемлекеттік  қызметті 

сот, адвокат ретінде Батыс Сібір мен өзіне таныс қалалы жерде бастап, заңгер 

ретінде қалыптасты

6.  А.Тұрлыбаевтың  шығармашылық  мұрасы,  қазақ  баспасөзіндегі 

қызметі,  шығармалары  арқылы  қазақ  елінің  ұлттық  санасының  оянуына, 

саяси танымының өсуіне үлес қосқаны отандық тарихнамада алғаш зерттелді. 

Оның  бірінші  дәрежелі  диплом  алу  үшін  болашақ  заңгер-ғалым  ретінде 

жазған  мұрағаттағы  «Обычное  право  киргиз:  -  брачное  право  киргиз» 

тақырыбындағы еңбегіне назар аударылып, талдау жасалынды. 

7.  Отарлық  бұғаудағы  қазақ  халқының  мүддесін  қорғау  мақсатында 

А.Тұрлыбаев  алғашқы  кезде  жәдиттік,    кейін  Алаш  қозғалысына  қатысты. 

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Алаш партиясының Ақмола облыстық 

комитетінде,  Алашорда  Ұлт  Кеңесінде,  Алашорда  Үкіметінде,  Сібір 

автономистерінің  қатарында,  Ақмола  облысының  комиссариятында    жүріп 

саясат  майданына  араласып,  ұлт  мүддесі  үшін  қазақ  зиялыларымен  бірге 

қызмет етті. 

8.  Сібір  төңкеріс  комитетіндегі  Қазақ  АКСР-нің  өкілі  ретіндегі 

қызметінде ұлтжанды қазақ қайраткерлерімен бірге қазақ жерінің тұтастығын 

қорғауда белсенділік таныта білді.  

9.  А.Тұрлыбаевтың  саяси  қуғын-сүргін  құрбаны  екендігі  және  оның 

туыстарына әсер етуі құжаттық деректер негізінде алғаш талданды. 

Алынған  нәтижелердің  тәжірибелік  маңыздылығы.  Ұсынылып 

отырған  диссертациялық  жұмыстың  деректік  негізіне  енгізілген  мұрағат 

құжаттары 

мен 


зерттеу 

барысында 

жасалған 

тұжырымдар 

мен 

қорытындыларды  жоғары  оқу  орындарында  ХІХ  ғасырдың  аяғы  ХХ 



ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  ғұмырнамасы  мен  ұлт-азаттық 

күрестегі  тарихнамасы  бойынша  арнайы  курстарда  қолдануға  болады. 

Мәселен,  диссертацияның  нәтижелері  Қостанай  мемлекеттік  педогогикалық 

институтында  «Қазақстанның  жаңа  заман  тарихы»  курсын  жүргізу 

барысында енгізілді. 

Ізденушінің қосқан жеке үлесі. Докторант зерттеу жүргізу барысында 

тақырыпқа  қатысты  бүгінгі  күнге  дейін  зерттеліп,  жарыққа  шықан  ғылыми, 

публицистикалық  және  әртүрлі  ғылым  сала  мамандарының  еңбектеріне 

тарихи талдау жасап, оларды тақырыптық қағида бойынша жүйеге келтірген. 



А.Т.  Тұрлыбаевтың  «Киргизская  степная  газета»  (Дала  уалаятының  газеті) 

басылымындағы  қызметі  мен  мақалалары  мен  «Қазақтың  әдеттегі  құқығы  – 

қазақтың  неке  құқығы»  тақырыбындағы  дипломдық  жұмысы  сараланып, 

талданды. Көптеген орыс тілдеріндегі деректер мемлекеттік тілге аударылып, 

ғылыми  айналымға  енгізілді.  Қайраткердің  өмірі,  қоғамдық-саяси  қызметі 

және  шығармашылық  мұрасы  ізденушінің  мақалалары  негізінде  отандық 

және  шетелдік  ғылыми  басылымдарда  жарық  көрді.  Қазақстан 

Республикасының  Орталық  мемлекеттік  мұрағаты,  Ресей  Федерациясы 

Санкт-Петербург  Орталық  мемлекеттік  тарихи  мұрағаты,  Омбы  облыстық 

мемлекеттік  тарихи  мұрағатындағы  А.Тұрлыбаевтың  жеке  істері  мен 

тақырыпқа  қатысты  қорлар  мен  аты  аталған  қалалардағы  кітапханаларда 

жұмыс жасады.  



Диссертация  нәтижелерінің  сыннан өтуі.  Диссертациялық  жұмыстың 

негізгі тұжырымдары бойынша барлығы 7 ғылыми мақала жарияланды.   



Жарияланымдар: 

1 Айдархан Тұрлыбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі. Қазақстан 

Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі атты 

ҚР  Тәуелсіздігінің    25  жылдығына  арналған  халықаралық  ғылыми-

тәжірибелік  конференцияның  мақалалар  жинағы  -  Астана:  Л.Н.  Гумилев 

атындағы ЕҰУ, 2016 . –  25-28 б. (біріккен авторлықта) 

2 Алаш қайраткері Айдархан Тұрлыбаев (ғұмырының негізгі кезеңдері). 

Қазақ тарихы, – Алматы, 2017. –  № 2 (149) – 2-3 б. 

3

  Айдархан  Турлыбаев  –  политический  лидер  алашского  движения. 



Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» – 2017. –  №1 (09). (біріккен 

авторлықта). 

4 Baidaly R. Zh., Kabuldinov Z.E., Aitmuhambetov A.A., Nauryzbaeva E.K. 

Civil and Legal Activities of the Lawyer А. Turlybayev in Siberia at the beginning 

of the 20

th

 century. Published in the Russian Federation Co-published in the Slovak 



Republic Bylye Gody  –2017. – Vol. 44, 597-607 p.  

5 Батыс-Сібірдегі саяси қуғын-сүргін және А.Тұрлыбаев. 1920-1950 жж. 

Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа 

есімдер  мен  фактілер.  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 

материалдарының жинағы – Астана: «Еnter Group»,  2017. – 92-98 б. 

6  Айдархан  Тұрлыбайұлы  (1877-1937)  Өмірі  мен  қызметіне  қатысты 

деректер. Қазақ тарихы. – Алматы, 2017. – № 7(154),  2-3 б. 

7  Казахское  представительство  в  Сибревкоме.  Айдархан  Турлыбаев  –

полномочный  представитель.  Наука  нового  времени:  сохраняя  прошлое  –

создаем  будущее.  Международная  научно-практическая  конференция.  – 

Санкт-Петербург: «КультИнформПрес»,  2017. – С. 64-66. 

Диссертацияның 

құрылымы. 

Зерттеу 


жұмысы 

кіріспеден, 

тақырыптың мазмұнын ашатын үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған 

әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. 



 

 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет