Анықтамалық ақпарат: елеулі жұмыс атқарылды



Дата10.04.2018
өлшемі304.68 Kb.
түріАнықтамалық


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

арасындағы «Қазақстанның салалық бәсекеге

қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік

саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды

іске асыруда қолдау» жобасын

іске асыру туралы келісімге қосымша

Техникалық ұсыныс

ҚЫСҚАША ШОЛУ

Анықтамалық ақпарат: елеулі жұмыс атқарылды

Соңғы он жылда Қазақстанда елдің экономикалық өрлеуін қамтамасыз еткен елеулі реформалар жүргізілді, алайда, Қазақстанның экономикасы бұрынғыша табиғат ресурстарына тәуелді және тиісінше сыртқы экономикалық күйзелістерге бейім. Ел үкіметі қосылған құны жоғары өнімді өндіретін, ғылымды қажет ететін салаларды құру мақсатында экономиканы әртараптандыруға дайындығын білдірді.

Іскерлік ахуалды, сондай-ақ инвестициялық және сауда перспективаларын жақсарту үшін маңызды реформаларды жүргізу қажеттігі сақталады. ЭЫДҰ Орталық Азия елдері бойынша бастама шеңберінде
(ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағдарламасына кіреді) соңғы төрт жыл бойы осы реформаларды қолдау үшін «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» жобасын (бұдан әрі – СБҚАС) жүргізуде.

Жобаның мақсаты экономиканың басым салаларын айқындау және жобаны іске асыру барысында анықталған жекелеген саяси кедергілерден өту есебінен салалық бәсекеге қабілеттілікті арттыру болды.


СБҚАС-тың жаңа жобасы – іске асыруда қолдау («Жоба»)
Жаңа СБҚАС (2014-2015 жылдар) үш негізгі бағыт: АТ, АӨК, сондай-ақ инвестициялық саясатты және капитал салуды тарту бойынша нысаналы саяси бастамаларды іске асыруда қолдау көрсетеді. ЭЫДҰ тәжірибесі тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін реформистік бастаулардың негізгі екі қағидатқа негізделуінің аса маңызды екенін көрсетеді:


  • 1-қағидат: салалық реформаларды жүргізу;

  • 2-қағидат: инвестициялық әлеуетті арттыру.

Жоба шеңберіндегі жұмыс осы екі қағидат есебімен жүргізілетін болады. Мақсаттардың, күтілетін нәтижелер мен іс-қимылдардың анағұрлым толық сипаттамасы төменде ұсынылған:

- СБҚАС жобасы бар мемлекеттік құрылымдар тартылып және осы уақыт аралығында құрылған қатынастар пайдаланыла отырып, алдыңғы жобаның барысында жүргізілген талдаулардың қорытындысына негізделеді.

Жобаны іске асыруды айқындайтын бастапқы ережелер:


  • Қазақстандағы негізгі мүдделі тараптармен, оның ішінде жеке сектормен тығыз қарым-қатынастар;

  • Қолданылып жатқан шаралардың қайталануын болдырмас үшін үкімет, жеке сектор немесе халықаралық ұйымдар жүзеге асырып отырған басқа бастамалармен келісушілік;

  • ЭЫДҰ-ның Инвестициялық комитетінің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жалпы ұсынымдарымен келісушілік.

Елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін пилоттық бағдарламалар мен әлеуетті арттыруға негізделген практикалық тәсіл қабылданатын болады.



Жоба сипаттамасы:


Жалпы ұзақтығы

24 ай

Жалпы құны

1 500 000 евро

Жоба мақсаттары

Жалпы мақсат: Экономикалық реформаларды жүргізуге жәрдем көрсету есебінен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Нақты мақсаттар:

Қажет болған жағдайда ЭЫДҰ-ға қатысушы мемлекеттердің тәжірибесін және халықаралық салыстырмалы зерттеулердің деректерін тарта отырып, бағдарламаларды іске асырудың ойдағыдай тәжірибесі туралы ақпаратты ұсыну;

Адами капитал мен қаржыландыруға қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінетін салалық саясы реформалар бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Экономика салаларының өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып және ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің ұсынымдарына сәйкес инвестициялық саясатты реформалау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Атап айтқанда, жүйелі түрде әдістемелер мен құралдарды беру есебінен салалық және инвестициялық реформаларды әзірлеу және іске асыру үшін қазақ үкіметінің әлеуетін дамыту.



Күтілетін нәтижелер

Жергілікті жеке секторды одан әрі дамытуға ықпал ететін салалық саяси реформалар өткізу есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттыру;

Шетелдік инвестицияларды тартуды оңтайландыру есебінен олардың көлемін арттыру және әртараптандыру;

Әдістемелер мен құралдарды беру, қызметкерлердің дайындығын жақсарту, мемлекет пен жеке сектор арасындағы диалогты күшейту арқылы үкіметтің әлеуетін арттыру.


Негізгі шаралар

Барлық іс-әрекеттер бірінші жоба (бұл жерде және бұдан әрі 2009-2013 жылдардағы "Тікелей шетелдік инвестициялар үшін қазақстандық ресурстарды әртараптандыру және секторалдық инвестицияларды дамыту бойынша бағдарламаларды жетілдіру" жобасы туралы айтылады) барысында жүргізілген, алынған және құрылған талдау, тәжірибе мен нұсқауларға негізделетін болады.
1-қағидат: Салалық реформаларды жүргізуде жәрдемдесу

Ақпараттық технологиялар

1-шара: АТ мамандарының білімі мен кәсіби дайындығын дамытуды қолдау

2-шара: Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізу есебінен АТ секторында адами капитал мен кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау.

3-шара: Қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеу

Агроөнеркәсіптік кешен

1-шара: Ауыл шарушылығы министрлігіне АӨК кәсіпорындары үшін кредит кепілдіктерінің жүйесін енгізуде жәрдемдесу

2-шара: АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетілімділігін жеңілдету бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау және саясаттың басқа салаларында АӨК үшін әзірленген ұсынымдарды іске асыруда жәрдемдесу

3-шара: Қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеу

2-қағидат: Инвестицияларлы тартуға бағытталған реформаларды жүргізуде жәрдемдесу

1-шара: Агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін қолдану

2-шара: Инвестициялар тарту жөніндегі агенттік қызметінің салалық мамандануын қамтамасыз етуде жәрдемдесу

3-шара: Инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық шараларды, әсіресе ұйымдастыру мен басшылыққа қатысты бөлігінде бағалау

4-шара: Қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеу



Мазмұны

1.5 1-қағидат: АӨК - салалық реформаларды жүргізуде жәрдемдесу 13

2. МЕРЗІМІ 18

3. БЮДЖЕТ 19

4. ҚОСЫМША 21



4. Қосымша 19

1. ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Жобаның мәнмәтіні мен мақсаты

Соңғы он жылда Қазақстанда Беларусь, Қазақстан және Ресей арасында Кеден одағына енуді қоса алғанда, елдің экономикалық өрлеуін қамтамасыз еткен елеулі реформалар жүргізілді. Кейбір процестер орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға кейіннен көшуді белгіледі (мысалы, көрсетілетін қаржы қызметтерінің нарықтық секторын құру, энергетикалық саланы жекешелендіру, мемлекеттік қызметті реформалау және Ұлттық мұнай тұрақтандыру қорын құру). Алайда, Қазақстанның экономикасы бұрынғыша табиғи ресурстарына байланысты және тиісінше сыртқы экономикалық күйзелістерге бейім болады. Экономиканың елеулі өсуіне және тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің ұлғаюына қарамастан, ел алдында әлі де экономиканы әртараптандыру, мұнай емес экспорттың бәсекеге қабілеттілігі және табыс деңгейіндегі айырмашылықтар сияқты бірқатар проблемалар тұр.


Іскерлік ахуалды, сондай-ақ инвестициялық және сауда перспективаларын жақсарту үшін реформаларды жүргізу қажеттілігі сақталады. Қазақстанға оның іскерлік ахуалды реформалау бойынша бастамаларында көмектесу және инвестициялар мен сауда үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруда жәрдем көрсету мақсатында ЭЫДҰ Орталық Азия елдері бойынша бастама шеңберінде (ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағдарламасына кіреді) соңғы төрт жыл ішінде «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» жобасын жүргізуде.

СБҚАС жобасының мақсаты Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру мақсатында бірінші жобада ұсынылған реформаларды тұрақты өткізуді қамтамасыз ету және мемлекеттік процестерге өзгерістердіәзірлеу және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қосу болып табылады.


ЭЫДҰ әдістемесі мен тәжірибесін, сондай-ақ бірінші жобаны іске асыру барысында, сонымен қатар ЭЫДҰ қатысушы елдердің ауқымды тәжірибесінен алынған мәліметтерді беру үкіметке қажетті реформаларды өткізуге мүмкіндік береді. Жоба екі қағидатқа негізделетін болады:
1-қағидат: Салалық реформаларды жүргізуде жәрдемдесу

АТ дамытуға бағытталған реформаларды жүргізуге қатысатын министрліктер:



  • АТ саласында дағдыларды дамыту мақсатында АТ мамандарына білім беру және дайындау жүйесін әзірлеуге айрықша назармен Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасы үшін алдын ала жағдайларды бағалау;

  • Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасыніске асыруды қолдау

  • АТ саласында адами капитал мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

  • Іске асыру нәтижелеріне және қол жеткізілген жетістіктерге баға беру;

  • АТ саласын дамыту жөніндегі саясатты әзірлеу және іске асырудағы мүмкіндіктерді кеңейту.

Ауыл шаруашылығы министрлігі:

  • АӨК кәсіпорындары үшін кредит кепілдіктері жүйесін енгізе алады;

  • АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетілімділігін жеңілдету және жалпы АӨК-ны дамыту үшін неғұрлым сауатты саяси шараларды әзірлей және қабылдай алады;

  • Технологияларды берудің және әлеуетті арттырудың арқасында қол жеткізілген және алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерге сүйеніп, болашақ бастамаларды қалыптастыра алады.


2-қағидат: Инвестицияларлы тартуға бағытталған реформаларды жүргізуде жәрдемдесу
Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік:

  • Агроөнеркәсіптік кешенге қатысты инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін қолдана алады;

  • Инвестицияларды тарту жөніндегі қызметтің салалық мамандануын күшейту үшін өзінің ұйымын оңтайландыра алады;

  • Технологияларды берудің және әлеуетті арттырудың арқасында қол жеткізілген және алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерге сүйеніп, болашақ бастамаларды қалыптастыра алады.

Үкімет:


  • Оңтайлы саяси шараларға және тиімділігін арттыру және салалық мамандануды күшейту мақсатында инвестицияларды тарту жөніндегі қызметті басқаруға басқа жақтан қарай алады;

  • Технологияларды берудің және әлеуетті арттырудың арқасында қол жеткізілген және алынған мүмкіндіктер мен нәтижелерге сүйеніп, болашақ бастамаларды қалыптастыра алады.

Жоба үлгілік талдау жұмыс шеңберінен шығады және:



  • Тиісті ведомстволарға бірінші жобада ұсынылған, атап айтқанда ЭЫДҰ-ның Инвестициялық комитетінің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсынымдарына сәйкес саяси реформаларды жүргізуде жәрдемдеседі;

  • Үкіметті белгілі талдаулар, ситуациялық зерттеулер мен болжалды көрсеткіштер бойынша ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оған әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді;

  • Қол жеткізген нәтижелерге баға береді және іске асыруда жәрдемдесу жоспарын ұсынады;

  • Саяси тәжірибені белгілі мекемелерге беруде жәрдемдеседі.


1.2 Табысқа жетудің негізгі факторлары

СБҚАС жобасын табысты іске асырудың негізгі факторларына:



  • Пилоттық жобалардың нәтижелерін пайдалану және оларды әділ бағалау;

  • Реформалауға ықпал ететін өмірге бейімді және тиімді институционалдық құрылымдарды қалыптастыру жатады.


Пилоттық жобалардың нәтижелерін пайдалану

ЭЫДҰ әдістемесі халықаралық тәжірибені зерттеумен қатар пилоттық жобалардың нәтижелерін пайдалануды және олардың Қазақстандағы нақты жағдайларға бейімделуін көздейді. Пилоттық жобалар Қазақстан үкіметінің тарапынан елеулі уақыт және еңбек шығындарын талап етеді және егжей-тегжейлі саяси және институционалдық талдауларды өткізуге, сондай-ақ ұлттық деңгейде үйлестіру процестерін іске асыруға әкеп соғады. Жобаның әр қағидаты бойынша жүзеге асырылатын нақты іс-қимылдардың толық сипаттамасы төменде берілген. Дайындық кезеңі ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қажетті талдау және институционалдық жағдайлардың болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Өмірге бейімді және тиімді институционалдық құрылымдарды қалыптастыру

Жобаның аяқталуымен жойылмайтын өмірге бейімді институттарды, тетіктерді және процестерді қалыптастыру таңдалған тәсілдің негізгі элементі болып табылады. Жоба шеңберінде құрылымдарды құру кезінде мүмкіндігінше бар ведомстволар мен бастамалар ескерілетін болады. Осылай, бірінші жобада жүргізілген жұмыстың оң нәтижелері болуы үшін басқару құрылымдары өзгеріссіз қалады. Үкімет шеңберінде үйлестіру:



  • Жоғарыда сипатталған жұмыстың үш бағытын қамтитын үш жұмыс тобының:

  • Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі жұмыс тобының;

  • АТ үшін адами капитал жөніндегі жұмыс тобының;

  • Инвестициялық саясат және капитал салуды тарту жөніндегі жұмыс тобының есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Министрліктердің өкілдері, жеке сектор, сондай-ақ арнайы сарапшылар мен Еуразия ЭЫДҰ жобалық командасы жұмыс топтарының мүшелері болып табылады.

  • Қазақстан Үкіметінің өкілдері және ЭЫДҰ Жобалық командасының жетекшілері мүшелері болып табылатын Жобаның басқару комитетінің есебінен қамтамасыз етіледі. Комитет Индустрия және жаңа технологиялар министрінің төрағалығымен жұмыс істейтін болады.

1.3 Дайындық шаралары

Дайындық шараларына ерекше мән беріледі. СБҚАС жобасы бірінші жоба барысында жүргізілген талдау мен белгіленген нұсқаулыққа негізделетін және бірнеше негізгі элементке шоғырланатын болады.

Дайындық шаралары Жобаның алғашқы алты айы ішінде қабылданады және ЭЫДҰ қажетті тобын қалыптастыруды, жергілікті консультанттарды іріктеуді, негізгі мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз етуді және оларға Жоба бойынша нақты жоспарлар туралы хабарлауды көздейді:


  • ЭЫДҰ жобасын басқару жөніндегі бөлімшені қалыптастыру. ЭЫДҰ-ның Жеке секторды дамыту жөніндегі бөлімінің қызметкерлерінен құрылған бұл құрылым іс-қимылдарды толық әзірлеу және іске асыру үшін жауап беретін болады.

  • Өңірлік және халықаралық консультанттарды іріктеу. ЭЫДҰ жобасын басқару жөніндегі бөлімше оның қадағалауымен: (і) жоба шеңберінде жүзеге асырылып жатқан іс-қимылдарды үйлестіруге көмек көрсететін; (іі) екі айқындалған қағидат негізінде шараларды қабылдау үшін қажетті деректерді жинауда жәрдемдесетін консультанттарды іріктеп алады.

  • Негізгі мүдделі тараптардың тарапынан ақпараттандыру және қолдауды қамтамасыз ету. ЭЫДҰ жобасын басқару жөніндегі бөлімше Жобаға қатысатын мекемелердің өкілдерімен кездесу үшін Қазақстанға келетін болады. Сапар оларға Жоба туралы хабарлауға, ең жоғары деңгейде саяси қолдауға келісім алуға және жоба жетістігін қамтамасыз ету үшін ведомстволардың өзара әрекеттесуіне дайын екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Осы кездесудің мақсаты басымдықтар мен күтілетін нәтижелерді келісу болып табылады.

  • Жобаны іске асыру жоспарларын айқындау. Алдыңғы жұмыстың нәтижелері және негізгі мүдделі тараптармен талқылау ЭЫДҰ-ға Жоба шеңберінде қолданылуы қажет іс-қимылдардың толық тізімін; Жобаның әдістемесін; пайдалануға жоспарланып отырған нақты институционалдық тетіктерді; сондай-ақ түрлі әріптестер мен біліп отыруға тиіс қосымша бағдарламаларды айқындауға мүмкіндік береді.

Үкімет ғимараттарына қолжетімділік. Үкімет жаңа СБҚАС жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан қазақстандық сарапшылардың, ЭЫДҰ консультанттары мен қызметкерлерінің тиісті министрліктер мен ведомстволарға кіруіне рұқсат беретін болады. Осы адамдардың есімдері Қазақстанның тиісті биліктеріне мүмкін болғанынша алдын ала хабарланатын болады.

Кеңсе үй-жайлары. Үкімет Жобаның Ақпараттық технологиялар және Инвестициялық саясат және Капитал салуды тарту шаралары бойынша жұмыс жасайтын жоба командасына кеңсе үй-жайларын, үстел, компьютер және Интернетке қолжетімділік, принтер және телефон беретін болады.

Ақпараттық техникаға, баспаға және телекоммуникациялық қызмет көрсетулерге арналған шығыстар. Үкімет жоғарыда көрсетілген команданың кеңседе болған кездегі жұмысымен байланысты осы шығыстарын өтейді. Кез келген басқа шығыстарды тараптар олар пайда болғанға және тараптардың кез келгенінен өндіріп алғанға дейін келісіп алуға тиіс.

1.4 1-қағидат: АТ - салалық реформаларды жүргізуде жәрдемдесу

Анықтамалық ақпарат

ЭЫДҰ тәжірибесі көрсеткендей, адами капитал экономиканың барлық салаларындағы, әсіресе егер олар ғаламдық қосылған құн тізбегінің бір буынына айналуды жоспарлайтын болса, негізгі проблема болып табылатынын көрсетеді. Дағдылардың болмауы бәсекеге қабілеттілікке теріс әсер етеді, операциялық шығындарды көбейтеді, шығарылатын өнімнің сапасын төмендетеді және іскерлік мүмкіндіктерді жоғалтуға әкеп соғады. Институцияландыру тетіктері және экономика, еңбек және жұмыспен қамту министрліктері арасындағы сұхбат көбінесе шектеулі сипатта болады. Бұл еңбек нарығындағы сұранысты тиімді қанағаттандыру мүмкіндігін азайтады. Сонымен бірге, мемлекет қаржыландыратын кейбір бастамалар, реформаларды қабылдау үшін қажетті саяси қолдауды шектей отырып, реформалау процесіне мүдделі тараптардың бәрін бірдей қамтымайды.

Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламалары, әсіресе ғаламданған технологиялық салаларда кадрлық әлеуетті дамытудың маңызды құралы болып табылады. Бірінші жобаның барысында АТ жөніндегі жұмыс тобы Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасының келесі әдістемеге сәйкес қазақстандық моделін талқылады.

Іскерлік байланыстарын орнату бағдарламасы ұсынатын 6 модульдік құрылым

Модульдер

Модульдердің мақсаты

Салалық ақпарат қорын жасау және жергілікті АТ компанияларды іріктеу


  • АТ саласында жұмыс істейтін жергілікті шағын және орта кәсіпорындар туралы хабардарлықты арттыру;

  • Салада сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестікті орнатуға жәрдемдесу;

  • Жетілудің ең жоғары әлеуетіне ие ШОК іріктеу;

  • Іріктелген ШОК-тың техникалық және басқару саласында осал жақтарына баға беру;

  • АТ секторынан таңдап алынатын ШОК-тың техникалық дағдыларын қалыптастыру;

  • Шетелдік және отандық компаниялар арасында терең, ұзақ мерзімді қарым- қатынастарды құру;

  • Техникалық және/немесе әлеуметтік дағдыларды, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

  • Бағдарламаның ұзақ мерзімді тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оған қызығушылықты арттыру;

  • Қолдау көрсетіліп отырған компаниялардың табысқа қол жеткізуіне көмектесу мақсатында оларды алға жылжыту;

  • Бағдарлама ресурстарын басқару және берілген мерзімдерде Бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу мақсатында қолданылып жатқан шараларды үйлестіру.

Жергілікті АТ компанияларын бағалау


Техникалық оқыту


Бизнес және басқару саласында оқыту


Шетелде тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу бағдарламалары


Алға жылжу және маркетинг


Жалпы үйлестіру



Нәтижелер

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және АТ саласында жеке секторды дамытужоба қызметінің негізгі нәтижесі болады.

Осы мақсатқа жетудің амалдары:


  • АТ саласында дағдыларды дамыту мақсатында АТ мамандарына білім беру және дайындау жүйесін әзірлеуге айрықша назармен Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасы үшін алдын ала жағдайларды бағалау;

  • Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасыніске асыруды қолдау

  • АТ саласында адами капитал мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

  • Іске асыру нәтижелеріне және қол жеткізілген жетістіктерге баға беру;

  • АТ саласын дамыту жөніндегі саясатты әзірлеу және іске асырудағы мүмкіндіктерді кеңейту.


Шаралар

1-шара: АТ мамандарының білімі мен кәсіби дайындығын дамытуды қолдау


Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасының 2, 3 және 4 модульдеріне сәйкес оның табысты іске асырылуының негізгі шарты ретінде ЭЫДҰ ККМ-ге:

  • АТ мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеуде;

  • Кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру стандарттары мен оқу жоспарларын әзірлеуде;

  • Кәсіби дайындықты бағалаудың және біліктіліктің сәйкестігін куәландырудың жүйесін құруда қолдау көрсететін болады.



2-шара: АТ секторында адами капиталды және кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі әр мемлекеттік бастаманы мемлекеттік қызметкерлердің әлеуетін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды өткізу арқылы қолдау.


ЭЫДҰ мүше елдер мен басқа өңірлердегі АТ секторында адами капиталды және кәсіпкерлік қызметті ойдағыдай дамытудың мысалдарын ұсыну

Үкімет қарайтын саяси өзгерістерді талдау.

ЭЫДҰ-ның мамандарын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік сарапшыларды тарту.
3-шара: Қол жеткізілген нәтижелерді қарап, талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.

Нәтижелерді қарап, талдау. Қол жеткізілген нәтижелер мен туындаған проблемаларға жүйелі түрде талдау жүргізілетін болады. Жоғарыда көрсетілген іс-қимылдарды жүзеге асырумен қатар фактілерді жинау жүргізіліп, тиісті таныстыру семинарларында оларды кешенді талдау жүзеге асырылатын болады.

Одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу. Одан әрі реформалау бойынша ұсынымдар жүзеге асырылған іс-қимылдар мен алынған нәтижелерді талдау негізінде әзірленетін болады.

Күтілетін қорытынды


Жұмыс тобының 6 отырысының хаттамалары: жұмыс тобының тұрақты отырыстарын ұйымдастыру жобаның негізгі қорытындыларының бірі болады. Олар қабылданатын шаралар мен жұмыс бағдарламасын талдауға, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен аймақтық қатысушыларға салалық білімі мен тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді. Отырыстардың күн тәртібі мен хаттамаларында Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасын іске асыру қорытындыларына баға берілетін болады.

1 таныстыру семинары: семинарлар шетелдік сарапшыларға аймақтық қатысушылармен ЭЫДҰ-ның АТ секторында кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы озық тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігін береді.

1 қорытынды есеп: есепте жобаның АТ секторындағы адами капиталды дамытуға қатысты негізгі қорытындылары жасалып, одан әрі іс-қимылдар бойынша ұсынымдар берілетін болады.

1.5 1-қағидат: АӨК - салалық реформаларды жүргізуде жәрдемдесу

Анықтамалық ақпарат


Бірінші жоба шеңберінде Қазақстанның АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін шектейтін негізгі факторлар анықталды. Олардың ішінде: «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ холдингінің нарықтағы басым жағдайы, банктер мен АӨК қарызгер кәсіпорындарының арасындағы ақпараттық ассиметрия, жоғары операциялық шығындар, сондай-ақ жоғары тәуекел және АӨК төмен инвестициялық тартымдылығы.

Нәтижелер


Агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілеттілікті арттыру және шағын бизнесті дамыту төменде сипатталған іс-қимылдардың негізгі нәтижесі болады. Аталған мақсатқа жетудің тәсілдері:

АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдету үшін кредит кепілдіктерінің пилоттық жүйесін енгізу және оны бағалау;

АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдету бойынша сауатты саяси шараларды, сондай-ақ инфрақұрылымды, білімді тарату бағдарламаларын және ауылдық кооперативтерді қоса алғанда жалпы АӨК-ны дамытуға бағытталған басқа да саяси шараларды әзірлеп, қабылдау;

Іске асыру нәтижелері мен қол жеткізілген жетістіктерді әділ бағалау;

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған саяси шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін әлеуетті арттыру;

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жеке сектор арасындағы саяси сұхбатты күшейту.


Шаралар

1-шара: Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК кәсіпорындары үшін кредит кепілдіктерінің жүйесін енгізуде жәрдемдесу


  • Министрлікке АӨК кәсіпорындары үшін кредит кепілдіктерінің жүйесін түпкілікті әзірлеу мен енгізуде жәрдемдесу. ЭЫДҰ-ның жобаны басқару жөніндегі бөлімшесі әдістеме мен халықаралық бағдарлы көрсеткіштер бойынша ақпаратты ұсынып, әлеуетті арттыруға көмектесіп және нақты іс-қимылдар жоспарларын ұсынып, жүйені енгізуге жәрдемдесетін болады.

  • Іске асыру стратегиясын талқылау. ЭЫДҰ іске асыру стратегиясын қарайды, қажет болған жағдайда өз түзетулерін ұсынады.

  • Кредит кепілдіктері жүйесін (бұдан әрі – НКЖ) енгізу процесі мен алғашқы жұмыс нәтижелерін бағалау. ЭЫДҰ НКЖ-ны іске асыру аспектілеріне, Қазақстан ұсынған материалдар мен ақпаратқа сүйене отырып оның қалай енгізілгенін бағалайды және өз түзетулерін ұсынады.

2-шара: АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдету бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау және АӨК үшін саясаттың басқа салаларында әзірленген ұсынымдарды іске асыруда жәрдемдесу


ЭЫДҰ-ға қатысушы елдерде және оның құрамына кірмейтін мемлекеттерде қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдету бойынша табысты тәжірибенің мысалдарын ұсыну;

Бірінші жоба кезінде (инфрақұрылым, ауылдық кооперативтер, білімді тарату бағдарламалары) қаралған АӨК саласындағы ЭЫДҰ-ға қатысушы елдерде және оның құрамына кірмейтін мемлекеттерде табысты саяси шаралардың мысалдарын ұсыну;

Үкімет қарайтын саяси өзгерістерді қаржыландыруға және екінші фаза барысында қозғалатын қолжетімділікті жеңілдету бойынша іс-қимылдар жоспарлары мен басқа да саясат бағыттарын талдау;

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жауапты тұлғаға Жұмыс тобын басқаруға және қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кері байланысты қолдау мен бірінші жоба қорытындысы бойынша мониторингтеу және келісілген іс-қимылдар жоспарын орындау бойынша түсіндірмелерді ұсыну арқылы іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыруда жәрдемдесу;

ЭЫДҰ-ның мамандарын, сондай-ақ халықаралық немесе аймақтық сарапшыларды әлеуетті арттыру жөніндегі нақты ситуациялық зерттеулер мен іс-шараларға қатысуға тарту, олар қажетті шараларды, әсіресе НКЖ-ға қатысты шараларды талдауға және қабылдауға жәрдемдеседі.

3-шара: Қол жеткізілген нәтижелерді қарап, талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.


Нәтижелерді қарау және талдау. Қол жеткізілген нәтижелер мен туындаған проблемаларға жүйелі түрде талдау жүргізілетін болады. Соңғы алты ай ішінде жоғарыда көрсетілген үш іс-қимылға қатысты фактілерді жинау және оларға кешенді талдау жүргізілетін болады.

Одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу. Одан әрі реформалау бойынша ұсынымдар жүзеге асырылған іс-қимылдар мен алынған нәтижелерді талдаудың негізінде әзірленетін болады.


Күтілетін қорытынды


Жұмыс тобының 6 отырысының хаттамалары: жұмыс тобының тұрақты отырыстарын ұйымдастыру жобаның негізгі қорытындыларының бірі болады. Олар қабылданатын іс-шаралар мен жұмыс бағдарламасын талдауға, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен аймақтық қатысушыларға салалық білімі мен тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді. Отырыстардың күн тәртібі мен хаттамаларында АӨК кәсіпорындары үшін НКЖ енгізудегі жетістіктерге баға берілетін болады.

2 таныстыру семинары: семинарлар шетелдік сарапшыларға аймақтық қатысушылармен АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдету саласындағы озық тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігін береді.

1 қорытынды есеп: есепте жобаның АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдетуге қатысты негізгі қорытындылары жасалды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар бойынша ұсынымдар берілді.

1.6. 2-қағидат: Инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды жүргізуде жәрдемдесу.
Анықтамалық ақпарат

90-жылдардың басынан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың құйылуы тұрақты өсіп келеді, соңғы он жылда елде бұрын- соңды болмаған ТШИ өсу қарқыны белгіленді. ТШИ көп бөлігі мұнай өндіру саласына, оның ішінде экономиканың осы саласын қамтитын түрлі қызмет түрлері - көлік, қызмет түрлері, инфрақұрылым және машина жасауға бағытталады.

Бұдан басқа, Қазақстан Беларусь, Ресеймен қатар Кеден одағын құрушылардың бірі болып табылады. Кеден одағының талаптарын сақтау мақсатында заңнамаға көптеген өзгертулер енгізілді, оның ішінде тарифтік мөлшерлемелердің жаңа жүйесі қабылданды.
Осының бәрі тиімді инвестицияларды тартуды қажет етеді. ЭЫДҰ-ға қатысушы елдер үкіметтерінің инвестицияларды тартуға бағытталған және нақты салаларға инвестициялардың құйылуын көбейту, шетелдік инвесторлардың жауапкершілігі мен құқықтарын қамтамасыз ету сияқты түрлі мақсаттарды көздейтін реформаларды жүргізуде бай тәжірибесі бар. ЭЫДҰ Қазақстанның инвестициялық саясатына шолу жүргізіп, 2012 жылдың 15 наурызында аттас баяндаманы жариялады. Бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі, Еуропалық одақ және ЭЫДҰ арасындағы инвестициялық саясат тақырыбындағы сұхбатты тереңдете түсуге мүмкіндік берді.

Бірінші жоба шеңберінде «Казнекс Инвест» инвестицияларды тарту бойынша қазақстандық агенттік қазіргі заманғы бөлшек сауда операторларының инвестицияларды тарту жоспарын іске асырды. «Казнекс Инвест» АҚ қызметкерлері үнемі есеп беріп отыратын, Инвестициялық саясат және капитал салуды тарту бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді.


Нәтижелер
Осы қағидат бойынша қызметтің негізгі нәтижелері:


  • Инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін агроөнеркәсіптік кешенге қолдану және ЭЫДҰ-ның Инвестициялық комитетінің жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсынымдарын іске асыруға жалпы қолдау көрсету;

  • «Казнекс Инвест» АҚ ұйымдастырушылық құрылымын инвестицияларды тартудың салалық тәсіліне сәйкес оңтайландыру;

  • Ұйымдастыру және басқару тұрғысынан инвестицияларды тарту бойынша ұлттық жүйеге жан-жақты баға беру;

  • Қол жеткізілген жетістіктер мен іске асыру нәтижелерін әділ бағалау;

  • Инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды әзірлеу және іске асыру үшін әлеуетті арттыру.


Қызмет
1-шара:Инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін агроөнеркәсіптік кешенге қолдану.


  • ЭЫДҰ «Казнекс Инвест» АҚ-ға агроөнеркәсіптік кешенге салалық әдістемені қолдануға жәрдемдеседі. Бұл әдістемені беруді, халықаралық бағдарлар туралы ақпаратты ұсынуды және нақты кезең-кезеңмен іс-қимыл жоспарларын ұсынуды, сондай-ақ, ЭЫДҰ-ның Инвестициялық комитетінің іскерлік ахуал бойынша жұмысын көздейді.

2-шара: Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік қызметінің салалық мамандануын қамтамасыз етуде жәрдемдесу




  • ЭЫДҰ ең үздік агенттіктердегі инвестиция тарту жөніндегі ұйымдастыру, басқару, негізгі сипаттар мен процестер бойынша қажетті бағдарлық көрсеткіштерді ұсынады.

  • Бұдан басқа, ЭЫДҰ инвестиция тарту жөніндегі агенттік қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға және дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.

3-шара: Инвестицияларды тарту бойынша, әсіресе, ұйымдастыру мен басқаруға қатысты ауқымды ұлттық шараларды бағалау.




  • ЭЫДҰ үздік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, инвестицияларды тарту бойынша жалпы күш-жігерді бағалайды. Үкіметтің, үкіметтік мекемелер мен мемлекеттік ұйымдардың рөліне ерекше назар аударылады.

  • Инвестицияларды тартудың стратегиялық мәселелері бойынша әлеуетті арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

4-шара: Қол жеткізілген нәтижелерді қарау және талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.




  • Нәтижелерді қарау және талдау. Қол жеткізілген нәтижелер мен туындаған проблемаларға жүйелі түрде талдау жүргізілетін болады. Соңғы алты ай ішінде жоғарыда көрсетілген үш іс-қимылға қатысты фактілерді жинау жүзеге асырылатын болады және оларға кешенді талдау жүргізілетін болады.

  • Одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу. Одан әрі реформалау бойынша ұсынымдар жүзеге асырылған іс-қимылдар мен алынған нәтижелерді талдау негізінде әзірленетін болады.


Күтілетін қорытындылар.


  • Жұмыс тобының 6 отырысының хаттамалары: жұмыс тобының тұрақты отырыстарын ұйымдастыру жобаның негізгі қорытындыларының бірі болады. Олар қабылданатын шаралар мен жұмыс бағдарламасын талдауға, сондай-ақ шетелдік сарапшылар мен жергілікті қатысушылар арасында салалық білімдермен және тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді. Отырыстардың күн тәртібі мен хаттамаларында агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тартудың салалық әдістемесін қолдану жөніндегі жұмыстың барысына баға берілетін болады.

  • 1- қорытынды есеп беру: есепте жобаның инвестицияларды тартуға қатысты негізгі қорытындылары шығарылады, сондай-ақ одан әрі жұмыс бойынша ұсынымдар ұсынылады.


2. МЕРЗІМІ


Жоба 24 ай ішінде жүзеге асырылатын болады. Нақты шараларды орындау мерзімдері төмендегі кестеде берілген, алайда жобаны жүзеге асыру барысында ол өзгертілуі мүмкін.


4. Қол жеткізілген нәтижелерді қарап, талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.

3. Инвестицияларды тарту бойынша, әсіресе, ұйымдастыру мен басқаруға қатысты ауқымды ұлттық шараларды бағалау

2. Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік қызметінің салалық мамандандырылуын қамтамасыз етуде жәрдемдесу

1. Агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияларды тартудың салалық әдістемесін қолдану.

2-қағидат: Инвестицияларды тартуға бағытталған реформаларды жүргізуге жәрдемдесу.

3. Қол жеткізген нәтижелерді қарап, талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.

2. АӨК кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдету бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау және АӨК үшін әзірленген басқа да ұсынымдарды іске асыруда жәрдемдесу.

1. Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК кәсіпорындары үшін кредит кепілдіктерінің жүйесін енгізуде жәрдемдесу.

Агроөнеркәсіптік кешен

2. АТ секторында адами капитал және кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бастамаларды қолдау

3. Қол жеткізілген нәтижелерді қарап, талдау, сондай-ақ одан әрі реформалау бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.

1. Ақпараттық технологиялар саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Іскерлік байланыстарды орнату бағдарламасын іске асыру

1-қағидат: салалық реформаларды іске асыруға жәрдемдесу

Ақпараттық технологиялар

Дайындық жұмыстары

Шаралар

1 ж 2 т

1 ж 3 т

1 ж 4 т

2 ж 1 т

2 ж 2 т.

2 ж 3 т

2 ж 4 т

1 ж 1 т.

2-жыл

1-жыл

3. БЮДЖЕТ


Жобада көзделген шараларды орындауға арналған жалпы бюджет 1 500 000 евроны құрайды

және мыналарды қамтиды:

ЭЫДҰ қызметкерлері мен кеңесшілерінің еңбекақысына арналған шығындар

Кездесулерді ұйымдастыруға және көлік шығыстарына арналған шығындар

Әкімшілік шығындар

Өзге де шығыстар.

4. ҚОСЫМША

Инвестициялық саясат


ЭЫДҰ Қазақстанның инвестициялық саясатына шолудың (ИСШ) түпкілікті нұсқасын дайындады.

ИСШ-да ЭЫДҰ-ның Қазақстан Үкіметінің инвестициялық саясатына көзқарасы жалпыланып, бұл ретте мынадай аспектілерге ерекше назар аударылады:

Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар

Тікелей шетелдік инвестицияларды реттеу

Қазақстанның инвестициялық саясатының негіздері

Қазақстанда жауапты бизнесті жүргізуді дамытудың саяси құралдары

Бұдан басқа, ИСШ Қазақстанның инвестициялық саясатын одан әрі оңтайландыру бойынша ұсынымдарды қамтиды.

1-блок. Қазақстанның инвестициялық саясаты бойынша жалпы ұсынымдар

Жергілікті ресурстарды қолдануға қатысты талаптардың икемділігін, орындалу мүмкіндігін, шығындылығының аздығын және тұрақты бағалануын қамтамасыз ету. Қазақстан үкіметі қолданыстағы табиғи ресурстардан алынатын экономикалық пайданы көбейтуге жиі назар аударады, ал жергілікті өндірістің үлесін арттыру саясаты елдің басымдықтарының бірі болып табылады. Саудаға қатысы бар инвестициялық шараларға тыйым салатын, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу туралы келіссөздер нәтижелері ескерусіз әзірленген талаптар кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін әкімшілік кедергілерді едәуір күшейтуі, сондай-ақ бизнесті жүргізу құнын өсіруі мүмкін. Жергілікті ресурстарды қолдануға және, бар болған жағдайда шетелдік мамандарды жұмысқа қабылдауға қатысты қағидалар икемді және ашық болуға тиіс, сондай-ақ жергілікті ұсынысты сапалы және сандық жағынан жақсартуға бағытталған тиімді саяси шаралармен толықтырылуға тиіс. Бұдан басқа, олардың тиімділігін тұрақты түрде бағалап отыру қажет.

Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын инвестициялық саясатты жүргізу саласындағы озық халықаралық тәжірибені ескеру. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғауды тоқтатпастан, саясатты инвестициялық ағындарға әсер етуі мүмкін теріс ықпалды азайтатындай етіп жүргізуге, сондай-ақ ЭЫДҰ Кеңесі 2009 жылы мамырда қабылдаған ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтитын Инвестициялық саясат жөніндегі ұсынымдарға сәйкес әділдік, үйлесімділік, ашықтық және есептілік қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.

Бәсекелестікті күшейту және қадағалау бойынша тәуелсіз салалық органды құру мақсатында телекоммуникациялар саласында реформалау бағдарламасын орындау.

Ауыл шаруашылығы және орман алқаптарына шетелдік инвесторлардың қолжетімділігін жеңілдету. Агроөнеркәсіптік кешен экономиканы әртараптандыру тұрғысынан басым сала болып табылады, алайда аталған қызмет саласы Ресей Федерациясы, Украина немесе орташа ЭЫДҰ бойынша қарағанда, Қазақстанда осы кезге дейін шетелдік инвестициялар үшін көптеген заңнамалық шектеулерді көздейді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі ірі қазақстандық банктердегі қатысу үлесін мүмкіндігінше сату және шетелдік банктерге тиісті сауда-саттықтарға қатысуға мүмкіндік беру.

Инвестициялық ынталандырулардың, соның ішінде айрықша экономикалық аймақтардағы ынталандырулардың ашықтығы мен экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Қазақстан билігі инвестицияларды ынталандырудың қазіргі бар жүйелерін ЭЫДҰ-дің шетелдік инвестициялар және халықаралық кәсіпорындар туралы Декларациясының бір бөлігі болып табылатын және ынталандыруларды олардың ауқымы мен мақсаттарын айқындауға байланысты қиындықтар туғызбайтындай етіп барынша ашық етіп жасауды ұсынатын ЭЫДҰ ынталандырулар мен қарсы ынталандырулар туралы құжат тұрғысынан қайта қарау мүмкіндігін қарастырар еді. ЭЫДҰ тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыру саясаты жөніндегі жаднамасында ынталандырудың қазіргі жүйесінің шығынды жақтары мен пайдасына мұқият талдау жүргізу жөнінде нұсқама беріледі.

Ақпарат көзі: Қазақстанның инвестициялық саясатын шолу, 2012 жыл



2011 жылғы желтоқсанда ЭЫДҰ Инвестиция комитеті ИСШ-мен танысты, соның нәтижесінде ЭЫДҰ әзірлеген ұсынымдар Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау тапты және проблемалары көпсалалардағы өзгерістерді жоспарлауға себепші болды.

ИСШ-ның ресми тұсаукесері 2012 жылғы наурызда Астана қаласында болып өтті. Бұл іс-шара баспасөз конференциясымен жалғасып, жоба туралы ақпаратты саясаткерлердің, инвесторлар мен кең жұртшылықтың назарына жеткізуге мүмкіндік берді.

Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет