Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Қанды және оның компоненттерін тапсырғанда (донация) жанама



бет4/4
Дата09.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4

Қанды және оның компоненттерін тапсырғанда (донация) жанама
реакциялар пайда болған кезде донорға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

 

1. Естен тану. Талып қалу - мидың өтпелі ишемиясы әсерінен кенеттен естен тану.



Донордың «отырып» ақырын құлауымен, тері қабатының қуаң тартуымен, тамыр соғуы баяу немесе анықталмайды, қан қысымының күрт төмендеуімен және алқына демалумен сипатталады. Айналасына қалыпты реакциясының жоқтығы (күрт есеңгіреу, ұйқышылдық, дыбысқа және жарыққа, сәулелерге реакциясы жоқ).

Медициналық көмек көрсетудің әдістері:

1) донордың аяқтарын ақырын көтеріп шалқасынан жатқызу (бірақ басын төмен қарай емес);

2) мойны мен кеудесін киімнен босатып, бетіне суық су себу;

3) артериялық қан қысымын өлшеу және тамыр соғуын есептеу;

4) өткір иісті сұйықтықтарды иіскету;

5) жоғарыда аталған әрекеттер әсер етпеген жағдайда және систоликалық қан қысымы (бұдан әрі - АҚҚ) 100 мм. сын. бағ. дейін төмендегенде тері астында 1,0 мл натрийдің бензоат кофеинін немесе 0,5 мл метазонды немесе 1,0 мл кордиаминді енгізу;

6) систоликалық қан қысымы 80 мм. сын. бағ. дейін төмендеген жағдайда көктамырды тауып, 09% 200-500 мл натрий хлориді ерітіндісін ағызып құю;

7) тахикардия дамығанда немесе жүрек соғуы бұзылғанда жедел жәрдемді шақыру.

2. Гипертензиялық криз - кенеттен қан қысымының көтерілуімен, өмірлік маңызы бар мүшелердің функциясының бұзылуымен немесе олардың даму қауіп-қатерімен, сондай-ақ нейровегетациялық бұзылу белгілерімен сипатталатын клиникалық синдром.

Белгілері: кенеттен басталуы, қалтырау, қызу; құлақтағы шу, қорқыныш сезімі, тітіркену, гиперемия және тері қабатының сулануы, шөлдеу, бас ауыру, жүрек айну, көзі бұлдырау немесе көз алдының тұмандануы, тахикардия.

Медициналық жәрдем көрсетудің әдістері:

1) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру;

2) донорды басын көтеріп жатқызу;

3) жүрек соғуының санын (бұдан әрі - ЖСС) және АҚҚ әрбір 15 минут сайын бақылау.

4) пероралдық гипотензиялық дәрілік заттарды: 10 мг нифедипин - 1 таблетка немесе тіл астына нитроглицерин 1 таблеткасын беру немесе 25% магнезия сульфатының 5-10 мл көктамыр ішіне енгізу.

3. Жүректің ишемиялық ауруы, ауыр стенокардия - кеуденің қысылуы мен қысып ауруы, төстің артына берілетін және сол қолға, мойынға, астыңғы жаққа, эпигастрийге таралатын аурысыну сезімінің клиникалық синдромы. Күйзеліс немесе артериялық қысымының көтерілуі салдарынан болуы мүмкін.

Медициналық көмек көрсетудің әдістері:

1) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру;

2) донорды ыңғайлы жатқызу, қажет болған жағдайда - жылыту;

3) тіл астына нитроглицерин салу;

4) бұлшық етке анальгин (кетонал, баралгин) енгізу немесе ауырсынуды басатын дәрілерді немесе таблеткадағы аспиринді беру;

5) тері астына немесе көктамыр ішіне гепариннің 5-10 бірлігін енгізу;

6) АҚҚ мен ЖСС бақылау.

4. Анафилаксиялық шок - ағзаға құйылған аллергеннің әсерінен болатын қан айналымы, дем алысы және орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылып, кенеттен дамитын, өмірге қауіп төндіретін патологиялық үдеріс.

Тиісті белгілері: тері қабаты түсінің өзгеруі (тері гиперемиясы немесе бозару, цианоз), түрлі экзантемдер, қабақ, бет, мұрын қабатының ісінуі, суық жабыспалы тер, түшкіру, жөтелу, қышыну, жас ағу, жүрек айну, аяқтардың клонусты құрысқағы (кейде құрысқақ талмасы ұстау), қимылды мазасыздық, «өлім туралы үрей», еріксіз зәр, нәжіс, ішек желі шығуы.

Жедел жәрдем:

1) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру;

2) инені көктамырдан алмай, ағзаға аллергеннің одан әрі енуін тоқтату;

3) донорды Тренделенбург бойынша жатқызу: аяқтарының басын сәл жоғары көтеріп, басын бүйірге қарай бұру, тілі қайырылып қалудың алдын алу, тұншығуды және құсық массалардың тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау үшін астыңғы жақсүйекті көтеру;

4) таза ауанын келуін қамтамасыз ету немесе оксигенотерапия жүргізу;

5) жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін шокқа қарсы әрекеттерді жүргізу:

бұлшық етке тез арада 0,18% 0,3 - 0,5 мл (1,0 мл көп емес) эпинефрин ерітіндісін енгізу. Эпинефринді қайта құю қан қысымының бақылай отырып 5-20 минут аралықпен жүргізіледі;

көктамырға енгізу мүмкіндігі болған кезде 1 мл эпинефринді (метазон) 250-500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен араластырып, қалыпты АҚҚ (систоликалық АҚҚ 80-100 сын. бағ. төмен емес) қамтамасыз ететін жылдамдықпен жеке жүйе арқылы енгізу;

антигистаминдік препараттарды енгізу - 1,0 мл 1% дифенгидрамин ерітіндісі;

тамырішілік көлемді қалыпқа келтіру жөніндегі шараларды қабылдау: енгізілетін көлемі кемінде 1 литр 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен венаішілік инфузияны ағызып жасау. Алғашқы 10 минутта гемодинамиканы тұрақтандыру болмаған кезде шоктың ауырлығына қарай коллоид ерітіндісін (полиглюкин, стабизол) 1 литрге дейін құю. Инфузиялық терапияның көлемі мен жылдамдығы АҚҚ мен донордың жағдайына байланысты айқындалады;

аллергияға қарсы терапия ретінде: қан тамырына 90-150 мг преднизолонды ағызып енгізу керек, енгізуді АҚҚ қалпына келгенге дейін әрбір 10-15 минут сайын қайталау керек.

5. Кез келген жағдайда:

1) дем алысы бұзылған кезде жедел жәрдем келгенге дейін тыныс алу жолдарын ашуды (тазалауды) қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда «ауызға ауыз», «мұрынға ауыз» әдістерін, бетперде арқылы Амбу қапшығымен жасанды дем алдыруды жүргізу;

2) жүрек қызметі тоқтаған жағдайда жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке жанама массаж жасау немесе жасанды демалдыру шараларын жасау.

6. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті тізбесі:

1) Баллондағы медициналық оттегі (литр);

2) Атропин сульфаты (0,1% - 1,0 мл, ампулаларда);

3) Адреналин гидрохлориді (0,1% - 1,0 мл, ампулаларда);

4) Преднизолон (30 мг - 1,0 мл, ампулаларда);

5) Дофамин гидрохлориді (200 мг - 5,0 мл, ампулаларда);

6) Эуфиллин гидрохлориді (2,4% - 10,0 мл, ампулаларда);

7) Кордиамин (25% - 1,0 мл,) ампулаларда;

8) Натрий кофеин-бензоаты (25% - 1,0 мл, ампулаларда);

9) Магний сульфаты (25% - 10,0 мл, ампулаларда);

10) Изоптин (5 мг - 2,0 мл, ампулаларда);

11) Фуросемид (20 мг - 2,0 мл, ампулаларда);

12) Нитроглицерин (0,005мг, таблеткада);

13) Гепарин (25 000 МЕ - 5,0 мл., флакондарда);

14) Аспирин (0,1 мг, в таблетках);

15) Трамадол (50 мг - 1,0 мл, ампулаларда);

16) Аналгин (50% - 1,0 мл, ампулаларда);

17) Димедрол (1% - 1,0 мл, ампулаларда);

18) Супрастин (20 мг - 1,0 мл, ампулаларда);

19) Кальций глюконаты (10% - 10,0 мл, ампулаларда; 0,5 мг, таблеткада);

20) Натрий хлоридтің в/і инфузияға арналған изотоникалық ерітіндісі (0,9% - 400,0 мл, флакондарда);

21) В/і инфузияларға арналған стабизол ерітіндісі (6% -500 мл, флакондарда);

22) Нифедипин (5мг, 10мг, таблетка);

23) жүйелер, перифериялық катетерлер;

24) ауақұбыры;

25) бетпердесі бар Амбу қапшығы.

7. Цитраттық жүктемеге байланысты интоксикация мен анемияны профилактикалауға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті тізбесі:

1) кальций глюконаты;

2) темір препараттары;

3) поливитаминдік препараттар.

 

Қанды және оның компоненттерін дайындау,



қайта өңдеу, сақтау, өткізу қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан

 

 

Плаценталық қанды тапсыру (донация) мониторингінің


ПАРАҒЫ

(босандыру ұйымының персоналы толтырады)

 


Ана туралы мәліметтер:

Ананың Т.А.Ә.:

Туған күні:

Ұлты:

 

Айырбастау картасының деректері:

Жүктілік кезіндегі зерттеулер

Зерттеу күні, қорытындысы

 

Ультрадыбыстық скрининг

10-14 апта

 

20-24 апта

 

30-34 апта

 

Биохимиялық скрининг

I-үшайлық (10-14 апта)

 

II-үшайлық (16-20 напта)

 

 

Инфекцияларға зерттеу

Күні, №, зерттеу нәтижесі

АИТВ-инфекциясы 1, 2

 

Мерез

 

В вирустық гепатиті

 

С вирустық гепатиті

 

Токсоплазмоз

 

ЦМВ-инфекциясы

 

Қызамық

 

Басқасы

 

 

Плаценталық қанды тапсыру (донация) үдерісі

 


Босану күні:

 

Босану уақыты:

 

Кіндік жолына қысқышты салу уақыты:

 

Плаценталық қанды жинақтаудың ұзақтығы, минут:

 

Сусыз болған кезенінің ұзақтығы; мин./сағат:

 

Кіндік қанды жинақтау:

плацента бөлінгенге дейін

плацента бөлінгеннен кейін жүргізілді

 

Нәресте туралы мәліметтер:

 


Баланың жынысы:                 баланың салмағы, грамм:

Апгар шкаласы бойынша баланың жай-күйі:

туу сәтінде

 

туудан кейінгі 5-10 минуттан соң

 

 

Маманның Т.А.Ә. және лауазымы:

Босандыру ұйымы:

 

Қанды және оның компоненттерін дайындау,



қайта өңдеу, сақтау, өткізу қағидаларына

3-қосымша

 

 



Қан компоненттері этикеткасының үлгісі

 

____________________________________________________________________________________________________________



(өндіруші-ұйымның атауы)

Қан компонентінің атауы______________________________________________________________________________________

Қан компонентінің көлемі _______________________________________ мл

Тапсырудың (донация) тіркеу нөмірі _____________________________________________________________________________

Қан компонентінің тіркеу нөмірі _________________________________________________________________________________

Антикоагулянт атауы__________________________________________________________________________________________

Патогендерді инактивациялау үшін пайдаланылатын қоспаның атауы _________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________

Компонент АИТВ 1,2, В және С гепатиттері, мерез вирустарының бар болуына зертханалық диагностикадан өтті

Қан тобы, резус-тиістілігі (мөртабан) * ___________________________________________________________________________

Тапсыру (донация) күні** ______________________________________________________________________________________

Компонентті дайындау күні***__________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________ дейін жарамды**

Сақтау температурасы __________________________________________________________________________________________

Инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікті (лейкофильтрлеу, вирустазарту, карантиндеу, иондауыш сәулелеу) қосымша қамтамасыз етудің пайдаланған әдістері туралы ақпарат.

Назар аударыңыз! Дәрігер қанды құю алдында: қан компонентінің және реципиенттің топтық және резус тиістілігін анықтауға; үйлесімділік сынамаларын жүргізуге; биологиялық сынаманы жүргізуге міндетті.

* латынша бас әріптерімен белгіленеді (мысалы: АВ)

** араб сандарымен нүкте арқылы белгіленеді (мысалы: 25.09.2009 жыл)

 
Каталог: wp-data
wp-data -> Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы
wp-data -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 10 қарашадағы №684 Бұйрығы (2012. 02. 08. берілген өзгерістермен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
wp-data -> Қазақстан Республикасында халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2013 жылғы 16 қыркүйектегі №529 бұйрығы
wp-data -> Кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2014. 29. 09. берілген
wp-data -> Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту турал


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет