АҚмола облысының щучье бурабай курорттық зонасында туризмді дамыту мәселелері және перспективасы



жүктеу 53.52 Kb.
Дата26.06.2017
өлшемі53.52 Kb.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЩУЧЬЕ – БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ ЗОНАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
менеджмент магистрі Мауль Ю.М.
Туризм - әлемдік шаруашылықтың жоғары табысты және көбіне динамикалық дамушы саланың бірі болып табылады. Туризм саласын дамыту жағынан Ақмола облысы Қазақстанның бес жетекші аймақтар қатарына кіреді. Облыс аумағында белсенді дамып жатқан туризмнің негізгі түрлеріне емдік – сауықтыру, экологиялық, мәдени – танушылық, спорттық және іскерлік туризм жатады. Біздің аймақта туризм және сервис жүйесі жеткілікті дамымаған танымал курорттық зоналар бар. Соның ішінде ерекше рөлді «Щучье – Бурабай курорттық зона» атқарады. ЩБКЗ көп жылдар бойы Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарының дәстүрлі түрлі демалу және емделу орнына айналған. Щучье – Бурабай курорттық зона аумағында стационарлы демалу, и сауықытур, мәдени – танушылық туризм кең дамуды иеленіп отыр.

ЩБКЗ аумағында жалпы сыйымдылығы 9,0 мың орынға жуық 76 санаторлы – сауықтыру мекемелері қызмет етуде, соның ішінде: қонақ үйлер (отельдер) – 3140 орын, санаториялар (1200 орын), балалар сауықтыру орталықтары (4200 орын), туберкулезға қарсы санаториялар (460 орын).

Ақмола облысында туристік - рекреациялық ресурстарды және сирек кездесетін табиғи кешендерді сақтау және қайта қалпына келтіру бойынша нақты іш шаралар қабылданды. Мемлекет басшысының 2006 жылдың 27 шілдесінде № 3417 шыққан бұйрығына сәйкес 2007 – 2010 жылдары Щучье – Бурабай курорттық зонасын дамыту Бағдарламасының проектісін дайындау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Бағдарлама проектісі 142 іс –шара пунктісі бар 7 бөлімді жүзеге асыруды қарастырады, оның жалпы құны - 88 млрд. теңге. Бағдарлама курорттық зонаға қатысты мәселелерді тез арада шешу қажеттілігін есепке алу негізінде дайындалған. Бұл мәселелердің негізгі себептеріне келесілер жатады:


  • архитектуралық – градоқұрылыстық дамудың нақты жоспарының болмауы;

  • рекреациялық жүктемеліктің өсуі;

  • коммуналды - инженерлік коммуникацияның болмауы;

  • жүйесіз туристік инрақұрылым объектілерінің құрылуы;

  • Щучье – Бурабай курорттық зонасы көлдері суларының бақылаусыз қолдану, нәтижесінде су деңгейі төмендеуі және ластануы болып отыр;

  • ЩБКЗ экологиялық жағдайының мәселелері.

Облыс Әкімі тапсырмасына сәйкес 2007 -2010 жылдары Щучье – Бурабай курорттық зонасын дамыту Бағдарламасы проектісіне курорттық аймақтың өзекті мәселелерін шешуге қатысты бір қатар іс –шаралар енгізілді.

Бірінші кезекте, курорттық зонаның экологиялық қауіпсіздігін сақтау сұрақтарына қатысты. Барлық бастаулардан атмосфералық ауаға шығатын ластанған заттар қалдықтарының орта шамамен жылдық көлемі 22 - 23 мың тоннаны құрайды. Курорттық зонана сұйық және қатты отынмен қызмет ететін котельнің жалпы саны жеке секторды есептемегенде 51 бірлікті құрайды. Жоспарланып отырған бағдарлама электрокотелдермен жұмыс істеуді қарастырып отыр. «Степногорск ЖШС «ЖДЕТ - 7» арқылы энергоқуатылықты өсіру есебінен курорттық зона үшін энергетикалық ресурстар өседі. Бұл жетістік атмосфералық ауаның ластануын маңызды түрде төмендетуге әкеледі және өнеркәсіптік объектілер мен жеке секторлардың электрожылуға біртіндеп көшуіне мүмкіндік береді және де курорттық зонаның жергілікті пунктілерін қосымша энергожабдықтаумен қамтамасыз етеді.

Щучье – Бурабай курорттық зонаны дамытудың өзекті мәселесінің бірі көл суларын биологиялық тазарту бойынша арнайы станциялар құрылысы туралы және су балансын сақтау сұрақтары болып отыр. Осыған байланысты облыс Әкімі ұсынысы бойынша бағдарлама проектісіне су желісінің екінші жолын Чаглинск және Сергеевка су қоймаларын іске қосу жоспарға енгізілді.

Туристерді және зона қонақтарын тасымалдау бойынша қызмет көрсету сапасын кеңейту және жақсарту, және де ЩБКЗ көліктік инфрақұрылымын дамыту үшін қазіргі уақытта Астана – Бурабай алтыжолды және Көкшетау – Бурабай төрт жолды автомобилдік трассаны реконструкциялау жүзеге асырылып жатыр. Шағын әуені қолдану арқылы әуелік тасымалдауды дамыту жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының Щучье – Бурабай курорттық аймағында қазіргі туристік орталықты құру туралы тапрсымасына сәйкес бағдарлама проектісіне ЩБКЗ аумағында ойын бизнесін дамытуға байланысты жеке бөлім енгізілген.

Қазіргі уақытта ЩБКЗ аумағын курорт ретінде дамыту ерекше рөлді атқарады. Соңғы жылдары ЩБКЗ курорт ретінде игеруден көре, демалу зонасы ретінде игеру бет алысы басым болып отыр. ЩБКЗ базасында туризмді сәтті дамыту үшін ең алдымен оның мемлекеттік статусын және курорт типін бағалау қажет, олар екі негізгі позиция – табиғи емдік ресурстарға және қоршаған ортаны қорғауға негізделеді. Табиғи емдік ресурстар курорт статусын анықтау үшін фундаменталды маңыздылықты иеленеді. ЩБКЗ сирек кездесетін табиғи ресурстарды иеленеді. Біріншіден, биоклимат, оған табиғат, ауа, күн радиациясы, жер бедері. Табиғаттың әсем бейнесі адам психикасына оң әсер етеді. Курорттық зона үшін жылдағы күн сәуелесі сағаттарының көп саны және күн радиациясының жоғары белсенділігі тән. Алып су кеңістігі күн суәлесін көрсетеді, осылайша адамға ультракөгілдірдің қолайлы ықпал етуін күшейтеді. Екіншіден, гидроминералды ресурстардың және Майбалық пен Балпаш Сор көлдерінің емдік сазының бар болуы. Курорттық зонаның шипалы ауа мен емдік табиғи көздері, минералды суы, фитонциді мол ауа сияқты бастауларды кешенді қолдану арқылы Австрия, Германия, Франция, Италия, Болгария, Чехия елдерінің ең атақты курорттар қатарларының бірі ретінде тануға болады. Курорт типі сапасының еуропейлік стандарты талабына сәйкес ЩБКЗ «Таулы – климаттық бальнеологиялық – сазды курорт» ретінде жіктеуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау курорттың табиғи ресурстарын сақтау және қайта толтыруда маңызды рөлді атқарады. Жылдан жылға ЩБКЗ су қоймаларының жағдайы күрт төмендеп бара жатыр. Ғасырлық кезеңде су қоймаларында су 2,2 -18,7 м төмендеді. Ол - адамның шаруашылық іс -әрекетіне байланысты аумақтың су балансының бұзылуына және климаттың ғасырлық толқуына байланысты.

ЩБКЗ аумағында сауықтыру туризмді одан әрі дамыту мақсатында жалпы мемлекетті деңгейде келесі іс –шараларды жүзеге асыру қажет:

- курорт, емдеу – сауықтыру орындары, демалу зонасы туралы түсініктерді толық мазмұндау, курорт типтерін сипаттау, қоршаған ортаны қорғаудың жалпы талаптары, табиғи емдік ресурстардың сапасын және құндылығын климатологиялық, гидрогеологиялық, курортологиялық зерттеулерді кешенді қосатын медико – биологиялық бағалауды жүзеге асыру тәртібі сияқты талаптар көрініс табатын курорт туралы заң қабылдау;

- қызмет етіп жатқан және жаңа құрылып жатқан санаторий мен сауықытур орталықтары үшін минералды сулардың жаңа қайнар көздерін іздеу бойынша жұмыстарды қоса отырып, ЩБКЗ қазіргі курортологиялық жағдайына бағалау жасау;

- ЩБКЗ су ресурстарына бағалау жасау, ол аумақтың су балансына залал тигізбей, халықтың шаруашылық – тұтыну су жабдықтары үшін суды қолдану лимитін анықтауға мүмкіндік береді;

- рекреациялық және антропогендік жүктемелік әсерінен табиғи ортаның өзгерісіне экологиялық мониторинг жүргізу мақсатында ЩБКЗ экологиялық жағдайына үнемі қызмет ететін болжамдық үлгіні МҰТП «Бурабай» үшін дайындау;

- МҰТП «Бурабай» базасында ғылыми - өндірістік орталық құру. Бұл орталықтың негізгі мақсаты келесі түрде болуы қажет:

- су қомасының қолайлы тәртібін қолдау үшін үнемі биомелиорнативтік жұмысмтар жүргізу;

- су қоймасының биологиялық әр алуандылығын қайта толтыру және сақтаудың ғылыми – негізделген и әдістерін дайындау;

- экологиялық ағартушылық пен білімді дамытуға қатысу;

- спорттық іс –шараларды ұйымдастыруға қатысу және т.б.

ЩБКЗ курорт ретінде дамуы Ақмола облысының мәдени бейнесін одан әрі ұлғайтуға мүмкінді береді, аймақ үшін маңызды экономикалық және әлеуметтік фактор болып табылады, қосымша жұмыс орындарын береді және де ең бастысы халықтың денсаулығын жақсартуға үлкен үлесін қосады.


Әдебиеттер:

  1. Программа развития туристской отрасли в Акмолинской области на 2007 -2010 годы, Кокшетау 2006г.

  2. Батырханов Ш. Руководство по развитию туристского кластера Акмолинской области. г.Кокшетау, 2005г.

  3. Дерновой А.Г. Основные направления развития восстановительной медицины в Республике Казахстан // Материалы Международного симпозиума «актуальные вопросы восстановительной медицины, реабилитации, курортологии и физиотерапии»: Вестник Медицинского центра Управление делами Президента РК. – 3 (19). 2006. – с 11-14.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет