Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының АҚмола облысы мемлекеттік архиві бекітемін Архив басшысы



Дата24.04.2018
өлшемі189.7 Kb.
Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ


Бекітемін

Архив басшысы

_______________

_______________

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ 2017 ЖЫЛҒА АЙРЫҚША МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ АТАУЛЫ КҮНДЕРДІҢ КҮНТІЗБЕСІ
Келісілді

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің

СК хаттамасымен

_______________ 2016 №____



Көкшетау қ.

2017 жыл
АЛҒЫСӨЗ
Ақмола облысы мемлекеттік архиві Ақмола облысының 2017 жылға айрықш маңызды және атаулы күндердің Күнтізбесін – аймақ тарихының барынша маңызды оқиғалар мен жайттар мерейтойларының түйіндемесі мен аңдатпасы бар тізімдемені әзірледі.

Негізгі тарихи даталардың арасында – Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан революцияларының 100-жылдығы, «Алашорда» ұлттық автономиясы жариялануының 100-жылдығы, көрнекті тұлғалардың мерейтойлары бар.

Басылым архив қызметкерлеріне, өлкетанушыларға, тарихшыларға, зерттеушілердің кең құрамына арналған, ол мақалаларды, дәрістерді және ақпараттық жұмыстың өзге түрлерін даярлау барысында пайдаланыла алады.

Күнтізбені құрастыру барысында дереккөздер ретінде Ақмолаоблысы мемлекеттік архивінің құжаттары, өлкетану әдебиеттері, энциклопедиялар, анықтамалар, құжаттардың жинағы пайдаланылды.

Басылым құрылымы келесі түрде: алғысөз, негізгі бөлім, ол екі кіші бөлімдерден тұрады – оқиғалар күні мен айлары бойынша уақыттық кезеңге сай орналастырылған, мерзімдер мен уақыттық кезеңдер тек 2017 жыл аясындға ғана белгіленген, кейбір маңызды оқиғаларға түсініктеме берілген мақала-түйіндемелер.

Күнтізбеге қысқартылған сөздердің тізімі құрастырылған.




Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі О. Полёткина 14.09.2016

2017 ЖЫЛДЫҢ АЙРЫҚША МАҢЫЗДЫ АТАУЛЫ КҮНДЕРІ
15 қаңтар жазушы Естай Мырзахметовтің туғанына 90 жыл (1927)

___________________________________

АОМА. 1445 (714) қ. 2 тіз. 98 іс. 3 п.
23 ақпан Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысы ардагері, «Сандықтау» кеңшарының механизаторы Камышев Алексей Ивановичтің туғанына 100 жыл

_____________________________________________

АОМА. 1190 қ. 34 іс.
28 ақпан 30 жыл бұрын (1987) соғыс және еңбек ардагерлерінің Көкшетау облыстық кеңесі, қазіргі соғыс және еңбек ардагелерінің Ақмола облыстық кеңесі құрылды

____________________________________________________________

АОМА құжаттары бойынша жол сілтемесі. Көкшетау, 2011, 208 б.
27 ақпан (12 наурыз) 100 жыл бұрын Петроградта ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіске жетіп, оның салдары Ақмола облысының тарихи оқиғаларын да өзгерткен болатын.

__________________________________________

АОМА. 1525 қ. 1 тіз. 2, 91-96 іс, 127 қ. 1 тіз. 124 іс. 77-78 п.
14 наурыз 40 жыл бұрын (1977) Көкшетау облыстық орыс драма театры, қазіргі Ақмола облыстық орыс драма театры құрылды

______________________________________________________________

1523 қ. Тізімдемеге алғысөз
16 наурыз Кеңес Одағының батыры, азамат соғысы кезінде Атбасар қ. ревком төрағасы Веденев Николай Денисовичтің туғынына 120 жыл (1897-1964)

_________________________________________________________

П-51 қ. 1 тіз. 113 іс. 63-64 п.

Акмолинцы – Герои Советского Союза и кавалеры ордена Славы трех степеней.

Ақмолалықтар – Кеңес Одағының Батырлары және үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері

Нұр Отан партиясының Ақмола облыстық филиалы басылымы, Көкшетау, 2015, 21-24 б.



31 наурыз 20-шы жылдар комсомолы, партиялық жұмысшы, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Боговицкий Вениамин Михайловичке 110 жыл (1907- 24.06.1981)

_____________________________________

АОМА. 1525 қ. 1 тіз. 50 іс; П-3260 қ. 5 тіз. 124 іс.
наурыз-сәуір 75 жыл бұрын Ақмола қ. 106-шы кавалериялық дивизия жасақталып, майданға аттандырылды

____________________________________________________

«Война. Победа. Память». Құжаттар жинағы. Көкшетау, 2015, 25 б.
05 сәуір 20 жыл лет назад (1997) ҚР Президентінің 31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күні ретінде жариялау жөніндегі Жарлығы шықты

____________________________________________________

«Акмолинская правда» газеті № 44, 15.08.1997 жыл.
10 сәуір дәрігер, Қазақстан Республикасы денсаулықты сақтау озаты, қоғам қайраткері Аяғанов Серік Әкпенұлының туғанына 65 жыл (1952)

_____________________________________________________________

АОМА. Жеке тек қоры. (1584 қ.)

75 жыл бұрын Ақмола қ. Еділ өзенінен Прагаға дейін ұрыс жолын өткен 29-шы (72-ші) гвардиялық атқыштар дивизиясы жасақталып, майданға аттандырылды

___________________________________________

АОМА. П-51 қ. 1 тіз. 139, 190 іс


09 мамыр 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72-жылдығы

__________________________________________________________________

ҚР Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер туралы» Жарлығы. «Акмолинская правда» газеті № 19, 21.10.1995
05 маусым Социалистік Еңбек Ері, Көкшетау ауданының «Бұлақ» кеңшарының механизаторы Жұмағалиев Сартайдың туғанына 80 жыл (1937)

__________________________________________________________

АОМА. 1527 қ. 3 тіз. Іс.

10 маусым ЭКСПО-2017 халықаралық Астана көрмесінің ашылуы

_______________________________________________________________

Дереккөз: http://god2017.com/novosti/astana-ekspo-2017-grandioznaya-vystavka
19 маусым Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысының Құрметті азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры, қоғам қайраткері Жаңғұзаров Ибрагим Дәуітұлының туғанына 80 жыл

_________________________________________________________

2 Альманах «Акмолинская область. Люди, история, память» Көкшетау, 2008, 73 б.
25 шілде 55 жыл бұрын (1962) Көкшетау қаласында Көкшетау облысы бойынша ең алғашқы жоғары оқу орны – педагогикалық институт ашылды. Тәуелсіздік жылдары оның негізінде Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университет құрылды

___________________________________________________________

1462 қ. 1 тіз. 1 іс. 1іс.
01 тамыз 75 жыл бұрын Ақмола облысы Макинск қаласына Мичуринск қаласынан эвакуацияланған Ленин атындағы піспек сақиналары келіп түсті, соғыс жылдарында ол қорғаныс маңызындағы өнімдерді шығара бастады

________________________________________________________

«Ступени роста». «Целиноградска правда» газеті, 03.10.1972

«Война. Победа. Память». Құжаттар жинағы. Көкшетау, 2015, 109 б.


05 тамыз Кеңес Одағының Екі мәрті Батыры, Целиноград ауданының Майбалық ауылының тумасы, Бигельдинов Талғат Жақыпбекұлының туғанына 95 жыл

________________________________________________

Герои Советского Союза казахстанцы. Құжаттар мен материалдардың жинағы. Каз ОГИЗ, Алматы, 1945, 61-67 б.
08 тамыз Кеңес Одағының Батыры, Атбасар автобазасының жүргізушісі Мукушев Қойшыбайдың туғанына 100 жыл

__________________________________________________

1190 қ. 1 тіз. 45 іс.

21 тамыз 80 жыл бұрын (1937) КСРО ХКК және ВКП(б) ОК «Қиыр Шығыстың шекаралық аудандарынан кәріс халқын көшіру туралы» қаулысы шықты. Қоныстандырудың орындарының бірі ретінде Қарағанды облысының аудандары да болды

_______________________________________________________

И. Куреньков «Из плена лживых наветов». Астана, 1999

Кеңес Одағының батыры, майданға Шортанды АӘК шақырылған Ұлы Отан соғысы ардагері Кайдалов Константин Петровичтің туғынына 100 жыл (1917-1996)

_______________________________________________

П-51 қ., 1 тіз. 180 іс. 33-36 п.


27 қыркүйек Кеңес Одағының батыры, ұшқыш, Зеренді селосының тумасы Должанский Николай Ивановичтің туғанына 100 жыл (1917)

_______________________________________________________________

АОМА. 1527 қ. 2 тіз. 7 іс.
20 қазан 30-шы жылдар белсендісі, еңбек ардагері Гулбану Мукушеваның туғанына 100 жыл

____________________________________________________

1525 қ. 1 тіз. 113 іс. 1527 қ. 1 тіз. 92 іс, 73-74 п.

30 қазан жазушы-драматург, публицист, Қазақстан Республикасы Сенаты депутаты Ерғалиев Жабал Ерғалиевичтің туғанына 65 жыл

__________________________________________________________

АОМА. Жек тек қоры (1602 қ.)

07 қараша (25 қазан) Кеңестік тарихқа Ұлы Қазан Социалистік революция ретінде енген Уақытша үкіметке қарсы қазан қарулы көтерілісінің 100-жылдығы. Ақмола мен Көкшетау қалаларында кеңестік билік 1917 жылғы желтоқсанның соңында орнады

_____________________________________________

Қазақ КСР тарихы. Алматы, «Наука», 4 том, 37 б.

АОМА. 1527 қ. 1 тіз. 124 іс. 80-88 п.; 258 қ. 9 тіз. 525 іс.


08 қараша Көкшетау уездік венерологиялық диспансерінің, қазіргі Ақмола облыстық тері-венерологиялық диспансердің құрылуына 85 жыл

_________________________________________________

АОМА. 1362 (57) қ. 1 тіз. 132 п.; 1445 (714) қ. 2 тіз. 45 іс. 63 п.
14 қараша 20 жыл бұрын (1997) ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының аудандары: Алексеевка – Ақкөл; Вишневский – Аршалы; Макинский – Бұланды; Краснознаменский – Егіндікөл; Державинский – Жарқайын; Балкашинский – Сандықтау ауданы болып қайта аталды. Орыс тіліндегі Ерментауский жазылымындағы транскрипция Ерейментауский район болып өзгертілі, сондай-ақ, орыс тіліндегі Кургальджинский жазылымындағы транскрипция Коргалжынский район болып өзгертілді

____________________________________________________

АОМА. 1290. 2 тіз. 108 п.
15 қараша еңбек ардагері, Ақмола облысының танымал қайраткері Мукашев Әлібай Серікұлының туғанына 80 жыл (1937)

________________________________________________________

АОМА. Жек тек қоры (1329 қ.)
12 желтоқсан Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы - КСРО жоғарғы Кеңесіне алғашқы сайлауға 80 жыл (1937). Оған Ақмола облысының тұрғындары да қатысты

________________________________________________________

П-51 қ. 1 тіз. 211іс. 31 п. 1527 қ. 1 тіз. 91 іс.
5-13 желтоқсан 100 жыл бұрын (1917) Орынборда 2-ші жалпықырғыз съезінде ұлттық автономияны жариялаған және большевиктердің билігін мойындамаған «Алашорда» үкіметі құрылды

________________________________________________________________

«Акмолинская область. Энциклопедия» Қазақ энциклопедиясы, 2009, 129-130 б;

«Қазақстан мұрағаттары» журналы. № 4 2012, 57-61 б.




КҮНІ МЕН АЙЫ БЕЛГІЛЕНБЕГЕН 2017 ЖЫЛДЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ АТАУЛЫ ДАТАЛАРЫ

Зеренді станицасы, қазіргі Зеренді ауданының орталығының құрылғанына 155 жыл (1852)

_____________________________________________

АОМА. 1527 қ. 1тіз. 124 іс. 146 п.


Алексеевка селосының, қазіргі Ақкөл аудандық орталығы Ақкөл қаласының құрылғанына 130 жыл Алексеевка (1887)

____________________________________________________

«Акмолинская область. История, события, люди». Алманахы, Көкшетау, 2007

Кеңес Одағының Батыры (1948), Ерейментау ауданындағы Ленин атындағы ұжымшардың атбегісі Мақатаев Мейманның туғанына 130 жыл (1887)

_________________________________________________

АОМА. 1190 қ. 1 тіз. 43 іс.



120 жыл бұрын (1897) Ресей империясында халықтың бірінші жалпы санағы жүргізілді. Оның қорытындысы ретінде жинақтар сериясының жарыққа шығарылуы болды. Осы жинақтардың бірінде Ақмола облысы бойынша мәліметтер болды

______________________________________________

АОМА. Ақмола облысы. Ресей империясын халқының бірінші жалпы санағы, 1897 жыл. Статистикалық жинақ.

АОМА. 258 қ. 1 тіз. 624 іс. 197 п.


Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, Астрахан ауданының шабаны Мұсайынов Шаймерденнің туғанына 120 жыл (1897-1978)

___________________________________________

АОМА. П-51қ. 1 тіз. 81 іс. 22, 23 п; 1190 қ. 1 тіз. 46 іс.
Аймақтың кеңестік кезеңдегі ірі кәсіпорындарының біріне айналған Көкшетау бұйым жасау заводына 100 жыл (1917)

________________________________________________________________

АОМА. 1445 (714) қ. 2 тіз. 98 іс. 8 п. 65 іс. 25-26 п.

Бурыкин «Ровесник Октября». «Степной маяк» газеті № 195. 30.09.1967 жыл.


Социалистік Еңбек Ері, Веденовск МТС дала бригадасының трактористі, ҚАЗ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Бережная Антонина Антоновнаның туғанына 100 жыл (1917)

_____________________________________________________________

АОМА. 1527 қ. 1 тіз. 11 іс.
Социалистік Еңбек Ері, Қорғалжын ауданының қой өсірудің еңбегі сіңген шебері Төлеубаев Дәуленнің туғанына 90 жыл (1927)

________________________________________________

АОМА. П-51қ. 1 тіз. 81 іс. 87 п.


85 жыл бұрын (1932) Көкшетау ауданының Алексеевка селосында аудандық психиатриялық аурухана ашылды

______________________________________________________

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің құжаттары бойынша жол сілтемесі, Көкшетау, 2011, 156 б.
Социалистік Еңбек Ері, партияның Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Ақмола облыстық әкімшілігінің басшысы Браун Андрей Георгиевичтің туғанына 80 жыл (1937)

______________________________________________

Акмолинская область. Энциклопедия. «Казақ энциклопедиясы» баспасы, Алматы, 2009, 198 б.
16 наурыз Кеңес Одағының Батыры, азамат соғысы жылдарында Атбасар ревкомының төрағасы Веденеев Николай Денисовичтің туғанына 120 жыл (1897-1964)
Веденеев Николай Денисович Орынбор губерниясының Троицк уездінің Верхняя Самарка селосында дүниеге келді. 10 жасынан шахталарда кен орындарында - арбашы, айдаушы, кен қазушы болып жұмыс істеді.

1915 жылы әскер қатарына алынды. Полктік мектепті тәмәмдағаннан соң, 1916 жылы унтер-офицер шенінде бірінші дүниежүзілік соғыс майданына ерікті түрде атанып кетті.

1917 жылы ВКП (б) қатарына алынды. Азамат соғысына қатысушы. 1918 жылдың наурыз айынан бастап, 1-ші Орынбор казак полкінің қызылгвардиялық коммунистік дружинаның атты әскер жасағы құрамында пулеметші, пулемет взводының командирі, С. Разин атындағы полк комиссары болады. Колчак әскерімен ұрысып, Орал, Көкшетау, Атбасар қалаларын азат етеді. Атбасарды азат еткеннен кейін ревком төрағасы болып тағайындалады.

1928 жылы Фрунзе атындаға ЖШҚА әскери Академиясын аяқтап, Қызыл Армияның командалық лауазымында қызмет етеді. 1938 жылдан бастап, Мәскеуде, 1940 жылдан бастап танк күштерінің генерал-майоры.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 8-ші гвардиялық танкі корпусы командирінің орынбасары шенінде «Багратион» операциясына қатысып, 3-ші танкілік корпус командирі шенінде Польшаны азат ету барысында көзге түсті, Одер өзенінде маңызды плацдармды алу кезінде ұрыс операциясын ойдағыдай жүргізеді, генерал Веденеевтің танкілері Берлинге шабуылдап кірді.

1945 жылдың 6 сәуіріндегі Жарлықпен басшылықтың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін әскери қызметті жалғастырып, 1951 жылдан бастап танкі күштерінің генерал-лейтенанты Н. Веденеев оставкада. 1964 жылдың 16 қарашасында дүниеден озады, Мәскеуде жерленген.

____________________________________________

П-51 қ. 1 тіз. 113 іс. 63-64 п.

Акмолинцы – Герои Советского Союза и кавалеры ордена Славы трех степеней. Нұр Отан партиясының Ақмола облысы филиалы, Көкшетау, 2015, 21-24 б.


10 сәуір дәрігер, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау озаты, қоғам қайраткері Аяғанов Серік Әкпенұлының туғанына 65 жыл (1952)
Серік Әкпенұлы Аяғанов Ақмола облысының ең танымал тұлғаларының бірі. Ұзақ жылдар бойына Ақмола облыстык ауруханасының бас дәрігері ретінде қызмет етуде. Бірінші басшы ретінде Қазақстанның солтүстік аймағы медицинасының дамуына зор үлес қосты. Ол қызмет еткен уақыт аралығында консультативтік-диагностикалық емхана пайдалануға беріліп, көз микрохирургия Орталығы ашылып, облыстық аурухананың материалды-техникалық базасы нығайды. Ақмола облысы мәслихаты екі шақырылымының депутаты ретінде (1999-2005) ол аймақтың бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешті.

Серік Әкпенұлы 1952 жылдың 10 сәуірінде Ақмола облысы Степняк қ. дүниеге келді. Ол қарапайым отбасыда өсті, оның әкесі Аяғанов Әкпен Ұлы Отан соғысына ардагері болды, жол шебері қызметінде еңбек етті, шешесі үй шаруасындағы адам болды. Ол 1969 жылы мектеп тәмәмдап, 1975 жылы Қарағанды медициналық институтты бітірді.

1987 жылы Серік Әкпенұлы бас хирург болады. 1999 жылы «Бұрын ота жасалғандарға лапороскоиялық кірісіп, араласудың техникалықжәне әдіснамалық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғаса, кейінірек «Кіші инвазиялық технологиялардың қолданысы арқылы асцитикалық синдромның диагностикасы және оның кешенді хирургиялық емдеуі» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғайды. Ғалым ретінде отыздан астам жарияланым авторы, медицина ғылымының докторы.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының бастамасымен Серік Әкпенұлы ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде сайланды (2005-2011жж.). Еліміздің тарихында алғашқы ҚР халық денсаулығы мен денсаулық сақтау желілері туралы Кодексін қабылдау бойынша жұмыс тобының жетекшісі ретінде қызмет атқарды.

Отан алдында ерекше еңбегі үшін Аяғанов Серік Әкпенұлы бірқатар мемлекеттік наградаларға ие болды: Құрмет Ордені (2002), Парасат Ордені (2009), «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Респубикасы Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдары, «ҚР денсаулық сақтау озаты» (2002), «Кәсіподақ қозғалысының озаты» (2002) төсбелгілері.
АОМА. 1584 қ. 1 тіз.1іс. 1 п. 2 іс. 4 п. 14 іс. 1 п. 15 іс. 2 п. 16 іс. 1 п.

15 қараша еңбек ардагері, Ақмола облысының танымал қоғам

қайраткері Мұқашев Әлібай Серікұлының туғанына 80 жыл (1937)
Мұқашев Әлібай Серікұлы Қарағанды облысы Нұра (қазіргі Осакаровка) ауданының Морозовка селосына дүниеге келді. Еңбек жолын 1956 жылы Пионерлер үйінің меңгерушісі ретінде бастады. 1956 жылы Қарағанды қ. № 4 техникалық училищесінің барлау бұрғылаудың бұрғылау шеберлері бөліміне оқуға түсіп, оны 1958 жылы үздік көрсеткіштермен тәмәмдайды, 1966-1970 жылдары Ушинский атындағы Петропавл пединститутында тәлім алады.1962 жылдан бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының мүшесі.

Партиялық жұмыстың әртүрлі учаскелеріне жұмылдырылды: комсомол обкомының ұйымдастыру бөлімнің нұсқаушысы (1967-1969), Көкшетау облыстық атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы (1969-1971), методист-консультант Дома политпросвещения обкома партии (1971-1973), партияның Көкшетауоблыстық комитеті бірінші хатшысының көмекшісі (1973-1978). 1973 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партиялық мектепке оқуға жіберіліп, оны 1976 жылы аяқтады. Мұқашев Әлібай Серікұлының соңғы жұмыс орны ретінде Көкшетау облыстык әкімшілігі болды, кейін 1997 жылы ол зейнетке шықты.

Партиялық және кеңестік билік органдарындағы көп жылғы еңбегі үшін Мұқашев Әлібай Серікұлы «Құрмет Белгісі» Орденімен (1976), «Тыңайған жерлерді игергені үшін» медальімен (1968), «Еңбек ардагері» медальімен (1988), құрмет грамоталарымен және т.б. марапатталды.

Әлібай Серікұлында өзінің сүйікті ермек хоббиі бар – ол фотосуреттер. Ол жастайынан қолына фотоаппарат алып, қызықты оқиғаларды,ерекше адамдарды суретке түсіруге талпынып жүрді. Оның фотосуреттерінде ірі саяси және мемлекеттік қайраткерлердің суреттері бар, олардың арасында Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың, Қаз КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б.Ә. Әшімовтың, Көкшетау облысы басшыларының суреттері сақталған. Өз туған елінің патриоты ретінде Әлібай Серікұлы туған өлкенің табиғат көріністерін, қарапайым адамдарды да суретке түсірген болатын,бұл суреттердің барлығы жоғары көркемдік шеберлікпен орындалған және келер ұрпақ үшін таптырмас мұра болып табылады.

АОМА. 1329 қ. 1 тіз. 1 іс. 1-12п. 2 іс. 1-4 п. 11 іс. 1 п.


5-13 желтоқсан 100 жыл бұрын Орынборда 2-ші жалпықырғыз съезінде

ұлттық автономияны жария еткен және большевиктердің билігін

мойындамаған «Алашорда» үкіметі құрылды
Алғашқы ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясы 1917 жылы қазақ зиялы өкілдерімен құрылған болатын.

1917 жылы Орынборда өткен Жалпықазақ съездінде жаңа «Алаш» қазақ саяси партиясы құрылған болатын. Оны қазақ либералды-демократиялық интеллигенция көшбасшылары Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы басқарды. Партияның бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. 1917 жылдың шілде айынан бастап, «Алаш» партиясы саяси күрес алаңына түседі. Осы күрестің мақсаты қазақ халқының патшалық отаршыл езгіден құтылу және тәуелсіз демократиялық мемлекет құру болды.

Алаш автономиясының үкіметі 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда 2-ші жалпықырғыз съезінде ұлттық автономияны жария еткен және большевиктердің билігін мойындамаған «Алашорда» үкіметі құрылды.

Азамат соғысы барысында «Алаш Орда» үкіметі большевиктерге қарсы күрес үшін әскери жасақтарды құрды. 1918 жылдың 18 тамызында «Приишимье» газетінде Петропавловск уездінің Пресновка станицасында уездік жиналыс өтіп, онда Алашорда ұлттық әскеріне қосылу туралы мәселе қойылғаны жайлы айтылды.

Қазревкомның1920 жылдың 5 наурызындағы қаулысымен Алашорда үкіметі таратылды. Кеңес үкіметі «Алаш» қозғалысының барлық қатысушыларына амнистия жариялағанына қарамастан, Азамат соғысынан 7-8 жыл өткеннен кейін, ғылымға, ағарту ісіне, әдебиет пен өнерге үлес қосқан азаматтар, бірінші кезекте «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің басшылары «халық жауы» ретінде ату жазасына кесіліп, жазықсыз құрбан болды.

Акмолинская область. Энциклопедия. Алматы. «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2009 ж. 129-130 б.



Қысқартылған сөздер тізімі
АОМО – государственный архив Акмолинской области

қ. – қала

ВЛКСМ – Всесоюзный Ленинский коммунистический союз молодежи (Жастардың Жалпы одақтық Лениндік коммунистік одағы)

ВНИИЗХ – Всесоюзный научно-исследовательский институт зернового хозяйства (Астық шаруашылығының Жалпыодақтық ғылыми-зерттеу институты)

ВКП (б) – Всероссийская коммунистистическая партия большевиков (большевиктердің Жалпыресейлік коммунистік партиясы)

І. - Іс


ат. – атындағы

бас. - басылым

Қаз. АКСР – Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы

Қаз. КСР– Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

КП – коммунистік партия

крайком – краевой комитет (өлке комитеті)

п. – парақ

НКВД – Народный Комиссариат внутренних дел (Ішкі істер халық комиссариаты)

Облисполком – областной исполнительный комитет (облыстық атқару комитеті)

Тіз. - тізімдеме

П- – партиялық

ҚР – Қазақстан Республикасы

РККА – Рабоче-крестьянская Красная Армия (Жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясы)

с. - село

б. – бет

ХКК – Халық комиссарлар кеңесі

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

АӘК – аудандық әскери комиссариат

ревком – революциялық комитет

қ. – қор


ЦК КП (б) К – Центральный комитет Коммунистической партии большевиков (большевиктер Коммунистік партиясының Орталық комитеті)


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет