Амирешева Айнұр Сәбитқызы Ақтөбе қаласы, М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің



жүктеу 62.42 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі62.42 Kb.
Амирешева Айнұр Сәбитқызы
Ақтөбе қаласы,

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің

логопед-мұғалімі


Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру

Жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі мәселе. Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы.

Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттілігі және мұның бәрі өте күрделі процес болып табылады.

Л. С. Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау», - дей келіп, әрі қарай осы күнгі қолданылып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жатпайтындығы туралы: «... тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды, оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді. Біз баланың мектепке дейінгі ішкі ойын сыртқа шығаруының табиғи тәсілін мектепке келген бірінші жылы «Әліппеден оқыған, жазғанымен, яғни оқу, жазумен оны бейнелеу өнерімен интеграциялауымыз, тәжірибе көрсеткендей, жазба тілді дамытудың көзі болады.»

Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазу тілдің бұзылуы болады. Қандай бала болмасын еш уақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды – көпті қателерді жібереді.

Сөйлеу тілі дұрыс жетілмеген балалар мектепке дейінгі жастарында қажетті сөздік қорларын игереді, сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгереді, сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.

Ал, сөйлеу тілдерінің түрлі патологиялары бар балаларда бұлардың даму барысы кешеуілдеп артта қалып қояды.

Жазуының кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің салдарынан жазған жазуларын түсіну өте қиын.

Оқу мен жазу бір – бірімен тығыз байланыста болғандықтан, жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді.

Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия деген термин сөздермен аталады. Аграфия – жазуды толық меңгеруге қабілеті жетпейді, ал дисграфия- жазу процесінің жартылай бұзылуын білдіреді. Сол сияқты оқудың кемістіктері де алексия, дислексия деген термин сөздермен аталады.

Қазіргі уақытта балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу тілінің фонетико – фонематикалық және лексико – грамматикасының барлық сыңарларының жалпы толық дамымауы салдарынан жиі болатындығы анықталады. Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің 3 – деңгейінде балаларда пайда болады, ал жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлерінде (1 – 2 деңгей) оқуы мен жазуды меңгеру мүлде мүмкін емес. Бұндай балаларды жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек.

Оқу мен жазу дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуымен қатар, көру түйсігі және кеңістікті бағдарлауы, қимылы, жазуға үйрету кезінде, ең алдымен, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қимылдары дамуының маңызы бар.

Оқу мен жазу дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан, ең бірінші талап – балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдауға үйрету. Ол үшін әр түрлі ойын түрлері пайдаланылады. Мысалы : «Еденге не түсті?», «Қай аспапта ойнадым?», «Кім атыңды атады?», «Қай жануар үн шығарды?».

Келесі тапсырма – суреттермен жұмыс.

Суреттегі затты атап, оған дыбыстық талдау жасау.

1. Сөздегі бірінші дыбысты ата.

2. Сөздегі соңғы дыбысты ата.

3. Сөздегі дауысты дыбысты ата.

4. Сөздегі дауыссыз дыбысты ата.

5. Дыбыстарды ретімен атап шық.

Дыбыстық жинақтау дағдыларын қалыптастыру. Жеке кеспе әріптерден сөз шығару.

Л, қ, а, р, ш, а

Жазу процесін түзету үшін саусақтық бұлшық ет қимылдарын дамыту қажет. Ол үшін сурет, еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет.

Менің логопедиялық жұмысымның бір бөлігі – қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Жаттығуларды орындау барысында балалардың жазу дағдылары қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды. Логопедиялық жұмыс барысында осы әдістерді көп пайдаланамын:

1. Қолдың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар.

( Саусақтарға арналған жаттығулар- «Алақан», «Алақанды қыздыру», «Саусақтар амандасады» т.б.).

Оқу мен жазуды үйрету – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен графикалық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті таңбалай білуге үйрету, оның әрбір элементін дұрыс асқтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады. Осы бағытта мынандай жұмыстар жүргізіледі:

1. Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.

2. Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.

3. Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу.

4. Әріп элеметтерін сызу.

Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған жөн.

Мысалы: «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім жылдам?», (шашылған ұсақ заттарды жинау), «Кесілген суреттерді құрастыру». Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.

Тілі толық дамымаған балалардың көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту қажет. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұсақ әріп белгілерін ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді.

Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:

1. Заттың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру;

2. Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету;

3. Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету;

4. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру;

5. Көру қабілетін күшейту.

Сонымен қатар, осы бағытта Мария Монтессори әдістерінің бірін пайдалану тиімді.

Қазіргі білім беру жүйесі оқу үрдісінде оқытудың интербелсенді әдістерін кең қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі - Мария Монтессори педагогикасы өзіне көптеген мамандардың назарын аударуда.

Мария Монтессори – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің қазіргі заманда да маңызы жойылмаған әдістемесін жасаған итальяндық педагог.

М.Монтессори педагогикасының тиімділігі, өзектілігі қазіргі уақытта да өз нәтижесін беруде.

Ойын: «Золушкаға жәрдем берейік».

Пайдаланатын құралдар: күріш, лобия.

Ойын барысындабалалар күрішті, лобияны ажырату керек.

«Бисермен ойын»

Ойын алдында моншақтарды араластырады. Балалар түс, көлемі бойынша ажырату керек, бөлек қораптарға салады.

Ойын барысында балалардың көру түйсігі қалыптасады, саусақтарының қимылы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы дұрысталады.

М. Монтессоридің зерттеуі бойынша, бала алдымен жазуды үйрену керек, содан соң оқуды. Жазуға қарағанда оқу процесі қиын соғады. Жазуды үйрену алдында бала сөздегі дыбысты ажырата білу керек, әр дыбыс қандай әріппен таңбаланатынын, жеке әріптерден сөз шығару, сосын сөзді жазып шығу.

Осы бағытта жүргізілетін жұмыс түрлерінің бірі – қатты қағаздан қиылған әріптер. Бұл М. Монтессоридің әдісі – «Шероховатые буквы».

Бала дыбыстық талдауды меңгерген соң, ол сол дыбыстардың таңбасын білу керек. Осы тапсырма беріледі. Баланың көру түйсігімен қатар, саусақтардың сезім қабылдауы дамиды. Саусақтарымен әріптің үстінен жүрген кезде, бала көзбен саусақтардың жүру бағытын қайталайды. Әріптер жазба түрінде беріледі.

Сонымен қатар, жазу процесіне ықпал ететін саусақтарға жасалатын массаж болып табылады. Массажды қарандаш арқылы жасауға болады.

Логопедияның жұмысының негізгі бағытының бірі: сөздік қорларын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру.

Балалар жаңа сөздердің әр түрлі жасалу жолдарымен танысады.

Әр түрлі жұрнақтармен бірнеше жаңа сөз жасайды.: ән – әнші, ...

Жазу процесін түзету үшін грамматикалық дағдыларын түзету қажет. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты – жалғаулықтарды түсіндіру және қолдану, жалғаспалы көп бейнелі суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру, сөйлемдерді кеңейту және қысқарту болып табылады (графикалық схемалар бойынша жұмыс).

- Апам келді.

- Апам қайдан келді?

- Апам ауылдан келді.

- Апам ауылдан қашан келді?

- Апам ауылдан кеше келді.

Жазуындағы, оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы бар оқу жылы бойы жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының нәтижелілігі ауызекі сөйлеу тілі мен жазуындағы кемістіктерді түзету әрдайым тоқтаусыз жұмыс істеуді қажет етеді. Соның нәтижесінде оқуда жалпы үлгерімі төмендеп кетуі де мүмкін.

Сондықтан оларды алдын ала сақтандыру жеңілірек және тиімді болады.

Жоғарыда айтылып өткен әдіс – тәсілдерді элементтерді сабақтарымызда пайдалана отырып, мынандай нәтижелерге қол жеткізуге болады:

1. Фонематикалық есте сақтау қабілеті жетіледі.



2.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет