«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды Конкурс өтетін мекен-жайы



жүктеу 62.57 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі62.57 Kb.


19.10.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.

07.06.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Конкурс өтетін мекен-жайы: Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 220 кабинет, тел: 8/7282/329708 ush.jetysu.gov.kz БСН 950540000331

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

1.Мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы D-O-4 (05-05) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне)

Жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы – 84282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін.

Білімі, мамандығы, кәсіби құзыреттілігі, жұмыс тәжірибесі:

Жоғары: Ауыл шаруашылық ғылымдары (зоотехния, мал шаруашылығының селекциясы мен биотехнология)

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Функционалдық міндеттері:

-қабылданған кешенді бағдарламаға сәйкес ай, тоқсан, жыл қорытындысы бойынша мал шаруашылығының дамуына талдау жасайды;

-шаруашылықтың барлық санаттарында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға, жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етіп, бірыңғай технологиялық саясатты жүргізеді;

-қала маңында сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығын өркендетіп, тауарлы сүт фермаларының жоғары өнімді сиырлармен толықтырылуын ұйымдастырып, қадағалайды;

-облыста ассоциациялар мен бірлестіктер, кластерлік жүйе құруды, инфроқұрылымы қазіргі заман талабына сай сүтті мегафермалар салу, мал өнімдерін дайындау пункттерінің жұмысын ұйымдастырып, есебін жүргізеді;

-«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы мәселелері бойынша жаңа шаруашылықтар мен асыл тұқымды репродукторлар құру, аналық малды сіңіре будандастыруға асыл тұқымды бұқалар сатып алу және қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастырып, есебін жүргізеді;

-асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субьектілердің селекциялық-асылдандыру жұмысының жоспарының орындалуын қадағалайды;

-азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарының жобасын әзірлейді;



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

2.Мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы D-O-4 (05-03)

Жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы – 84282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін.

Білімі, мамандығы, кәсіби құзыреттілігі, жұмыс тәжірибесі:

Жоғары: Ауыл шаруашылық ғылымдары (зоотехния, мал шаруашылығының селекциясы мен биотехнология)

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Функционалдық міндеттері:

-бағдарламаға сәйкес ай, тоқсан, жыл қорытындысы бойынша мал шаруашылығының дамуына талдау жасайды;

-барлық санаттардағы мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға, жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді, бірыңғай технологиялық саясатты жүргізеді;

-«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы мәселелері бойынша жаңа шаруашылықтар мен асыл тұқымды репродукторлар құру, аналық малды сіңіре будандастыруға асыл тұқымды бұқалар сатып алу жұмыстарын ұйымдастырып, есебін жүргізеді;

-малдар мен құстардың тұқымын жақсарту және жаңа типтерін шығаруға арнап жасалып бекітілген бағдарламалардың негізінде барлық мал асылдандыру қызметтерімен, ғылыми-зерттеу институтарының салаларымен, жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып бірыңғай саясатты жүргізеді;

-асыл тұқымды малдардың ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталарына тіркелуін қадағалап, есебін жүргізеді;



Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.





: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет