Алматы облысындағЫ «Қызыл кітапқА» енген жануарлармен танысу әдістемесі умирзакова Нағима Тәңірбергенқызы



жүктеу 46.11 Kb.
Дата15.07.2017
өлшемі46.11 Kb.
ОӘЖ 368.016:5
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ЖАНУАРЛАРМЕН ТАНЫСУ ӘДІСТЕМЕСІ
Умирзакова Нағима Тәңірбергенқызы,

Педагогика ғылымдарының магистрі,оқытушысы



Ермекқызы Гүлнұр

Педагогика ғылымдарының магистрі

Алматы университетінің оқытушысы

Алматы қаласы


Қазақ халқы басқа заттарға қарағанда табиғатпен өте жақын біте қайнасқан. Күндізде түнде де жазда да қыста да табиғат қойнауында жүргендіктен қоршаған өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өте жақсы түсінеді, тілін біледі.

Соның нәтижесі қазақтар табиғатқа зиян келтіріп ластамаған, табиғатты аялаған, көшпелі өмір сүрудің өзі табиғатты қорғау және табиғатты үнемді пайдалану.

Ертедегі Қорқыт Атаның «Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағашың сынбасын, қанаттарың қайырылмасын» деген ұлағатты сөздері әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ.

Қазақтар өздерінің күн көріс құралы 4 түлік малын қадірлеп, олардың «иесі бар» деп ойлаған. Шопан ата - қой, Зеңгі баба - түйе, Қамбар ата - жылқы, Ойсыл қара - сиыр, Сексек ата- ешкі иесі деп түсінген.

Жануарларды құрметтеу, малды теппеу, ұрмау, сүтті жерге төкпеу, құмырсқа илеуін баспау, құстың ұясын бұзбау, ірі аңдарды буаз кезінде атпау тәрізді табиғатты қорғайтын ұлағатты істер істеген.

Жануар, өсімдіктерге деген қазақ халқының жанашырлық көзқарасы мақал-мәтел, нәсихатты сөздерінен де көрінеді. Мысалы: «Бір тал кессең, он тал ек», «Судың да сұрауы бар», «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөздер жеткілікті.

Студенттерге болашақ табиғат жанашырларына осындай мәселелерді айта келіп енді нақты Алматы облысы туралы соның жануар, өсімдіктер дүниесінен хабардар етеміз.

Қазақ елі табиғатын қорғау ісі бізде өте ертеде қолға алынған деп айтуға болады. Атақты тарихшы В.Бартальд VI-VII ғасырларда қазақ жерінде қорықтар болғандығын Жетісуда үйсін тайпалары шырайлы саялы жерлерге мал жаймай, аңын атпай, қорық етіп ұстаған. Тянь-Шань бөктерінде б.з.д. 2 ғасыр түркі тайпаларында қорық болғандығы Қытай жазбаларында бар. Мысалы: «Мыңбұлақ», «Құланқорық», «Алтынқорық», «Ханқорық» деген қорықтар болғаны жазба әдебиеттерде сақталған. Кеңес Одағы кезінде Ақсу-Жабағылы қорығы ең алғаш пайда болды және одан кейін де қорық, қорықшалар пайда болды.

Елдегі өндіріс орындарының көбеюі, халық санының артуы қоршаған ортаға зиян келтіруін күшейте түсті p[1].

Сондықтан 1948 жылы ғалымдардың ұсынысы бойынша 100 ел бірігіп «Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоғамын (МСОТ) құрады. Оны ғалым Питер Скатт басқарды. Ол «Қызыл кітап» шығаруды ұсынды. Соған орай дүниежүзілік Қызыл кітап, Кеңестер одағының және Қазақстаннның Қызыл кітабы шығарылды.

Қазақстанның алғашқы Қызыл кітабы 1978 жылы шықты, екінші бөлімі өсімдіктер 1981 жылы шықты.

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген бағалы аң мен құстар жеткілікті, енді осы аң құстардың биологиясы, таралуы туралы студенттермен жұмыс жасайық[2].



Қар барысы - жыртқыштар отряды мысық тұқымдасына жатады. Орталық және Орта Азияның символы. Ол Тянь-Шань, Жетісу, Алатау және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Салмағы - 40кг, құйрығын қосқандағы ұзындығы 250см, ала шұбар терісі бар. Биік тауда Альпі, субальпі аймағында, мәңгілік қарлы аймақта тіршілік етеді. Қыста тұяқты жануарлар соңынан төмендейді. Көктемде жартастағы жатын орнында 2-3 бала пайда болады. Ұрғашысы күшіктерін 2 жыл бағады. Қар барысы 15 жыл өмір сүреді. Тіршілік белсенділігі кешке таяу. Тұяқты жануарлар болмысы суыр, қоян т.б. майда жануарлармен қоректенеді. Қар барысы (Эрвис) ҚР Мемлекеттік Рәмізінің символы.

Қоңыр аю - жыртқыштар отряды аюлар тұқымдасына жатады. Терісі қоңыр-қара болып келеді. Тянь-Шань қоңыр аюы үлкен емес, 160-180 см ұзындықта 150-160кг салмақ тартады. Тұяғы ақ, Альпі шалғынында тіршілік етеді. Қорегі өсімдік тектес. Көктемде түрлі тамыр көк өнімдер, насеком, құрттармен де қоректене береді. Жаз аяғы мен күзде түрлі піскен жемістерді жейді. Қоңыр аю кейде суырларды інін қазып аулайды. Қар жауған кезде қазан аяғы, қарашада үңгіріне кіріп қысқы ұйқыға кетеді. Ұйқыда толық болмайды кейде оянып сыртқа шығады. Ұрғашы аю ұясында ұрпақ бере алады 3-4 қонжықтан туады. Қоңыр аю 30 жыл өмір сүреді.

Қоңыр аюдың терісі, майы, еті пайдалы және өтінің дәрілік қасиеті бар.



Тақ тұяқтылар отряды, қуыс мүйізділер тұқымдасы

Архар - қой тұқымдасына жататын ірі жануар биіктігі 125см салмағы 180кг. Терісі қоңыр түсті мүйізі болады, әсіресе еркектерінің мүйізі дөңгеленген спираль тәрізді. Ұрғашылары мүйізі кішкене, кейде болмайды. Тянь-Шань, Іле Алатауында, Жетісу Алатауында кездеседі. Таулы, тасты жерде орманы жоқ жерде тіршілік етеді. Белсенді тіршілік таңғы және кешкі уақытта. Арқарлар таңертең сағат 10-11 дейін жайылады да түсте демалады. Арқарлар бірігіп үйір болып жүреді, тек қоздайтын кезде ғана ұрғашылары бөлінеді. Қоздауы мамыр, сәуір айында жүреді. Азығы шөптесін өсімдіктер. Арқар жануарларынан қашып құтылады, жаулары барыс және қасқырлар.

Арқар бағалы кәсіптік жануар терісі, еті, мүйізі, тұяғы бағалы. Арқарды қоймен шағылыстырып жүні бағалы арқармеринос қойын алды.



Құлан - тақ тұяқты жануар биіктігі 130 см, ұзындығы 200см болады. Құлан жылқы мен есектің ортасында. Сұр түсті

Құлан ертеде қазақ даласында өте көп үйірімен жүрген. Кейіннен ет үшін әрі аңшылық ретінде көп аулауына байланысты табиғи ортадан жойылып кетті. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары соңында кеңінен 50-ші жылдар ортасында ҚР Түркменстанның Бадхыз қорығынан Барса Келмес қорығына алып келіп көбейтіп, 1982 жылы Алматы облысынан Алтын Емел табиғи саябағына әкеліп жерсіндірді. Қазіргі таңда 2500 мыңнан аса санға ие болды.

Құланның тіршілік аймағы шөл, шөлейтті далалы жазық жерде тіршілік етеді. Мамыр айында төлдейді. Құланға тән қасиет мерзімдік миграцел қыс, көктем айында бетпақ далада мекендеп, жазда Торғай, Солтүстік Балқаш жағасында болады. Құландар дала өсімдіктерімен қоректенеді. Құландар өте сақ, су ішуге ашық далалы жерлермен келеді.

Кәсіптік маңызы бар. Терісі бағалы етін қазақ жемейді, сонда да аулауға саны аз болғандықтан рұқсат жоқ[3].



Қызыл Қасқыр-жыртқыштар отряды. Иттер туысына қасқырлар тобының бір түрі. Дене ұзындығы 160см салмағы 50 кг, терісі қызыл түсті.
Әдебиеттер:

1.Махмутов С.М. Зоология. Алматы, 2006.



2.Олжабекова Қ.Б., Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1,2 бөлім. Алматы, 2007

3.Демеуов Ж.Д., Батырова К.И., Жақсыбаев М.Б., Демеуова Л.Н., Сексенова Д.У., Майматаева А.Д. Омыртқалылар зоологиясының лабораториялық жұмыстары. Оқу құралы. Алматы, ҚазҰПУ, 2010
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет