Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы № шешіміне қосымша Алматы қаласы мәслихатының



жүктеу 2.65 Mb.
бет1/17
Дата22.06.2018
өлшемі2.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Алматы қаласы мәслихатының

2013 жылғы ______________№__ шешіміне

қосымша
Алматы қаласы мәслихатының

2013 жылғы 15 ақпандағы № 93 шешіміне

қосымша

«Алматы қаласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы»


Алматы - 2011

Мазмұны

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

4

2. АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

10

2.1. Экономикалық даму

10

2.1.1. Макроэкономика

10

2.1.2. Өнеркәсіп

11

2.1.3. Агроөнеркәсіп кешені

14

2.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда

15

2.1.5. Инновациялар және инвестициялар

19

2.2. Әлеуметтік сала

23

2.2.1. Білім беру

23

2.2.2. Денсаулық сақтау

26

2.2.3. Халықты әлеуметтік қорғау

32

2.2.4. Мәдениет және тілдерді дамыту

37

2.2.5. Дене шынықтыру және спорт, туризм

40

2.2.6. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту

43

2.3. Инфрақұрылымдық кешен

45

2.3.1. Құрылыс

45

2.3.2. Тұрғын үй қоры

47

2.3.3. Көлік

50

2.3.4. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

52

2.4. Экология

58

2.5. Аумақтық (кеңістіктік) даму

63

2.6. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

64

2.7. Орта мерзімдік келешекте Алматы қаласын тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мүмкіндіктері және бәсекелестік басымдықтарының негізгі түйткілдеріне, тәуекелдеріне, тежегіш факторларына кешенді сипаттама беру

65

3. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ

72

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ

72

4.1. Экономика

73

4.1.1. Өңірлік макроэкономика

73

4.1.2. Өнеркәсіп

74

4.1.3. Агроөнеркәсіп кешені

77

4.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда

79

4.1.5. Инновациялар және инвестициялар

82

4.2. Әлеуметтік сала

89

4.2.1. Білім беру

89

4.2.2. Денсаулық сақтау

92

4.2.3. Халықты әлеуметтік қорғау

96

4.2.4. Мәдениет және тілдерді дамыту

99

4.2.5. Дене шынықтыру және спорт

101

4.2.6. Бәсекеге қабілетті туристік индустрияны дамыту

103

4.2.7. Ішкі саясат

104

4.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

104

4.3. Инфрақұрылым

107

4.3.1. Құрылыс

107

4.3.2. Жолдар және көлік

108

4.3.3. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

109

4.4. Алматы қаласын және Алматы агломерациясын аумақтық -кеңістіктік дамыту

116

4.5. Мемлекеттік қызметтер

118

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

121

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

121



  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ




Атауы

Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын дамытудың Стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі қызмет атқаруының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы.


Алматы қаласының негізгі сипаттамалары

Алматы – Тянь-Шань жоталарының солтүстік бетіндегі Іле Алатауының солтүстік етегінде орналасқан республиканың оңтүстік-шығысындағы аса ірі қала. Қаланың координаты- шығыстағы ұзындығы 77° және солтүстіктегі ені 43°.

Алматы қаласының аумағы 683,5 шаршы километрді құрайды. Әкімшілік жағынан қала сегіз ауданға бөлінген, олар: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу,Түрксіб, Наурызбай.

Қалада ірі демографиялық және еңбек әлуеті бар: 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұндағы халық саны 1507,7 мың адамды немесе республика тұрғындарының 8,8%-ын құрады. Экономикалық белсенді халықтың үлесі – 52,2%, еңбекпен қамту деңгейі – 92,2%.

Алматы еліміздегі ірі іскерлік және кәсіпкерлік қызмет орталығы болып табылады. Қалада тіркелген заңды тұлғалардың үлес салмағы еліміздегі олардың жалпы санының 28,3%-ын құрайды, ал шағын бизнес кәсіпорындарының саны 1000 тұрғынға есептегенде (белсенді кәсіпорындар бойынша) 55,6-ға тең, бұл Қазақстан өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша қала ел өңірлерінің арасында бірінші орынға шығып, қала үлесі 2013 жылы 20,3%-ды құрады. Қаланың ЖӨӨ салалық құрылымы 2013 жылдың қорытындылары бойынша: қызметтер (сауданы қоспағанда) – 29,7%, сауда – 33,0%, көлік және қоймаларға орналастыру – 5,1%, ақпарат және байланыс – 7,2%, өнеркәсіп – 5,6%, құрылыс – 2,7% болды.

Алматы жоғары инвестициялық тартымды қала: негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі бойынша қала жалпыреспубликалық көлемде екінші межені иеленіп отыр.

Қаланың экономикалық мамандануы сауда, қаржы, білім беру, көлік-логистикалық, туристік және басқа да қызметтер түріне негізделген.

2013 жылы қала республикалық көлемдегі сауда қызметінің ----%-ын көрсетіп, кең көлемді тауарлар ассортиментін ұсынады, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз етуге арналған заманауи инфрақұрылымға ие.

Алматы еліміздің туристік индустриясын дамытуда көшбасшы болып келеді, 2013 жылы жалпы республика көлемінде туристік салада атқарылған жұмыстар мен қызметтердің 81%-ын, қызмет көрсетілген барлық тұтынушылар санының 19 %-ы соның үлесіне тиесілі.

Қала еліміздің аса ірі көлік-логистикалық және коммуникациялық орталығы болып табылады, республиканың көлік және байланыс саласындағы қызметтің 87,2% осында көрсетіледі.

Алматы еліміздің жетекші қаржы-экономикалық орталығы болып табылады: республика бойынша қаржы саласында қызмет істейтіндердің үштен бір бөлігі, жалпы депозиттер көлемінің 44,1%, барлық несиелердің 37,3% қалаға тиесілі. Ұлттық банк, қаржылық қызметті реттейтін органдар, қор биржасы, қолданыстағы екінші деңгейдегі 39 банктің 33-і, БХЗҚ, сақтандыру компанияларының 31-і өз қызметтерін қала аумағында жүзеге асырады.

Алматы республикадағы ең қуатты ғылыми және зерттеу әлуеттеріне ие болып отыр: елдегі ғылыми ұйымдардың 35%, ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаратын барлық қызметкерлердің 43%, ғылыми зерттеулерге жұмсалатын жалпы шығындар көлемінің 38%, ақпараттық-коммуникациялық технология шығындарының 47% мен атқарылған ғылыми-техникалық жұмыстардың 35% - қала еншісінде.

Қала еліміздің ірі білім мен мәдениет орталығы болып табылады. Жоғары білім беретін барлық оқу орындарының 33%-дан астамы, елдегі студенттер санының 28% Алматыда шоғырланған.

Қалада республика бойынша медициналық қызмет көрсетуге арналған ең ірі инфрақұрылым жасалған: мамандандырылған жүздеген диагностикалық, емханалық және амбулаториялық мекемелер, ғылыми-зерттеу және шипажайлық ұйымдар, әртүрлі емдеу орталықтары жұмыс істейді. Қала бойынша алғанда дәрігерлермен қамтамасыз ету республикадағымен салыстырған 2 есе жоғары.

Қала сыртқы сауда қызметінің маңызды орталығы болып саналады: сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша ол елдегі жалпы көлемнің 17,8%, оның ішінде экспорт – 5% және импорт – 50,2% құрайды.

Алматы қаласы үшін халықтың тұрмыс деңгейі республика бойынша орта есеппен алғанда анағұрлым жоғары. Ел бойынша орта есеппен алғанда Алматыда бір адамға шаққандағы ақшалай кіріс1,9 есе, қала тұрғындарының орташа айлық номинальдық еңбек ақысы 1,3 есе, тұтынуға жұмсалатын ақшалай шығындар 1,5 есе артық.



Мақсат

2015 жылға дейінгі кезеңде Алматы қаласын дамытудың жалпы мақсаты халықтың тұрмысын жақсартуға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған халықаралық мәндегі постиндустриялық мегаполис ретінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады.


Негізгі міндеттер

Экономикалық даму:

  • қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерін көбейту;

  • қаланың өнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде өңдеу салалары;

  • агроөнеркәсіп кешенін дамыту көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

  • қолайлы кәсіпкерлік ахуалды қамтамасыз ету;

  • Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсарту;

- индустриализация және инновациялық инфрақұрылым картасын іске асыруға негізделген тиімді қалалық инновациялық жүйені қалыптастыру.
Әлеуметтік даму:

  • Мектеп білім сапасын көтеру, дамуда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беруге қол жеткізуді қаматмасыз ету;

  • бәсекелестікке қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

  • әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту;

  • әлеуметтік мәні бар аурулардың ауыртпалығын төмендету;

  • еңбек нарығын дамыту және халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу, еңбек көші-қонын реттеу;

  • - гендерлік теңдікті қоғамда нығайтуды қамтамасыз ету;

  • дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық үшін жағдайды қамтамасыз ету;

  • туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету;

  • жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • техногендік авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалар салдарынан болатын тәуекелді және шығынды төмендету бойынша жағдайлар жасау.


Инфрақұрылым:

  • көлік инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыру, қаланың барлық аумақтарында, сондай-ақ қала маңы аумақтарында барлық субъектілермен объектілердің көлікке толық қол жеткізуін қамтамасыз ету;

  • коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;

  • қоршаған ортаға эмиссияны тұрақтандыру;

  • Алматы қаласында қоқысты жоюда заманауи талаптарға жауап беретін тұрмыс қалдықтарын басқару жүйесін құру және қала аумағында тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз ету;

  • Алматы қаласының су ресурстарын қорғау және шағын өзендерді, су нысандарын экологиялық қалпына келтіру.


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту:

- мемлекеттік қызметтерді көрсету.



Негізгі нысаналы индикаторлар

Экономикалық даму.

  1. 2015 жылы ЖӨӨ нақты көлем индексі % өткен жылмен салыстырғанда 107,5 % құрады.

  2. 2015 жылы өңдеуші өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 107,0% құрады.

  3. 2015 жылы энергиясыйымдылығы 12,9% құрайды.

  4. 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет көрсету)нақты көлем индексі 94% құрайды.

  5. 2015 жылы бөлшек сауданың нақты көлем индексі 107% құрайды;


Әлеуметтік даму.

  1. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту 45%-дан 64,8%-ға дейін.

  2. 2015 жылы белгілі типке жататын жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамту үлесі 22,4%- құрайды.

  3. 2015 жылы 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі 6,9% құрайды.

  4. Күтіліп отырған халықтың өмір сүру ұзақтығы 71,6 жастан 74,8 жасқа дейін артады.

5. 2015 жылы халық саны өсуінің/ төмендеуі 1,03% кем емес/ көп емес

6. Жұмыссыздық деңгейі 5,6%-дан 5,5%-ға дейін төмендейді.

7. Халықтың жан басына шаққандағы төмен кірістерімен үлесі 2,0% -дан 1,0% дейін төмендейді.

8. Арнайы әлеуметтік көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы саны) 97,7% дан 100% дейін өседі.

9. Мәдениет ұйымдарындағы келушілердің орташа саны 1000 адам (кітапханалар-587,4 бір, театрлар-22,7 бір, музейлер-37,5 бір.).

10. Жүйелі түрде спортпен айналысатын халықты қамту 22,93%-дан 27,5%-ға дейін өседі.

11. Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 61%-дан 64%-ға дейін көбейеді;

12. Көшелерде жасалған қылмыстың үлес салмағы 51,8%-ды құрайды.


Инфрақұрылым.

  1. 2015 жылы құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 103,0% құрады.

  2. Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру 774,9 шаршы метрден 900 шаршы метрге дейін көбейеді.

  3. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының үлесі 28%-дан 51 %-ға дейін өседі.

  4. Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу деңгейі 2015 жылы 95%-дан 97%-ға дейін өседі.

  5. Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін көбейту 2015 жылы 98,3%-дан 99%-ға дейін өседі.

  6. Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін көбейту 56%-дан 70%-ға дейін өседі.

  7. 2015 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының тозуы 70,7%-ды құрайды.


Алматы қаласын және Алматы агломерациясын аумақтық-кеңістіктік дамыту.

1. 2015 жылы қала маңы және қосылған аумақтарды дамытуды ескере отырып Алматы қаласының Бас жоспарының ережелерін іске асыру 100% құрайды .


Мемлекеттік қызметтер.

  1. Халықтың әлеуметтік-маңызды қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 85%-дан 98%-ға дейін өседі.

Қаржыландыру көлемі

Алдын ала есеп бойынша Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражаттың жалпы көлемі 1 007,9 миллиардқа жуық теңгені құрайды.

2011 жыл – 173,6 млрд.теңге

2012 жыл – 196,6 млрд. теңге

2013 жыл – 193,3 млрд.теңге*

2014 жыл – 222,2 млрд. теңге*

2015 жыл – 222,2 млрд. теңге*


*Бюджеттік қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.



2. АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ.
2.1. Экономикалық даму

2.1.1. Макроэкономика

Алматы қаласының ЖӨӨ -нің көлемі және құрылымы.

Алматы қаласы – еліміздің қаржы, инновациялық, мәдениет және іскерлік орталығы рөлін атқаратын еліміздегі аса ірі қала.


Алматы қаласының ЖӨӨ-нің көлемі және құрылымы



Атауы

Өлшем бірлігі

2011ж.

2012ж.

201.

1.

ЖӨӨ көлемі

млрд.теңге

4896,3

5730,0

7152,4

2.

Жалпы өңірлік өнімімнің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда %

%

109,7

109,6

115,0

3.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі

мың теңге

3418,8

3856,1

4795,6

4.

ЖӨӨ құрылымы

%

100

100

100

4.1

Өнеркәсіп

%

5,8

5,2

5,6

4.2

Құрылыс

%

3,7

3,5

2,7

4.3

Көтерме және болшек сауда

%

28,8

32,4

33,0

4.4

Көлік және қоймалар

%

5,5

5,8

5,1

4.5

Ақпарат және байланыс

%

10,8

8,3

7,2

4.6

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

%

10,4

10,8

9,9

4.7

Қызметтер

%

28,5

27,9

29,7

4.8

Басқа да

%

6,5

6,1

6,8


Дереккөздер:
Газбен жабдықтау
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
Алматы қаласының наурызбай ауданын құру туралы



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет