«Актілік-претензиялық жұмыс»



бет1/4
Дата24.10.2018
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-12.1.84/03-2014

« Актілік-претензиялық жұмыс»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені



11.09.2014

Баспа №2



«Актілік-претензиялық жұмыс»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014

  1. Дәрістердің қысқаша жазбасы


1 тақырып. Кіріспе. Логистика жағдайындағы көлік (1сағ.)

Дәрістің жоспары

1 Логистика туралы түсінік, оның міндеттері, қызметтері және анықтамалары

2 Логистиканың көлікке әсері

3 Көлік кәсіпорындарының саясаты және олардың қызметінің өзгеруі

4 Жүктерді жинау мен таратудың жаңа логистикалық жүйелері

Логистика – қойылған мақсаттарға жету үшін микро -, мезо – немесе макроэкономикалық жүйелерді анықтауда мәліметтік және қаржылық ағымдармен байланысты қызмет көрстеу ағымдарын, материалдық ағымдарды басқару мен тиімдету ғылымы.

Логистиканың мақсаты болып еңбектік және материалдық ресурстардың өз шығынына дәл уақытында жүктерді жеткізу табылады. Осы жағдайларды орындау үшін материалды ағымдарды жеделдетіп, магистральды көлікте өнеркәсіп пен оның шетіндегі объектілерде жүктерді араластырудың қажетті маршруттарын жоспарлауды, қоймалаудың тиімді жүйесін жүргізуді, тасымалдауды контейнерлеу мен пакеттеу, жүк бірліктерін, орам мен ыдысты рационализациялаудыі іс – шараларының кешенін жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта логистиканың көптеген түрлері есептеледі. Оның кейбіреулері мыналар:


      • көліктік логистика (оның ішінде автокөліктік логистика)

      • қоймалық логистика (қоймалау логистикасы)

      • мәліметтік логистика

      • коммерциялық логистика

      • маркетингтік логистика

      • сату логистикасы

      • өндіріс логистикасы

      • өнеркәсіптік логистикасы

      • бөлу логистикасы

Логистиканың негізгі түсініктері.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. «Транспортная логистика» А.А. Насипкалиев, Н.Д. Адилова: Учеб. пособие, КарГТУ, 2007

2. «Транспортная логистика» Л.Б.Миротин М: «Экзамен», Москва, 2003 ж.

3. Смехов А.А. Основы логистики – М: Транспорт, 1993 ж.

4. Аникин Б.А. «Логистика»: Оқу құралы, М: ИНФРА , 1997 ж.


СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1,2)

1. Логистикадағы зерттеудің негізгі бағыттары мен практикалық пайдаланылуы.

2. Логистикада қолданылатын әдістер.

3. Логистикалық шынжырдың негізгі звенолары.


2 тақырып Логистиканың өндіріс үрдісі (1сағ.)

Дәрістің жоспары

1 Материалдық ағымдардың өндірістегі мақсаты және үйымдастырудың жолдары

2 Материалдық ағымдарды ұйымдастыру және басқарудың талаптары

3 Өндірістік үрдісті ұйымдастыру заңдары және материалдық ағымның кеңістіктегі және уақыт мөлшеріндегі тиімдендіру мүмкіндіктерін үйымдастыру

4 Материалдық ағымдардың ағымнан тыс өндірістегі тиімділікті ұйымдастыру

Көлік органикалы түрде өндірістік және сауда процесстеріне беріледі. Сондықтан көлік логистиканың көптеген міндеттеріне қатысады. Сонымен қатар логситикада материалдық ағымның қозғалысында өндірістік – қоймалық учаскеде тура байланыстың сыртында қарастырылуы мүмкін көліктік процесстің қатысушысы арасындағы көпаспектілі келісімділік орын алған өзіндік көлік ортасы қалыптасқан.

Логистика бұл бірыңғай техника, технология, экономика және жоспарлау. Сәйкесінше көліктік логистиканың міндеттеріне жоспарлаудың бірыңғай жүйесін қолдану, көлік процесінің қатысушыларының техникалық және технологиялық кездесетін көлік процестері, олардың экономикалық мүдделерінің келісімділігін қамтамасыз ету жатқызылады. Әрбір осы міндеттерді қысқаша сипаттайық.

Көліктік кешенде техникалық кездесулер көлік құралдарының ішкі жағынан жеке де, аралық кесуде де параметрлерінің келісімділігін білдіреді. Бұл келісімділік жүк пакеттерімен және контейнерлермен жұмыс істеуге, модальды тасымалдауларды қолдануға мүмкіндік береді.

Технологиялық кездесулер тура тасымалдау, қайта тиеусіз хабарламалар,тасымалдаудың бірыңғай технологиясын қолдануды білдіреді.

Экономикалық кездесулер – тарифтік жүйені жасау мен конъюктураны зерттеудің жалпы әдістемесі.

Біріккен жоспарлау графиктің бірыңғай жоспарын қолдану мен жүргізуді білдіреді.

Көліктік логистиканың міндеттеріне жатқызылады:

- көліктік жүйелерді, оның ішінде тасымалдау коридорлары мен көлік шынжырларын жасау;

- көліктік – қоймалық процесте технологиялық бірлікті қамтамасыз ету;

- қоймалық және өндірістік көлік процесінде бірігіп жоспарлау;

- көлік құралдарының түрін таңдау;

- көлік құралдарының типін таңдау;

- жеткізу маршрутының рационалдылығын анықтау.


Көлік түрін таңдауға әсер ететін факторлар

Көлік түрі



Жеткізу уақыты

Жүкті жіберу жиілілігі

Жіберу кестесінің тұрақтылығын сақтау

Әмбебап-тық

Географиялық жоспарда қол жетімділіг

Тасымал-дау бағасы

Теміржол

3

4

3

2

2

3

Су жолы

4

5

4

1

4

1

Автомо-бильді

2

2

2

3

1

4

Тұрба құбыры

5

1

1

5

5

2

Ауа жолы

1

5

3

4

3

5

Жасалған таңдаудың дұрыстығы көліктің әр түрінде тасымалдаумен байланысты барлық шығындарды талдауға негізделген техникалы – экономикалық есептеулермен бекітілуі керек.

Мысалы, 5 т. қымбат бағалы жүкті автомобильмен жеткізу 1000 долл., ал самолетпен – 3000 долл. құрады. Таңдау автомобильге түсті. Бірақ толық құнды анықтауда жүргізілген талдау көрсеткендей, автомобильдегі тасымалдау тарифінің нәтижесінде төлеу керек болды:

- экспедиторға: жүктің құнының 5 % экспедициялау мен қорғауға, яғни 2000 долл.

- банкирге: несиеге процент ретінде жүктің құнынан 1,5 %, себебі тасымалдау 15 күнде жүргізілді, оның ішінде 750 долл. құрайтын 50 000 долл. артықтарға жіберілген.

- жіберуде қосылған шығындар 3750 долл. құрады. Тарифтерді салыстыруда шыққан қорытынды автомобильді таңдаудан ұшақты таңдау тиімді екендігін көрсетті.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. «Транспортная логистика» А.А. Насипкалиев, Н.Д. Адилова: Учеб. пособие, КарГТУ, 2007

2. Көліктік логистика Л.Б.Миротин М: «Экзамен», Москва, 2003 ж.

3. Курганов В.М. Тауарларды қою шынжырындағы қойма мен көлік М: Кітап әлемі, 2005 ж.

4. Көлік логистикасының негіздері А.А.Смехов М: «Транспорт», 1995 ж.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3,4)

1. Көліктің жеке түрлерінің сипаты.

2. Тасымалдау құжаттары.

3. Көліктің жеке түрлеріндегі маршрут түрлері.


3-тақырып Логистикадағы материалдық ағымдар (1сағ.)

Дәрістің жоспары

1. Материалдық ағым мен логистикалық операциялардың түсінігі.

2. Материалды ағымдарды талдау моделі.

3. Жұмыстың абсолютті шамаларының негізгі өлшемдері.

Материалды ағым – логистикалық процестің барлық аралығында араласатын материалды ресурстардың ағымы. Материалды процессті басқарудың жүйесі



Канбан жүйесі Канбан (жапон. «карта») жапон менеджерлерінің тобымен құрастырылған. Аталған әдістегі жоғалтып алынғандар - өнімнің артықтығы, тез арадағы өндіріс, рациональды емес тасымалдау, артықтарды сақтау.
Место хранения запаса L Место хранения запаса М

трк


. F . F

F

E трк



трк

E E

E
Е

F

прк F


Участок А Участок В
1 сурет. «Канбан» жүйесі екі карточкамен
Аталған жүйе аралық салуды білдіреді. Жүйені қолдану математикалық ағым мен техникалық операциялардың синхронизациясын талап етеді.

Канбан жүйесін қолдану «Дәл уақытында» жүйесінсіз мүмкін емес.



ТӨТ жүйесі «Тиімді өндірістік технология» - 80 жылдары Израильдік және Американдық мамандармен өңделген өндіріс пен өткізуді ұйымдастыру жүйесі. «Израильдік Канбан». Мақсаты – шикізат, материал, машина, техникалық процесстің құрылғылары, персонал ретінде болатын «сын ресурстары» немесе өндірісте тар орындарды шығару.

СІМ жүйесі Материалды және мәліметтік ағымдардың, яғни 2 параллельді ағымның қозғалыстарының синхронизациясы. Кез келген материалдық ағымның орны туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Көліктік логистика Л.Б.Миротин М: «Экзамен», Москва, 2003

2. Көліктік логистиканың негіздері А.А.Смехов М: «Транспорт», 1995 ж.

3. Логистика негіздері А.М.Гаджинский М: «Марктинг», 1999


СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (1,2)

1. Материалды ағымдарды MRP, DRP, JIT басқару жүйелері.

2. Материалды ағымдарда басқарудың түрлі жүйелеріндегі көліктің маңызы.

3. Тартатын және тебетін жүйелер.


4-тақырып Көлік ағымдары мен көліктің тұрақты құрылғылары(2сағ.)

Дәрістің жоспары

1.Көлік ағымдарының потенциалды теориясы.

2.Аймақтық көлік қызметін көрсету.

3.Сапар жолдардың аса пайдалылығы.

4.Торапты бекеттердің орналасуы.

Жүкті тасымалдаудың технологиялық процесі болып тасымалдаудың жоғары тиімділігіне жету мақсаты бар және бір негізде орындалатын, өзара байланысты этаптар мен операциялардың жүйесін бөлшектеу жолында нақты тасымалдау процесін адамдардың жүзеге асыруының тәсілі түсініледі. Технологияның міндеті – тасымалдау процесінде орындалатын этаптар мен операциялардың санын қысқарту есебінен тасымалданатын жүкті тасудың еңбек сіңіргіштігі мен ұзақтығын азайту.

Жүкті тасымалдау процесі

Жүйе теориясы көрсеткендей барлық жүйелер жүйеден тұрады. Кез келген жүйе жүйе объектісінің, ерекшелік пен байланыстың терминдерінде жазылуы мүмкін. Жүйелердің иерархиясы мен саны жүйенің ішкі күрделілігіне байланысты.

image001

2 сурет. Тасымалдаудың иерархиялық құрылысы.


Интермодальды тасымалдаулар – бұл бірыңғай жүк бірлігінде бірыңғай тасымалдау құжаттары бойынша бірнеше көлік түрлерімен халықаралық хабарламада жүктерді жеткізу жүйесі. Қазіргі интермодальды тасымалдардың негізі болып ИСО контейнерлі стандарттары табылады, басқа да жүк бірліктері қолданылуы мүмкін: контейнерлі, трейлерлер, ауысым кузовтары, пакеттер.

Мультимодальды тасымалдау – бұл көліктік 2 түрінен аз тура аралас тасымалдаулар. Елдің ішінде ғана.

Юнимодальды – көліктік бір түрімен ғана тура тасымалдау.

Тасымалдау процесін жобалау

Тасымалдауды ұйымдастыруда логистикалық ағым тасымалдаудың бір бөлігін құрайтын негіз тиімді тасымалдау процесін жобалауы қажет деп қорытындылайтын жаға әдістемелік мазмұнды білдіреді. Бұған өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін жүкті тасымалдаудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктердің шешімін іздеу сәйкес келеді.

3 суретте жүкті тасымалдаудың принципиальды схемасы көрсетілген. көрсетілген: I – жүкті көрсететін пункт; II – жүкті жобалайтын пункт; III - тасымалдаушы кешен; WQ – көлікті өнім; Wr – жүкті алушының қажеттілігі; W'k — таысмалдау кешенінің жоспарлы тасу мүмкіндігі; Wk – тасымалдау кешенінің нақты тасу мүмкіндігі ; О123 - операторлар.



image003


3 сурет. Жүкті тасымалдауды ұйымдастырудың принципиалды схемасы.


Жүк көрсететін пункт ретінде өнімдері мен шығыстары шығарылатын халық ашруашылығының барлық салаларындағы ұйымдар мен өндірістер түсіндіріледі. Аталған принципаиальды схемада екі контурды бөлуге болады, 1- жүк айналымының тасымалдау кешеніне жүк алушыға жеткен жүктің саны сәйкес келуі керек. Кіріс пен шығыс арасындағы айырма жүк көрсететін пунктке кері байланыс шынжырымен беріледі және оператор арқылы тасымалдау кешенінің тасу мүмкіндігінің жоспарлық шамасын өзгертеді. Оның мүмкіндігіне жоспарланған шама өз кезегінде оператордың көмегімен тасу мүмкіндігіне айналады.

Екінші контур өнімді алушының сұранысымен байланысты тасу көлемінің өзгеруін көрсетеді. Ол өз қажеттерін тасымалдау кешені мен жүк көрсету пунктіне басқа байланыс шынжыры арқылы тапсырыс түрінде береді. Аталған жүкті алушының қажеттілігінің өзгеруі тасу жүйесінің мүмкіндігін көрсетеді. Бұл әрекет оператормен орындалады.

4 суретте көліктік кешен мен орта арасындағы, компонентті кешен арасындағы қатынастар мен өзара байланыстардың құрылымдарын қарапайым түрде суреттейтін тасымалдау процесінің сызықтық кестесі көрсетілген.
image004

4 сурет. Тасымалдау процесінің сызықтық кестесі

4 суретте көрсетілген:

W(t) - жүк ағымы, т;

WQ - тасымалдау өнімі, т;

Sп.г - тасымалдауға жүкті дайындау өзіндік құны , тенге/т

S - тасымалдаудың өзіндік құны , тенге/т;

Sп.р - тиеу – тасу жұмыстарының өзіндік құны, тенге./т;

Sx - жүкті қоймалаудың өзіндік құны , тенге/т;

R1 - жүкті тасымалдаудың ара қашықтығын көбейтумен байланысты шығындар, тенге.;

R2 - тасымалданатын жүктің сипаты мен түрінің қозғалыс құрамына сәйкес келмеуімен байланысты шығындар, тенге

R3 - жүкке зақым келу немесе жоғалтумен байланысты шығындар, тенге;

R4 - қосымша тиеу – тасу жұмыстарын орындаумен байланысты шығындар, тенге;

R5 - жүкті қосымша сақтаумен байланысты шығындар, тенге;

R6 - тасымалдау процесінің инерциялығына байланысты шығындар., тенге:

R7 - тасымалдаудың өзіндік құнының жоғарылауымен байланысты шығындар, тенге;

R8 - тиеу – тасу жұмыстарының өзіндік құнының жоғарылауымен байланысты шығындар, тенге;

R9 - тасымалдауға жіберілетін жүктің өзіндік құнының жоғарылауымен байланысты шығындар, тенге;

R10 - жүкті қоймалаудың өзіндік құнының жоғарылауымен байланысты шығындар, тенге.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Көліктік логистика Л.Б.Миротин М: «Экзамен», Москва, 2003 ж.

2. Смехов А.А. Логистикаға кіріспе – М: Транспорт, 1993

3. Аникин Б.А. Логистика: Оқу құралы: М: ИНФРА, 1997 ж.
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (1,2)

1. Тасымалдау процесінің негізгі этаптары мен звенолары

2. Тасымалдаудың терминальды технологиясы

5 тақырып Жылжымалы құрамдардың ағымы(2сағ.)

Дәрістің жоспары

1 Көліктің айналым қаржысы.

2.Пойыздар мен құрамдарды құрудың негізгі жоспары.

3.Ретке келтіру міндеті

4.Жылжымалы құрамдағы мұқтаждықты анықтау

Жаңа АТ енгізілуі мәліметтік стандарттардың бірігіуінің негізінде өзара байланысты және аралық звеноны таратуға ықпал ететін мәліметтік ортаның қолданушыларға ыңғайлы және қолайлы жағдай туғызды. Бұл жағдайлар көліктік логистика үшін үлкен ғылыми – практикалық маңызға ие болды.

Ақпараттық технология – бұл мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау, өткізу және пайдаланудың әдістері мен тәсілдерінің жүйесі.

Мәліметтермен электронды алмасулар. Стандарттар. EDI концепциясы – «мәліметтерді электронды алмасу» қазіргі телекоммуникация мен мәліметтердің стандартты форматын қолдану арқылы пайдаланушымен компьютерленген мәліметтерді алмасуларды білдіреді. 3.17 суретте EDI концепциясының тиімділік зоналары келтірілген.

Тиімділіктің жоғарылауы мәліметтерді енгізуде қателердің қысқартылуы мен қағаз құжаттарының санын азайтуда мәліметтерді тез беру мен өңдеудің есебінен қол жеткізіледі. Материалды шығындар мен еңбек шығынын азайту көздерінің ортасынан келесілерді бөліп көрсетуге болады:



      • құжаттарды басу;

      • құжаттарды пошта арқылы жөнелту;

      • қағаз құжаттарының айналымының процедурасы;

      • әр түрлі шығындар (өзара әрекеттілік шығыны).

Көліктік мәліметтер құжаттарының мысалдары




«Мәлімеь»атауы

экспорт

импорт

1

2

3

Ауа көлігі бойынша мәлімет

Есепті жіберу бойынша хабарландыру

Тапсырыс тауарының келуі туралы құжат




Тиеу туралы талон

Қою туралы талон




Тиеу құжаты

Шоттар




Манифест

Импорт тізімі

Автожүк мәліметі

Тиеу талоны

Тапсырыс тауарының келуі туралы құжат




Нұсқама ведомосы

Қою туралы талон

Жүктің орнымен байланысты құжаттар

Тапсырыс тауарын алу туралы куәлік

Қоймадан шығару туралы есеп

Қайта жіберу құжаттары

Жіберу туралы хабарлама

Кедендік декларация




Топтау бойынша жинақтық ведомость

Қайта жіберу мәліметі




Қайта жіберу бойынша EDI жүйесінің файлы

Тиеу тізімі




Тиеу тізімі

«Кедендік жүк» операциясы

EDI жүйесі ақпараттық және коммуникациялық стандарттарды қажет етеді. Коммуникациялық стандарттар ақпаратты компьютерлік желі арқылы алатын техникалық сипаттарды анықтайды. Олар қабылдауды, мәліметтерді беру жылдамдығын және сигнал беруді анықтайды. Ақпараттық стандарттар компьютерлік желі бойынша берілуі мүмкін құжаттардың түрі мен құрылымын реттейді.

Коммуникациялық стандарттар анықталады:


      • символдар жинағы;

      • приоритеттілік;

      • ақпараттарды жіберудің жылдамдығы.

Ақпараттық стандарттар анықталады:

      • құрылымдармен;

      • құжаттар форматымен;

      • ақпараттарды жіберудің алғышарттары;

      • трансакциондық кодтардың нысандары.

Аса көп қолданылатын коммуникациондық стандарттар:

      • ASC X.12 (X.12 стандарттардың американдық комитетінің стандарты);

      • UN/EDIFACT ( ISO – 9735 синтаксистік ереже халықаралық стандартына және ISO – 7372 сауда мәліметтерінің элементтерін халықаралық стандартымен негізделеді).

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Көліктік логистика Л.Б.Миротин М: «Экзамен», Москва, 2003ж.

2. Смехов А.А. Логистикаға кіріспе – М: Транспорт, 1993 ж.

3. Аникин Б.А. Логистика: Оқу құралы М: ИНФРА, 1997 ж.

4. Миротин Л.Б., Некрасов А.Г. Интегрирленген шынжыр қоюдың логистикасы М:Экзамен, 2003 ж.


СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (1,4)

1. Мәліметтік жүйенің деңгейлері.

2. Спутникті коммуникация жүйелері

3. Логистикада ІТ қолдану.


6-тақырып Уақыт аралығында өзгертілетін көлік үрдісі(2сағ.)

Дәрістің жоспары.

1.Қозғалыс көлемінің ауытқуы.

2.Жылжымалы құрамның санын белгіленген дәрежеде ұстау.

3.Толық емес ақпарат кезінде қызмет көрсету.

Қазіргі уақытта экономикалық дамудың жағдайлары логистикалық шынжыр бойынша тауарлар қозғалысын тиімді басқарудың талаптарын күшейтуді талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей бүгінде біздің ең осал тұсымыз көліктік шығындардың азаюына ықпал ететін тауарларды орауды жасаудың принциптерін өзгерту табылады.

Орау логистикалық жүйенің өндіргіштігі мен шығынының нормасына ықпал етеді. Логистикалық жүйеде өнімді орау операцияларына жүйелік ағым маңызды экономияны алып келуі мүмкін. Осы мақсатта мыналарды қарастыру керек:

1.логистикалық жүйенің барлық қалған элементтерімен орау функциясының өзара әрекеттілігі;

2.ораудың базистік арналуы: өнімді қорғау, ақпаратты беру, жүк өндірудің тиімділігін арттыру;

3.экологиялық мәселелерге ықпал ететін ораудың қазіргі технологиялары.

Орау барлық логистикалық шынжырдың шығындарының деңгейіне ықпал етеді, келесідей негіздерде:


  1. орау маркировкасы бар жүктің нақты идентификациясымен анықталатын бостарды басқару;

  2. тапсырыстың тиімділігі, нақтылығы мен жылдамдығы ораудың, габариттің, нысанның, сатының қолайлылығына байланысты.

  3. жүкті қайта өндірудің құныны іріленген жүк бірлігін ораудың мүмкіндігі ықпал етеді;

  4. сақтаудың құны ораудың габаритіне тікелей байланысты.

Орау 2 түрге бөлінеді: тұтынатын – соңғы тұтынушыға негізделген, көбінесе логистиканың талаптарын сақтап, тұтынушыға қолайлы, қорғаныс, тұтыну орамы сипатында берілетін есеппен жүргізіледі, логистика үшін ерекше жақсы орау болып табылады. Өндірістік орау – аса ірі жүк бірлігінің жеке компоненттерін біріктіріп, жүк тасымалының тиімділігін арттыру үшін қолданылады. Бірнеше өндіріс орауларын ірі жүк бірліктеріне топтастыру контейнерлеу деп аталады. Өндірістік орау мен іріленген жүк бірлігі логистикалық каналдарды бөлудің негізгі объектісі болып саналады, ораудың талапқа сәйкес келмеуі барлыө логистикалық жүйеге тиімділік береді, өндірістік орауларды жүргізуде келесідей негізгі талаптар қойылады:

      • стандартизация;

      • типті мөлшерлер санын шектеу.

Контейнерлеу - іріленген жүе бірліктерін жасау.

Жүк бірлігінің тиімді шамасын анықтау: жүк бірліктерін қалыптастыру мен тарату қосымша шығындарға әкеледі. Себебі қалыптастыру мен тарату негіздері оның мөлшерімен тура пропорционалды болып келеді. Басқа жағынан тиеу – тасу, тасымалдау, сақтау керісінше оның мөлшерімен пропорционал. Осылайша жүк бірліктерін таңдауда компромисты іздеу қажет.

Жүк бірліктері мен оның мөлшерін тиеу – тасу және сақтау үшін құрылғылар келісілген болуы керек. Бұған жан жағынан 600мм*400 мм болатын тік бұрышты көрсететін базалық модульді пайдаланудың көмегімен қол жеткізіледі. Осы модульдің негізінде қос көліктің бір жүйелік мөлшері жүргізілген. Құрастыру принципі табандықтың көлемі торда қысқа мөлшерлерге бөлуден шығарылады. Мысалы, 1200*800 табандық 4 базалық модульді, ал 1200*1000 табандық – 5 модульді көрсетеді.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Көліктік логистика Л.Б.Миротин М: «Экзамен», Москва, 2003 ж.

2. Смехов А.А. Логистикаға кіріспе – М: Транспорт, 1993 ж.

3. Аникин Б.А. Логистика: Оқу құралы М: ИНФРА, 1997 ж.


СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (1,2)

1. Логистикада өнеркәсіптік ролі.

2. негізгі және қосымша қызметтері.

3. Контейнерлер типтері.


7-8 тақырып Тасмалдаудың технологиялық жүйесі мен оның сипаты.(2сағ.)

Дәрістің жоспары.

1.Тасмалдау жүйесіндегі үрдістер.

2.Тасмалдаудың технологиялық жүйесін құрастыру.

3.Математикалық ойлауды қолданып жүйені бейнелеу.

Қазақстан Республикасының евразиялық континенттің ортасында орналасуы Европа мен Азия, Россия мен Қытай арасындағы транзитті постта оның геосаяси ролін анықтап береді. Қазақстан территориясы бойынша республикадағы әрекет ететін көліктік инфрақұрылымның негізінде қалыптасқан төрт халықаралық көлік коридорлары өткізіледі:



      • Трансазиаттық теміржол магистральдарының Солтүстік коридоры: Батыс Европа – Қытай, Корея жартылай аралы және Россия мен Қазақстан арқылы Жапония (Достық – Ақтоғай – Саяқ – Мойынты – Астана – Петропавловск учаскелері);

      • Трансазиаттық теміржол магистральдарының Оңтүстік коридоры: Оңтүстік – Шығыс Европа – Қытай мен Оңтүстік – Шығыс Азия Түркия, Иран, Орталық Азия елдері мен Қазақстан арқылы (Достық – Ақтоғай – Алматы – Шу – Арыс – Сарыағаш учаскелері);

      • ТРАСЕКА: Шығыс Европа – Орталық Азия Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі арқылы (Достық – Алматы – Ақтау учаскесі);

      • Солтүстік – Оңтүстік: Ақтау теңіз порты - Орал аудандары, Россия- Ақтау – Атырау учаскелерінде Қазақстанның қатысуымен Россия мен Иран арқылы Солтүстік Европа – Пресид бұғазының елдері. Негізгі трансконтинентальды маршруттарды қалыптастыруға қатысатын бағыттардан басқа Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш - Өзенке бағыты бойынша аймақтық транзит тасымалдауларының да маңызы бар ТАТМ Орталық коридорларын атап өту қажет.

Қытай экономикасының, оның ішінде батыс аймағының қарқынды дамуы қазіргі күнде әлемдік нарыққа тауарлардың түрлі спектрінің жетіспеушілік қажеттілігін туғызып отыр. Мамандардың бағасы бойынша Қазақстандағы транзит дамуының деңгейі республикадағы салалардың потенциалына сәйкес келмейді. Мысалы, 2003 жылы ЕО елдерімен Қытайдың сыртқы саудасының көлемі 115 млн. тоннаны құраса, Қазақстан Респбликасының территориясында бұл бағыттағы транзитті тасымалдаудың көлемі 3 млн. тоннаға жуық шаманы құрады.

Негізгі көлік түрлері бойынша потенциалды транзитті мүмкіндіктер коридорын қолдану 1 кестеде көрсетілген.

Транзитті потенциал өз территориясы бойынша халықаралық транзитті жүзеге асыратын қызмет көрсетулерді білдіретін, мемлекеттің мүмкіндіктерін анықтайтын ішкі және сыртқы факторлар мен жағдайлардың жиынтығын көрсетеді. Транзитті потенциалдың тиімділігі мемлекеттік толық шекте бар мүмкіндіктерін жүзеге асырумен анықталады.

Қазақстанда транзитті потенциалдың дамуы мен тиімділігін қолданудың алғышарттары болып Қытай мен Европа арасында жаңа жүк ағымдарының пайда болуы болып табылады, ол мынаны көрсетеді: Қытайда Бірыңғай көлік стратегиясы мен ҚХР батыс провинцияларын жедел дамыту бағдарламасын жүргізу. Олар қазақстан – қытай шекарасында «Хоргос» бос сауда зонасын құрудағы жаңа теміржол сызықтарының құрылысы мен «Шығыс - Батыс»бес стратегиялық автомобильді жолдар құрылысы бар ірі көліктік инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады.

Әлемде Трассібір магистраліне баламалы маршруттар жағынан бәсекелестікке негіз болып Солтүстік – Оңтүстік коридор шегінде Бандар – Абас – Бандар – Анзали – Ақтау портын қолданып Қытайдың шығыс портындағы транстеңіздік жол табылады. Сонымен қоса тұрақты коммерциялық жағдай Ақтау теңіздік порты арқылы жүктерді тасымалдаудың маршрутын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан шығыс Қытайдан аталған маршрутқа жекелей жүк ағымдарының бағыттылығына ықпал ететін факторлар қатарын назарға алу керек:

-әрекеттегі шығындардың маңызды азаюына ықпал ететін бос экономикалық зона режиміндегі барлық порттарда қадағалаудың болуы;

-электртұрмыстық техникаларды, халықтық тұтыну тауарларын, айналу техникасын, контейнерлердегі жүктерді Бандар – Аббас, Бандар – Анзали – Ақтау маршрутын қолдану арқылы тұрақты тасымалдаудың соңғы жылдардағы сәтті тәжірибесі;

-Шығыс Қазақстанда мұнай қазбаларын өндіруді жүзеге асыратын Қытайдың ірі компенияларының әр түрлі жүктерді жеткізіп беруге мүдделілігі.

Аталған маршрутта тұрақты қызметті ұйымдастыру Каспий теңізі мен порттық инфрақұрылымның дамуына әсер ететін болады, Қазақстан Республикасы территориясы арқылы өтетін транзиттің келешектегі дамуын ескере отырып, көліктік транзиттің қозғалысын реттейтін, шекара және кеден қызметтерінде әкімшілік шектеулердің болмауы және мәліметтік қамтамасыз ету, жүктерді сақтау, жеткіз жылдамдығы, тарифтің тұрақтылығын қамтамасыз ететін транзитті коридорларды кешенді дамыту қажет. Осы байланыста қажетті:

Мемлекетаралық деңгейде транзитті тасымалдауды дамыту мәселелерін шешетін саяси бірігу, соның ішінде тасымалдау коридорына қатысушы мемлекеттерде бірыңғай тарифті енгізу;

Көлік инфрақұрылымдарының жаңа элементтерін жасау мен қалпына келтіруде транзитті тасымалдау коридорының инфрапқұрылымының приоритетті келісілген дамуы;

әлемдік стандартқа дейінгі бәсекелестігіне транзитті тасымалдау коридорларының техникалық және сервистік деңгейлерін жоғарылату;

Қазақстан Республикасы территориясы арқылы өтетін транзитті жүктердің приоритеттілігін, қауіпсіздігін және қолайлылығын қамтамасыз ету;

Жүктердің орны туралы ақпараттарды жинауды жүзеге асыру, сонымен қоса халықаралық және ішкі хабарламада көлік түрлері бойынша тасымалдаудың бағыты, жүк түрі мен көлемінің мәліметтерін жинау, болжау және талдауға мүмкіндік беретін көліктік базаға қазіргі ақпараттық талдау жүйесі мен байланыс жүйесін енгізу;

Екілі сақтандыруға жол бермейтін екіжақты халықаралық шарт жасасу;

Инфрақұрылымның дамуында шетелдік және отандық инвестицияларды тартудың қолайлы жағдайларын жасау;

Халықаралық және транзитті тасымалдауда сапалы қызмет көрсету үшін Қазақстанның аймақтарында көліктік түйіндердің терминальды кешендері мен аймақтық көліктік – логистикалық орталығын құру;

Мультимодальды және контейнерлі тасымалдауды дамыту.


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Көліктік логистика Л.Б.Миротин М: «Экзамен», Москва, 2003 ж.

2. 2015 ж. дейінгі ҚР көліктік стратегиясы

3. Көліктік логистиканың негіздері А.А.Смехов М: «Транспорт», 1995 ж.


СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (1,2)

1. Транзит ролі және мәні.

2. Транзитті саясаттың халықаралық аспектілері.

3. Логистикалық жүйені мемлекеттік реттеу мен қолдау.



9 тақырып Тасмалдаудың технологиялық жүйесі мен оның сипаты.(2сағ.)

Логистикалық операция – МА және МА қайта құрылуына бағытталған іс - әрекеттердің жиынтығы. Логистикалық операция материалды және материалды емес болуы мүмкін.

Логистикалық қызмет (функция) – логистикалық жүйелерді жүргізу мақсатына бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы. Негізгі функциялары - өндіру, жабдықтау, өткізу.

Логистикада ағымдармен басқару үшін мынадай функциялар қолданылады:



      • жоспарлау (қозғалыстың тиімді траекториясын тұрақтандыру, ағымды жүзеге асыру үшін ресуртарда қажеттілікті есептеу, ағым іздерінде графикті немесе кестені дайындау);

      • тиімді реттеу (басқару әрекеттерінде қозғалыс, өндіру және қолдану кестесіне сәйкес әр ағым объектісін қарау);

      • МА туралы мәліметтерді жинау, беру, сақтау, өңдеу, есепке алу, есеп беруді жасау;

      • Бақылау (жоспар ағымының нақты параметрлеріне сәйкес саты);

      • Талдау (жоспарға сәйкес емес себептер);

      • Координация (өткізу, сату процесстерінің координациясы).

Логистикалық канал – тұтынушыдан, тасымалдаушыдан, делдалдын, сақтандырудан тұратын жекелей тәртіпке келген көпшілік.

Жалпы түрде логистикалық цикл өзіне мыналарды қосады:



  1. тапсырысты қабылдаудың уақыты мен оны тұрақтандырылған тәртіпте оны өңдеу;

  2. жеткізушінің тапсырысын жеткізу мен берудің уақыты;

  3. тапсырысты орныдау уақыты;

  4. тапсырысшыға дайын өнімді жеткізу уақыты;

  5. тұтынуға өнімді дайындау уақыты;

3,4 п.п. жоғары үлестік салмағы бар.

Өндірістік цикл – логистикалық циклдың бір бөлігі.

Логистикалық жүйе – сыртқы ортамен даму байланыстары бар, жүйелерден тұратын, логистикалық операциялар мен функцияларды орындайтын, кері байланысты адаптивті жүйе. Логистикалық жүйе ретінде өнеркәсіптік және сауда өндірістері, территориялы - өндірістік орталық, өткізу – жіберу ұйымдары т.б. қарастырылады. Логистикалық жүйенің тиімділігі – берілген логистикалық ұстаулардың жүйесінде қарастырылатын жұмыстар сапасын сипаттаудың көрсеткіші. 2 көрсеткіш бар: қызмет көрсету саны, қызмет көрсету бағасы.


  1. Практикалық сабақтар


ТаҚЫРЫП 1 –ЛОГИСТИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӨЛІК.

ӨНДІРІСТІК ҮРДІСТЕРДІҢ ЛОГИСТИКАСЫ
Сабақтың міндеттері мен мақсаттары – көлік логистикасының негізгі қағидалары бойынша теориялық білімдерді бекіту
Тапсырма: (1 сағат)

  • «Логистика жағдайындағы көлік»тақырыпта есептер шығару.

  • Қоғамдық өндіріс жүйессіндегі көліктің орналасқан жерінің сызбасын құрастыру.

Есеп1.1

4 т жүк көтерімі бар автокөлік делдал мекеменің қоймасынан жүкті алты пунктке тасымалдайды. Автокөліктің техникалық жылдамжығы 25 км/сағ. Бағыттағы жұмыстың жалпы уақыты 8 сағат. Жүк қатынамалы немесе айналмалы бағыт бойынша тасымалдануы мүмкін (суреттер 6,7).

Автокөліктің бағыттардағы жұмыс көрсеткіштері нұсқалар бойынша 1,2 кестелерде көрсетілген.


Кесте1–Қатынамалы бағыт

Көрсеткіштер

Пункттер

NA

NC

ND

NE

NK

NA

1. Тасымалдау қашықтығы

14

18

20

22

19

15

2. Автокөлікке қоймада жүк тиеу уақыты, мин

18

18

19

10

8

6

3. Тағайындалған пункте жүкті түсіру уақыты, мин

7

1


7

7


8

1


1

1

9

5


4. Автокөліктің жүк көтерімін пайдаланудың коэффициенті

00,2

00,2

00,3

00,1

00,1

00,05

Кесте 2 –Айналма бағыт



Көрсеткіштер

Пункттер

NA

АК

КЕ

ED

DC

СВ

ВС

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Тасымалдау қашықтығы

19

18

22

16

20

24

14

2. Автокөлікке қоймада жүк тиеу уақыты, мин

 

18


 

18


 

18


 

18


 

18


 

18


 

18


3. Тағайындалған пункте жүкті түсіру уақыты, мин

 

15


 

16


 

12


 

15


 

10


 

8


 

-

Кесте 2 (жалғасуы)

1

2

3

4

5

6

7

8

4. Автокөліктің жүк көтерімін пайдаланудың коэффициенті

 

1


 

0,8


 

-


 

0,3


 

-


 

0,05


 

-

Тапсырма:

1. Бір жұмыс күнінде тасымалданатын жүктің санын, орындалған тонно-километрлерді және тасымалдаудың орташа қашықтығын анықтау .

2. Тасымалдаудың таңдалған бағытты негіздеу.
1.1 есепті шығаруға әдістемелік ұсыныстар:

Жылжымалы құрамның жұмысыне септеуді келесі реттілікте іске асыру ұсынылады:

- қатынамалы бағыт (сурет 1);
N

B A K


CDE
Сурет 1 – Сәулелі қатынамалы бағыт

1.Тасымалдаудың тәуліктік көлемі анықталады Qтәул формула бойынша:


Qтәул= n0 Q0 , (1)
қайда n0 – машинаның тәулікте жасаған айналым саны;

Q0 – бір айналым кезінде тасымалданатын жүк көлемі.


машинаның тәулікте жасаған айналым санын келесі формула бойынша анықтауға болады:
n0 = TM/t0 , (2)
қайда TM – автокөліктің бағыттағы жұмысының уақыты;

tO – автокөліктің айналым уақыты.


Автокөліктің айналым уақыты келесі формула бойынша анықталады:
, (3)
қайда n – қатынамалы бағыттағы сәулелер саны;

l – жүкті жеткізу екі пункт арасындағы қашықтық;



v – автокөліктің техникалық жылдамдығы;

Tтт – тиеу-түсіру жұмыстарының уақыты.


Бір айналым кезінде тасымалданатын жүктің көлімі келесі формула бойынша анықталады:
Q0 =, (4)

қайда р – автокөліктің жүк көтерімі;

kжүк – жүк көтерімінің коэффициенті.

2. Орындалған тонно-километрлердің саны келесі формула бойынша есептеледі:


р = zжрж , (5)
қайда р – тонно-километрлердің жалпы саны;

рж – бір айналым кезіндегі жасалған тонно-километрлердің саны.


Бір айналым кезіндегі жасалған тонно-километрлердің саныкелесі формула бойынша есептеледі:

р0 = р, (6)


3. Бір айналым кезіндегі жасалған тасымалдаудың орташа қашықтығы келесі формула бойынша есептеледі:
LСР = p0 /Q0 (7)
- Айналма бағыт;

B NA


С Е

D

Сурет 2 –айналма бағыт



1. Тасымалдаудың тәуліктік көлемі келесі формула бойынша есептеледі:
, (8)
қайда Lм – айналма бағыттың ұзындығы.
Бір айналымда тасымалданатын жүктің көлемі келесі формула бойынша есептеледі:
Q0 = р (kNA + kAK + kDE + kCB) = pkгр. (9)
2. Бір күнде орындалған тонно-километрлердің саныкелесі формула бойынша есептеледі::
р = n 0р0 (10)
Есеп 1.2

Жүкті тасымалдау үшін ГАЗ, ЗИЛ и КрАЗ бортты автокөліктердің сүлбілері пайдаланады. Жүк тасымалдаудың техникалық- экономикалық көрсеткіштері 3 кестеде көрсетілген. Тарифтердің мағынасы 4 кестеде көрсетілген.


Кесте 3 – Жүк тасымалдаудың техникалық- экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Көлік құралдарының сүлбісі

ГАЗ

ЗИЛ

КрАЗ

1. Техникалық жылдамдық, км

24

24

18

2. Тиеу-түсіру жұмыстарының уақыты, сағ

0,7

0,8

0,7

3. Автокөліктің жүрісінің пайдалану коэффициенті

0,45

0,45

0,45

4. Жүкті тасымалдаыдың қашықтығы, км

4

8

6

5. Жүрістің 1 км-не жұмсалатын ауыспалы шығындар, тг.

11

11,6

13,9

6. Жүрістің 1 км-не жұмсалатын тұрақтышығындар, тг.

105,4

116,8

187,8

7. Жүк көтерімі, т

4

6,0

12,0

Кесте 4 – тарифтердің маңызы



Қашықтықтар, км

10

15

20

25

30

Тариф, тенге

7

9

10,7

12,3

13,9

Тапсырма:

- 1 т жүктің өзіндік құнын анықтау;

- тасымалдаулар қаншалықты тиімді екенін анықтау;

- тасымалдаудың тиімділігінің деңгейі 30 % болу үшін жүк тасымалдаудың өзіндік құны қандай болуы керек екендікті анықтау.

Бақылау сұрақтары:



  1. Көлік логистикасың маңызын қалай түсінуге болады?

  2. Көлік логистиканың негізгі мақсаттарын атаңыз.

  3. Көлік логистикасы қоғамдық өндіріс жүйесінде қандай орын алады?

  4. Унимодальдық тасымалдауды қалай түсінуге болады?

  5. Қазақстан Республикасының көліктерін қандай екі негізгі топқа бөлуге болады?

Әдебиет тізімі: / 1, 2, 4, 6, 7, 11, 12 /


ТАҚЫРЫП 2 –ЛОГИСТИКАДАҒЫМатериаЛДЫҚ АҒЫНДАР
Сабақты орындаудың міндеті мен мақсаттары – логистикалық жүйедегі материалдық және ақпараттықағындарды зерттеу дағдыларын игеру.

Тапсырма: (1 сағат)

1. Тақырып бойынша есептерді шешу.

2. Рефераттарды тыңдау.


Рефераттар тақырыптары:

1. Материалдық ағындарды басқару.

2. Логистикалық жүйелердің түрлері.
Есеп 2.1

Қойманың кіріс ағыны жылына 9700 т тең. Жұмыстан бос уақытта жеткізілетін тауарлардың үлесі 15% құрайды. Қабылдау учаскесінде ашылуға жататын тауарлардың үлесі - 20%. Жинақтауға жататын тауарлардың үлесі - 70 %. Орталандырылған жеткізудің деңгейі - 40%. Механикалық түсіруге жатпайтын жеткізілген тауарлардың үлесі - 60%. Көлік құралына қолмен тиелетін таурлардың үлесі - 30%. Сақталу учаскесінде тауардың өнделуінің еселігі 2.0.

Жиынтық материалдық ағынды есептеу.

2.1 есепті шешуге әдістемелік ұсыныстар:

Материалдық ағын түсінігі логистикада негізгі болады. Материалдық ағындар тасымалдау, қоймалау, түсіру, тиеу нәтижесінде пайда болады. Суретте 3 көтерме қоймадағы материалдық ағынның түбегейлі сызбасы көрсетілген. Бұл сызбадан шыққандай,

Көлік құралынан түсірілген таур үш жоллдың біреуі бойынша жіберілуі мүмкін: немесе қабылдву учаскесіне, немесе сақтау аймағына, ал егер жүк жұмыстан тыс уақытта жеткізілсе, қабылдау экспедициясына. Мұнан былай тауар қалай болғанда да сақтау аймағында жиналады. Жүктің сақтау аймағынана тиеу учаскесіне жылжу жолдары да әртүрлі болу мүмкін.

Белгілі бір уақыт мерзімінде жеке операция бойынша орындалған жұмыстардың көлемі тиісті операциялар бойынша МА болып табылады. Қоймаларда МА-ды әдеттегідей жеке учаскелерге немесе жеке операцияларға сәйкес есептейді. Жиынтық материалдық ағын жеке учаскелерде және олардың учаскелері арасында өтетін мтериалдық ағындардың сомасына тең.

Қоймада жүк қандай жолмен баратыннан, қандай операциялар орындалу не орындалмауына байланысты МА-ның мөлшері бағыныңқы болады, яғни сақталу мен қоймалық өндіруге кеткен шығындардың мөлшері анықталады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет