«АҚКӨл ауданының мемлекеттік мұРАҒаты» мемлекеттік мекемесі қабылданды Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағатының директоры К. Жаксылыкова



Дата21.12.2017
өлшемі108.72 Kb.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МҰРАҒАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Қабылданды

Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағатының директоры

_________ К.Жаксылыкова

2015


АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ

2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЙРЫҚША ЖӘНЕ ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ КҮНДЕР КҮНТІЗБЕСІ

Ақкөл қ.

2015

МАЗМҰНЫ

Алғысөз_______________________________________________________________ 3


2016 жылдың атаулы және есте қаларлық күндері____________________4
Күні мен айы белгіленбеген

атаулы және есте қаларлық күндер ________________________________4


2016 жылғы атаулы және есте қаларлық

күндерге анықтама-аңдатпалар__________________________________ 5-7


Қосымшалар

Пайдаланған дереккөздер және әдебиеттер тізімі __________________8


Жарияланбаған дереккөздер __________________8
Мерзімді басылым __________________8

АЛҒЫСӨЗ
Ақкөл ауданының 2016 жылға арналған айрықша және есте қаларлық күндер күнтізбесі Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағатымен дайындалды.

Күнтізбеге Ақкөл ауданының тарихындағы, саяси, мәдени, шаруашылық өміріндегі аса маңызды оқиғалар күндері, сондай-ақ мекемелер, кәсіпорындардың қалыптасқан күндері, атақты жерлестердің мерейтойлары енгізілген.

Мерейтойлар мен оқиғалар күнін анықтау дереккөзі ретінде мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар қорлары, сондай-ақ мерзімді басылым, алдыңғы жылдардағы айрықша және есте қаларлық күндер күнтізбесі қызмет етті.

Күнтізбе үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі хронологиялық тәртіпте орналасқан, күні мен айы көрсетілген айрықша және есте қаларлық күндер тізімінен тұрады. Екінші бөлімге күні мен айы анықталмаған оқиғалар енгізілді. Анықтама-аңдатпалар мемлекеттік мұрағат құжаттары, жарияланған дереккөздер, мерзімді басылымдар бойынша анықталған 2016 жылғы айрықша күндерге құрылды. Олар және олардың пайдаланған әдебиеттер тізімі үшінші бөлімде ұсынылған.

Күнтізбеге келесі қосымшалар берілген:

1. Пайдаланған дереккөздер және әдебиеттер тізімі.


Ақкөл мемлекеттік мұрағатының директоры К.Жақсылықова
03.09.2015

2016 жылғы айрықша және есте қаларлық күндер
30 қаңтар көрнекті селекционер ғалым, өнертапқыш, еңбек ардагері – Темірғали Қасымов 80 жасқа толар еді (1936)

___________________________________

«Огни Алатау» газеті, 2013 жылғы ақпан,

«Жетісу» газеті, 2013 жыл: Автобиография

(Т.Қасымның қолжазбасы)
04 қараша Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағатының құрылғанына 50 жыл (1966)

_____________________________________

Қ.282.тіз.1.Қ.270б.1.

Күні мен айы анықталмаған айрықша және есте қаларлық күндер
110 жыл (1906) Ерофеевка ауылының іргетасы қаланғанына

______________________________________

«Акмолинская область» энциклопедиясы,

Алматы , 2009, 250-б.

105 жыл (1911) Домбыралы ауылының іргетасы қаланғанына

______________________________________

«Акмолинская область» энциклопедиясы,

Алматы , 2009, 236-б.


90 жыл (1926) Социалистік Еңбек Ері – Власова Анастасия Николаевна 90 жасқа толар еді

______________________________________

«Акмола» энциклопедиясы, Алматы,1995,306-б.

90 жыл (1926) Алексеевка аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Валиев Фарид Бадрутдиновичтің туғанына 90 жыл толар еді (1966-1977)

______________________________________

«Акмолинская область» энциклопедиясы,

Алматы , 2009, 207-б.

______________________________________

Қ.115.Тіз.1.Қ.104.Б.15.


90 жыл (1926) Кеңес мектебінің ашылғанына

______________________________________

Қ.196,Тіз.2.Қ.7.Б.1.

80 жыл (1936) Социалистік Еңбек Ері – Құсайынов Айтбай Бекболатұлы 80 жасқа толар еді


______________________________________

«Акмолинская область» энциклопедиясы, Алматы ,

2009,364-бет
2016 жылғы айрықша және есте қаларлық күндер
30 қаңтар 80 жыл бұрын (1936) ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының мүшесі, көрнекті селекционер ғалым, өнертапқыш, еңбек ардагері Темірғали Қасымов дүниеге келді
Темірғали Қасымов1936 жылғы 30 қаңтарда Сталинский, қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданының «Еңбек» кеңшарында дүниеге келді. Әкесі Сәдуақас Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері болған. Темірғали Ақмола облысы Ерейментау ауылының № 74 ОМ бітірген, ал 1956 жылы Алматы мал дәрігерлік институтына оқуға түсіп, оны үздікпен бітіріп шығады. Болашақ ғалымның еңбек жолы 1961 жылы Мыңбаев ауылынан басталды, ол кезде онда мал шаруашылығының ҚазҒЗИ орналасқан болатын. Осы институтта 46 жыл еңбек етіп, мансаптың барлық баспалдағынан өтті – кіші, орта, бас ғылыми қызметкер және басқалары. Осы жерде кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғап, КСРО Ауыл шаруашылық және азық-түлік министрлігінің авторлық куәлігін, «Өнертапқыш» атағын алады. Ол 120-дан астам ғылыми еңбек, соның ішінде бір монография жазған. Ол шығарған қойлардың ішінде оған атақ әкелген ең белгілісі – «Етті-жүнді кроссбред» (ЕЖК). Оның отандық қой шаруашылығы алдындағы қызметі облыстық және аудандық әкімдіктер мен маслихаттар шешімдерімен 2013 жылғы 30 қаңтарда 77 жылдығының құрметіне бірден екі атақпен атап көрсетілді – «Алматы облысының құрметті азаматы» және «Жамбыл ауданының құрметті азаматы».

________________________________________________________________________

«Огни Алатау» газеті, 2013 жылғы ақпан, «Жетысу» газеті (Алматы облыстық газеті). 2013 жыл. Автобиография 2013 жыл (Т. Қасымның қолжазбасы).



04 қараша 50 жыл бұрын (1966) Ақкөл ауданының

мемлекеттік мұрағаты қалыптасты

Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағаты Целиноград облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесінің атқарушы комитетінің 1966 жылғы 04 қарашадағы өкімінің негізінде Целиноград облысының мемлекеттік мұрағатының Алексеевка филиалы ретінде қалыптасты.

Филиал Алексеевка, Макинский, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласының мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындарына қызмет көрсетті. Целиноград облыстық атқарушы комитеттің, 1991 жылдан Целиноград облыстық (Ақмола) әкімшілігінің мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының, 1998 жылдан мұрағаттар бөлімінің қарамағында болды.

Алексеевка филиалының артында Алексеевка, Шортанды аудандарының және Степногорск қаласының мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындарының тұрақты сақтаудағы құжаттары жинақталған өңірлік сақтау және пайдалану орталығы міндеттері тұрды.

Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатының 1997 жылғы 11 қарашадағы бұйрығымен Алексеевка филиалының қызмет көрсету аумағы Алексеевка ауданымен шектелді.

Қазақстан Республикасында аудандардың қайта аталуына байланысты Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатының 1997 жылғы 15 қарашадағы № 12 бұйрығымен Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатының Алексеевка филиалы Ақкөл филиалы болып қайта аталды.

Мұрағаттар мен құжаттамалар бөлімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 1 бұйрығымен мемлекеттік мекеме түрінде ұйымдастыру-құқықтық нысанын белгілеуге байланысты Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатының Ақкөл филиалы «Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Ақкөл филиалы болып қайта тіркелді.

Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттамалар бөлімінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 9 бұйрығымен «Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Ақкөл филиалы таратылды, ал оның базасында Ақмола облыстық статистика басқармасында 2001 жылғы 05 ақпанда «Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі ретінде тіркелген Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағаты құрылды.


110 жыл бұрын (1906) Ерофеевка

ауылының іргетасы қаланды


1906 жылы Ерофеевка ауылы пайда болды.



______________________________________________________________

«Акмолинская область» энциклопедиясы,Алматы, 2009,250-б.


105 жыл бұрын (1911) Домбыралы



ауылының іргетасы қаланды


1911 жылы Домбыралы ауылы пайда болды.

_______________________________________________________________________

«Акмолинская область» энциклопедиясы, Алматы, 2009, 236-б.




90 жыл (1926) бұрын сауыншы, Социалистік Еңбек Ері – Власова Анастасия Николаевна

дүниеге келді

Власова Анастасия Николаевна 1926 жылы Омбы облысы Назваевский ауданының Мелютине ауылында туған. Әкесі Николай Осипович – Омбы облысында Кеңестік билік орнатудың қатысушысы, 1935 жылы Кеңестік билік жауларымен айуандықпен азапталып, дарға асылған.

Он бес жастағы қыз Настя Власова фермаға жұмысқа тұрып, бұзаушының ауыр еңбегімен танысады. Соғыстың соңғы дүркіндері басылған кезде Анастасия Николаевна тәжірибелі сауыншы болған еді, ол кезде фермада үш жыл жұмыс істеген еді. Еңбек жолын 1944 жылы бастады. 1946 жылдан Ақмола облысы Алексеевка ауданының «Урюпинский» ұжымшарының, кейін кеңшарының сауыншысы. Кеңшарда Власова атындағы сыйлық жарияланған.

1954 жылы «Красное знамя» ұжымшарының басқармасы оны алты айлық тракторшы курсына жібереді. Күш-қуатқа толы, еңбекқор, екі баланың анасы курсты аяқтап, механизатор болып жұмыс істейді.

Тракторда, кейін құс өсіруші болып істесе де, ол фермаға сауыншы болып оралу үмітін жоғалтпайды. Сауыншының жұмысы көптеген қиындықтармен байланысты, ол көп дене күшін, жануарларды тынымсыз күтуді, жұмыста ұқыптылықты талап етеді.

1969 жылы Ерофеевка фермасының сауыншылары бірінші болып 2500 кг шегінен шықты, бұған еңбек ардагері А.Н.Власова көп еңбегін сіңірді.

1970 жыл ерекше болды – лениндік мерейтой мен Қазақстан Республикасының мерейтойы құрметіне жоғары социалистік міндеттер қабылданды. Жарыс нәтижесі – әр сауын сиырға 3584 кг сүт. Бесжылдық тапсырма 500 кг-ға артық орындалды.

1982 жылы зейнетке шықты.

Ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға және мемлекетке мал шаруашылығы өнімін сатудың бесжылдық жоспарын орындауға қосқан үлесі үшін сауыншы Анастасия Николаевна Власоваға Ленин ордені және «Серп и молот» медалімен бірге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді (1971).

________________________________________________________________________

Алексеевка ауданының Кеңес Одағы мен Социалистік еңбек ерлерінің альбомы, Алексеевка,1993,Б.8; «Акмола» энциклопедиясы, Алматы,1995, 306-б.


90 жыл бұрын (1926) Алексеевка аудандық партия комитетінің (1966-1977) бірінші хатшысы Валиев Фарид Бадрутдинович дүниеге келді
Валиев Фарид Бадрутдинович 1926 жылы Акмолада туған.

1958 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1942-1943 жылдары Ақмола қаласы өнеркәсіптерінің жұмысшысы, 1945 – әскери бөлім авиамеханигі, Ақмола облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеген. 1958-1963 жылдары Есіл аудандық партия комитетінің хатшысы, Целиноград облысының Қима аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1963-1966 жылдары Целиноград өндіріс басқармасының партия комитеті хатшысының орынбасары, Целиноград жұмысшылар депутаттарының ауылдық кеңесінің төрағасы, Целиноград халық депутаттарының аудандық комитетінің төрағасы, 1966-1977 жылдары Алексеевка аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1977-1983 жылдары ҚазКСР Целиноград облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болған. Қазан Төңкерісі орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

_______________________________________________________________________

«Акмолинская область» энциклопедиясы, Алматы, 2009, 207-б.



90 жыл бұрын (1926) Кеңес бастауыш мектебі ашылған

1926 жылы Кеңес ауылында бастауыш мектеп ашылды.

«Ақкөл халықтық білім бөлімі» тұрақты сақтаудағы мұрағат қоры құжаттарында «1936 жылғы Кеңес толық орта мектебінің төлқұжаты» ісі бар, онда мектеп 1926 жылы ашылған деп көрсетіледі.

________________________________________________________________________

Қ.196,Тіз.2.Қ.7.Б.1.

80 жыл бұрын (1936) механизатор,

Социалистік Еңбек Ері – Айтпай

Бекболатұлы өмірге келді

Құсайынов Айтпай Бекболатұлы кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі қайтыс болған кезде ол 14 жасқа да толмаған еді, ал анасы жиі ауыратын. Ерте бала кезден Ақмола облысы Алексеевка ауданының Калинин атындағы ұжымшарында түрлі жұмыстарды істеуге тура келді. Сосын ол Алексеевка қаласында Комсомол МТБ жанындағы тракторшылар курсын бітіреді. Еңбек жолын 1952 жылы «Новорыбинский» ұжымшарында, кейін кеңшарында бастайды. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге белсенді ат салысады.

Айтпай Құсайынов 30 жылдан артық механизатор болып істейді.

Ол алдыңғы қатарлы механизатор бола тұра, өзінің еңбек жетістіктерін жылдан жылға жақсартып отырған: 1970 жылы ол 600 га, 1972 жылы 800 га, 1973 жылы 900 га бидай жинаған. Бес жылдың ішінде 15 тонна жанар-жағармай материалын, жөндеуде 2200 рубльді үнемдейді.

Бүкілодақтық социалистік жарыста қол жеткізген жетістігі мен 1973 жылы қабылданған міндеттерді орындауда қажырлы еңбегі үшін Айтпай Бекболатұлы Құсайынов Социалистік Еңбек Ері жоғары атағына ие болды. ҚазКСР 9-шақырудағы Жоғары Кеңесінің депутаты, ордендермен және медальдармен марапатталған.

_______________________________________________________________________

Алексеевка ауданының Кеңес Одағы мен Социалистік еңбек ерлерінің альбомы, Алексеевка,1993,Б.8; №7 «Акмолинская область: их именами названы улицы» альманахы, Көкшетау, 2012,нөмірсіз бет


Пайдаланған әдебиеттер мен дереккөздер тізімі

1. «Акмолинская область» энциклопедиясы, Алматы, 2009.

2. «Акмола» энциклопедиясы, Алма-Ата,1995.

3. Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағаты (ААММ), Қ.282 «Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағаты».

4. Алексеевка ауданының Кеңес Одағы мен Социалистік еңбек ерлерінің альбомы, Алексеевка,1993.

5. №7 «Акмолинская область: их именами названы улицы» альманахы. Көкшетау, 2012.


Жарияланбаған дереккөздер
1. Автобиография (Т.Қасымның қолжазбасы)
Мерзімді басылым
1. «Огни Алатау»газеті (Алматы облыстық газеті), 2013 жыл

2. «Жетісу» газеті, 2013 жыл









Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет