Акимбекова г. Ш



жүктеу 44.9 Kb.

Дата24.10.2018
өлшемі44.9 Kb.



ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ПАЙДАЛАНУДАҒЫ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ РӨЛІ

 

 

Акимбекова Г



Ш

., 

ф.ғ.к.



Тілдерді дамыту орталығының доценті, 

gul_shardarbek@mail.ru

 

 

Тілді  үйретуде  психологиялық  жағдай  өз  ықпалын  тигізеді,  яғни  тілді  үйретуде 

қандай,  қанша  аудио  немесе  видеоматериал

 

айтылғанында  емес,  оның  қалай 



ұйымдастырылып,  іске  асырылғаны  маңызды.  Психологтардың  айтуы  бойынша 

білімді    ақпараттандыру  аспектісі,  әрі  мультимедианы  яғни,  кескін,  образ,  модел, 

белгі оқытуда қолдану үлкен рөл атқарады. Ол   «визуалды білім беру» терминінің 

шығуымен байланысты десе де болады. 

 

Адамдар  «ойлау»  үдерісі  кезінде  



репрезентативті жүйені қолданады. Бұл алдымен көрген, естіген, сезінген немесе 

иіс немесе дәм ретінде қабылдаған ақпаратты қайта елестетуге («репрезентация») 

мүмкіндік  береді.  Адам

 

сезім  мүшелерін  қолданған  кезде,  қабылдамалы 



сигналдарды  сөздік  формаға  келтіреміз.  Осылайша,  спецификалық  құбылысқа 

байланысты  суреттер,  дыбыстар,  жанасу  сезімдері  мен  иістері  арқылы  немесе 

қысқартылған

 

жүйені қолдана отырып, өткенді қайта елестете алады



.  

 

Ішіміздегі сөздер қайта елестетудің қызметін орындаса, ал көз алдына қайта 



елестету  шынайы  болған  тәжірибенің  символдық  қызметін  атқарады.  Осылайша, 

ғалымдардың

 

айтуы  бойынша,  егер  біз  тәжірибеден  бастасақ,  біздің  визуалды, 



аудиалды  және  кинестетикалық

 

елестетулеріміз  тәжірибенің  нервтік  «карта» 



қызметін

 

атқарады дейді.  Содан, сезімнен пайда болған сөздер нервтік «картаның» 



базалық  лингвистикалық  «картасын»  құрайды.  Санамыздың  қызмет  ету 

мүмкіндіктерін ескере отырып, біз бастапқы лингвистикалық «картаға» қарағандағы 

неғұрлым дәрежесі жоғары лингвистикалық «карта» ретінде дерексіз (абстрактілі) 

түсініктерді  қолдана алады. 

 

 

 



 

 

Сөздер  адамның  санасында  «шынайылық  карта»  қызметін  атқарғандықтан 



(бірінші  деңгейдегі  «карта»  болып  табылмайды),  олар  адамға  шынайыны 

сипаттайтын  сызба,  модель  немесе  парадигманы  ұсынады.  Сөздер  изоморфті 

түрде  қайта  елестетіліп  отырған  территорияға  қаншалықты  сәйкес  келетін 

дәрежесіндегі тура «картасын» береді. 

 

 

Осы 



жерде 

 

нейролингвистикалық 



бағдарламалау 

басталады. 

Нейролингвистиканың басты идеяларының бірі –

 

модельдеу . Модельдеудің бір түрі 



жүріс

-

тұрысты,  мінез



-

құлықты  модельдеу  болып  табылады.  Қабылдаудың  екінші 

позициясына  түсу  (сіз  өзініңіз  моделдейтін  адамның  орнында  болсаңыз),  яғни  ол 

ЕЛЕСТЕТУ

визуалды 

аудиалды

кинестети-

калық

нервтік 


карта 

лингвистик

-алық карта


адам не істейді, соны ойланбастан қайталауды айтады. Бірнеше минут ішінде, бар 

ойыңызды  салып,  бір  адамды  көшірудің  арқасында  сол  адам  сөйлеген  сөздердің 

бірнешеуін қайталап үйреніп алуға болады екен. 

 

Келесі  бір  моделдеудің  түрі  –



 

стратегиялық  моделдеу,  яғни  адамның 

стратегиясы немесе бір әрекетті дәйекті көрсету. Кадр ретінде бөліп (раскадровка) 

еске  сақтау  деген  бар.  Айталық,  қазақ  тілін  үйретуге  арналған  «Алдар  Көсе» 

мультфильмін  айтуға  болады.  Мысалы  ретінде  кез  келген  бір  мәтінді  алып 

қарастырайық. Мәтінді оқу барысында немесе мәтінді толығымен оқып болғаннан 

кейін дәйекті түрде есте сақтауға болады. Осы техникаға сәйкес адам өзінше бірінші 

«кадрды»  көз  алдына  елестету  керек.  Мәтін  мазмұнын  ашатын  суретті  ойда 

елестету керек. Ондай суретті елестету мүмкін болмаса, онда өмірде,

 

фильмде бар 



образдар арқылы мәтіннің мазмұнына сай келетін суретті мәтіннің сол жақ жоғары 

жағына көз түсетін жаққа қойып елестету керек. Көзді жұмардың алдында оны ойға 

«суретке түсіріп алғандай» елестету қажет. Көзді қайта ашып, суретке қайта қарап, 

қайта жұмып, мәтіннің мазмұнын ойша айтқанмен, ойдағы сурет арқылы айтқанды 

салыстыруға  болады.  Осы  әдіс  арқылы  бірнеше  жаттығу  жасау  арқылы  нәтиже 

жақсара түскенің байқауға болады. Бұл визуалды  түрде көру арқылы есте сақтау 

қабілетін

 

дамытуға көп көмегін тигізеді. Осы қарапайым техниканы меңгеру арқылы 



адам  есте  сақтау  қабілетін  ғана  дамытып  қоймайды,  сонымен  бірге 

тұсаукесерлерді,  іскери  көріністерді  әңгіме  барысында  баяндай  алуға  да  септігін 

тигізеді. 

 

Мысалы  ретінде  кез  келген  бір  мәтінді  алып  қарастырайық.  Мәтінді  оқу 



барысында  немесе  мәтінді  толығымен  оқып  болғаннан  кейін  дәйекті  түрде  есте 

сақтауға болады. 

 

Енді 


нейролингвистиканың 

адам 


психикасына 

әсер  ететін 

төрт 

репрезентативтік жүйесінің кейбір түрлеріне тоқталып кетсек.



 

Шет  тілдерді  игерудің  жалпыеуропалық  құзыреттері:  зерттеу,  оқыту,  баға 

стандартында    бұл  «қатысымдық  тұлғалар» 

тілдік  дағдылар  деп  аталған.  Тілдік 



төрт  дағды  (айтылым,  тыңдалым,  жазылым,  оқылым)  тілді  үйренушінің  немесе 

студенттің сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Осылардың ішінде  басқа дағдыларды 

қалыптастырудың

 

негізгі  алғы  шарты  –



 

тыңдалым

 

әрекеті  болып  табылады. 



Өйткені

 

күнделікті  өмірде  тілді  үйренуші  көптеген    ақпаратты  сағат  сайын    естіп, 



көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін 

қалыптастырады. Егер тілді үйренуші өзіне керек мәліметті тыңдау  арқылы тауып 

үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан 

мәліметті түсінеді; өз пікірін  білдіре алады және басқалармен қарым

-

қатынас жасай 



алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге қатысты өз 

көзқарасын жазбаша жеткізе алады. Сонда тыңдалым дағдысы бойынша:  

 

 

• негізгі ойды  түсіну;  



• ақпаратты анықтау;

• түсінгенін  тәжірибеде қолдана  

білу;

• ақпаратқа өз көзқарасын 



білдіру;

• ой қорыта білу дағдылары 

жүзеге асады.

ТЫҢДАЛЫМ 


Қорыта


 

келгенде айтарымыз,  тыңдалым басқа сөйлеу әрекеттерімен тығыз 

байланысты болғандықтан, әсіресе, коммуникативтік бағыттағы

 

шет тілін үйретуде 



өте

 

маңызды  болып  табылады.  Өйткені  тыңдап,  естіп,  түсініп  қабылдамаған 



жағдайда,  сөйлеу  де,  жазу  да,  оқу  да  өз  дәрежесінде  жүзеге  аспайды. 

Мультимедиялық технологияларды пайдалану хабарды түсініп, оған ауызша жауап 

қайтара

 

алуға,  дыбыстар  легін  дұрыс  естіп,  сөздің  мағынасын  түсініп  қабылдауға 



таптырмас  көмекші  құрал.  Әрі  нейролингвистиканың  атқаратын  рөлі  ерекше. 

Аталған    мәселеге  орай  түсініп  тыңдауға  үйрету  аспектісінде  аутентикалық 

материалдарды пайдалану тиімді болмақ. Аутентикалық материалдар түпнұсқадан 

алынады,  ондағы  лексика  мен  грамматикалық  формалар  табиғилығымен, 

қолданылған

 

тілдік құралдардың жағдайға сәйкестілігімен сипатталады.



 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:



 

1. 


Игісінова  А.А.  Ана  тілі  және  психолингвистика  //  Әлемдік  рухани 

құндылықтар

 

және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: ғылыми



-

практикалық 

конференция материалдары. –

 

Алматы, 2007. 2 т. –819 б.



 

2. 


Сәмекбаева Э.М. Нейролингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны 

//  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеттің  хабаршысы. 

Педагогика сериясы. –

 

Семей,  2014. –№4 (04). –



12-

15 б.


 

3. 


Боб Г.Боденхамер Л.  Майкл Холл.  Усебник  магии  НЛП.  –Москва:  прайм

-

Еврознак, –



2003. 

–272 с.


 

4. 


Джон  Гриндер  Р.  Фрэнк  Пьюселик.  Истоки  нейро

-

лингвистического 



программирования. –Москва: Издать книгу, 2014. –131 с.

 

4. 



Джон  Гриндер.  Бэндлер  Р.  Вводный  курс  НЛП  тренинга.  1978  // 

www.klex.ru/za



Перлз  Фредерик,  Хефферлин  Р.,  Гудмэн  П.  Опыты  психологии 



самопознания. –Москва. 1993, –240 с.

 

6. 



Коржибски А. Наука и психическое здоровье (книга 2). –

 

Москва, 2007. –



 68 

с.

 



7. 

Хаксли  О.  Двери  восприятия  // 

www.hsgmsgic.ru/biblioteka/38075_dveri 

_vosprijatija/

 

8. 


Жақыпов С. Нейролингвистикалық бағдарламалау дегеніміз не? // Ұлағат, 

5/2000. 


3-

6 б.



 

9. 


Хсанұлы  Б. Ана тілі –

 

ата мұра. –Алматы: Жазушы, 1992. –272 б.



 

10. 


Ибраимова  Л.Ә.  Нейролингвистика

 



 

тілдік  зерттеудің  негізгі  нысаны  // 

Кәсіби  тілді  оқытудың  өзекті  мәселелері.  Халықаралық  ғылыми  конференция 

жинағы. –Алматы,  2011. –223 б.



 

 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет