Академиясы 202/б мпд студенті Мүсірова А. Е



жүктеу 109.29 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі109.29 Kb.
Авторы:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика

академиясы 202/б МПД студенті Мүсірова А.Е.

Пән мұғалімі:м.ғ.м. Сырманова Н.Р.

Дәрумендер және коферменттік препараттар

Кіріспе: Дәрумен  адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.

Жұмыстың өзектілігі: дәрумендік препараттар

Дәрумендер зат алмасуына қатысуы кѳбінің коферменттер немесе олардың негізгі құрамдас бѳліктері болуына байланысты. Дәрумендердің көбі ағзада синтезделмейді. Әдетте олардың кѳзі тағамдық ѳнімдер болып табылады. Ағзада тек В3 және никотинамид түзіледі.Гипо-және авитаминозды емдеуде фармацевтикалық ѳнеркѳсіпте шығарылатын витаминдік препараттар маңызды рөл атқарады. Олар барлық жағынан да қолайлы. Ең алдымен оларды алу жыл мезгіліне тәуелді емес. Витаминдік препараттарды дәл мѳлшерлеуте болады. Энтералды енгізу кажет әсерді бермесе, онда оларды парентералды колданады. Бірақ, гипервитаминоз - витаминдік препараттармен улану мүмкіндігін ескерген жөн. Дәрумендер препараттарын 2 топқа бѳледі:

1)суда еритін дәрумендер препараттары;

2)майда еритін дәрумендер препараттары.



Суда еритін дәрумендер препараттары

Бұл топқа дәрумендердің едәуір саны, соның ішінде В тобының дәрумендері, С дәрумені және т.б. жатады. Тиамин (В дәрумені) үлкен мѳлшерде бидай ұнының кебегінде, күріште, бұршақта, ашытқыда, басқа да өсімдік және жануар тектес ѳнімдерде кездеседі. Тиамин ішектен сорылып, фосфорланады және тиаминпирофосфатқа айналады. Тиаминнің жетіспеушілігінде көмірсу алмасуы күрт бұзылады, одан кейін метаболизмнің басқа да түрлері. Қанда және тіндерде пирожүзім және сүт қышқылы жиналады.Тиамин тұздарын парентералды жолмен енгізгенде препараттардың био жеткіліктігі жоғары. Олардың ішектен сорылуы шектеулі.Тиамин және оның айналдыру ѳнімдері ағзадан бүйрек арқылы шығарылады. Тиаминді оның жетіспеушілігінде, невритте, невралгияда, парезде, радикулитте, бірқатар тері ауруларында, асқазан-ішек жолының, жүрек-тамыр жүйесінің патологиялық жағдайларында қолданады. Тәжірибеде қолдану үшін тиамин бромиді және тиамин хлориді шығарылады. Тиамин препараттарын қолданғанда әдетте уытты әсерлер дамымайды. Кейде аллергиялық реакциялар байқалады.



Thiamini bromidum - тиамин бромиді:3% және 6% еріт. амп. шығарылып,1мл тәулігіне 1 рет б/е енгізіледі.

Riboflavinum- Рибофлавин ( витамині) 0.005 және 0,01 таб.; 0,001% еріт. көз тамшысы түрінде шығарылады. үлкен мөлшерде бауырда, бүйректе, жұмыртқада, сүт ѳнімдерінде, ашытқыда, дәнді дақылдар құрамында көп кездеседі. Тиаминнің дифосфорлы эфирі болып табылатын кокарбоксилаза препараты (тиаминдирофосфат, котиамин) шығарылады. Карбоксилаза коферменті болып табылады. Жүрек ритмі бұзылғанда, коронарлық қан айналымының бұзылыстарында, әр түрлі себепті ацидозда, қант диабетіне байланысты кома алды және комалық жағдайларда қолданады. В-гипо- және авитаминозда тағайындамайды. Бұлшықетке және көктамырға енгізеді. Ішектен сорылып, рибофлавин АТФ катысуымен фосфорланады және келесі коферменттік түрге айналады: ФМН және ФАД. Екі коферментте дегидрогеназа және оксигеназа құрамында тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысады. Рибофлавин құрамына кіретін ферменттер тобын әдетте, флавиндік ферменттер деп атайды. Рибофлавин жетіспеушілігінде ангулярлы стоматит (хейлоз) - езуде, ерінде жарықтар пайда болады. Рибофлавин жетіспеушілігі кѳп жағдайда анемияға әкеледі. Рибофлавин асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Едәуір мѳлшѳрде тіндерде қорға жиналады. Бүйрек арқылы шығарылады. Рибофлавинді оның жетіспеушілігінде, сонымен қатар, кератитте, конъюнктивитте, иритте, бірқатар тері және жұқпалы ауруларда, сәуле ауруында қолданады. Ішке және жергілікті тағайындайды. Рибофлавин мононуклеотид парентералды қолданылады. Рибофлавинді қолданғанда әдетте уытты әсерлер дамымайды. Никотин қышқылы және никотинамидті РР витамині деп белгілейді.0,05 таб.; 1% 1 мл еріт. амп. шығарылып, к/т енгізіледі. Тағамда РР витамині болмаса пеллагра дамиды. Оның негізгі белгілері диарея, дерматит және деменция. Сонымен қатар, глоссит (тілдің қабынуы), гастрит және басқа симптомдар байқалады. Никотин қышқылының дәрумендік кызметтен басқа айқын, бірақ қысқа уақыт тамырды кеңейтуші әсері бар. Бұл беттің қызаруы , бастың айналуы, артериялық қысымның тѳмендеуі, тахикардиямен және т.б көрінеді.Никотин қышқылы қанда холестерин және бос май қышқылдарының мѳлшерін азайтып, липид алмасуына әсер етеді. Никотин қышқылы және никотинамид асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Өзгермеген қосылыстар және олардың айналу өнімдері бүйрек арқылы шығарылады. Никотин қышқылын және никотинамидті пеллаграда, бауыр ауруларында, қышқылдығы төмендеген гастритте, тері ауруларында ішке және парентералды қолданады. Никотин қышқылын кейде тамырлар спазмында, сонымен қатар, гиполипидемиялық зат ретінде тағайындайды. Екі қосылыста аз уытты. Никотин қышқылы тамырдың кеңеюіне байланысты тамырлық реакциялар шақыруы мүмкін. Оны ұзақ қолданғанда бауырдың майлы дистрофиясы дамуы мүмкін. Бұл асқынуды алдын алу үшін метионинді қолданған жѳн. Пантотен қышқылы (В5 дәрумені) табиғатта кең таралған. Әсіресе, оның көп мөлшері ашытқыда, бауырда, жұмыртқада, балық уылдырығында, дәнді дақылдарда, түсті капустада табылғаи. Пантотен қышқылы ішек микрофлорасымен синтезделеді. Пантотен қышқылының оңға айналатын изомерінің физиологиялық белсенділігі бар. Ол ағзада кофермент А түзілуіне қатысады. Зат алмасуында соңғысының маңызы өте зор: ол май қышқылдарының тотығуына және биосинтезіне, кетоқышқылдардың декарбоксилденуіне, лимон қышқылның,кортикостероидтардың, ацетилхолиннің синтезіне қатысады. Кофермент А-ның негізгі қызметі, ол қышқылдар қалдығыыың акцепторы және тасымалдаушы болып табылады. Пантотен қышқылының жетіспеушілігі адамдарда мүлдем болмайды. Егер оны арнайы диета тағайындап жасанды жолмен шақырса қажу, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы , диспепсиялық бұзылыстар, парестезия, бұлшықет ауыруы және т.б. бұзылыстар байқалады. Пантотен қышқылы асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Үлкен мөлшерде бірқатар мүшелерде: ж үректе, бауырда, бүйректе, бүйрек үсті безінде анықталады. Өзгермеген түрде шығарылады. Медициналық тәжірибеде кальций пантотенаты қолданылады. Препаратты неврите, невралгияда, кейбір аллергиялық реакцияларда, тыныс мүшелерінің ауруларында, ойық жарада, күйіктерде, операциядан кейінгі ішек атониясында, стрептомицинттің және мышьяк қосылыстарының уытты әсерлерін жою үшін қолданады. Кальций пантотенатының уыттылығы төмен. Жанама әсерлерінен кейде диспепсиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін. В6 дәрумені деп 3 қосылысты: пиридоксин атайды. Барлық топты белгілеу үшін әдетте бірінші қосылыстың аты -пиридоксин колданылады. В6-дәрумендік бар заттар көп мөлшерде ашытқыда, дәнді дақылдарда, ірі бұршақтарда, бананда, етте, балықта, бауырда, бүйректе кездеседі. Пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксаминнің айналатын негізгі коферменттік түрі пиридоксальфосфат. Пиридоксальфосфат азоттың алмасудың көптеген үрдістеріне қатысады: трансаминдену, дезаминдену және аминқышқылдарының декарбоксилденуі, құрамында күкірт , оксиаминқышқылдары бар триптофанның, аминқышқылдарының метаболизміне және т.б. Ересектерде В6 дәруменнің жетіспеушілігі сирек байқалады. Ол балаларда дамуы мүмкін.Пиридоксальфосфат синтезін бұзатын, туберкулезге қарсы изоникотин қышқылының гидразиді тобына жататын препараттармен ұзақ емделу В6 витамині жетіспеушілігінің себебі болатыны ұмытпаған жөн. В6 дәрумендер жетіспеушілігін жасанды жолмен арнайы диета тағайындау арқылы шақырғанда бетте себореялық дерматит, глоссит, стоматит, тырысулар байқалады. Пиридоксинді енгізген соң аталған көріністер жойылады. Пиридоксин асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Ағзада химиялық айналымға түседі. Оның метаболиттері бүйрек арқылы шығарылады. Медициналық тәжірибе үшін пиридоксин гидрохлориді шығарылады. Оны изоникотин қышқылының гидразидін, антибиотиктерді қабылдағанда, физикалық үлкен жүктемеде, жүктілік токсикозында дамыған В6 дәрумені жетіспеушілігінде қолданады. Сонымен қатар препаратты паркинсонизмді, радикулитті, сәуле ауруын, жеңіл және орташа деңгейдегі гепатитті, бірқатар тері ауларын емдеуде тағайындайды. Оны ішке және парентералды енгізеді. Препарат науқастармен жақсы кѳтеріледі. Кейде аллергиялық реакциялар дамиды. Пиридоксин мен қатар аталған кѳрсетулерде оның коферменттік түрі пиридоксальфосфат қолданылады. Фолий қышқылы 3 құрылымдық элементтен тұрады: птериндік туынды, парааминобензой қышқылы және L-глутамин қышқылынан. Фолий қышқылының кѳп мөлшері жаңа кѳконістерде, бауырда, бүйректе, жұмыртқада, ірімшікте және т.б. ѳнімдерде кездеседі. Ішек микрофлорасымен синтезделеді. Бауырда фолий қышқылы белсенді коферменттік түрі - 5,6,7,8- тетрагидрофолий қышқылына айналады. Соңғысының негізгі қызметі кѳміртегі бар топтарды қосып алу және тасымалдау.В12 дәрумені жѳнінде айтқанда, әдетте назарда цианокобаламин болады.Дегенмен,цианокобаламиннің бірқатар аналогтары мен туындыларының В12 витаминдік белсенділіктері бар."В12 витамині" түсінігі жинақталған сипат алды. В12 витамині әсіресе, үлкен мөлшерде сиырдың бауырында және бүйректе кездеседі. Табиғатта тек микроорганиздермен синтезделеді. Бұл жол В12 витаминін ѳнеркәсіпте алғанда да пайдаланылады. Адамның тоқ ішегінде ВІ2 витаминінің микроорганизмдермен синтезделуінің В12 витаминін реттеу үшін маңызы жоқ себебі, оның сорылуы негізінен аш ішекте жүреді. В12 витаминінің белсенді коферменттерінің негізгі қызметі - жылжымалы метилді топтарды және сутегін тасымалдау. Осы үрдістер нәтижесінде ақуыз және нуклеин қышқылдарының алмасуына әсері жүзеге асады. В12 дәрумені қан жасау үрд ісі, эпителиалды жасушалар түзілуі, жүйке жұмысының қызметі өсу және регенерация үрдісі үшін қажет.

Майда еритін дәрумендер препараттары

Бұл топтың витаминдері А,О,Е,К витаминдерін біріктіреді. А дәруменіне құрылымы ұқсас қосылыстар кіреді: ретинол (А дәрумені-спирт, А витамині, аксерофтол), дегидроретинол (Аз дәрумені), ретиналъ (ретинен, А дәрумені-альдегид), ретиной қышқылы (А дәрумені-қышқыл) және олардың эфирлері мен кеңістік изомерлері. А витамині жануар ѳнімдерінде: балық майында (треска, палтус, теңіз алабұғасы), бауырда, сиырдың сары майында және басқа да сүт тағамдарында кездеседі. Каротиннің едәуір бѳлігі сәбізде, петрушкада, қымыздықта, саумалдықта, бүргенде, шетенде, итмұрында, ѳрікте кездеседі. А дәруменінің зат алмасуына әсерінің негізгі бағыты анықталмаған. Ол тотығу-тотықсыздану үрдістерінде маңызды рѳл атқарады. А витамині жетіспеушілігінде қараңғыға бейімделудің бұзылуы немесе ақшам соқырлық дамуы осының куәсі болып табылады. Олардың құрамына опсин ақуызымен байланыскан ретинальдан тұратын жарыққа сезімтал родопсин пигменті кіреді. Жарықтың әсерінен бұл кешен ыдырап, жүйке импульстерінің генерациясын тудырады.Қараңғыда А витаминінен әлсіз жарықта кѳру ѳткірлігін жоғарылататын кѳру пурпурының қарқынды түрде қайта синтезделуі жүреді. Кѳру пурпурының негізгі айналу кезеңдері қарапайым түрде. А витамині жетіспеуішілігіне гемералопия дамуынан басқа, шырышты қабатпен тері эпителиінің закымдануы тән.Тері құрғайды, папулезді бѳртпелер, терінің түлеуі байқалады. Кѳздің шырышты қабыны зақымдалады. Сілекей бездерінің секрециясы азаяды. Қасаң қабықтың құрғауы А витаминінің авитаминозында оның жұмсаруына және некрозына әкеледі. Ауыр жағдайларда бұл мүлдем соқырлықтың себебі болуы мүмкін. Тыныс жолдарының, асқазан-іш ек жолының, зәр шығару жүйесінің зақымдануы байқалады. А витаминінің жетіспеушілігінде тері және шырышты қабық тосқауылдарының бұзылуы ағзаға инфекция енуіне қолайлы жағдай туғызады, қабыну үрдістерін дамытады. Соңғысының қатерлі ісік үрдістерінің дамуын алдын алуда маңызы зор болуы мүмкін. А витамині негізінен аш ішекте сорылады. Оның дисперсиялануы және абсорбциясы үшін өт қышқылдары қажет. Осыған байланысты өт түзілуінің жетіспеушілігінде А витаминінің гиповитаминозы дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда А витамині препараттарын парентералды енгізу қажет. Сорылғаннан кейін А витамині лимфатикалық жолдармен бауырға түсіп, едәуір мөлшерде ретинол пальмитат түрінде қорға жиналады. Қанға босап шыққан ретинол оның тіндерге тасымалдануын қамтамасыз ететін қан сарысуы ақуыздарымен байланысады. Ағзада А витамині толық химиялық айналдыруға ұшырайды. Бұл кезде түзілген метаболиттер мен конъюгаттар бүйрек және ішек арқылы шығарылады. Тағамдық ѳнімдермен түсетін каротиндер ішектің шырышты қабатында А витаминіне айналады. Олар осы кезден бастап биологиялық белсенділікке ие болады. А витамині препараттарын және каротиндерді А витаминінің жетіспеушілігін емдеу және алдын алу үшін, кейбір тері ауруларында, қасаң кабықтың және торлы кабықтың бірқатар гидролиз циклынан өтеді — реэстерификация бірқатар патологиялық жағдайларында, күйіктерді, үсіктерді емдеу үшін, жұкпалы ауруларда, асказан-ішек жолының патологиялық жағдайларында қолданады. А витаминінің препараттарын ішке, бұлшықетке, жергілікті тағайындайды. Миллифамм және халықаралық бірлікпен (ХБ) мѳлшерлейді. А витаминнің 1 мг 3300 ХБ (1 Х Б = 0,3 мкг) құрайды . А витаминдік белсенділігі бар препараттар ретінде әртүрлі дәрілік қалыптар: ретинолацетаты және ретинол пальмитаты, А витаминінің концентраты, балық майының препараттары, бүрген майы (құрамында каротин, каратиноидтар және басқа қосылыстар бар) шығарылады.А витаминін үлкен мѳлшерде ұзақ қолдану жедел және созылмалы гипервитаминозға әкелуі мүмкін. Жедел жағдайларда бастың ауыруы, ұйқышылдық, лоқсу, құсу, жарықтан қорқу, тырысулар байқалады. А витаминінің созылмалы гипервитаминозында терінің зақымдануы, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы, сүйек және буын аймақтарында ауыру сезімі, гиперостоз,бауырдың, кѳкбауырдың ұлғаюы, диспепсиялық бұзылыстар, бастың ауыруы пайда болады. А витаминінің гипервитаминозын емдеу А витаминін қабылдауды тоқтату болып табылады.

Коферменттер немесе Коэнзимдер (лат. Ко - «бірге» жəне фермент) — құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апорферментепен тығыз байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы - простетикалық топ. Көптеген ферменттердің активтігі үшін екі фактордың да - металл иондарының да, простетикалық топтың да (немесе коферменттердің) болуы қажет.

Коферменттер - толық молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді жəне ферменттің белоктық бөлігінен оңай ажырайды. Мысалы, диализ кезінде осылай болады. Олар сөзсіз қажетті кофактор ретінде ферменттердің катализдік жұмысына қатысады.

Ферменттердің дәрілік препараттар есебінде қолданылуы

Ферменттердің дәрілік препараттар есебінде қолданылу,олардың жоғары иммуногендік қасиеті болғандықтан шектеулі.Дегенмен энзимотерапия төмендегі бағыттарда кеңінен қолданылады:

орынбасарлық терапия - организмге ферменттер жетімсіздігі кезінде,дәрі ретінде қолдану;

комплексті терапия элементтері - ферменттерді басқа емдеу жолдарымен бірге қолдану.

Орынбасарлық терапия ас қорыту сөлдері бөлінуінің жетімсіздігі кезінде,асқорыту аурулары кезінде өолдану тиімді.Пепсин ахилия,гипо- және анацидті гастриттер кезінде қолданылады.Ұйқы безі ферменттері жетімсіздігі де,дәрілік препараттар (фестал,энзистал,мезим-форте т.б.) есебінен толықтырылып отырады.Қосымша дәрілік препараттар есебінде ферменттер көптеген ауруларды емдеуге қолданылады.Протеолиттік ферменттер (трипсин,химотрипсин )жергілікті жерде іріңді жаралардың өлген жасушалар нәруыздарын ыдырату үшін,ұйыған қаннан тазарту үшін немесе тыныс алу жолдарының қоймалжың бөлінділерін тазарту үшін қолданылады.Рибонуклеаза және дезоксирибонуклеаза вирустарға қарсы препараттар есебінде аденовирусты коньюнктивиттерді,герпесті кератиттерді емдеу үшін қолданылады.Тромбоздарды және тромбоэмболияларды емдеу үшін ферменттік препараттар кеңінен қолданыла бастады.Фибринолизин,стрептолиаза,стрептодеказа,урокиназа препараттары қолданылады.Ферменттік препараттар онкологиялық ауруларда қолданады.Аспарагин катаболизмін катализдейтін,аспарагиназа лейкоздарды емдеуде қолданылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Рахимов К.Д., Абдуллин КА. До клинические испытания лекарственных средств. Методические указания . - А л м а ты - 1997. С. 112-115.

2.Рахимов К.Д. Новые лекарственные средства химиотерапии опухолей. Вкн. Российский национальный конгресс «Человек и лекарство». М .- 1998.- С .609.

3.Кукенов М.К., Әдекенов С.М., Рахимов ҚД-, т.б. Қазақстанның дәрілік ѳсімдіктер және оның қолданылуы . 1998, 286 бет.



4.Е.С.Севериннің редакциялық басшылығымен қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы х.ғ.д., проф. А.Ж.Сейтембетова "Биохимия" Мәскеу "ГЭОТАР Медиа" 2014 жыл.

5.Сұлтанов М.Ә.,Ербасова А.А." Фармакология" Шымкент 2008 жыл.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет