Ажырасудың бала психологиясына әсері



жүктеу 55.52 Kb.
Дата04.07.2017
өлшемі55.52 Kb.
АЖЫРАСУДЫҢ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Измаханова Мейрамгуль Ахметовна

Отбасы мәселесін зерттеуде психология ғылымында бірнеше мектептер мен бағыттар орын алуда. К.Витакер пікірінше отбасы бірлестігінен барып туындайтын тұлға өзіндік жеке даралық жетілуге әкеледі десе, ал В.Сатир отбасындағы қалыпты қарым-қатынас арқылы тұлғалық алға дамуы мен жетілуі қарқынды жүзеге асырылады деген ойлары өзара байланысты.

Отбасы ұғымы неке ұғымымен тығыз байланысатындықтан, социологияда неке дегеніміз – отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісіу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар, материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар, адамгершілік-эстетикалық қатынас. Некенің негізі – сүйіспеншілік (махаббат). Отбасында болатын түрлі түсініспеушіліктердің пайда болу салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасуға дейін барып жатады. Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі болып табылады. Ажырасуға апарар себептердің бірі орынсыз қызғаныш болса, енді бірінікі сыртта өзгемен көңіл қосуы. Бұл сияқты себептерді өкінішке орай саусақпен санай алмаймыз. «Бітті, ажырасамын!» деген жандар ашу үстінде баланың қандай күйде жүргендігін аңғара да алмай қалатындығы белгілі. Ал бала ата-ана арасындағы ұрыс-керіске куә болғаннан кейін мінез-құлқы өзгеріп, үлкеннің тілін алмай, «өзім білемінге» салады. Бірақ баланы ойлап отбасындағы қиындықтарға төтеп беремін деп қателесетіндер де көп. Күнде ішімдікке салынып келген ерінің тепкісі, ұрып-соғуы мен орынсыз балағаттап, қызғаныш білдіруі тек әйелді емес, балаларды да бақытсыздыққа душар етеді. Мұны көріп өскен бала ашуланшақ не тым тұйық болуы да ғажап емес. Мұндай отбасында береке мен балаларға дұрыс тәрбиенің болмасы да анық.

Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртер болсақ, ҚР Статистика агенттігі ұсынған ресми мәліметтер бойынша, 2013 жылы Қазақстандағы ажырасулар саны соңғы алты жыл ішінде рекордтық көрсеткіштерге жеткен – 100 некелесуге 34 ажырасудан келген."2013жылдың қаңтарынан бастап қарашасына дейін тіркелген некелер саны 155,3 мыңды (өсім 1,5%-ға) құрады, ал ажырасулар - 47,3 мың (өсім 4,9 %-ға). Соңғы жылдар ішінде некелер мен ажырасулардың абсолютті санының өсуі негізінен оның жалпы құрылымындағы 25 жастан 35 жасқа дейінгі жастық санаттағы халық санының өсуіне байланысты", - делінеді ресми хабарламада. Ата-ана арасында туындаған ұрыс, жанжал бала психологиясына қалай әсер етеді?

Осы мәселе төңірегінде ажырасуға бел байлаған ерлі-зайыптылар көбіне ой жүгіртіп, ойлана бермейді. Ал негізінен бұл да ұрпақ тәрбиесіне кері әсер ететін бір фактор. Психологиялық зерттеулер балалардың көпшілік (әсіресе 10 жасқа дейінгі) бейсаналық түрде өздерін ажырасуға себепші болған кінәлі жандармыз деп санайды. Сонымен қатар, олардың әрқайсысына ең жақын екі адамы – анасы мен әкесінің арасында таңдау жасауға тура келеді. Ата-анасының ажырасуында өзін кінәлау сезімінің дамуы шын мәнінде ереже болып табылады. Валлерштейн және Келлидің айтулары бойынша, осыған ұқсас құбылыстар 30-50 % жағдайларда кездеседі. Ал Ф. Гельмудтың айтуы бойынша, бұл кішкентай балалармен қатар жас өспірімдерде де сондай, кейде тіпті жоғары болуы да мүмкін. Баланың өзін-өзі кінәлау сезімі қорқыныш тудырады, яғни сазайын тарту және жеке басының биік күшінің алдындағы қоқыныштың пайда болуы Бірақ ата – аналарының ажырасуының себебінде өзін қатысты емеспін деп есептейтін балаларда біршама күрделі қобалжу күйіне түседі екен. Мысалы, оларда: «егер мені анам немесе әкем бала – бақшадан алып кетпесе мен балаларға не деп айтамын» деген сияқты сұрақтар туындайды. Осыған қоса ажырасу жағдайына түскен балаларда болатын ең үлкен қорқыныш түрі - ол әкесін кейін тағы да анасын жоғалтып алу (немесе керісінше) қорқынышының пайда болуы.

Бір балада мұң басым болса, басқасында ол ашу-ызамен күмкеріледі, үшіншілері өздерін кінәлі сезініп, өз-өздерін ұяттымын деп ойласа, төртіншілері әкесімен қоса анасын да жоғалтып аламын ба деген қорқынышпен әкесінің кеткеніне не ашуланарын, не мұңаярын білмей қиналады. Эмоциялар әр индивитте әр түрлі көрінуі мүмкін – мұң, қайғы, ауырсыну сезімдері, ашу-ыза, кінә сезімі және қорқыныш – бұлардың барлығы баланың ата-анасының ажырасуына көрсететін қалыпты реакциялары. Көп жағдайда ата-аналар баланы өзіне тартуға тырысып, баланы бір бірлеріне қарсы қойып, жағдайды одан сайын ушықтыра түседі.

Сәбиді манипуляция үшін, негативқұрал ретінде, жау жағындағы барлаушы немесе екінші жақты тартуға арналған арқан ретінде пайдаланатын адамдар санаты бар, бұндай әрекетке ешқашан баруға болмайды. Мамандар ажырсу кезінде баламен етене жақын қарым-қатынас жасап, психологтын көмегіне де жүгіну керектігін айтады. Өйткені көбіне отбасындағы бала ашу-ызасын ішке бұғып аурушаң болуы да жасырын емес. Бала әлі кішкентай , мұндай жәйтті түсіне қоймас деу өте қате пікір. Өйткені бала ата-ананың көз қарасынан-ақ көп нәрсені аңғара алатын жан. Балаға өзінің аффектілерін көрсетуге мүмкіндік беру, ұзақ әңгімелесу кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу, коалиция жасауға тырыспау, яғни басқа ата-ананы кінәламау, осыған байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу-бұлардың барлығы бала үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсететін көмектерінің алғашқы қадамдары болып табылады. Бала үшін ажырасу жағдайының маңыздылығын бағаламауға әкелетін ата-ананың күнә сезімі оларды иллюзияға сенуге немес баласы үшін ажырасу ешқандай қорқыныш тудыратын оқиға бола қоймас дегенге үміттеніп, осы себептерге байланысты ата – аналар баланың жан айқайын байқамайды немес оларды көрсетуге кедергі келтіреді. Мұндай ата-аналардың жағдайын ажырасу арқылы келтірген ауырлықты өз жауапкершілігіне алғысы келмейтіндігімен түсіндіруге болады. Жауапкершілікті өзіне ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні басқа адамға жабу тек ажырасудан кейінгі алғашқы көмекке ғана кедергі келтіріп қоймай, көптеген балалардың психикалық жағдайларының нашарлауының екі негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Баланың ажырасуға деген реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез-құлқы, жан айқайы ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Баланың мінез – құлқындағы өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты екендігін де түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін жалғыз сезініп, ажырасу жағдайына тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын күшейе түседі.

Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез – құлық ата – ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді. Баланың алдында жанжал тудырып, керісудың еш қажеті жоқ. Себебі, бала бұл сәтте көбіне өзін кінәлайды. Ұрыс кезінде бір-бірін кемітіп, сенімсіздік танытқан ата-ананы енді бала үлгі тұтқысы келмейді.Балаға ұғынықты тілмен осындай шешім қабылдағандарыңызды түсіндіріп айтып, оған балаңыздың кінәсіз екендігін ескерткен жөн. Ажырасу кезінде мүлікті бөлгенмен, баланы бөлу әсте мүмкін емес. Балаға мұндай кезде ерік беру қажет. Іштей оған қай жақта ыңғайлы, кім көбірек уақыт бөле алады, міне сол жақта баланың болғаны абзал. Өзімен-өзі жалғыз қалып, жеке ойнап, қара бояумен сурет салып, түнде ұйқысы бөлініп, тәбеті қашқан, оқуға ынтасыз, тәрбиесі нашарлаған баланы міндетті түрде психолог маманға көрсетіп, оптимистік көзқарасын қалыптастыруға тырысыңыздар! Бала-өмірдің шамшырағы, ғұмырымыздың мәні. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны өте зор екенін естен шығармайық .



Қорыта келгенде, отбасындағы ажырасу жағдайы отбасы мүшелерінің барлығына, соның ішінде, жасөспірімдік шақтағы балаларының енді ғана дамып келе жатқан тұлғалық, эмоционалды, қарым-қатынас және т.б. сфераларына айтарлықтай зардабын тигізеді. Сондықтан да, отбасында ажырасуды болдырмау, олардың алдын-алу жолдарын қарастыру психолог мамандарының ғана емес, сонымен қатар , жалпы қоғам алдында тұрған үлкен міндет деп санаймын.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет