Айы, күні, жылы : 30. 01. 2018 жыл Өтілетін топ аты



жүктеу 75.86 Kb.
Дата19.07.2018
өлшемі75.86 Kb.
түріСабақ
«Адам ақылымен сымбатты , ұрпағымен қымбатты». «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар»- демей , ме халық даналығы . Көңіліне нұр құятын , өміріне сән беретін , өрлеуге үндейтіндей даналық емеспе бұл?! Иә, шынында да бала – бақыт , бала – қуаныш бала – шаттық , бала - мақтаныш , бала – сүйеніш , бала – болашақ ... Міне сондықтан өз ұрпағының дүниеге келген күннен бастап оның болашағына алаңдап тәрбиесіне мән берген. Қазіргі таңда , қоғам үшін әр кезеңде әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл қыздарының , дені сау, рухани бай еңбекке білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы алатын қайнар бастауы отбасы және балабақша, мектеп екені аян . Жас күнінде бала қандай тәрбие алса, сол ізбен алға қарай өседі. Сондықтан жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз , шығармашылықпен жұмыс істей алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Осы бағытта біздің «Балауса Балғын» ясли балабақшасында , балалардың жас ерекшелігіне байланысты «Алғашқы қадам» «Зерек бала» «Біз мектепке барамыз атты» бағдарламаларды, басшылыққа ала отырып , бес сала бойынша жұмыс жасайды атап өтсек , «Коммуникация» білім беру саласы, «Таным» білім беру саласы , «Шығармашылық» білім беру саласы , «Таным» білім беру саласы , «Әлеумет» білім беру саласы. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша , Сөйлеуді дамытудан жүргізген Ұйымдатырылған оқу қызметімді ұсынамын...
Шығыс Қазақстан Облысы

Тарбағатай ауданы

Ақжар ауылы

КМҚК «Балауса-Балғын»

ясли-бақшасы»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеу дамыту

Тақырыбы: «Мысық»

Тәрбиеші: Сагдолдина Гульназ Сайлаухановна

2017-2018 оқу жылы
Айы, күні, жылы : 30.01.2018 жыл

Өтілетін топ аты: «Балапан», Балбөбек» ерте жас тобы (1-2жас).

Уақыты: 10.00.

Бала саны: 12

Өтетін орыны: Топ бөлмесі.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Мысық»( сурет бойынша әңгіме)

Білімділік бағдарламалық мақсаты: Балаларды үй жануары мысықпен таныстырып ,сурет бойынша жұмыс барысында қойылған сұраққа бір, екі сөзбен жауап беруге машықтандыру.

Білімділік дамытушылық мақсаты: Жалпы мағлұмат бере отырып, тәрбиешінің баяндауы бойынша,мысықтың үйге тигізер пайдасы,тышқан аулап,сүт ішкенді жақсы көретінін,мысықтың дыбысталуын,дене бітімін сурет бойынша талдап,тілдік қорына жаңа сөздер (мысық,марғау,тышқан) енгізіу.Ой өрісін,тіл байлығын дамыту.

Білімділік тәрбиелік мақсаты: Үй жануарына қамқорлықпен қарауға, адамгершілік, жанашырлық , қасиеттерге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Сурет,тіл дамыту,қоршаған орта,сенсорика.

Әдіс тәсілдер: Баяндау, көрсету, түсіндіру,,сұрақ-жауап,тосын сый

Қажетті көрнекі құрал: Слайд,суреті,жұмсақ ойыншық,тірі мысық, үнтаспа,сүт,

Сөздік жұмыс: Мысық,,марғау,жүні жұмсақ,сүт,ет,тышқан,т,б

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы: 8-10 минут.

Ұйымдастыру: 2 минут.

Негізгі бөлім: 6 минут.

Бекіту: 2 минут.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-

оятушылық.

Балалар бәріміз бірге жылулық шеңберін құрайық.

Жоғары қарап күн көрдім!

Төмен қарап жер көрдім!

Оңға қарап,солға қарап!

Егеменді ел көрдім!

Ұйымдастырылған оқу қызметінде қалай отырамыз?





Балалар шеңбер бойына тұрады.

Қимылмен көрсетеді.



Ұйымдастырушылық Ізденушілік.

Тосын сый:

Сергіту сәті:


Балаларға үнтаспадан мысықтың дауысын тыңдату.

-Балалар ненің дауысы?

-Мысық дұрыс айтасыңдар балалар.

-Тобымыздың маңайынанан мысықтың дауысы шығатын сияқты,

Осы сәтте есік қағылады, еден жуушы сөзі: дәлізді жинап жүріп, адасып тоңып жүрген , мысық баласы марғауды тауып алдым, дәліз суық қой,осы топқа кіргізіп қойсам бола ма,иесі табылса алып кететін шығар.

-Балалар бәріміз мына мысықтың баласы марғауға қамқор болып,сүт берейік қарны ашқан шығар.

(балаларға марғаудың сүт ішкенін көрсету).

-Мысық баласы марғау үй жануары, екенін айтып өтіп, дене мүшесін сипаттап көрсету.

-Қанеки бәріміз мұқият мына суретке назар аударайықшы не көріп тұрмыз?

-Мысықтың жүні жұмсақ, түрлері әр түрлі,ала мысық,ақ мысық,қара мысық, сұр мысық болады. Қане бәріміз дауыстап буынға бөліп (мы-сық) деп айтайықшы, балалар дауыстап айтады. мысық қалай дауыстайды?

Суреттегі мысықтың түр-түсін, дене мүшесін талдап , балалардан сұрау, жекелеген балаларды тақтаға шығарып мысықтың басы, екі құлағы, көзі , тұмсығы, төрт аяғы , құйрығы , қай жерде орналасқанын сұрау. Мысықтың баласын марғау дейміз, бәріміз бірге қайталайық буынға бөліп айтайық (мар-ғау) мысық сүт ішкенді,ет жегенді тышқан аулағанды жақсы көреді.

-Осы сәтте, Мадина марғауын іздеп келеді.

-Сәлеметсіңдерме балалар ! мен марғауымды іздеп жүрмін көрген жоқсыңдар ма?

-Бұл марғаудың иесі Мадина екен балалар!

-Марғаудың адасып жүрген жерінен еден жуушы апай, тоңған болар, жылынып алсын деп осында әкелді , қарны ашып қалыпты, жаңа сүт бердік.

-Менің марғауыма қамқор болғандарыңызға көп рахмет!

Мені үйде апам күтіп қалған шығар,

Марғауымды алып үйге қайтайын.

-Сау болыңдар балалар!

Шаршағанымызды басып, сергіту жаттығуын орындап алайық:



Керіледі мысық.

Бізге көзін қысып,

Жүгіреді жылдам.

Жымырайды құлақ,

Құйрығын бұлғап.


Мысық.

Балалар таңырқай қарайды.

Мы-сық

Мар-ғау


Мы-сық

Мияу –мияу!

Қимылмен орындайды.


Қорытындылау

Рефлекстік (коррекциялық)


Мысық қалай дауыстайды?

Мысықтың баласын не деп айтады?

Мадина несін жоғалтып алды ?

Мысық не ішкенді жақсы көреді? Мысық не аулайды?

Бүгін ҰОҚІ-не барлығың өте жақсы қатыстыңдар, мен сендерге ҰОҚІ-нен естелік болсын деп, мынандай әдемі жұмсақ ойыншық, мысықты,баласы марғауды алдым, бәріміз бірге осы жұмсақ ойыншықпен күннің екінші жартысында ойнаймыз.

Бәріміз бірге мысықтардың әнін тыңдап , ҰОІӘ аяқтайық.




Балалардың жауабы

Балалар музыка ырғағымен билейді.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Мысықтың мүшелерін, марғау деп нені айтамыз.

Игеру керек: Мысықтың адамдарға тигізетін пайдасын.

Үйрену керек: Жетелеу сұрақтарға жауап беруді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. www,сооgle. ru сайты

2.Отбасы және балабақша



3.Бала тәрбиесі.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет