Айгожин Айтмукан Бекбулатұлы Пәні: биология Сыныбы: 8 сабақтын тақырыбы: Қан жасушалары сабақтың мақсаты Білімділік : Организмнің ішкі ортасы,яғни қан жасушасының құрамы



жүктеу 62.55 Kb.
Дата30.06.2017
өлшемі62.55 Kb.
түріҚұрамы
c:\users\1\desktop\hwht0hh0ymk.jpg

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы

Малыбай жалпы орта білім беретін мектебінің

биология, химия пәндерінің мұғалімі

Айгожин Айтмукан Бекбулатұлы

Пәні: биология

Сыныбы: 8

Сабақтын тақырыбы: Қан жасушалары

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Организмнің ішкі ортасы,яғни қан жасушасының құрамы мен қызметті жайлы білімдерін қалыптастыру .

Дамытушылық: Оқушыларды топпен және жеке-дара жұмыс істеулерін қадағалау арқылы білім-біліктігін және оқуға деген құштарлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыны сүйіспеншілікке , бір-біріне деген сыйластыққа баулу және гигиеналық тазалыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО элем-н пайдалану.

Сабақтың пән аралық байланысы: Экология, химия.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Бағалау.



І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу

- сыныптың тазалығын тексеру

- сыныптың кезекшілігін анықтау

- оқушыларды түгендеу

- сабаққа дайындықтарын тексеру



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 тапсырма



  1. Бас бұлшық еттеріне қандай бұлшық еттер жатады?(мимикалық және шайнау бұлшық еттері)

  2. Адамда қанша қаңқа бұлшықеттері болады? (600-ден астам)

  3. Құрсақ бұлық еттерінің қызметі қандай?( ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды.)

  4. Бицепс пен трицепс бұлшық еттердің қызметі қандай? (бицепс –қолды шынтақ буынында бүгеді, трицепс –қолды жазады)

2 тапсырма

Сәйкестіктігін анықтаңдар

1.Ұзын бұлшық еттер

2.Жалпақ бұлшық еттер

3. Қысқа бұлшық еттер

а) трапеция тәрізді бұлшық ет;

ә) құрсақтың тура бұлшық еті;

б) артқы қабырғааралық;

в) іштің көлденең жолақты бұлшық еті;

г) иықтың екі басты бұлшық еті;

ғ) балтыр бұлшық еті;

д) ішкі қабырғааралық бұлшық ет.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қан плазмасыбарлық қанның, шамамен, 55-60% көлемін құрайтын мөлдір, түссіз сұйықтық.Оның құрамында 90-92% су, 7-8% нәруыздар, шамамен, 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар мен басқа заттар белгілі бір осмос қысымын реттейді.Барлық плазманың 70 – дан астамы 1 минут ішінде ұлпа сұйықтығымен алмасады.Қан плазмасы нәруыздары әртүрлі қызмет атқарады..Мысалы: глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады; альбуминдер плазмадғы су мөлшерін реттейді; фибриноген қан ұюына маңызды рөл атқарады.Фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.

c:\users\1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\001.jpg c:\users\1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\001.jpg

Тірек-сызба нұсқалармеп жұмыс

Қанның құрамы
Плазма Қан жасушалары

эритроцит

Минералды тұз су орг. зат лейкоцит

тромбоцит

нәруыз май глюкоза

глобулин-р альбумин-р фибриноген


Эритроциттер немесе қызыл қан жасушаларының пішіні диаметрі 7-ден 10 мкм-ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Мұндай пішін эритроцит бетін 1,5 есе үлкейтеді және газ алмасу үшін едәуір тиімді болып табылады.Жетілген эритроцитте ядро болмайды. 1 мм3 қанда 4,5-5 млн эритроциттер болады. Адам организмінде барлығы орташа алғанда 25 триллион эритрциттер бар деп есептеледі.

Эритроцитте ерекше нәруыз –қанға қызыл түс беретін гемоглобин болады. Гемоглобиннің негізгі қызметі – оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау.



Лейкоциттер – ядросы бар және белсенді қозғалатын ақ қан жасушалары.Дені сау адамның 1 мм3 қанында 6-8 мың лейкоцит болады.Лейкоциттер сүйек кемігінде, көкбауыр мен лимфа түйіндерінде түзіледі. Олардың тіршілік ұзақтығы 2-4 күн, кейде бірнеше жылға созылады. Лейкоциттердің микроорганизмдер мен басқа бөгде денелерді белсенді қоршап алу, сіңіру және қорыту процесін ең алғаш орыс ғалымы И.И. Мечников ашып, «фагоцитоз» деп атады.

c:\users\1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\002.jpg

Қан жасушалары

Эритроцит Лейкоцит Тромбоцит


Тромбоциттер-қанның ұйығыш. қамтамасыз ететін жасуша деп аталады. Түссіз, домалак пішінді. 2-5мкм келетін ядросыз жасуша. Қаның 1мм3 250-400мың болады, тіршілігі-7-10 күндей.Көкбауыр мен өкпеде бұзылады.Тромбоциттердің негізгі қызметі –қанның ұю және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысу.

анализ крови расшифровка моноциты. развернутый анализ крови расшифровка
ІV. Бекіту кезеңі

1 тапсырма




Қан плазмасы




2 тапсырма

Көрініс

Бір адамның қолы жараланды сол кезде қан жасушаларының, яғни эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттердің сырттан келген бактерияларға қарсы іс –әрекеттің, көрініс ретінде көрсеттіңдер. Мысалы: қан плазмасы – қарапайым халық; эритроциттер – оттегі мен қоректік зат тасымалдаушы саудагерлер; лейкоциттер – бактериялармен шайқасқа түсітін жауынгерлер; тромбоциттер – жараны танып,өз денесімен жабатын құрылысшылар; бактериялар – сырттан келген қатігез жаулаушылар.

3 тапсырма.Биологиялык, диктант



  1. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, ....... мен ........түзеді.

  2. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі - ......... тұрады.

  3. Қан ...... ұлпасына жатады және аралық .... орта болып саналады.

  4. Қан сұйық бөліктен - ........ және онда қалқып жүретін формалы элементтер : ......... , ....... және ........ тұрады.

  5. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы, шамамен, .... күн , содан кейін ........ мен ...... бұзылады.

  6. Эритроцитте ерекше нәруыз –қанға ..... түс беретін ........ болады.

  7. ......... организмді бактериялардан қорғауға қатысады; ....... плазмадғы су мөлшерін реттейді; ....... қан ұюына маңызды рөл атқарады.


V. Үйге тапсырма беру. §30 оқып, мазмұндау

Кестені толтырындар

Қан жасушалары

Ұқсастықтары

Айырмашылығы

Эритроциттер







Тромбоциттер







Лейкоциттер








VI. Бағалау
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет