Аитв–жұқпасы қалай көрініс береді



Дата15.04.2017
өлшемі24.23 Kb.
АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес

АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес және тұтастай алғанда, барған сайын алаңдаушылық туғызып отырған індеттің, адамның ішкі жан дүниесін жұту әсері болып табылады. Осынау жағдайды тоқтатып, кейін шегіндіру үшін алдын алу білімі саласындағы белсенді қызметі, дүниежүзілік науқанның маңызды бөлігіне айналды.

АИТВ/ЖИТС әлеуметтік проблема болып табылады. Бұның әр адамға қатысы бар. Алайда, жастар, әсіресе бойжеткен қыздар көбіне-көп АИТВ/ЖИТС ауруына шалдығады.

Осы ауру басталысымен АИТВ/ЖИТС төңірегінде қуатты метафоралар пайда болады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен туындаған және таратылған осынау метафоралар, осыған шалдыққандарды таңбалау мен кемсітуді күшейте түседі. Оның үстіне, осындай жағдайдағы метафоралар, кейбіреулерді бұрыс ойлауға мәжбүрлеп, осы ауру туралы бұрыс түсініктің пайда болуына, адамдардың вирус жұқтыруы және ЖИТС-пен ауруы мүмкін екендігін жоққа шығаруға дейін жеткізеді.

АИТВ/ЖИТС туралы ойластырылған қарым-қатынас, жастарға осындай метафоралар мен таңба тағуларға сыни көзқараспен қарауына және вирус таралуын болдырмауға әкелетін жаңа жобаларды әзірлеуге талпынуына мүмкіндік бермек.

Сондықтан бейресми білім беру жүйесімен қолдау көрсетілетін, проблеманы тереңірек сезінуге бағытталған науқан, сондай-ақ ақпарат көздеріне кеңінен қолжетімділік, жастар арасында АИТВ/ЖИТС таралуын азайту тұрғысында шешуші мәнге ие болады.

АИТВ адам организміне түсіп, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, соның нәтижесінде оның жұмысы зардап шегіп, ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дамиды. Науқастың организмі жұқпа мен ісіктен қорғану мүмкіндігінен айрылады, қалыпты иммундық күйі бар адамдар үшін жат, екінші қайтара шартты патогенді аурулар пайда болады.

АИТВ–жұқпасы қалай көрініс береді

Иммун тапшылығы вирусының білінбейтін жасырын кезеңі болады, ол шамамен 3-6 аптаға созылады. Осы мезгіл өткен соң жағдайдың 50-70% жедел қызба кезеңі басталып, оған мыналар ілесе жүреді:

температураның көтерілуі ( кейде 37,5°С жоғары емес);

тамағының ауруы;

буындарының, бұлшық еттерінің ауруы;

бас ауруы;

ұйқышылдық, жалпы дімкәстік, тәбетін жоғалту;

лимфажүйесінің ұлғаюы;

лоқсу, іш өту, құсу;

тері бөртпесі, шырышты зақымдану;

сірлі менингит ( өте сирек).

Әдеттегі салқын тию мен ерекшеленбей көрініс беріп және 1-2 аптадан кейін өтіп кететін АИТВ-жұқпасының алғашқы симптомын оңай шатастырып алуға болады (жедел қызба кезеңінің қанша уақытқа созылатыны науқас иммунитетінің жай-күйіне байланысты болады).



ЖИТС-тың пайда болу белгілері

Әдеттегідей, жұқтырған кезден бастап 1-3 айдан кейін организмде АИТВ-ға антидене өніп шығады, және нәтижесінде ауру симптомына айналады. Кейде осы кезең 10 жылға дейін созылуы мүмкін, ал кейбір науқастарда бұл кезең тіптен болмайды.

ЖИТС-тың алғашқы белгілері көбінесе өкпені зақымдаумен, Капоша саркомының дамуымен, зеңнің тері мен шырышты қабықшаны зақымдаумен, кандидозада, пневмоцисты өкпенің қабынуымен,ұзаққа созылған қызбамен білінеді.

АИТВ-жұқпасы жағдайының 10% өте тез өтеді және осыған сәйкес ЖИТС –те әдеттегідей, өте тез көрініс береді, жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан соң науқастың хал-ахуалы тез нашарлай бастайды.



2 АҚЕ ПӘК дәрігер- эпидемиологы Жазира Борисқызы Төлепова
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2015
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
2015 -> Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары
2015 -> Аитв-жұқтырған анадан туған баланың есебін жүргізу
2015 -> Кеңес беру этикасы мен қағидаттары
2015 -> Дұрысы және қауіпсізі Жасөспірімдер арасында аитв/житс-тың алдын алу
2015 -> Аитв және әйелдер Еркектерге қарағанда әйелдердің жыныстық жолмен аитв-инфекциясын жұқтыруының қауіп-қатері неге жоғары?
2015 -> Аитв індетінің алдын-алу және одан қорғану белгілері!


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет