Аитв кезіндегі цитомегаловирусты инфекция



жүктеу 37.13 Kb.
Дата01.06.2017
өлшемі37.13 Kb.
АИТВ кезіндегі цитомегаловирусты инфекция

Цитомегаловирусты инфекция (ЦМВИ)—адамның вирусты инфекциялық ауруы, оның қоздырушысы ұшықты вирустар тұқымдасынан адамның цитомегаловирусынан тұратын ДНК болып табылады. Вирусты бөлшектер бүкіл денесінен анықталуы мүмкін болуына қарамастан, HCMV көбінесе сілекей бездерімен бірігеді. Сау ағзада өзі ешқандай көрініс бермейді, алайда ол–иммун тапшылығы бар АИТВ жұқтырылған адамдар, трансплантаттарды қабылдаушылар, нәрестелер үшін өлімге ұшырататындай қауіпті. HCMV жұқтырғаннан кейін ағзада өте ұзақ уақыт бойы жасырын сақтаушы болмақ. HCMV жер шарының барлық жерінде және барлық әлеуметтік-экономикалық топтарда анықталған. Дүние жүзінде адамдардың шамамен 40% жұқтырған, бұл тұтастай алғанда халықтың едәуір бөлігінде антидененің болуын көрсетеді. 

ЦМВ мен АИТВ арасындағы өзара қарым-қатынас өте күрделі, алайда ең бастысы осы вирустар біріне-бірі әсер етуін белсендіре түседі. ЖИТС-пен ауыратындардың бойында ЦМВ инфекциясының көрініс беруі—ЦМВ инфекциясының эндогенді белсенділігінің салдары деп есептеледі.

АИТВ оңды адамдарда цитомегаловирустың көрініс беруі, Т лимфоцит санының сандық мәнге дейін төмендейтін индикаторы болып табылады. Литиялық тізбек ішінде вирус жасушалардың айтарлықтай ұлғаюын туғызатын цитоқаңқаны зақымдайтындықтан вирус осылай аталған. Инфекцияны ядроішілік қоспалармен анықтау жолымен микроскопиямен анықтауға болады. Гематоксилин-эозинді реңкі кезінде, қоспалар заты ашық-қызғылт түске айналады, осыларды «үкілі көз» деп атайды.

Вирустың адамнан адамға берілуінің тетігі әлі күнге дейін белгісіз болып келеді, алайда вирус сілекей, несеп, шәует және басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы жүреді деп есептеледі. Вирус бөлінетін адаммен жақындасып интимді қатынас жасағанда берілу процесі жүзеге асады.

Инфекциялық ауру-цитомегалия-ЖИТС кезінде ең ауыр шартты патогенді аурулардың біріне жатады. Бұл ауру ЖИТС-пен науқастардың 20-50% кездеседі және осылардың көпшілігі өлімнің себепшісі болып табылады.

ЖИТС-пен ауыратындардың ЦМВ инфекциясы өкпені, ас қорыту жолдарын, ЦНС көзді зақымдау арқылы өтеді. Ауру көпшілік жағдайда жасырын, байқатпай дамиды. Науқастың бойында алдымен қатты шаршау, әлсіздік, тәбетінің тартпауы пайда болады, содан кейін температурасының көтерілуі, терлеу пайда бола бастайды. ЖИТС-пен ауыратындардың ЦМВ инфекциясы өтуінің кез-келген нұсқасы кезінде заңды түрде бауыры мен лимфиалық түйіндерінің ұлғаюы болады. Тыныс алу жолдарының зақымдануында, көбінесе клиникалық өкпе қабынуы (кәдімгі қарқындануы) көрініс береді. Науқасты әлсіздігі, жөтелуі, ентігуі, аурудың өршуіне қарай күшейе түсетін оттегі азаюының артуы да алаңдатады. Ас қорыту жолының зақымдануы—өңештен тік ішекке дейінгі кез-келген деңгейінде пайда болуы мүмкін. Науқаста өршіген арықтаудың, жиі-жиі іш өтуінен қызба аясында өңеш қабынуының (тамақ жұту кезінде қиналуы, өңеш бойымен тамақ өтуі кезінде ауруы; эзофагоскопия кезінде жалақ жара мен тіпті өңештегі шырышты қабықшасындағы жара анықталады), асқазан қабынуы, асқазан жарасы, колит (іштің ауруы, жалақ жара мен шырышты қабық бетінде жараның) белгілері пайда болады. Жалақ жара мен жара қан ағуының және тіпті перитониттің дамуы арқылы перфорациялардың себепшісі болуы мүмкін. Ішектің зақымдануы кезінде, әсіресе қатты арықтау тез дамиды. ЦНС зақымдануы кезінде созылмалы ағымда және тез өтетін (бірнеше айдан немесе тіпті аптадан кейін) ақыл-есінің кемдігіне әкелетін ми дерттері дамиды. ЦМВ инфекциясының әсер етуінен ЖИТС-пен ауыратындардың 20-25%-да хориоретинит анықталуда (бастапқыда зақымдануы біржақты болады, содан кейін екінші көзі зақымданады). Бастапқы сатысындағы процесс байқалмай өтуі мүмкін, алайда асқынуы соқырлыққа әкелмек.

Зертханалық жағдайда вирустың өзінде немесе зерттелетін материалда (қақырық, сілекей), оның ДНК–да, сонымен қатар қандағы антиденеде де болуын анықтауға болады. Вирусты диагностикалау үшін науқастың зерттелетін материалдарының жағындысына, баксебіндісіне зерттеуді тиімді жүргізу керек. Себебі, ЦМВ-ның ДНК болады, сырқаттың ауыр түрінде ПЦР зертеуі тағайындалады. Цитомегаловирусқа антиденені анықтау үшін қандағы қансарысуы зерттеледі. IgG антидененің болуы аурудың ауысыуы мен иммунитеттің болуы деген сөз. ЦМВ инфекциясына IgM антидененің болуы да алаңдаушылық туғызады, себебі мұндай нәтиженің өзі тәуекелді топтағы пациенттер үшін ағымдағы инфекциясы дегенді білдіреді.

Алдын алу шаралары өз ағзасында әлсіреген иммунитеті бар адамдарды цитомегаловирустың, сондай-ақ ұшықтың және басқа да аурулардың инфекциясынан қорғауға көмектеседі. Әдеттегіден артықша істі орындауға тура келмейді, тек қана өз денсаулығыңа қамқорлық жасаудың қарапайым қағидаларын ұстансаңыз жетіп жатыр, сонда вирус жұқпайды:

секстің қандай түрінің (қынаптық, ауыздық, аналды) қолданылуына қарамастан, көптен таныс емес серіктеспен жаныстық қатынас жасау кезінде мүшеқапты пайдалану керек;

бөгде адамның заттарын ешқашан пайдаланбау дағдысын ұстану керек. Басқа адамға тиесілі сүлгіні, ысқышты пайдалану аса жағымсыз әрі өте қауіпті болмақ;

жеке басының мақсатына бөгде адамның ыдысын, төсек жаймасын, қырыну аспаптарын пайдалануға болмайды;



егер олардың вирус тасымалдаушы болуы мүмкін екендігін білсеңіз, тіпті жақсы таныс адамдармен жақын араласпаңыз.

Н.К.СҮГІРОВА,

1 АҚЕ ПӘК дәрігер- эпидемиологы.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет