Аитв-жұқтырылған адамда химиялық әдіспен туберкулездің алдын алу аитв жұқтырылған балалар мен жасөспірімдерде химиялық әдіспен туберкулездің алдын алу



жүктеу 43.59 Kb.
Дата03.07.2017
өлшемі43.59 Kb.
АИТВ-жұқтырылған адамда химиялық әдіспен туберкулездің

алдын алу

АИТВ жұқтырылған балалар мен жасөспірімдерде

химиялық әдіспен туберкулездің алдын алу

АИТВ жұқтырылған адамда химиялық әдіспен туберкулездің алдын алу пациенттердің туберкулезбен ауруы ықтималдығын азайтуға және өмір сүруін ұзартуға мүмкіндік береді. Химиялық әдіспен алдын алуға айқындамалары АИТВ жұқтырылған пациенттер арасында туберкулез инфекциясының таралуына байланысты болады. Химиялық әдіспен алдын алуды жүргізу және оның ұзақтығы туралы мәселені шешу үшін маңызды критерий–туберкулезбен ауыратын АИТВ жұқтырылған адамнан туберкулез жұқтырған адамдардың саны болып табылады. Осы көрсеткіш пациенттің терапиямен және терапиясыз жүргізілген кезде өмір сүру мерзіміне байланысты болады. Микробактериялар бөліп шығаратын туберкулезбен ауыратын АИТВ-оң науқастардың өмір сүру мерзімі өте қысқа, ЖИТС–пен ауыратындардың өмір сүру мерзімі бір жылға жетпейді.

Алдын ала емдеу үшін науқастарды іріктеу критерийлерінің бірі–стандартты (2 ТЕ) өсуіне туберкулинді теріішілік енгізуге жауап алуға мүмкіндік беретін, іріңсіз бөртпенің көлемі болмақ, алайда осы айқындаманың тікелей корреляциясы мен АИТВ жұқтырылған пациенттердің қанында СD4+-лимфоциттердің мөлшері анықталмаған. Химиялық әдіспен алдын алудың тиімділігі иммунитеті басылған адамдармен қатар иммунитеті сақталған адамдарда да бірдей болады. Химиялық әдіспен алдын алудың жанама артықшылығы, АИТВ жұқтырылған адамның туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыс сипатына және мұндай адамдардың терапиямен және терапиясыз жүргізілген кезде өмір сүру мерзіміне байланысты болады. Пациенттің қауіп-қатері жоғары топқа тиесілігі (2 ТЕ ППД-Л–ға оң реакциясы бар АИТВ жұқтырылған нашақорлар немесе туберкулинге реакциясы жоқтар)– химиялық алдын алуды жүргізуге тікелей айқындамасы болады. Ерекше химиялық әдіспен алдын алу дұрыс жүргізілген кезде сырқаттанушылық жылына 100 жағдайға шаққанда 5,7-ден 1,4-ке дейін азаяды.

Химиялық әдіспен алдын алуды жүргізудің мерзімі мен препараттарды қабылдау кезектілігі белгіленбеген. АИТВ жұқтырылған пациенттердің қанында 200 мм3 және одан да аз мөлшерінде CD4+ лимфоциттерменизониазидтің 6 айлық курсын қабылдау неғұрлым негізді болып есептеледі. Терапия науқастың өмір сүру ұзақтығын орта есеппен 6-8 айға ұзартуғаға мүмкіндік бермек және 19-26% туберкулездің клиникалық түрі дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.



Химиялық әдіспен туберкулездің алдын алуға жататын АИТВ жұқтырылған адамдардың контингенті және химиялық алдын алудың режимі. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста тұрмайтын барлық АИТВ жұқтырылған адамдарға (балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге) химиялық әдіспен туберкулездің алдын алу, иммунды болтиг реакциясында оң АИТВ күйі анықталған жағдайда бір рет жүргізіледі. Оны аумақтық туберкулезге қарсы диспансердің дәрігер-фтизиатры тағайындайды, ал оны (химиялық әдіспен алдын алуды алатын адамдар үшін мейлінше қолайлы тұрғыда) ЖИТС орталығы немесе жалпы емдеу желісінің мекемелері жүргізеді. Химиялық әдіспен алдын алуды жүргізу үшін контингенттерді іріктеуге Мантуға туберкулинді сынама пайдаланылмайды. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста тұрмайтын АИТВ жұқтырылған адамдар химиялық әдіспен алдын алуды жүргізу кезеңінде туберкулезге қарсы диспансердегі есепке алынбайды.

Өкпе немесе өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста тұратын АИТВ жұқтырылған адамдарға (науқаста бактерияны бөліп шығаруының болуына қарамастан) науқаспен байланысы анықталған жағдайда, химиялық әдіспен туберкулездің алдын алуда бір рет жүргізіледі (3-кестені қараңыз). Егер АИТВ жұқтырылған адам бірнеше жыл бойы бактерия бөліп шығаратын адаммен байланыста болуын жалғастыра берсе, онда туберкулезге қарсы диспансердің ЦВКК химиялық алдын алудың екінші қайтара курсын жүргізу туралы шешім қабылдай алады. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста тұратын АИТВ жұқтырылған адамдар арасында химиялық әдіспен алдын алуды жүргізу үшін контингенттерін іріктеуге Мантуға туберкулинді сынама пайдаланылмайды. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста тұратын барлық АИТВ жұқтырылған адамдар туберкулезге қарсы диспансерде бақылауда болады. Олар химиялық әдіспен алдын алуға арналған препараттарды туберкулезге қарсы диспансерден, ЖИТС-тың аумақтық орталығынан, инфекциялық аурулар кабинетінен, аумақтық БМСК мекемелерінен (химиялық әдіспен алдын алу шарасын алатын адамдар үшін мейлінше қолайлы тұрғыда) тікелей алуына болады.

.АИТВ жұқтырылған адамдарда кешенді клиникалық-рентгенді зерттеу деректері бойынша туберкулездің белсенді түрі жойылғаннан кейін ғана химиялық алдын алуды туберкулезге қарсы диспансердің фтизиатры тағайындайды.

·Туберкулезді болдырмау үшін өкпе рентгенограммасы химиялық алдын алуды тағайындаудан 2 апта бұрын жасалуға тиіс. Егер рентгенограммасы 2 аптадан да бұрын жасалса, онда оны қайталап жасау керек. Бұл ретте фтизиатр науқастың амбулаторлық картасында туберкулездің жойылғаны туралы жазба жасайды және химиялық алдын алудың режимін (препаратты, дозасын, қабылдау ұзақтығын) көрсетеді.

· АИТВ жұқтырылған адамдарға химиялық әдіспен туберкулездің алдын алуда 6 ай бойы изониазид жүргізіледі. Изониазидтің таралуын жақсарту үшін тәулігіне 25 мг пиридоксин пайдаланылуы мүмкін. Пиридоксин болмаған жағдайда тек қана изониазид тағайындалады. Химиялық алдын алу рифампицинмен де (баламалы режим) 4 ай бойы жүргізілуі мүмкін. Рифампициннің антиретровирусты терапия аясында күшейетін бауырға уытты әсеріне байланысты баламалы режим стандарттағыдан нашар таратылады, сондықтан баламалы режим изониазидтің таралмаған кезінде, ерекше жағдайда ғана– туберкулезге қарсы диспансердің ЦВКК шешімі бойынша тағайындалуға тиіс.

· Химиялық әдіспен алдын алуды жүргізу кезінде препараттарды қабылдау күн сайын жүргізіледі. Препараттардың дозалары–изониазидтің немесе рифампициннің–пациенттің жасы мен салмағына қарай тағайындалады және туберкулезді химиялық терапиясының қарқынды фазасын жүргізу кезінде қолданылатын осы препараттардың дозаларына сәйкес келеді.

·Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста тұрмайтын АИТВ жұқтырылған адамдарға химиялық алдын алуды жүргізуге арналған препараттарға, аумақтық ЖИТС орталығымен жылына АИТВ инфекциясының жорамалданған жаңа жағдайларының саны туралы деректер тұрғысынан тапсырыс беріледі.

 Дәрігер фтизиатр Ә.Ж.ТӨЛЕМІСОВА



 




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет