АИТВ-жұқтырған анадан туған баланың есебін жүргізу
Балалардың бойында АИТВ-инфекциясының болуы әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып отырғаны мәлім. Балалар үшін АИТВ-ның негізгі көзі, әдеттегідей, инъекциялық есірткі тұтынатын, және бей-берекет жыныстық қатынас жасайтын, қауіп-қатерлі топтан шыққан әйелдер болып табылады. Әдебиеттердегі деректер бойынша, балалардың 90%-ы қан арқылы жұқтырады. Балаларда жұқтыру жағдайының тек 20-25% ғана қан және оның препараттары арқылы екені анықталған. Балалардағы АИТВ-инфекциясының патогенетикалық бірқатар ерекшелігі бар, бұл – оның бойында иммундық жүйенің қалыптасуының аяқталмауына байланысты болады. Балалардың бойында терең иммунды супрессия тез келеді, мейлінше ерте мерзімде иммунитетінің Т жасушалық және В жасушалық буындарының жеткіліксіздігі байқалады. Көбінесе тез үдейтін АИТВ-инфекциясының 15-20% ЖИТС-ке немесе бала өмірінің алғашқы 3 жасында өлімге ұшыратады. Аурудың баяу түрде күшеюі- 75-80% орташа өмір сүру ұзақтығы - 8-9.5 жыл.
Тез үдейтін АИТВ-инфекциясының факторлары мен белгілері: тууы кезінде пісіп-жетілмеуі, шала тууы, клиникалық көрінісі, тууы кезінде АИТВ-ға талдама нәтижесінің (+) болуы, оппортунистік инфекциялардың ерте дамуы, неврологиялық симптоматикасының ерте үдеуі, дамуының бұзылуы, іш өтуінің ерте басталуы.
Бала өмірінің бірінші айлығында АИТВ-инфекциясының ерте белгілері:
-
Клиникалық: бауырының , көкбауыры мен лимфатикалық ,әсіресе қолтық пен шабы жүйелерінің ұлғаюы. Оральды кандиоз (ауыз уылуы, стоматит) өсіп-жетілуінің персистиялық тежелуі, созылмалы іш өтуі;
-
Зертханалық: анемия, лейкопения, тромбоцитопения,трансаминаздың, гипергамма-глобулинемияның картуы.
Бүгінгі күнге облыс бойынша диспансерлік есепте АИТВ-инфекциясы диагнозымен 5 және 7 жастағы екі бала есепте тұрады. 5 жастағы бір бала антиреторовирусты терапияда тұр. Балалардың хал-жағдайы қанағаттанарлық. Балалардың хал-жағдайына тұрғылықты жері бойынша емханалық қызметпен бірлесіп қадағалау жасаудамыз.
Әлия Төлемісқызы Жиенғалиев
ЖИТС МОО диспансерлік бөлімінің меңгерушісі
Достарыңызбен бөлісу: |