Аитв және в және с вирусты гепатиттері



Дата12.03.2017
өлшемі44.68 Kb.
АИТВ және В және С вирусты гепатиттері
Вирусты гепатиттермен және АИТВ-инфекциясымен сырқаттануды өсу қарқынымен салыстыруға болады. Соңғы жылдары осылар орасан зор әлеуметтік мәнге ие болуда. Оның үстіне осынау аурулар, қазіргі заманғы бірыңғай ғаламдық проблема ретінде қаралады. Осы аурулардың берілу жолдары көбіне ұқсас келеді. АИТВ-мен өмір сүретін көптеген адамдар, бұл турасында өзі білмейтін, гепатиттің тасымалдаушысы болып табылады. Вирусты гепатиттер, әсіресе С гепатиті, білінбей өтуі мүмкін. Алайда гепатиттің вирустары бауырды бүлдіріп, денсаулыққа қатты нұқсан келтіреді. АИТВ-инфекциясы, әдеттегідей, гепатиттің дамуын тездетіп, оның асқынуына әкеледі. Сондықтан вирусты гепатиттердің бары-жоғына талдаманы тапсыру аса маңызды.

Әр түрлі берілу кезінде АИТВ жұқтырудың үлесі:

Дүниежүзінде АИТВ-инфекциясының барлық тіркелген жағдайлары ның жұқтыру жолдары бойынша былайша бөлінеді: жыныстық жолмен - 70-80%; инъекциялық есірткімен - 5-10%; медқызметкерлердің кәсіптік жұқтыруы - 0,01% кем; жұқтырылған қан құюдан - 3-5%; жүкті не сәбиін емізген анадан - 5-10%.

АИТВ-ның дамуы қалай өтеді. Өзіне АИТВ берілетін көптеген адамдар, тіпті бұл туралы талдама тапсырғанға дейін күдіктенбейді. Вирус берілгеннен кейін АИТВ-инфекциясының бірінші сатысы - жасырын кезеңі басталады. Жасырын кезеңі кезінде организм АИТВ-ны сезе бастайды, оған қарсылық етеді. Иммунды жүйе дене қарсылығын – ерекшелік белогын түзе бастайды, ол вирусты қоршаулайды. Өкінішке қарай, организм АИТВ-инфекциясынан толықтай арылуға қауқарсыз болады. Дене қарсылығы пайда болғаннан кейін АИТВ-инфекциясының симптомсыз сатысы келеді. Адам осы сатысында өзін қалыпты түрде, АИТВ-ға байланысты ешқандай ауруды сезінбейді, алайда АИТВ-жұқтырылған адам, сырқаттанудың бастапқы сатысының өзінде инфекцияны ықтимал таратушы болып табылады. Осылардың қатарына босанғанға дейін болашақ баласына және босанғаннан кейінгі кезде АИТВ берілуі мүмкін жүкті әйелдер де жатады. Бүгінгі күнге АИТВ-жұқтырылған әйелдерден жұқтырылған баланың ықтимал тууы шамамен 30% құрайды. Алайда, дәрігермен жүкті әйелге тағайындаған алдын алу іс-шаралары өткізілген жағдайда, анадан АИТВ-жұқтырылған баланың туу қауіпі 5-10% дейін төмендейді. Бұл - АИТВ-жұқтырылған анадан туылған 100 баланың 90-ны дені сау болады дегенді білдіреді. Егер оң серологиялық реакция 15 айдан асқанда анықталады деп саналса, онда бұл баланың бойында АИТВ-инфекциясының болуын көрсетеді. Егер 18 айдан асқан баланың бойында ЖИТС-индикаторлық аурулары болмаса және АИТВ-ға оң зертханалық талдамалары жоқ болса, онда мұндай бала жұқтырылмаған деп есептеледі. Дене қарсылығын енжар берген АИТВ-жұқтырылған аналардан туған балалар, шартты түрде науқас деп есептеледі. Олар АИТВ-жұқтырылған аналардан туған балалар қатарының көпшілігін құрайды. Балалардың өсуімен анадан берілген дене қарсылығының бүлінуі өтеді және, әдетте 2 жастан кейін, іс жүзінде осылардың бойындағы АИТВ-инфекциясына зертханалық тестілердің барлығы теріс болуда. АИТВ-инфекциясының симптомсыз сатысын емдемесе, ол ұзақ жылға созылуы мүмкін, содан кейін АИТВ- мен ауыратын көптеген адамдарда екінші қайтара сырқаттанушылық не ЖИТС өзіндік сатысы басталады. Бұл сатысында адамның бойында, оны еңсере алмаған, иммундық жүйесіне байланысты кейбір ерекшелік инфекциялық және онкологиялық аурулардың пайда болуы мүмкін. Емдемесе симптомсыз сатысы орта есеппен 10 жылға жуық созылуы мүмкін. Нонпрогрессорлар деп аталатын кейбір адамдарда ЖИТС –тың сатысы 20 және одан да көп жылдар ішінде де болмайды, ал АИТВ-инфекциясы іс жүзінде өршімейді. ЖИТС сатысының 1-2 жылдан кейін болуы сирек ұшырасады.

В және С гепатиттері. АИТВ-дан айырмашылығы, В және С гепатиттерінің вирусын жұқтыру әдәуір жеңіл өтетіндігін атап өткен жөн. Бұл - жұқтыруы үшін қажетті, вирустың мейлінше жоғары орнықтылығы мен азғантай дозасымен түсіндіріледі.

Вирусты гепатиттер көбінесе созылмалы инфекциялық ауруларға жатады, көбіне бауыр ісінуінің ықтимал дамуымен, бауыр циррозының дамуымен аяқталады. Ұрықтың гепатитке шалдығу қаупі, АИТВ-инфекциясымен салыстырғанда едәуір жоғары, және 90% дейін жетуі мүмкін. Жұқтыру, ананың вирус тасымалдауы кезінде, және плацент арқылы не босануы кезінде болуы мүмкін. Жасырын кезеңі (жұқтырудан бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болағанға дейінгі мезгілде) орта есеппен 2 – 6 ай құрайды, алайда қан арқылы гепатит қоздырушының берілуі кезінде (гемотрансфузия арқылы), 1,5 айға дейін қысқаруы мүмкін.

Бірқатар зерттеу деректері бойынша, В гепатитінің вирусын тасымалдаушы анадан туған балалардың 30%-да, одан ары қарай бауыр циррозы дамиды. Бүгінгі күнге В гепатитімен сырқаттанушылықтың алдын алудың мейлінше тиімді шаралары вакцинопрофилактика болып табылады. В гепатитіне қарсы вакцинация 1997 жылдан бастап егудің ациональды күнтізбесіне енгізілген. Туғаннан бастап барлық баланы вакциналау көзделген.



В гепатиті:

В гепатитіне келер болсақ, ол қысқа мерзімді тұмауға ұқсас жай-күймен; жүрек айнуымен және құсумен; іш өтумен; тәбетін жоғалтумен және салмағын жоғалтумен; сары ауруымен (терісі мен көз алмасының сарғаюымен, зәрінің күңгірт-сары түсімен, нәжісінің өңсізденуімен); терісінің қышуымен көрініс береді. В гепатитімен ауыратын адамдар көбіне жатқызып емдеуді қажет етеді. Ересек адамдардың көпшілігінде В гепатиті толықтай сауығуымен және өмір бойғы иммунитетінің қалыптасуымен аяқталады. Ересек жастағы жұқтырылған адамдардың 2-10%, вирустың созылмалы тасымалдаушысына айналады. Бұл адамдардың бойында бауырдың созылмал зақымдануы дамуы мүмкін. Бұдан басқа, вирус тасымалдаушылары айналасына жұқтырудың ықтимал көзі болып табылады.

В гепатит вирусының организмде ұзақ уақыт болуы: созылмалы гепатиттің; бауыр циррозының; бауырдың асқындауына әкелуі мүмкін.

В гепатитіне қарсы В вакцинациясы 3-6 ай ішінде вакцинаның 3 инъекциясы жүргізіледі. Курс аяқталған соң, емшара тиімділігін анықтау үшін қан талдамасы жүргізіледі. А және В гепатитіне егуді АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоюға болады.



С гепатиті:

С гепатитіне келер болсақ, сауықтыру мен алдын алу елеулі мәселе болып тұр. Көптеген адамдарда инфекцияның бастапқы сатысы, ешбір симптомсыз, жасырын түрде өтеді. Кей кезде тұмауға ұқсас, жүрегі айнып және құсатын, азғантай мезгіл сырқаттануы байқалады. Осы сатысында анда-сонда сары аурумен, іштегі аурумен, зәрінің күңгіртенуімен және нәжісінің өңсізденуімен өтеді. С гепатитінің вирусын жұқтырған аурулардың шамамен жартысы толықтай сауығады. Алайда науқастың басқа бір жартысында, аурудың сыртқы белгілері болмауына қарамастан, бауыр зақымдануының созылмалы үдерісі бірте-бірте дамиды. С гепатитінің созылмалы түрі көп жыл бойына сақталуы және елеулі түрде асқына дамуына әкелуі мүмкін. Оған бауыр сиррозы жатады-бұл жағдайда, қалыпты бауыр ұлпасы тыртықпен ауысады. Бауыр циррозы, С гепатиті вирусымен ауыратын адамдардың шамамен 20-40% пайда болады. Оның дамуына орта есеппен 20 жыл керек.



Қарақия аудандық емхана базасындағы АИТВ/ЖИТС бойынша анонимдік тестілеу және психоәлеуметтік консультация кабинетінің дәрігері Г.С. Бегнияз.
Каталог: pagefoto -> docfile
docfile -> Мерез және аитв мерез – баяу трепонемадан туындайтын, созылмалы жұқпалы ауру. Мерезді көбінесе «ауру императоры»
docfile -> Жыныстық жолымен берілетін жұқпалар және аитв/житс, алдын алу
docfile -> Парентеральды инфекции және оның алдын алу
docfile -> Соз ауруы деген не?
docfile -> Аитв- инфекциясы және іш өту
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
docfile -> Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет