Аитв және әйелдер Еркектерге қарағанда әйелдердің жыныстық жолмен аитв-инфекциясын жұқтыруының қауіп-қатері неге жоғары?



жүктеу 41.55 Kb.
Дата08.07.2017
өлшемі41.55 Kb.
АИТВ және әйелдер

Еркектерге қарағанда әйелдердің жыныстық жолмен АИТВ-инфекциясын жұқтыруының қауіп-қатері неге жоғары?

Жыныстық қатынас жасау кезінде әйелдерден еркектерге жұқтыруға қарағанда, еркектерден әйелдердің жұқтыру ықтималдығы шамамен үш еседей жоғары. Бұл мынадай жайлармен түсіндіріледі:



  • қорғалмаған жыныстық қатынас жасау кезінде, әйелдің қынабына түсетін ұрық сұйықтығының көлемі, әйелдің сөл бөлу мөлшерінен 2–4 есеге көп болады, яғни әйелдің организміне түсетін вирусты бөлшектерінің мөлшері де көп болады деген сөз;

  • әйелдерде осы арқылы вирус ішке түсе алатын үстіңгі беті едәуір үлкен (қынаптың шырышты қабықшасы жыныс мүшесінің ашық бөлігінен едәуір үлкен) болады;

  • ұрық сұйықтығындағы АИТВ, қынаптың сөліндегіге қарағанда көп шоғырынан тұрады;

  • жыныстық қатынастан кейін еркектерде гигиеналық емшаралар жасау жеңіл болады, және осылар әйелдердің бой түзеліміне қарағанда тиімдірек болады: ұрық қынапта бірнеше күн бойы қалады және кейіннен жұқтырудың қайнар көзіне айналады;

  • жыныстық қатынас жасау кезінде әйелдер әрқашанда қабылдаушы серіктес болып табылады, бұл – оған жұқтырудың жоғары қауіп-қатері ықпал етеді.

Еркектер мен әйелдерде аурудың дамуында айырмашылық бар ма?

АИТВ-инфекциясының өтуі адамның жынысына қарай емес, қайта оның иммундық жүйесінің жай-күйіне тәуелді болады. Себебі еркектерге қарағанда әйелдер иммунитеті төмендеуінің қауіп-қатеріне жиі ұшырайтын болса, (жүктілігі, әйелдердің жыныс аясындағы аурулары), онда әйелдерде АИТВ-инфекциясының өтуін болдырмау қиын болмақ – өйткені кез - келген сәтте аурудың өршуі мүмкін.

Әйелдерде АИТВ-инфекциясының дамуы жалпы алғанда еркектердің ауруына ұқсас өтеді. Алайда, еркектер мен әйелдер арасында анатомиялық, биохимиялық (мысалы, рН қынабы) немесе нейроэндокриндік айырмашылықтар салдарынан бірқатар ерекшелігі болады. АИТВ-инфекциясының өтуінде, күрделі гормоналды өзара әрекеттестік пен осыған байланысты инфекциялар қосылысының клиникалық көріністегі жыныстық айырмашылық та рөл атқарады.

Жұқтырылған әйелдердің шамамен үштен бірінде етеккірі келу айналымының әр түрлі бұзылуы байқалады. Осындай етеккірсіздік пен етеккір келуінің бұзылуы, әдеттегідей, АИТВ-дан туындайтын гормональды бұзылыстарға байланысты болады. Әйелдер организмінің әлсіз қорғаныш қабілетінің аясында асқынып өтетін кандидозға, жатырдың қосалқысы қабынуына және ұшыққа екінші қайтара шалдығуына мейлінше бейім болады.

АИТВ-инфекциясы кезінде, әсіресе әйелдің жыныстық тұсының аясында, қатерлі жаңа түзілген аурулар пайда болуы немесе оның дамуының қауіп-қатері  3–8 есеге артады.

АИТВ жұқтырылған пациенттерде өмір сүру ұзақтығының ерекше айырмашылығы жоқ. Оппортунистік инфекциялар немесе қатерлі аурулар анықталған кезде әйелдерге де, сонымен қатар еркектерге де «ЖИТС» диагнозы қойылады. Тұтастай алғанда, ауруды анықтайтын ЖИТС сипатын— екі жыныстағы адамдар үшін салыстыруға болады.  Бірқатар зерттеулер бойынша оның айырмашылығы – кандидоз, ұшық инфекциясы және  цитомегалды вирусты инфекциясы кезінде байқалған. Бұл аурулар әйелдерде жиі кездеседі, сонымен бірге еркектерде Капоши саркомасы ретінде жиі тіркеледі.

Әйелдер мен еркектер арасындағы психикалық аурулардың пайыздық арақатынасы теңдей мәнде (олардың  24%-да жеңіл дағдарыс пен үрейлену). Осы зерттеулерде әйелдерде дауысының елеулі өзгеруі, өзіне-өзі қол жұмсауға бейімдігі немесе психикалық себептермен ауруханаға түсуі байқалмаған, есесіне еркектерде бұллардың (2%) орын алғаны байқалған.

АИТВ –жұқтырылған әйелдердің денсаулығын қалай сақтауға болады?

 Өзінің режимін, диетасын және «зиянды әдеттерін» қайта қарауы керек — ендігі жерде бар күш-жігерін өзінің денсаулығы мен иммунитетін қалыпты ұстауға бағыттауы керек.

 Әсіресе гинекологта, жүйелі түрде медициналық тексеріліп-қараудан (жылына кемінде 2–3 рет) өтуі керек. Бұл – обыр ауруы дамуының қауіп-қатерін ұлғайтатын жыныс органдары мен венералогиялық аурулар инфекциясын уақытылы анықтауға және оны емдеуге мүмкіндік береді.

 Тек қана қорғанышты секспен айналысуы керек — бұл жыныстық жолмен берілетін қаламайтын жүктіліктен және инфекциялардан сақтайды. АИТВ-инфекциясы кезінде жыныстық органдар тұсындағы кез - келген инфекция қауіп төндіреді. Ал, қаламайтын жүктілік пен аборт жасатуда — қан кету және жаңадан инфекциялардың қауіп-қатері болады.



Жүктілік: иә немесе жоқ?

Осы сұраққа қалай деп жауап бергенге дейін, АИТВ жұқтырылған әйел босанғаннан және АИТВ жұқтырылған бала туу қауіп-қатерінен кейінгі жеке басының көңіл -күйінің ықтимал нашарлауына байланысты, көптеген сәттерін анықтауы және көздестіруі тиіс. Өзінің денелік хал-жағдайы туралы емдеуші дәрігерден міндетті түрде кеңес алуы керек. Егер әйел ерекшелікті емдеу алатын болса, онда контрацепция туралы мәселені талқылаған жөн, ал жүктілікті АИТВ-инфекциясы бойынша хал-жағдайы тұрақталғанға дейін кейінге шегеру керек. Әйел, баланы тәрбиелеуге кім көмектесетіндігін анықтауға және өзінің балалы болғысы келетін қалауынан бас тарта ма, әлде баланы туу немесе жүктілігін үзу жөнінде саналы түрде ұйғарым қабылдауға тиіс. Анасының осыны медиктердің иығына аудара салмай, анасының өзі (егер осының маңызы бар болса оның серіктесі де) ұйғарым қабылдауы маңызды болмақ.

Егер АИТВ/ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар проблемасы жөнінде мәселелер туындайтын болса, Сіз ЖИТС Облыстық Орталығынан мынадай көмек аласыз:

Медициналық, психологиялық кеңестер алу, АИТВ-ға және басқа да инфекцияларға тексеріліп-қаралу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлік бақылау және емдеу.

Ақтау қ., 3 ш/а 170 ғимарат, тел: 50-73-62, 50-05-25, 50-40-49

мекеменің сайты: www.antispid.kz



Мақаланы дайындаған ұйымдастыру бөлімі

эпидемиологының көмекшісі З.Г. Ишмаева




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет