Аитв-инфекциясын жұқтырудын қалай сақтану керек?



жүктеу 32.65 Kb.
Дата23.12.2017
өлшемі32.65 Kb.
АИТВ-инфекциясын жұқтырудын қалай сақтану керек?
Адамдар жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) жайында жақында ғана білді.

Африкада пайда болған бұл ауру 1981 жылы АҚШ-та диагносталды, бір жылдан соң Батыс Еуропада, кейіннен өте тез арада барлық континентте пайда болды.

Өткен жылдарда ауруды туғызатын вирустың бет-бейнесі, науқастың иммунды жүйесінде өтетін аурудың клиникасы, өзгерісі жақсы сипатталды.

ЖИТС-тың вирусты табиғаты расталған соң үш – төрт жылдан кейін, оны зертханалық диагностикалауға арналған тестілер құрылды. Алайда, медиктер бұл ауруды емдей алмады.

ЖИТС-пен ауыратын тіркелген науқастардың кез-келген жарияланған цифры, дереу ескіре бастайды, себебі науқастар саны тез өсіп отырады.

Дегенмен, жұқтырылғандардың әрқайсында ауру дами бермейді, олардың 70-тен 90% дейінгісі вирус тасымалдаушыға айналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пікірлері бойынша, бүгінгі күнге дүние жүзінде ( 1988 ж. басына) 5-тен 10 миллионға дейін АИТВ-инфекциясы вирусының тасымалдаушысы бар.

Әр түрлі өңірлерде вирустың таралу қарқыны әр түрлі. Орталық Африканың, Кариб бассейнінің жекелеген аудандарнда 20-40 жастағы әрбір еркектің төртіншісі және әрбір әйелдің төртіншісі АИТВ-инфекциясының вирусын жұқтырған, демек олар ықтимал инфекцияның көздері болып табылады.

Қазіргі кезде газеттер мен журналдардың беттерінде, телевизия мен радионың хабарларында: «ЖИТС — ғаламдық ауқымдағы апат», «Мен ЖИТС-тен артық қатігез кісі өлтірушіні білмедім» осы секілді қорқынышты тақырыптағы берілетін ақпараттар ағыны көбейіп кетті.

Мұның бәрі сенімді ақтамайтын үрей туғызады да, мәселені ғылыми негізі жоқ, мысалы, АИТВ-инфекциясының вирусы масалар, тер арқылы беріледі, сол арқылы мысықтар АИТВ-инфекциясымен ауырады, бұлар да осы инфекцияны таратушылар болады дегендей сенсация қуалаған жарияланымдармен күрделендіре түседі. Екінші жағынан, бұл проблемаға немқұрайлы және жеңіл-желпі қараушылықты да ешқандай сенімді ақтайтын және барынша оптимистік көзқарас деп есептеуге болмайды. Сенімі ақталмаған үрейі мен толықтай сақтанбауды ақыл-ой парасатымен ауыстыру үшін дәлме-дәл, ғылыми- шынайы ақпарат қажет. Әрбір адам өзіне не кауіп төндіретінін, ал не қауіпті емес екендігін анық білуге тиіс.

АИТВ-инфекциясын жыныстық қатынас жасау кезінде және қан арқылы жұқтырып алуы мүмкін; жұқтырылған жүкті әйелдің вирусы да дүниеге келген нәрестеге берілуі мүмкін.

Жұқтыру тұрмыстық қарым-қатынастарда орын алмайды. АИТВ-инфекциясы тілдескен кезде, жөтелген немесе түшкірген кезде, қол алысқан кезде, тамақ өнімдері арқылы берілмейді. Ортақ ыдыс-аяқты, ваннаны, жүзу бассейнін, қоғамдық әжетхананы пайдалану кезінде жұқтыру қауіп-қатері жоқ. ЖИТС-пен ауыратын науқасты күтіп-бағу кезінде, жұмыста да, отбасында да жұқтыру жағдайы болмаған.

Мұның бәрі АИТВ-инфекциясы вирусының сыртқы ортаға өте төзімсіздігімен түсіндіріледі. Сондықтан да АИТВ –мен ауыратын және жұқтырылған науқастың қолында болған заттар (кітаптар, ақшалар, ыдыс-аяқтар, қарындаштар) адамдардың денсаулықтары үшін қауіпсіз болуда.

АИТВ-инфекциясы, біз ұялғаннан ұзақ уақыт бойына үндемей келген нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализмдік туралы теріс пиғылды ашық айтуға мәжбүр етті. Енді, әлеуметтік өмір сүруге жат пиғылды адамдар АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары қауіп-қатерлі тобын құрап отырғаны дәл анықталып отыр.

Міне сондықтан да баршамыз, жыныстық қатынас жасайтын серіктестер санын көбейту, жұқтырудың қауіпін күрт арттыратынын жақсы ұғынғанымыз жөн. Мүшеқаптарды қолдану, жұқтырудың ықтималдығын азайтады. Сонымен бірге, осынау механикалық ұрықтануға қарсы қолданылатын құралдардың жүз пайыз кепілдік бермейтіндігін еске ұстау керек.

Есірткіні шприцпен ішке енгізетін нашақорларда АИТВ-инфекциясының вирусын жұқтырудың қауіп-қатері жоғары болады, оған шприцтің қабырғасы мен иненің саңылауында жұқтырып алуға жеткілікті мөлшерде вирус сақталып қалады, ал нашақорлар әдеттегідей, шприцті залалсыздандырмай қолданады.

Дәрілік заттармен екпе жасау кезінде медициналық мекемелерде вирустың берілу ықтималдығы нөлге тең, себебі залалсыздандыру оны сенімді түрде жояды.

Донорлық қанға қатысты айтсақ, қазіргі кезде қан мен оның препараттары арқылы жұқтыру мүмкіндігінің алдын алу үшін, қолдан келетін барлық қажетті шаралар алынуда.

АИТВ-инфекциясы жөнінде 1988 ж қаңтарда болдып өткен Дүниежүзілік конгресте ғалымдар, әрбір адам өзін АИТВ-инфекциясын жұқтырудан арыла алады деген ортақ пікірге келді. Ол үшін есірткі тұтынбай, кездейсоқ жыныстық қатынас жасамаса жетіп жатыр.



Осынау қарапайым талаптарды әр адам білуге тиіс. Сондықтан да дүниежүзінің медиктері: «Мәдениетсіздіктен өзіңді өлімге ұшыратпа!» деп ескертеді.


Мұнайлы ауданы ПӘК дәрігері Г.К. Аманжолова




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет