Аитв індетінің алдын-алу және одан қорғану белгілері!



Дата15.07.2017
өлшемі22.05 Kb.
АИТВ індетінің алдын-алу және одан қорғану белгілері!
АИТВ және ЖИТС деген не? Кейбіреулер АИТВ мен ЖИТС екеуі бір мағынаны білдіреді деп есептейді. Бірақ олай емес, АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусымен қоздырылатын ұзақ ағымдағы ауру. ЖИТС – бұл АИТВ жұқпасының соңғы сатысы. ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы.

АИТВ қалай жұғады? АИТВ жұқпасы берілуінің тек үш жолы бар: Парентералдық жол - сау адам ағзасына АИТВ жұқтырылған қан түскен кездегі түрі. АИТВ жұқтырған адамның қанында вирустың көп мөлшері болады, ол тікелей басқа адамның қан ағымына түскен кезде өте қауіпті. Қан арқылы жұғудың әртүрлі жолдары бар, айта кетсек – ортақ инелер мен шприцтерді қолданғанда оте қауіпті, себебі инеде және шприцтің ұшында иньекциядан кейін қанның қалдығы қалады, қанмен ластанған ұстара немесе маникюрлік құралдар арқылы, залалсыздандырылмаған құрал-саймандар арқылы денеге сурет салғандада жұғуы мүмкін.

Жыныстық жол- қорғалмаған (мүшеқапсыз) кез келген адаммен жыныстық қатынас арқылы жұғуы мүмкін.

Тікелей жол – АИТВ-ның анадан балаға берілуі. Вирусты АИТВ жұқтырған ана баласына жүктілік, босану және нәрестені емізу кезінде жұқтыру мүмкін.

Мына жағдайларда АИТВ жұқтыру қаупі жоқ: қол алысқанда, құшақтағанда және сүйісулерде, жөтелгенде және түшкіргенде, тамақ дайындағанда және ішкенде, ортақ ыдысты, орамалдарды және төсек құралдарын пайдаланғанда, дәретхананы және жуыну бөлмесін пайдаланғанда, ұжымдық спортпен шұғылданғанда, жәндіктер шаққанда және жануарлар тістегенде.

АИТВ жұқтырудың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау керек: кездейсоқ сексуалдық қатынаста мүшеқап пайдалану; есірткі қолданбау немесе есірткіні иньекциялық түрде енгізуден аулақ жүру, ондай болмаған жағдайда залалсыздандырылған ине шприцтер қолдану; денеге сурет салуға немесе пирсингке арналған залалсызданған құрал-саймандар пайдалану; жеке бас гигиенасының құралдары тек өзіңіздікі болуы керек.

Егер сіз кездейсоқ біреудің инесін шаншып алсаңыз не істеу керек? Мұндай жағдайда АИТВ вирусы және вирусты гепатитінің В және С түрін жұқтыру қаупі бар. Кездейсоқ ине шаншып алған жағдайда жарадан қанды сормай жараланған жерді ағынды су астында ұстап , сабынмен жуу қажет.

Адам АИТВ жұқтырғанын қалай анықтауға болады? Аурудың басында адам аурудың белгілерін сезбеуі мүмкін және дені сау болып көрінеді. Егер адам есірткі тұтынған болса немесе қорғалмаған жыныстық қатынаста болса өз денсаулығына немқұрайлы қарамай АИТВ-ға тестілеуден өту қажет, тест тапсыру үшін тамырдан аз ғана мөлшерде қан алынады. Зертханалық тест вирусқа антиденелердің бар жоқтығын анықтайды. Антиденелер - бұл бөгде заттың-вирустың енуіне жауап ретінде ағза өндіретін қан плазмасының белоктары. Алайда, қанға АИТВ вирусын түскен кезде қан талдамасынан анықтауға болатын ағзаға қажетті антиденелер санын өндіру үшін орташа есеппен 3 ай қажет. Бұл кезең жұқтырған сәттен зертханалық тесттен анықтауға қажетті антиденелер санын өндіруге дейінгі кезең «серологиялық терезе» деп аталады. Ол АИТВ-ға тестілеудің нақты нәтижесі серологиялық терезеден кейін, яғни жұқтыру күдігінен кейін 3 айдан соң алынуы мүмкін. АИТВ-ға тестілеу сіздің көп уақытыңызды алмайды. Оны ақысыз, жасырын немесе құпиялы түрде тапсыруға болады.


Кальменова К.Д.

ПӘК бөлімінің дәрігері
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2015
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
2015 -> Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары
2015 -> Аитв–жұқпасы қалай көрініс береді
2015 -> Аитв-жұқтырған анадан туған баланың есебін жүргізу
2015 -> Кеңес беру этикасы мен қағидаттары
2015 -> Дұрысы және қауіпсізі Жасөспірімдер арасында аитв/житс-тың алдын алу
2015 -> Аитв және әйелдер Еркектерге қарағанда әйелдердің жыныстық жолмен аитв-инфекциясын жұқтыруының қауіп-қатері неге жоғары?


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет