Адыраспан түтінінің адам денсаулығЫ Үшін маңызы зерттеудің мақсаты



Дата07.01.2018
өлшемі265.52 Kb.
АДЫРАСПАН ТҮТІНІНІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН МАҢЫЗЫ
Зерттеудің мақсаты: Адыраспан өсімдігінің халық медицинасында қолданылуын, оның ішінде өсімдікті түтету арқылы бөлінген түтінімен сырқаттардан емделу себептерін анықтау, зерттеу. Түтін құрамынан табылған химиялық элементтер мен эфир майлары, басқа да қосылыстардың фармацевтика саласында дайындалған дәрілер құрамынан табу, әсерін салыстыру. Сол арқылы адыраспанның емдік қасиеттерін одан әрі насихаттау.

Зерттеудің әдістері: Адыраспан өсімдігінің түтінінің құрамын зертханада анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: «Емдік қасиеті бар» деп бұрын халықтық сеніммен қолданылып келген өсімдікті ғылыми тұрғыда зерттеп, медицина саласында адыраспан өсімдігінің деңгейін көтеру. Адыраспан өсімдігі түтінінің қандай дәрілік препараттарды алмастыра алатынын анықтау.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең: Адыраспан өсімдігі туралы теориялық мәліметтер, материалдар жинақтау.

2-кезең: Адыраспан өсімдігінің түтінінің құрамын анықтауға зертханалық жұмыс жүргізу.

3-кезең: Жинақталған материалдарды қорытындылап, екшеп, баспадан шығарып, түптеу.

Қорытынды: Адыраспан түтінінің химиялық құрамынан анықталған заттардың әсер ете алатын сырқат түрлеріне халықтық емнің осы түрін кеңінен қолдану керек.

Зерттеу барысындағы ұсынысым: Зерттеу барысында анықталғандай, емдік шөптер арқылы, соның ішінде адыраспан түтіні арқылы емдеуге болатын ауруларды ағзамызды әр түрлі дәрілермен уламай халықтық медицина тәсілдерімен емдеуді қолданысқа енгізу. Және осы өсімдікті киелі, емдік өсімдік ретінде арнайы қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.

Абстракт


Тема исследования: «Важность дыма палыни для здоровья человека»

Цель исследования: В народной медицине для лечения применяется, только дым растения. С помощью дыма больных лечат. А лечение проводится с помощью масел, которые изготовливаются эфирно химическими элеметами, которые выявили из состава дыма, и других слияний



Abstract

Research subject:«Importance of a smoke of a wormwood for health of the person»

Research objective:

In traditional medicine to treatment it is applied, only a plant smoke. By means of a wormwood of patients treat. And treatment is carried out by means of oils which are made by radio chemical elements which revealed from smoke structure, and other merges being a part of drugs. These pharmaceutical branches are engaged in production of drugs.



Ways of research:

In laboratory to reveal structure of a smoke of a plant.



Scientific forecast of research:

Having investigated a plant from the scientific point of view,it is necessary to raise level of importance of this plant. Smoke of a wormwood can apply as medicines.



Investigation phases:

  1. stage:

Theoretical data on a plant and to summarize materials.

2-stage:

To enter laboratory work chemical elements as a part of a plant.



3-stage:

Collected materials need to be edited.



Conclusion:

Elements which came to light in a chemical composition of a smoke of a wormwood, need to be applied in national treatment.



My offer during research:

During research became clear, medical herbs, it is possible to treat through a wormwood smoke in the national ways of medicine.And this plant needs to be considered as a sacred and medical plant for healthy lifestyle application.



Қуанышова Мадина дайындаған «Адыраспан түтінінің адам денсаулығы үшін маңызы» атты ғылыми мақалаға

СЫН – ПІКІР.

Халқымыздың дәуірлік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол саналған шөптердің бірі «адыраспан».Біздің ата –бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып,осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле –жәлелерден сақтауға тырысқан.Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап,сол жын шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.


Осы дәрілік шөптің түтінін зерттеуді мақсат етіп алған Қуанышова Мадинаның ғылыми жұмысында жоғарғыда аталғандай шөпті түтеткеннен кейін адамның сырқаты саябырлап,науқасынан айыға бастауының себебін зерттеп, түсіндіріп көрген. Адам ауруынан кей жағдайда толықтай жазылып кететініне себеп болатын адыраспан түтінінің құрамында не бар екенін анықтау –ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Адыраспан өсімдігінің халық медицинасында қолданылуын, оның ішінде өсімдікті түтету арқылы бөлінетін түтінмен сырқаттардан емделу себептерін анықтау, зерттеу жұмыстарымен айналысқан.Түтін құрамынан табылған химиялық элементтер мен басқа да қосылыстардың фармацевтика саласында дайындалған дәрідердің құрамынан іздеп,әсерін салыстырған.Сол арқылы адыраспанның емдік қасиеттерін одан әрі насихаттауға,осы өсімдікті киелі,емдік өсімдік ретінде арнайы қорғау жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жүргізу керек деген ой,ұсыныстар берген.

КІРІСПЕ


Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.

Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған.



  • Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған.

  • Екіншіден, ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген.

  • Үшіншіден, сол жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген.

  • Төртіншіден, жұлушы кісі міндетті түрде Аллаһқа құлшылық етіп, «Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим! Мен келдім әр нәрсеге, адыраспан, Атыңды қойған екен Омар, Оспан. Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!» деп барып, өсімдіктің сағағына қолын тигізген.

Бұл жердегі Омар мен Оспанның пайғамбарымыз Мұхаммед салауаллаһу-ғалейһи-с-саламның әйгілі төрт сахабасының екеуі екенін мүмкін жұрт білетін шығар деп ойлаймыз.

Осы дәрілік шөптің түтінін зерттеуді мақсат етіп алған ғылыми жұмысымызда жоғарыда аталғандай шөпті түтеткеннен кейін адамның сырқаты саябырлап, науқасынан айыға бастауының себебін зерттеп, түсіндіріп көретін боламыз. Осыншалықты адам ауруынан кей жағдайда толықтай жазылып кететініне себеп болатын адыраспан түтінінің құрамында не бар екенін анықтау – ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Адыраспан өсімдігінің халық медицинасында қолданылуын, оның ішінде өсімдікті түтету арқылы бөлінген түтінімен сырқаттардан емделу себептерін анықтау, зерттеу жұмыстарымен айналыстық. Түтін құрамынан табылған химиялық элементтер мен басқа да қосылыстардың фармацевтика саласында дайындалған дәрілер құрамынан табу, әсерін салыстыру. Сол арқылы адыраспанның емдік қасиеттерін одан әрі насихаттау.

3
ІІ БӨЛІМ.



  1. АДЫРАСПАН ТУРАЛЫ АҚИҚАТ...

Біз бала жасымыздан осы адыраспанның арасында өстік десек те болады. Маңғыстау облысы да адыраспан өсімдігінің бір мекені десек те болады. Көбінесе далалы жерлерде, кейде үйлердің аулаларында да өсіп тұратын кездері болады. Осылай өсіп кеткен киелі шөптің арасымен жүргенде, ата-әжелеріміз оларды аттап өтуге болмайтынын айтатын. Ал, ауламызда өсіп тұрған адыраспанды көргенде басқа облыстардан қонаққа келген тумаларымыз: «Үйлеріңіздің алдында киелі өсімдік өсіп жатқан сіздер қандай бақыттысыздар!» деп қызығатын. Ал олар өз жерлерінде өспегендіктен алып-сатарлардан базардан қымбат бағасына емі үшін сатып алатынын айтатын. Сол кезде бала болсақ та, «адыраспан» атты қасиетті өсімдікті танып өсіп, оған тиюге болмайтынын бүкіл санамызбен түйсіндік.http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/03/75/2011/04/28/e7416d.jpg

Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп, 1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.

Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Оны да төбесі жабық болғанымен, ауа өтіп тұратын бастырма астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.

4
Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше. Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге

асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Түркияда ерте кезеңдерден ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояған.

Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады.

Біздің адыраспан жөніндегі бір білетініміз осы.

5


  1. АДЫРАСПАННЫҢ ӨСІМДІКТЕР АРАСЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ.

Адыраспан

адыраспан гүлі

Адыраспан гүлі



Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Plantae

Бөлімі:

Magnoliophyta

Табы:

Magnoliopsida

Сабы:

Sapindales

Тұқымдасы:

Түйетабандар тұқымдасы

Тегі:

Peganum

Түрі:

P. harmala



Екі-есімді атауы

Peganum harmala L., 1753

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптектес өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі және Кавказда кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, елді мекендерге таяу алқаптарда, сондай-ақ құрғақ, тасты беткейлерде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.

6

Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген, етті өсімдік. Гүлі ақ және сары түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы бекітілген және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Тостағаншасы – бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см аталығы 15. Мамыршілдеде гүлдейді, шілде – тамызда піседі. Жемісі – қоңыр түсті ірі ұрығы бар, көп тұқымды диаметрі 1сантиметрдей шар тәріздес үш жеміс қалтасынан тұратын қауашақ. Қатты хош иісі бар. Топтанып өседі . Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады. Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзге үсік болғанда аяқталады.




  1. АДЫРАСПАН ХАЛЫҚ ҰҒЫМЫНДА...

Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге – кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.

Сондай-ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.

«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек.

Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан – улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады.

7


  1. АДЫРАСПАН – ДӘРІЛІК ӨСІМДІК

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы “ Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады,” “Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында” деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин Нон айтқандай, шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз. Емдік шөптер – үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр”, “Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік”, “Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек…” Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден – жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан. Мәдени өсімдіктерден – капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т.б. Соның ішінде адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсақ, халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған.

8


  1. ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында адыраспанды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.

Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяңмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.

Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған.

Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінде атақты Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған. Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады.


Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден-ақ белгілі болған. Бұл арада оның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді, қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде қолданады.

9

Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді. Ол үшін осы айтылған құрамдағы 10 грамм қоспаны жарты литрдей суға салып 2 сағат тұндырады. Содан соң оны баяу жанған отқа қойып 8 минуттай қайнатады. Суыған соң сүзіп тазалайды. Препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек.



Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады.

Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады.

Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден  соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға  қайталап салып төрт рет пайдалануға болады.
Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн. 

10


  1. ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек, бұл сөзіміздің дәлелді екенін анық аңғара түсер едік.

Адыраспанның тұқымында: 3,5-6 % алкалойд, 60% гармалин, 30% гармин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивицинон, шөбінің құрамында: 1,5-3% алкалойд, 60% пеганин мен вазицинон бар. Бұдан басқа аздау көлемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылған. Тамырында: 1,7-3,3%, сабағында: 0,23-3,57%, жапырағында: 1,07-4,96%, гүлінде: 2,82%, жемісінде: 1,08% хинализин мен индол бар.

Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас ауруды, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин мен пеганин қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазан мен жүректің жұмысын баяулатады. Адыраспан түтінімен сал ауруын емдейтін де болған. Оның жапырағын ісікке таңып, булама жасаса, ол тез қайтады. Тағы бір елдерде адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде қолданады. Бұл шөптің емдік қасиеттері бұдан да көп...

Адыраспанның құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан – улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.

Сақталу жолы: шикізатты салмағы 20 кг- нан аспайтын қапқа салады. Сақтау мерзімі 2 жыл.

11

ІІІ БӨЛІМ.



Зерттеу жұмыстарын санэпиднадзор мекемесінің зертханасында жасаймыз деп жоспарлаған болатынбыз. Зерттеу мақсаты бойынша адыраспан өсімдігінің түтінің құрамынан анықталғанындай адыраспанның тұқымында 3,5-6 % алкалойд, 60% гармалин, 30% гармин және аз мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивазицинон. Шөбінің құрамында 1,5-3% алкалоид, 60% пеганин және вазицинон бар. Және де аз мөлшерде: пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылды. Көп мөлшерде алкалоидты заттар – тамырында 1,7 – 3,3 %, сабағында – 0,23-3,57%, жапырағында – 1,07-4,96%, гүлінде – 2,82%, жемісінде 1,08%, тұқымында 2,38-4,59% хиназалин мен индол бар екені мәлім болды.

Бұл аталған элементтер пеганин гидрохлорид, дезоксинпегонина гидрохлорид таблетка және укол ретінде қолданылады. Адыраспан дәрісі (препарат) қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын, тер шығаратын, ішек құрттарын өлтіру үшін, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин және пеганин алкалоидын паркинсонизм, сал, қояншық ауруларын емдеу үшін қолданады.

Фаркмакологиялық зерттеулер бойынша емдік шөптің 1% және 10%-дық тұнбасының стафилакокқа қарсы белсенділік қасиетке ие екенін көрсетті. Гармин мен пеганиннің әсері қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазанның, жүректің жұмысын баяулатады. Гармин бас миының қимыл-қозғалыс орталығы қабатына және орталық жүйке жүйесіне қозу әсерін береді, «камфора» секілді әсер етеді. Гармин препаратын көп мөлшерде қабылдаса безгек ауруына шалдығады. Пеганин гарминге қарағанда күштірек.

Пеганин алкалоиды (пеганин гидрохлорид) антихолинэстеразды құрал ретінде әсер етеді, яғни жатырдың және ішектің тегіс бұлшық етінің жұмысын белсендіреді, сөлдің бөлінуін күшейтеді, іш қату кезінде және ішектердің атониясы кезінде әлсірететін құрал ретінде қолданылады. Пеганиннің 1%-дық қайнатындысы мен 0,25%-дық ерітіндісі өте күшті микробқа қарсы әсерге ие.

Ауғанстанда адыраспан түтінімен сал ауруларын емдейді.

Бұл өсімдікті 1928 жылдан бері дәрі – дәрмекке пайдаланып келеді. Мұны жүйке және сал ауруына қарсы қолданады.

Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. 

12

Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады. 



Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады.

Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден  соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға  қайталап салып төрт рет пайдалануға болады.



Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.

Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы және тамыры пайдаланылады. Тұқымынан “ Дезоксипеганин гидрохлорид” деген препарат алынады. Бұл препарат мононеврит, неврит, полиневрит, және миазтенид ауруларын емдеу үшін қолданылады. Өсімдіктің шөбін гүлдеген кезде дайындайды, тамырдан жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде темір шатыр астына көлеңкеге және ауа өтіп тұратын жерге кептіріледі. Сақтау мерзімі 2 жыл. Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық жақсы ауа өтіп тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.

13

IV БӨЛІМ.



ҰСЫНЫС.

Зерттеу барысында анықталғандай, емдік шөптер арқылы, соның ішінде адыраспан түтіні арқылы емдеуге болатын ауруларды ағзамызды әр түрлі дәрілермен уламай халықтық медицина тәсілдерімен емдеуді қолданысқа енгізу керек деп ойлаймын. Жоғарыда айтқанымыздай, адыраспан өсімдігі көптеген ауруларға ем. Өсімдікті түтеткен кездегі әсері туралы өткен бөлімдерде айтып өттік. Және оны тек түтетіп қана қоймай, басқа жолдармен де (тұнбасын, шөптің ваннасын, қайнатпасын, т.б.) емдік мақсатта қолдануға болады. Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінде атақты Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден-ақ белгілі болған.

Тұнба ретінде ішкі мүшелерге суық тигенде, малярия, лихорадка, мерез ауруларына пайдаланады, ал шөптің ваннасы буын ауруына және қышыма мен тері ауруларына қолданылады. Шөптің тұнбасымен ірі қара малдардың қотырын, әсіресе, ботаның қотырын мал дәрігерлері емдеген. Шөптің қайнатпасын невростении және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ал қызыл иек ауырғанда шөптің қайнатпасымен ауызды шаяды. Ауғанстанда адыраспан түтінімен сал ауруларын емдейді, ал жапырағынан ісікке таңатын булама жасайды. Тұқымның қайнатпасымен демікпені емдейді. Зәр қуалайтын қасиеті бар. Үндістанда жақында ғана адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде және аборт жасау үшін қолданады. Кавказда адыраспанның жаңадан жасалған шырынын іш ауруының алғашқы стадиясын емдеу үшін береді. Көз нашар көрсе адыраспанды балмен, шараппен, фенхель шырынымен және тауық өтімен араластырып ем ретінде қолданған. Буындарға суық тигенде ауырған жерге жағады.

Бұл өсімдікті 1928 жылдан бері дәрі – дәрмекке пайдаланып келеді. Мұны жүйке және сал ауруына қарсы қолданады. Адыраспаннан жасалған гармалин алкалоиды әсері жағынан банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол энцефалиттің шығуы салдарынан болған ауруды және жүйке жүйесінің бір қатар басқа да ауруларын емдегенде жақсы нәтиже береді. Бұл гармалин алкалоидын қолданғанда қан қысымын жоғарылатады, тыныс алуын жиілетеді, жүректің, ішектің, жатырдың бұлшықетін демалдырады.



Шөптің тұнбасы: 1 стакан қайнатылған суға 1 үлкен қасық адыраспан шөбін салып 30 мин қойып қою, дәкемен сүзіп алу. Бір қасық дайындалған ертіндіні күніне 2 – 3 рет суық тигенде және малярия ауруына қолданылады.

Қарсы көрсеткіштері: Адыраспан өсімдігі – улы.
14

Халықтық емдеу жолдары: Адыраспанды жазда немесе күзде жинап жаңа күйінде немесе турап кептіріп дайындайды. Тұқымын піскенде жинап алады. Қасиетті уы бар,өкпені тазалап, жөтелді басады, уытты қайтарады.

Басты ем болатын түрі және әзірлеу тәсілі.

1. Сабағы мен жапырағын қайнатып өлшем бойынша ішсе талма, сал ауруы, ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс ауруына ем болады.

2. Құстыруға, сабағымен жапырағынан 30 грамм шаншып, 120 мг суға қайнатып шырынын сүзіп алып 90 грамм бал, 60 грамм күнжіт майымен араластырып ішкізсе дереу құстырады.

3. Бастың созылмалы ауруына талмаға, 50 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып күніне 30 граммнан бір ай ішсе жақсы нәтиже береді.

4. Ревматизм ауруларына, күніне 4-6 граммнан 15 күн ішсе ауруды басады. Оған зығыр тұқымын қосып жалғастырып ішсе демікпені басады.

5. Тіс ауруына, адыраспанның шөбімен ыстаса, тістің қақсап ауырғаны басылады.

6. Буынның қабынуына жас сабағын жапырағымен лайықты мөлшерде жаншып, буынға тартады.

Дайындау мөлшері. Сабағы жапырағынан қажетіне қарай 4-8 грамм тұқымынан 0,1-0,3 грамм дайындалады.

1.Тұндырма жасау.

1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан ыстық қайнап тұрған суға 1-5 минут салып жабық ыдыста тұндырады. Оны 45 минут суытып сүзіп алған соң пайдаланады. 1 ас қасықты 3-4 рет тамақ алдында ішеді. Ал, халық ішінде дәріні таң атарда ішеді.

2. Қайнатпа жасау.

1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан салқын суға 1-3 сағат ұстап сонан-соң шамалы отқа 30 минут жабық сырлы ыдыста бұқтырып қайнатады. 10 минут суығаннан кейін дәке арқылы сүзеді де, 1 ас қасықпен 3-4 рет тамақ алдында ішеді.
Осы өсімдікті киелі, емдік өсімдік ретінде арнайы қорғау жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жүргізу керек деп о йлаймыз. Өйткені, қазіргі таңда осы бір киелі шөптің алып-сатарлар саны да көбеюде. Ал олардың бұл өсімдіктерді қайдан, қалай, қандай жолдармен әкеліп жатқаны бізге беймәлім. Жобамыздың басында айтып кеткеніміздей бұл өсімдікті жинаудың, кептірудің өзіне тән ерекшеліктері мен ережелері бар екенін білесіздер. Сол тәртіптің орындалғанына кім кепілдік бере алады?

15

Осындай ойлармен емдік, дәрілік өсімдікті қорғаудың қандай шаралары жүргізілетінін білгіміз келіп ғаламтор желісінен деректер іздестірдік. Тапқан мәліметтерге сүйене отырып, Орманды жанама пайдаланудың ҚР Орман кодексінің 88 бабы 4 тармағының тармақшасы бойынша Мемлекеттiк орман қоры аумағында орман ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері бойынша адыраспан өсімдігін нормадан тыс жинағаны үшін 1 кг-на алынатын төлемақы мөлшері 1700 теңге есебінде екенін анықтадық. Бұл мәліметке де қуанып қалдық. Дегенмен, әлде де бақылау жұмыстарын ұйымдастыру шараларын күшейту керек деп ойлаймыз.

16

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. «Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997, «Атамұра» 32-бет.

  2. «Бейнеу» Тарихи-танымдық әңгімелер, Алматы, 2002, «Информа»,

94-бет. «Өлке табиғаты».

  1. «Рауан» газеті, 2007, 24-мамыр, «Адыраспан» Б.Әзірханов.

  2. «Денсаулық» журналы, №3, 2009ж. «Адраспан – киелі шөп», Г.Әймішева.

  3. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.

  4. KILYZAMAN, 1 сәуір 2011

17

Абстракт


Зерттеудің мақсаты: Адыраспан өсімдігінің халық медицинасында қолданылуын, оның ішінде өсімдікті түтету арқылы бөлінген түтінімен сырқаттардан емделу себептерін анықтау, зерттеу. Түтін құрамынан табылған химиялық элементтер мен эфир майлары, басқа да қосылыстардың фармацевтика саласында дайындалған дәрілер құрамынан табу, әсерін салыстыру. Сол арқылы адыраспанның емдік қасиеттерін одан әрі насихаттау.

Зерттеудің әдістері: Адыраспан өсімдігінің түтінінің құрамын зертханада анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: «Емдік қасиеті бар» деп бұрын халықтық сеніммен қолданылып келген өсімдікті ғылыми тұрғыда зерттеп, медицина саласында адыраспан өсімдігінің деңгейін көтеру. Адыраспан өсімдігі түтінінің қандай дәрілік препараттарды алмастыра алатынын анықтау.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең: Адыраспан өсімдігі туралы теориялық мәліметтер, материалдар жинақтау.

2-кезең: Адыраспан өсімдігінің түтінінің құрамын анықтауға зертханалық жұмыс жүргізу.

3-кезең: Жинақталған материалдарды қорытындылап, екшеп, баспадан шығарып, түптеу.

Қорытынды: Адыраспан түтінінің химиялық құрамынан анықталған заттардың әсер ете алатын сырқат түрлеріне халықтық емнің осы түрін кеңінен қолдану керек.

Зерттеу барысындағы ұсынысым: Зерттеу барысында анықталғандай, емдік шөптер арқылы, соның ішінде адыраспан түтіні арқылы емдеуге болатын ауруларды ағзамызды әр түрлі дәрілермен уламай халықтық медицина тәсілдерімен емдеуді қолданысқа енгізу. Және осы өсімдікті киелі, емдік өсімдік ретінде арнайы қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.

МАЗМҰНЫ:


І. Кіріспе бөлімі......................................................................................................

ІІ. Теориялық бөлімі ............................................................................................



    1. АДЫРАСПАН ТУРАЛЫ АҚИҚАТ... ...........................................

    2. АДЫРАСПАННЫҢ ӨСІМДІКТЕР АРАСЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ. ..............................................................................................

    3. АДЫРАСПАН ХАЛЫҚ ҰҒЫМЫНДА... ....................................

    4. АДЫРАСПАН – ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ...........................................

    5. ЕМДІК ҚАСИЕТІ ...........................................................................

    6. ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ................................................................

ІІІ. Зерттеу бөлімі .............................................................................................. ..

ІV. Қорытынды ....................................................................................................

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................

VІ. Қосымша ........................................................................................................





Каталог: uploads -> doc -> 0961
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0961 -> «Поuо –хакас ипчiнiy кjксiн чазаxаy ниме»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет