Аңдатпа: Кілті сөздер



Дата19.07.2017
өлшемі84.85 Kb.
«Маскүнем отбасындағы балалармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс»

Орындаған: Әріпбай Азамат

Aripbay.azamat@gmail.com

Аңдатпа:

Кілті сөздер:

Маскүнемдік – спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл  адамның  денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді.

Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Әлеуметтік педагог – Әртүрлі әлеуметтік-мәдени ортада балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман. Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлығындағы ауытқуды анықтай отырып, оны қоршаған микроортаны зерттейді және балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.  Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады.» деп айтқандай.  Отбасы – әлеуметтік институт болып табылады, ол жерде бала дамуы қалыптасады, бала ең алғаш өмірлік сабақтарын алып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке, басқа адамдарға деген сенімділікке үйренеді. Бір сөзбен айтқанда, отбасы баланың әлеуметтенуіне көп үлесін қосады. Осылай болуыда тиіс. Бірақ, өмірде тек жақсығана бола бермейді.



Қазіргі таңдағы балалардың ең қорқынышы – маскүнем немесе нашар отбасында дүниеге келуі. Бірақ отбасы таңдау балалардың еркінде емес екені айтпай-ақ белгілі. Дәл осындай отбасыларда баланың әлеуметтенуі дұрыс болмайды.

Мемлекетіміздің болашағы қазіргі балалардың қолында болғандықтан, баланың тәрбиесіне көңіл бөлгеніміз дұрыс. Сондықтанда маскүнем отбасындағы балалармен әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілер жұмыс жасауын тоқтатпау қажет.

Қазір елімізде кей отбасыларда ішімдік ішіліп жатады. Арты жанжалға ұласып, төбелеспен аяқталады. Бұл  кезде баланың психологиялық жағдайына ешкім көңіл бөлмейді. Осы бір жайт белең алмаса, азаяр емес. Егер статистикаға көз жүгіртсек, еліміздің 35% араққұмар екен. Бұл біз үшін жақсы көрсеткіш емес. Осының кесірінен қаншама отбасы ажырасып, ата-ана құқығынан айырылып, балалар жетімдер үйін паналап кетіп жатыр. [1]

Бұл мақаланы жасудағы мақсатым: маскүнем отбасындағы балалардың мінез-құлқын және қалай көмек беру керек екенін әлеуметтік педагогтарға көрсету. Өмірдегі барлық бала бақытты болуға лайықты екенін

Маскүнем отбасындағы балалардың психикасы.

Баланың отбасындағы өмірінде әкесі немесе анасы ішімдікке тәуелді болса психикалық жарақат ғана алып қоймай, тұлға болып қалыптасуынада тікелей әсер етеді.

Маскүнем отбасындағы балалардың психикасында жиі кездесетін проблемаларын қарастырып өтсек:

- Қорқақтық

- Жасқаншақтық

- Сенімсіздік

- Немқұрайлық

- Тәрбиесіздік

- Білімсіздік

Осының бәрі баланың болашағы үшін қауіпті. Маскүнемдік  отбасынан туындайтын бірнеше психологиялық ауытқушылық факторларға тоқталып өтсек мыналарды байқаймыз: 

Басылып қалушылық.

Маскүнем, бақытсыз отбасындағы балалар өз өмірін  әр қашанда өзге бақытты отбасындағы ата-аналарымен салыстырып отырады. Жай отбасылардан қарағанда маскүнем отбасындағы балалар екі есеге дейін депрессияға ұшырайды. Барлық балалар депрессияға ұшырайды деп айта алмаймыз, егер олар балалық шақтарын көңіл- күйлі, жақсы өткізсе әрине ондай қауіптен аулақ болады. Осы себепті жасөспірімдердің тез басылып қалу қауіпі басым тұрады.

Өз-өзін төмен санауы.

Баланың өзін- өзі бағалауы, олардың дарынды және бірегей  болуы ата-аналардың назар аударуы жағдайында дамиды. Маскүнем ата-аналар  балаларды мақтаудан гөрі сынға көп алады. Өзі жайында балаға теріс көзқарас қалыптастырады. Мысалы:

          - «Мен дұрыс адам емеспін;

          - Жолым болмайтын адаммын;

          - Мен басқаларға қиыншылық әкелемін;

          - Мен ақылды адам емеспін;

          - Маған  сенуге болмайды;

          - Мені ешкім жақсы көрмейді»,  деген сияқты балаға жастайынан миына осындай теріс пиғылды кеңестерін сіңіру арқылы баланың өз-өзіне деген сенімін жоғалтады. Болашағына балта шабады.

Кінә.

Кейбір балалар әке-шешесінің маскүнемдікке салынуың себебін өзінен көреді. «Мен жақсы тәртіпті бала болғанда, әкем осылай жүрмес еді» деген сияқты өзін кінәмшіл сезінеді. Мен түзелемін деумен үмітін үзбей жүреді. Бұндай отбасындағы балалар өмірбақи өз күш -қуатын (энергиясын) жұмсаумен өтеді.



Қорқыныш.

Қорқыныш күнделікті үйреншікті сезімге  айналып кетеді. Ата-анасының аяқ астынан қандай кейіпке түсетіні баланың нәзік сезіміне әсер етеді. Арақ ішіп келе ме екен? Анаммен төбелесе ме екен? Мені не деп кіналайды деген сияқты қорқыныш сезімі баланың бойынан табылады. Бұл нәрсе ертеңгі күні қорқақтыққа немесе бір беткейлікке алып келеді.

Қайғыру.

Маскүнем отбасында өскен балалар өсе келе өмірде жолы болмай келеңсіздік жағдайларға душар болса, әкем осылай ішпесе мен мұндай кейіпке түспес едім деп қайғырады. Балалық кезім бала сияқты өткен жоқ деп жазғырады.   

Қысылу және оқшаулау.

Кейбір балалар оз әкесінің арақ ішкеніне ұялып қысылады. Себебі балалар арасында ойнап жүргенде әкесін мас кейіпінде көрген балалар келекетіп мазақтай бастайды. Осы сияқты, үйіне де достарын шақырудан да қысылады.

Егер де әкенің мас кейіпінде достарым көріп қалған жағдайда, баланың психологиялық жағдайы бірден өзгеріп шығады. Өз алдына көрінбейтін қамал салып, арман мен фантазияға, қиялға беріліп кететін болады.  Бұл нәрсе бала бойында 30 – 40 жасқа дейін созылуы мүмкін.

Маскүнем отбасындағы балалармен әлеуметтік оңалту жұмыстары.

Маскүнем отбасындағы балалардың көбісі девиантты мінез-құлықты балалар болып келеді. Олардың мынандай қылықтар көрсете бастайды:


  • Әлеуметтік нормаларды, ережелерді қабылдамауы.

  • Заң бұзушылық

  • Ішімдікке салыну

  • Нашақорлық

  • Сабақтан қашу

  • және т.б.

Әлеуметтік педагог девиантты мінез-құлықты балалармен және отбасымен жұмыс жасауы 3 кезеңнен тұрады:

  1. Диагностикалық

  2. Түзету оңалту жұмыстары

  3. Пост оңалту кезеңдер

Әр кезеңде өзіндік жұмыстар жасалуы тиіс. Оларға келетін болсақ:

  1. Әлеуметтік көмек

  2. Медициналық

  3. Психо-педагогикалық көмек

Бірінші кезең өте маңызды. Ол кезде оңалту жұмыстарының жобасы құрылады және отбасының әлеуметтік паспорты жасалады.

Кейіннен балаларға треннингтер өткізілген дұрыс.

1. Резистенттілік (əлеуметтік жағымсыз əсерге тұрақтылық) тренингі. Тренинг барысында девиантты мінез-құлыққа нұсқаулар өзгереді, жарнамалық стратегияларды тани білу дағдыларын қалыптастыру, құрдастар қысым көрсеткен кезде "жоқ" деп айту қабілетін дамыту, ата-аналар мен басқа үлкендердің (мысалы, ішімдік ішетіндердің) ықтимал жағымсыз əсері туралы ақпарат беріледі.

2. Ассертивтілік тренингі, немесе аффективті — құндылыққа үйрету тренингі. Ол девиантты мінез-құлық эмоционалды ауытқушылықтармен тікелей байланысты деген түсінікке негізделеді. Аталмыш мəселенің алдын алу үшін жасөспірімдер эмоцияларды тани білуге, оларды қолайлы түрде көрсетуге жəне түңілуді (стрес) жеңе білуге үйретіледі.

3. Өмірлік дағдыларды қалыптастыру тренингі. Өмірлік дағдылар дегеніміз — тұлғаның ең маңызды əлеуметтік іскер- ліктері. Ең алдымен, бұл қарым-қатынас жасау, достық байла- ныстарды сақтау жəне тұлғааралық қарым-қатынастардағы қақты- ғыстарды шешу іскерлігі, сонымен қатар бұл өзіне жауапкершілік алу, алдына мақсат қою, өз ұстанымы мен мүддесін қорғау қабілеті:



  • девиантты мінез-құлыққа альтернативті əрекет ұйымдастыру (таным, өзін-өзі сынау, қарым-қатынас, махаббат, шығармашылық, əрекетшілдік)

  • салауатты өмір салтын ұйымдастыру (дұрыс тамақтану, таза ас, жүйелі физикалық жұмыс көлемі, еңбек жəне демалыс режимін сақтау, табиғатпен қарым-қатынас, нысапсыздықтан аулақ болу) жəне т.б.;

  • жеке тұлғалық ресурстарды белсендендіру (спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу, топтық тренингтерге қатысу, арттерапия) жəне т.б.;

  • девиантты мінез-құлықтың жағымсыз салдарын азайту (мəлімет беру, топтық пікірталас, тренингтік жаттығулар, рөлдік ойындар, əлеуметтік тиімді мінез-құлықты үлгілеу, психоте- рапевтік əдістемелер) жəне т.б.

Қолданылған əдістерге байланысты, психопрофилактикалық жұмыс тренингтер, білім беру бағдарламалары (мектептік арнайы курс), психологиялық кеңес беру, дағдарыстық көмек (сенім телефоны) формасында, сонымен қатар шекаралық күйлер мен жүйкелік психикалық ауытқулардың психотерапиясы формасында жүзеге асыруға болады.

Девиантты мінез-құлықтың ерекшелігіне сəйкес психопрофилактикалық жұмыстың мынандай принциптерін ажыратуға болады:



  • кешенділік (əлеуметтік кеңістіктің, отбасының жəне тұлғаның əртүрлі деңгейлеріне əсерді ұйымдастыру);

  • ақпараттың жағымдылығы;

  • жағымсыз салдарды азайту;

  • бағыттылық (жас ерекшелігі, жыныстық жəне əлеуметтік сипаттамаларды ескеру);

  • көпшілікке арнаушылық (жұмыстың топтық формасының ба- сымдылығы);

  • болашаққа ұмтылыс (мінез-құлық салдары, жағымды құндылықтар мен мақсаттарды белсендендіру, девиантты емес мінез-құлықтың болашағын жоспарлау).

Жоғарыда атап өтілгендей жұмыс жасалуы керек.

Қазіргі таңда маскүнемдік медециналық проблема емес бүкіл әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Маскүнем адамдардың 50% ата-анасының біреуі немесе екеуі де ішімдікке салынған болған. Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей жас балаларымызға қазірден бастап көмек көрсетіп, олардыңда келешекте ішімдікке салынбауын тоқтатуымыз қажет. Өмірдегі барлық бала бақытқа лайықты. Кейбір балалар нашар отбасында дүниеге келіп бақытсыздыққа ұшырап жатады. Олар ата-анасының ішімдікке салынғанына өзін кінәлі сезінеді. Сондықтан да ондай балаларға кінәсі жоқ екенін және ішімдіктің ауру екенін әлеуметтік педагог дер кезінде түсіндіруі қажет. Қорыта келе балаларға жағымды ақпарат бере білуіміз керек және олармен тренинг жұмыстарын өткізуімізді ұмытпау қажетпіз. Осындай балаларға көмек көрсетілуі керек. Тек қана әлеуметті педагогтар, сынып жетекшілерғана емес барлық қолынан келетін адамдар қол ұшын созуы қажет деп ойлаймыз. Себебі елдің болашағы дәл осы балаларда екенін ұмытпағанымыз жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьяз- данова Х.Т. Психологическая служба в вузе.— Алматы, 2004.

  2. 89 Акажанова А.Т. Учебно-методический комплекс по спецкурсу «Психолого-педагогическая коррекция девиантного поведения несовершеннолетних».— Алматы, 2005.

  3. Алиева М.А., Гришанович Т.В., Лобанова Л.Б., Травникова Н.Г., Трошихина Е.Г. Тренинг развития жизненных целей. Программа психологического содействия социальной адаптации.— СПб., 2001.

  4. Бадмаев С.А. Психологическая коррекция отклоняющегося поведения школьника.— М.,1999.

  5. Шеляг Т.В. и др. Социальная работа с семьей. – Институт социальной работы Ассоциации работников социальных служб. Москва – Тула; 1996.

  6. Бьерк Лотта – «Семейный форум» (г. Лунд, Швеция).  

  7. Лекция «Социальная работа с детьми злоупотребилетей». Бу Брундель и   Вивиан Росенлюнд. Высшая социальная школа. Стокгольм.

  8. Сборщикова К., Тереньтьева А. Развитие ребенка в алкогольное семье: возможности психокоррекции и реабилитации //Народное образование, 1999

  9. Москаленко В.Д. Программа социальной работы с семьями больных алкоголизмом. М.: ЦОЦ, 1992.

  10. Короленко Ц.П. Аддиктивное поведение. Общая характеристика и закономерности развития. // Обозр. психиат. и мед. психол., 1991

  11. http://prime.qamshy.kz/home/show/16

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет