Адамның барлық құқықтарын, дамуға құқықты қоса алғанда, азаматтық, саяси, экономикалық



жүктеу 456.53 Kb.
бет1/3
Дата22.02.2018
өлшемі456.53 Kb.
  1   2   3
Біріккен Ұлттар Ұйымы A /HRC/ 16/ 42/ Add. 3
Бас Ассамблея Distr

Адам құқықтары жөніндегі кеңес

Он алтыншы сессия

Күн тәртібінің 3 тармағы



Адамның барлық құқықтарын, дамуға құқықты

қоса алғанда, азаматтық, саяси, экономикалық,

әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау

Арнайы баяндамашы Ракель Рольниктің жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығының құрауышы ретіндегі жеткілікті баспана туралы, сондай-ақ кемсітпеушілікке құқық туралы мәселе жөніндегі баяндамасы.
Қосымша
Қазақстан еліне миссия. * **

Резюме
Жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығының құрауышы ретіндегі жеткілікті баспана туралы, сондай-ақ кемсітпеушілікке құқық туралы мәселе жөнінде Арнайы баяндамашы Ракель Рольник 2010 жылғы 6-13 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапар жасады. Бұл миссияның мақсаты жеткілікті баспанаға құқық жөнінде бірінші қолдардан ақпарат жинау және Қазақстанда оған байланысты басқа да құқықтардың іске асырылу барысы туралы ақпарат жинау болды. Атап айтқанда, Арнайы баяндамашы жеткілікті баспанаға құқықты іске асыруға қиындық туғызған ғаламдық экономикалық және қаржы дағдарыстарының теріс салдарына, Астана және Алматы қалаларында, сонымен бірге олардың маңындағы аудандарда тұратын адамдар мен қауымдарды жаппай мәжбүрлеп шығару және қоныс аударту мәселелеріне көңіл аударған болатын. Арнайы баяндамашы Астана және Алматы қалаларында болған сапарлары барысында мемлекет өкілдерінің және мемлекеттік емес субъектілерінің кең шеңберімен кездесті және бірнеше адамдардан олардың жеткілікті баспанаға құқықтары бұзылып жатқаны туралы болжамды мағлұмат алды.

*Осы құжаттың түйіндемесі барлық ресми тілдерде жарияланады. Түйіндемеге қосымшадаға қамтылған құжаттың өзі ұсынылған тілде және орыс тілінде таралады.

** Кешіктіріліп ұсынылды.

Арнайы маман жеткілікті баспанаға құқықтың ұлттық деңгейде іске асырылуында Үкімет қол жеткізген едәуір прогресті қолдайтынын білдірді. Қабылданған шараларға, атап айтқанда, Конституцияға жеткілікті баспанаға қатысты нақты ережелерді енгізу, бірқатар заңнамалық және саяси шараларды, атап айтқанда 1997 жылғы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын, 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасынқабылдаужәне тұрғын уйді кредиттеу,баспананыжалға алу төлемақысын субсидиялау және халықтың аз қамтылған және үлестен құр алақан қалған санаттарына жататын жеке тұлғалар мен отбасыларға жер учаскелерін беру сияқты ынталандыру шараларын әзірлеу жатады.

Қол жекізілген прогреске қарамастан, бірқатар басты мәселелер әлі де шешімін таппаған куйде. Тұрғын үй саласындағы нормативтік-құқықтық база, атап айтқанда, мәжбүрлеп шығару мәселесіне қатысты ұлттық заңнама, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитеттің ескертулері және дамытуға орай шығару және қоныс аудартуға қатысты негізгі қағидалар сияқты қолданыстағы халықаралық құқық қорғау стандарттарына толық көлемде сәйкес келмейді. Ұлттық соттар тәжірибеде халықаралық шарттардың нормаларын қолданбайды және халықаралық құқық қорғау стандарттарына сүйенбейді. Көбінесе бейресми қоныстарды бұзу және алдын ала ескертусіз, қандай да бір сот бақылауынсыз немесе барабар өтемақымен не басқа баспанамен қамтамасыз етуінсіз азаматтарды мәжбүрлеп шығару жағдайлары кездеседі. Азаматтар мен отбасылардың көбісі қаржылық және ипотекалық дағдарыс салдарынан қатты зиян шекті. Көптеген үлескерлер тұрғын үйлердің салынуын аяқтамай олардың жинақтарын өзімен бірге шетелге алып, қашып кеткен жеке құрылыс компаниялардан алданып қалды, ал басқалар несиелерін және ипотекалық қарыздарын төлеуге қабілетсіздігінен үйден шығарылды немесе шығарылу қауіпінде қалды. Мемлекет қаржылық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту бойынша қабылдаған шұғыл шараларына қарамастан 42 000 үлескер осы күнге дейін пәтерлерін күтуде.

Қорытынды сөзінде баяндамашы мемлекетке жеткілікті баспанаға құқықты тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде күш салуында өз ұсыныстарын береді.

.

Қосымша

Жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығыныңқұрауышы ретіндегі жеткілікті баспана туралы, сондай-ақ осы мәнмәтінде кемсітпеушілікке құқық туралы мәселелер жөнінде Арнайы баяндамашының Қазақстандағы миссиясы туралы ( 2010 жылғы 6-13 қыркүйек аралығында)

Мазмұны


Тармақтар Бет

І. Кіріспе............................................................................................................................ 1-4 4

ІІ. Баспана жағдайы....................................................................................................... 5-19 4

ІІІ. Заңнамалық және институционалдық негізі.............................. ............................ 20-50 7

А. Халықаралық міндеттемелер............................................................................ 20-53 7

В. Заңнамалық және стратегиялық негізі.............................................................. 24-37 8

С. Институционалдық негізі................................................................................... 38-50 11

IV. Оң өзгерістер.......................................................................................................... 51-57 13

V. Жеткілікті баспанаға құқықпен байланысты мәселелер......................................... 58-92 14

А. Тұрғын үй заңнамасы және тұрғын үй саясаты.............................................. 58-61 14

В. Институционалдық негізі................................................................................ 62-63 15

С. Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару.................................................................. 64-74 15

D. Қаржылық және ипотекалық дағдарыс........................................................... 75-77 18

Е. Қалалық және селолық аудандар арасындағы айырмашылықтар.................. 78-80 19

F. Әлеуметтік баспана......................................................................................... 81-83 19

G. Осал жағдайдағы топтар.................................................................................... 84-92 20

VI. Қорытындылар мен ұсыныстар........................................................................ 93-113 22

А. Тұрғын үй заңнамасы және тұрғын үй саясаты................................... 93-95 22

В. Институционалдық негізі............................................................................. 96-98 22

С. Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару............................................................... 99-103 23

D. Ипотекалық дағдарыс................................................................................... 104-107 24

Е. Қалалық және селолық аумақтардың арасындағы айырмашылықтар......... 108 25

F. Әлеуметтік баспана........................................................................................ 109-111 25

G. Осал жағдайдағы топтар............................................................................... 112-113 26



І. Кіріспе

1. Жеткілікті тұрмыс деңгейі құқығыныңқұрауышы ретінде жеткілікті баспана туралы, сондай-ақ осы мәнмәтінде кемсітпеушілікке құқық туралы мәселелер жөнінде Арнайы баяндамашы 2010 жылғы 6-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға ресми сапар жасады.



  1. Осы сапардың мақсаты Қазақстанда жеткілікті баспанаға құқықтың және онымен байланысты басқа да құқықтардың іске асырылуы туралы бірінші қолдардан ақпарат жинау болды. Атап айтқанда, Арнайы баяндамашы мынадай мәселелерге көңіл бөлуді шешті:

а) Астана және Алматы қалаларында немесе осы қалалардың маңындағы аудандарда тұратын адамдарды және қауымдарды оларды тиісті қорғану мен өтемақыменқамтамасыз етпей жаппай шығару немесе қоныс аударту мәселелерінежәне мемлекеттің қалаларды реконструкциялау бағдарламаларына байланысты дамытуға орай сол адамдар мен қауымдардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдаған шаралар туралы;

b) жеткілікті баспанаға құқықтың іске асырылуына экономикалық және қаржы дағдарыстарының әсер етуі және дағдарыс салдарынан осал жағдайдағы адамдар мен отбасыларды қорғау мақсатында мемлекеттің өз юрисдикциясы шеңберінде қабылдаған шаралары туралы;



  1. Өз іс сапарында Арнайы баяндамашы Сыртқы істер министрлігінің, Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау агенттігінің, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының, Астана және Алматы Ішкі істер департаменттерінің, Жоғарғы Сот, Адам құқықтары жөніндегі Өкілдің (Омбудсменнің), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөнінде комиссияның және Президент жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бірқатар жоғары тұрған өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар ол бірнеше адамнан олардың жеткілікті баспанаға құқықтарының бұзылуы туралы болжамдарын тыңдап, азаматтық қоғамның, соның ішінде Астана және Алматы және олардың маңындағы аудандардағы қоғамдық қозғалыстардың және үкіметтік емес ұйымдардың көптеген өкілдерімен кездесті.



  1. Арнайы баяндамашы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстанға шақырылуына және өз іс сапарының барысында көрсетілген қолдауына үлкен алғыс айтатынын білдірді. 2009 жылдың шілде айында барлық мандатарийлердің мекенжайларына жіберілген тұрақты түрде шақыру және миссия алдында, және оны іске асыру барысында да Үкіметтің барлық рәсімдердекөрсеткен ашықтығы көтермелеу ісіне және жеткілікті баспанаға құқықтың қорғалуына адалдығын және осы салада осы елдің алдында тұрған шешілмеген мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу дайындығын көрсетеді. Арнайы баяндамашы, сонымен қатар, Бішкектегі Адам құқықтары жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссар басқармасының Аумақтық бөлімі және Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламаларының қызметкерлерін олардың табысты ынтымақтастығы мен осы миссияның бағдарламасын ұйымдастыруға жәрдем көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

ІІ. Баспана жағдайы.

  1. Соңғы кездерде Қазақстан өзінде бар мұнай мен табиғи газдың бірталай қорының арқасында Орталық Азияның ірі мемлекетіне айналды. Экономикалық өсу есебінен басқа да салалардың, атап айтқанда, құрылыс және банк секторларының да дамуы қамтамасыз етілді.



  1. 1995 жылы Үкімет жаңа тәуелсіз мемлекеттің астанасын Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлемдік деңгейдегі қазіргі заманғы астана құру үшін мемлекеттік бюджеттен көлемі бойынша қомақты қаржы бөлінуімен іске асырылып отырды. Өз кезегінде қаланы реконструкциялау және көркейту бойынша ірі көлемді бағдарламалар мемлекеттің басқа өңірлерінен құрылыс секторында жұмыс орнын іздеп және өмірлік деңгейін көтеру мақсатында көшіп келген көптеген ішкі мигранттарды тартты. 2009 жылы жүргізілген халық санағы бойынша 1999 жылдан 2009 жылға дейін Астана халқының саны 328 341- ден 613 006-ға дейін өскен. Алматы 2010 жылы 1 365 632 адам санымен Қазақстанның ірі қаласы болып қалды. Астана сияқты, Алматы қаласы да да Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін елдің басты экономикалық орталығы ретінде жұмыскер-мигранттардың едәуір санын тартты. Ресми бағалауларға қарағанда ауылдық елді мекендерден қала аумақтарына ішкі миграцияның ағыны жылына 300 000 астам адам құрайды.



  1. Өзінің жоғары экономикалық көрсеткіштеріне байланысты Қазақстан Орталық Азияның басқа елдерінен және Қытайдан көптеген жұмыскер-мигранттарды қабылдай бастады. Ресми бағалауларға қарағанда, Қазақстанда жарты миллионнан бір миллионға дейін шетелдік жұмысшылар бар, бірақ басқа көздерден алынған деректерге сәйкес әңгіме екі-үш миллион мигранттар туралы болуы мүмкін. Осы мигранттардың көбісі құрылыс саласында қамтылған.



  1. Осындай жаппай миграцияның нәтижесінде елдің екі экономикалық орталығында баспана мен қалалық жерлерді ұсыну едәуір қысқартылды, ол екі қаланың маңында бірқатар бейресмиқоныстардың пайда болуына әкелді. Олардың заңсыз сипатына қарай осы қоныстарда тұратын адамдар саны туралы деректер жоқ. Мұндай тұрғын үйлер кей жерлерде табиғат қорғау аймақтарында немесе сел көшкіні немесе жер сілкінісіне бейім аумақтарда салынған.



  1. Көптеген жағдайларда жоғарыда айтылған заңсыз салынған үйлер асхана, әжетхана, электр қуаты және су құбыры сияқты қарапайым керек-жарақтармен қамтасыз етілмеген, ал онда тұрып жатқан адамдар әрдайым мемлекеттік органдар тарапынан мәжбүрлеп уйден шығарылу қауіпін кешуде. Заңды мекенжайдың болмауы бейресми қоныстанғандарға тұрғылықты жері бойынша тіркелуге мүмкіндік бермейді, ал ол мемлекеттен бірқатар әлеуметтік қызметтер алуға, соның ішінде әлеуметтік тұрғын уй алуға маңызды заңды талап болып табылады.



  1. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының Үкіметі тек мемлекетке сүйенетін тұрғын үй саясатынан бас тартып, мемлекетшетел инвестициясын тарту үшінқолайлы қаржы жағдайларын жасау арқылы, сондай-ақ банктер мен қаржы ұйымдарын құру арқылы баспананы меншікке алуды жеңілдетуге ұмтылатын жаңа беталыстың мүддесінде тұрғын үй саласында өз саясатын түбірімен өзгертті. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында мемлекет жеке кәсіпкерлерге қолайлы қалалық жерлерді бөліп беру үшін және ипотекалық несиелендіруге қол жетімділікті кеңейту үшін жоспарлау саласында едәуір күш жұмсады, ол азаматтарға өз үйлері мен пәтерлерін немесе жеке инвесторлардың қаражаттарына салынған тұрғын үй кешендерінен пәтерлер немесе қозғалмайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді.



  1. Тұрғын үй қорының жалпы көлемі 2004 жылғы 252,7 млн. м² нан 2008 жылы 267,8 млн. м² дейін өсті. 2008 жылы қалалық тұрғын үй қоры 153, 4млн. м2 ( көлемнің 57%) құрады. Жаңа құрылыстың көп бөлігін жеке салушылар жүзеге асырған. Мемлекеттік тұрғын үй қоры 2004 жылғы 7,8 млн.м² –нан 2008 жылы 6,4 млн. м² дейін өсті. Селолық аудандарда селолық баспана қорының тек 1% ғана (2008 жылы 1,2 млн. м² болған) мемлекетке тиесілі¹. Елдің тұрғын үй қорының құрылымы туралы деректердебаспана тапшылығының көлемі туралы, яғни баспанасы жоқ немесе санитарлық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін үйлерде тұратын азаматтар мен отбасылардың саны туралы мағлұмат жоқ.



  1. Соңғы он жылдықта адам басына санағанда жалпы баспана көлемінің орташа көрсеткіші 2002 жылы 16,6 м² ден 2008 жылы 18,1 м² дейін ұдайы өсіп отырған. Сонымен бірге аталған көрсеткіш селолық аудандарда қалалық аудандарға қарағанда 16% кем (тиісінше адам басына шаққанда 16,4 м² және 19,7 м²).



  1. Су құбырына қосылған үй шаруашылығының үлесі 2002 жылғы 52,4%-нан 2008 жылы 58,9% өсті. Сол кезеңде орталық кәріз жүйесіне және тазартқыш ғимаратына шығуға мүмкіндігі бар үй шаруашылығының үлесі 41,3% ден 47,4% дейін өсті. Сонымен бірге бөлектелген статистикалық деректерге қарағанда қалалық және ауылдық аудандар арасында едәуір теңсіздік байқалады; соңғысында тұрмыс деңгейі қалалыққа қарағанда елеулі түрде төмен.



  1. 2010 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша табысы төмен азаматтарға жататын және халықтың әлеуметтік қорғалуына жататын 10 958 адам Тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар салған немесе жеке салушылардан сатып алынған әлеуеметтік баспанада тұрмыс кешкен. Сол кезеңде бірінші кезекте тұрғандар санатына жатқызылған 36 656 отбасы тұрғын үй кредиттеу мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен тұрғызылған баспанаға ие болды.



  1. 2005-2010 жылдар кезеңінде мемлекет әлеуметтік баспана салуға 49, 7 млрд. тенге (331, 3 АҚШ млн. долл.) бөлді. Сол кезеңде халықтың әлеуетті санаты үшін ипотекалық баспана салуға мемлекеттік бюджеттен 150,1 млрд. тенге бөлінген болатын.

¹ Статистика жөнінде мемлекеттік агенттік, «Казахстан в 2008 году», Астана, 2009 жыл.

  1. Басқа елдер сияқты Қазақстан да халықаралық қаржы дағдарысынан елеулі түрде зардап шекті. Ипотекалық несиені тұрақты кірістері жоқ отбасылардың алуларының арқасында болған мемлекет жүргізген түбегейлі қайта реттеудің арқасында қаржы дағдарысы бүкіл банк жүйесінің күйеруіне әкелген болатын. Бүкілдүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес 2000-2007 кезеңде 10% құрған Қазақстанның жыл сайынғы экономика өсімінің темпі 2008 жылы 3,3% дейін және 2009 жылы 1,2% дейін төмендеген болатын.



  1. Құрылыс секторы ғаламдық экономикалық дағдарыстың теріс салдарын бірден бірі болып сынға ұшырады. Көптеген құрылыс компаниялары 450 аяқталмаған құрылыс объектісін қалдырып, жабылуға мәжбүр болған. Үкімет берген деректер бойынша қаржы дағдарысының салдарынан 62 000-дай үлескер зардап шеккен. 16 000-дай үлескер құрылысты аяқтамай олардың қаражатттарымен қашып кеткен жеке құрылыс компаниялардан алданып қалған, ал сол кезде басқа адамдар несиелерін және ипотекалық қарыздарын төлеуге қабілетсіздігінен баспанадан шығарылып немесе шығарылу қауіпінде қалған болатын. Көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауының салдарынан жылжымайтын мүлік дағдарысы бүкіл экономикаға әсер етті.



  1. Мемлекет қаржы дағдарысынан жапа шеккен адамдарға жәрдемдесу үшін және тұрғын үй объектілерін аяқтау үшін жалпы көлемде 433 441 млрд. тенге бөлді. Атап айтқанда, ол қаржы дағдарыс салдарынан іске асырылуы бәсеңдеген немесе тоқтап қалған жобаларды аяқтау үшін құрылыс компанияларын қаражатпен қамту мақсатында «Самырұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қорын құрды. Жалпы алғанда осы ұлттық қордан 1,1 млрд. АҚШ доллары, соның ішінде Астанада 937 млн. АҚШ долл. және Алматыда 937 млн. АҚШ долл. бөлінген болатын.



  1. 2010 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша мемлекеттің осы мақсаттарға бөлген қаражаттарының арқасында тұрғын үй құрылысының 37 объектісі аяқталған болатын және 8 265 үлескер өз пәтерлері мен үйлерін ала алды. Сонымен бірге 2010 жылғы қараша айындағы жағдай бойынша 87 ғимарат, соның ішінде Астанада 42, Алматыда – 26 және басқа өңірлерде – 17 тұрғын үй объектісінің құрылысы аяқталмаған. Соның нәтижесінде 20 000 үлескерлер әлі де өз пәтерлерін күтуде. Үкімет 2010-шы жылдың аяғына дейін 51 тұрғын үй кешенін (9 932 үлескердің), соның ішінде Астанада – 35 объектісін және Алматыда – 7 объектіні аяқтауды көздеп отыр.

ІІІ. Заңнамалық және институционалдық негізі.

А. Халықаралық міндеттемелер

  1. Қазақстан жеті негізгі халықаралық құқық қорғау шарттарының, соның ішінде Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің қатысушысы болып табылады. Осы шарттарға сәйкес мемлекет бар ресурстардың шеңберінде қолжетімді баспанаға құқықтың толық іске асырылуына қол жеткізу үшін тиісті заңнамалық, әкімшілік, сот және өзге де шаралар қабылдауға міндет алды. Мұндай қадамдар тиісті кепілдіксіз, барабар өтемақысыз немесе баламалы баспанамен қамтамасыз етілуінсіз мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар іске асыратын мәжбүрлеп шығаруларды алдын алу, мұндай іс-әрекеттер үшін жаза тағайындау бойынша заңнамалық және өзге де шараларды қабылдауды қамтиды.

  2. Қазақстан қолжетімді баспананы және қолжетімділікке кедергі келтіретін, соның ішінде баспанаға қатысты кедергілер мен тосқауылдарды анықтау мен жоюды қамтитын мүгедектердің өздерінің және олардың отбасыларының қолжетімді тұрмыс деңгейге құқықтары туралы ережелерді қамтитын әлі ратификацияланбаған Мүгедектер құқықтары жөнінде Конвенцияға қол қойды.

  3. Қазақстан барлық жұмыскерлер – мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау жөнінде халықаралық конвенцияның қатысушысы болып табылмайды, онда мигрант-жұмыскерлердің баспанамен қамтамасыз етілуге құқығы, соның ішінде әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша мемлекетке жалға жұмыс істейтін азаматтармен қатар баспанамен қамтамасыз етілуге құқығы мойындалған. Қазақстан бұл Конвенцияны жүзеге асыру нәтижесінде пайда болатын ұзаққа баратын қаржы салдарына байланысты таяу арада оны ратификациялау ниеті жоқтығын білдірді².



  1. Конституцияның 4-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттар ұлттық заңнама алдында басымдыққа ие және оларды қолдану тікелей заңды қабылдауды талап етпеген жағдайларды қоспағанда, ұлттық құқықтық жүйеде тікелей қолданылуы мүмкін. 2008 жылғы 10 шілдеде Жоғарғы Сот Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың нормаларын соттарға басшылыққа алуды талап ететін ұлттық соттар мен трибуналдардың халықаралық шарттарды тікелей қолдануы туралы нормативтік қаулы қабылдады³.

В. Заңнамалық және стратегиялық негізі

  1. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияның жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Конституцияның 25-26 баптары тұрғын үймен байланысты ережелерді қамтиды. Осы ережелерге сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды және соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Конституцияда баспанаға мұқтаж азаматтардың тұрғын үймен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында  Заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңнамасымен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретiн ақыға берiледi делінген.



  1. 2009-2012 жылдар кезеңіне арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары көтермелеудің ұлттық жүйесін нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға және жұртшылықты адам құқықтары және оларды қорғау тетіктері туралы ағартуға бағытталған. Осы жоспарда адам құқықтарын қорғау саласында қызмет ететін мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекеттерінің үйлестірілуін жақсарту бойынша ұлттық заңнама мен тәжірибеде олқылықтарды жою бойынша нақты шаралар кешені айқындалған.

² A /HRC/ 16/ 42/ Add.1, 1-тармақ.

³ A /HRC/ WG. 67/KAZ/ 1, 22-тармақ.



  1. Қазақстан тұрғын үй мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер қабылдады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң (1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-ші Заң) баспана саласында негізгі нормативтік құқықтық акті болып табылады. Басқа да тиісінше заңдар:

а) мақсаты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында жеке салушылардың жауапкершілігін жоғарылату жолымен үлескерлердің құқықтарын қорғау болып табылатын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы (2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 Заңын);

b) жеке салышулырға жер учаскелерін беру арқылы тұрғын үйлер салынуын ынталандыруға және тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңы (1994 жылғы 3 қарашадағы №213 Заңы);

с) жеке тұлғалардың баспанаға және әлеуетті санаттарға жататын (мысалы, балалары бар жас отбасылар) азаматтардың үй шаруашылығына қолжетімділігін арттыру мақсатында жеңілдікті шарттармен берілетін ипотекалық баспанамен қамтамасыз ету жүйесін белгілейтін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Заңы (2000 жылғы 7 желтоқсанда № 110 Заңы);


  1. Баспана сатып алуға немесе әлеуметтік баспана немесе тұрғын үй субсидияларын алуға тек азаматтар ғана құқылы. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана немесе жергілікті атқарушы органдардың жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспана тұрғын үйге мұқтаж мынадай адамдар мен отбасылар санаттарына беріледі:

а) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

b) жасы бойынша зейнеткерлер, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар және көп балалы отбасылар сияқты халықтың табысы төмен деңгейлі санаттарға және әлеуметтік қорғалған топтарына жататын адамдар;

с) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар.


  1. Жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын адамдар, егер:

а) Республика аумағында меншік құқығында баспанасы болмаса;

b) осы күнге дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алмаған болса;

с) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

d) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;



e) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерi мен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса мемлекеттік баспана алуға құқығы бар.

  1. Мемлекет заңнамасына сәйкес табысы төмен отбасыларға отбасыда бiр адамға қажеттi ақшалай кiрiсі ең төмен отбасы мүшесіне белгіленген 14 952 ( 99 млн. АҚШ долл.) тенге құрайтын ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болған отбасылар жатады.

  2. Баспанаға мұқтаж болып танылған адамдар оларға әлеуметтік баспана алуға өтінішті тек тұрғылықты жері бойынша ғана бере алады. Жергілікті атқарушы органдар баспана алуға мұқтаж болып танылған мынадай адамдар мен отбасылар тобының: мүгедектер мен соғыс ардагерлерінің; табысы аз және әлеуметтік қорғалатын отбасылардың; бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің кейбір санаттарының; және ескі үйде тұратын адамдардың жеке есебін жүргізеді. Әлеуметтік баспана өтініш берілген сәттен бастап, тізімде белгіленетінкезек тәртібінде беріледі; алайда мүгедектер мен соғыс ардагерлері баспанаға мұқтаж болып танылған отбасы санаттарының алдында басымдығы болады.Әлеуметтік баспана әр адамға кемiнде 15 м² және көп дегенде 18 м² пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде берiледi.



  1. Баспанамен байланысты шығыстар отбасының жалпы кірісінен 10-15 % -дан жоғары болса, жергілікті атқарушы органдар табысы аз отбасыларға жалдау ақысын төлеуге немесе баспананы күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге жергілікті бюджеттентұрғын үй жәрдемақыларын береді.

  2. 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуға және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасауға, соның ішінде салықтық ынталандырулар арқылы халықтың табысы аз және әлеуметтік қорғалатын санаттары үшін мемлекеттік тұрғын үй қоры шеңберін кеңейтуге жәрдемдесу үшін бағытталған. Бағдарламада әрбір өңірде, соның ішінде Астана мен Алматы қалаларында халықтың табысы аз және әлеуметтік қорғалған санаттары өкілдері үшін жыл сайын 100 ден кем емес пәтер берілуі тиіс деп көрсетілген. Мұндай пәтерлер кейіннен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж деп танылған отбасылар арасында бөлінетін болады.



  1. Жоғарыда аталған бағдарлама, сондай-ақжергілікті атқарушы органдарға ұлттық бюджетте қаржыландырылатын әлеуметтік баспана құрылысын іске асыруға мүмкіндік беретін тұрғын үй несиелендіру жүйесін құру арқылы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жинақ ақшасы туралы» Заңын іске асыруға бағытталған. Тұрғын үй алуды кредиттеу жүйесі баспананы нарықтық құны бойынша сатып алуға жағдайы бар табысы орта адамдар үшін тиісті баспанаға қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған. Осы жүйе шеңберінде баспанаға мұқтаж деп танылған отбасылар 4%-дан жоғары емес ұзақ мерзімді негізде тұрғын үй несиесін алуға құқығы бар. Процедуралардың ашықтығын және баспананың әділ бөлінуіне бақылауды қамтамасыз ету үшін кредит алуға өтініш білдірген адамдар критерийлері және кірістердің шекті деңгейлері белгіленген.



  1. Бағдарламада мынадай халықтың басымдыққа ие санаттары белгіленген:

а) ерлі-зайыптының екеуі де 29 жасқа толмаған, балалары бар жас отбасылар;

b) 29 жасқа дейінгі ажырасқан немесе жесір қалған толық емес отбасылар;

с) мемлекеттік қызметкерлер;

d) мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мемлекеттік ұыймдардың белгіленген санатттағы жұмыскерлері (мысалы, мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлері).



  1. Одан басқа, Қазақстан кірістері төмен отбасыларға баспананы қолжетімді бағамен жалға беру бойынша шаралар қабылдаған. 2006 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның негізінде жергілікті атқарушы органдар баспанаға мұқтаж кірісі төмен отбасыларға баспана беру үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй жайларды жалға алуға құқылы. Заңда сондай-ақ мұндай жалға беру шарттарының бағасын төмендету мақсатында салушыларға және жалға алынған ғимараттардың иелеріне салықтық жеңілдіктер көрсетілген.



  1. Баспанаға қолжетімділік деңгейін көтеру үшін пайдаланылатын басқа да ынталандыруларға тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беру және баспана сатып алуға ипотекалық кредиттерді алуды оңтайландыру үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшалары жүйесін құру кіреді.Әкімшіліктер де бейресми қоныстардағы тұрғындарды көшіру немесе оларға иелену құқығын растайтын құжатты беру арқылы мұндай қоныстарды ресми түрге айналдыру және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу бағдарламаларын іске асыруда.



  1. 1995 жылы Президент Назарбаев оралмандардың (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты түрде тұратын ұлты қазақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды) отанына оралуын ынталандыру бойынша бағдарламаның іске асырылуы басталуы туралы жариялаған болатын. 1997 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында осы саясаттың тиянақталған квоталарды көздейтін құқықтық шеңбері белгіленген. Репатрианттар жер учаскелерімен қамтамасыз етілу, жұмыс іздестірудежәрдемдесу, білім алужәне зейнетақылық, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік жәрдемақыларға құқықты қоса алғанда бірқатар жеңілдіктерге ие, ал квота жүйесінен тыс оралған адамдар мұндай көмек алудан шектелген.



  1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет