Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/3
Дата02.07.2017
өлшемі0.5 Mb.
түріАвтореферат
  1   2   3

ӘОЖ 633.11«321»:631.527 Қолжазба құқығында




Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы


Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және

генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі

06.01.05 – селекция және тұқым шаруашылығы


Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алмалыбақ, 2010
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында орындалған.

Ғылыми жетекшілері: биология ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҰҒА, УАҒА, РАШҒА                                                                      академигі Р.А.Оразалиев
ауыл шаруашылығы ғылымдарының                                                           докторы, профессор К.К. Абдуллаев

Ресми оппоненттері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының

                                                                    докторы, профессор, ҚР АШҒА

                                                                   академигі С.А. Бабаев

ауыл шаруашылығы ғылымдарының                                                                      кандидаты Б.Ә. Исмайлов

Жетекші ұйым:            Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты


Диссертацияны қорғау 2010 жылы «5» қарашада сағат 1400 Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанынан құрылған БД 55.05.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайымыз: 040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1.

Диссертациямен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылдың «5» қазанында таратылды.

/Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының докторы    Н.А. Әлдеков

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.  Агроөнеркәсіп кешені Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне жатады. Біздің мемлекетіміз қазіргі кезде астық экспорты бойынша дүние жүзінде алтыншы орынды иеленеді. Экспорттың әлеуеті жылына 8-10 млн. тонна аралығында деп бағаланады.

Республикамызда жаздық бидай жыл сайын 13-14 млн. гектарға егілсе, оның 200-250 мың гектары жаздық қатты бидай үлесінде. Қазақстанның табиғи-климаттық ресурстары қатты бидайдың жоғары сапалы дәнін алуға және оны кеңінен өсіруді қамтамасыз ететін мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Қатты бидай макарон және жарма өндірістерінде теңдесі жоқ негізгі шикізат ретінде қабылданады. Бұл дақыл өсіретін барлық мемлекеттер үшін негізгі мәселелердің бірі – оның өнімділігін көтеру және дәннің технологиялық сапасын арттыру болып табылады.

Біздің елімізде өндірілетін қатты бидай сапасы жағынан әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Осыған байланысты аталған дақылдың селекциясы бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстарының мақсаты - жергілікті жерге жақсы бейімделген, құрғақшылыққа төзімді, дәннің түзілуі мен толысуы жақсы дамыған, сабағының вегетативті және репродуктивті бөліктері қалыпты үйлескен, дәні жоғары сапалы, жапырылуға, сондай-ақ аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа сорттар шығару.

Селекциялық жұмыстар нәтижелі болу үшін өсімдіктер төзімділігінің тұқым қуалауын, сондай-ақ сұрыптау кезінде ескерілетін төзімділікті білдіретін белгілерді анықтау қажет. Осы ретте экологиялық бейімділікке қарай сұрыптау әдістерін жақсарту селекциялық жұмыста аса қажеттілік тудырады. Өйткені бүгінгі таңда селекцияның басты талаптарының бірі - жаңадан шығарылған сорттардың бейімділігін айтарлықтай арттыру. Бұл өте күрделі мәселе, себебі бір сорттың бойына барлық шаруашылықтық-құнды белгілерді жинақтау іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан да бұдан шығар жол, сыртқы ортаға жақсы бейімделген жаңа сорттар шығару болып табылады.

Тақырыптың ғылыми жобалармен байланысы. Зерттеулер 2002-2004 жылдары Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында республикалық мақсаттық бағдарламаның 2001-2005 жылдардағы «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сыртқы ортаға төзімді және өнімді жаңа сорттары мен будандарын шығару» атты мемлекеттік тапсырма ауқымында жүргізілді (мемлекеттік тіркеу 1 0100 РК 00231).

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында жаздық қатты бидай сорттық үлгілерінің сандық белгілерін селекциялық-генетикалық әдістермен cұрыптау тиімділігін арттыру болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеулердің міндеттері төмендегідей:

- Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында жаздық қатты бидайдың сандық белгілерінің параметрлерін айқындау;

- сорттық үлгілердің сандық белгілері бойынша комбинациялық қабілеттіліктерін анықтау;

- тұқым қуалау және тұқым қуалаушылық сипатын анықтау;

- жаздық қатты бидайдың бағалы бастапқы материалдарын алу.


Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жаздық қатты бидайды сорттық үлгілерінің сандық белгілерінің өзгергіштігін, комбинациялық қабілеттіліктерін, тұқым қуалау және тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін анықтау негізінде Қазақстанның әртүрлі агроэкологиялық аймақтарында селекциялық-генетикалық көрсеткіштерінің тиімді донорлары мен оңтайлы параметрлері нақтыланды.

Жұмыстың тәжірибелік құндылығы. Селекциялық-генетикалық зерттеулердің қорытындысы негізінде селекциялық жұмыстарды жоспарлауға, жеделдетуге және жаздық қатты бидайдың құнды алғашқы материалдарын алуға мүмкіндік береді.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

  • Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарына байланысты жаздық қатты бидайдың сандық белгілерінің өзгеруі;

- Жаздық қатты бидайдың сандық белгілері бойынша комбинациялық қабілеттіліктері;

- Жаздық қатты бидай сандық белгілерінің тұқым қуалауы және тұқым қуалаушылығы.



Жұмыстың сынақтан өтуі және жариялануы. Диссертацияның негізгі нәтижелері «Агроөнеркәсіптік кешен экологиясының мәселелері және қоршаған ортаны қорғау» жөніндегі IV халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда (Щучинск, 2002), «Өсімдік шаруашылығы мен егіншіліктің өзекті мәселелері» II халықаралық ғылыми конференцияда (Алмалыбақ, 2005), «Өсімдік шаруашылығы мен егіншіліктің өзекті мәселелері» IV халықаралық ғылыми конференцияда (Алмалыбақ, 2009), «Егіншіліктің, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен биологиясының жетістіктері және болашағы» халықаралық ғылыми конференцияда (Алмалыбақ , 2010) баяндалды.

Баспадан жарық көрген еңбектер. Диссертация жұмысы бойынша 8 ғылыми еңбек, оның ішінде 3 мақала, 4 баяндама тезисі және 1 кітапша жарияланды.

Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертация 105 бетке компьютерлік мәтінмен теріліп, кіріспеден, 5 тараудан, қорытынды және селекциялық іс-тәжірибеге ұсыныстардан тұрады. Диссертацияда 33 кесте, 3 сурет, 186 әдебиеттер тізімі және 2 қосымша келтірілген.

Ізденушінің жеке еңбегі. Зерттеу жұмыстары 2002-2004 жылдары ізденушінің тікелей қатысуымен орындалды. Автор жұмысты орындау барысында көрсеткен құнды кеңестері үшін биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА, УАҒА, РАШҒА академигі Оразалиев Рақым Алмабекұлына, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Абдуллаев Кенже Қожахметұлына және Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының селекция және тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі В.В. Цыганковқа шексіз ризашылығын білдіреді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2 Зерттеу жүргізудің жағдайлары, нысандары мен әдістемелері

2.1 Тәжірибе аймақтарының топырақ-климат ерекшеліктері

Зерттеу жұмысы үш экологиялық аймақта: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕӨШҒЗИ), Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Павлодар АШҒЗИ) және Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында (АқтөбеАШТС) жүргізілген.



ҚазЕӨШҒЗИ - Іле Алатауының баурайындағы жазықтықта орналасқан. Топырақ жамылғысы орташа саздақты қоңыр топырақ. Жырту қабатында 1,9% қарашірінді, жалпы азот 0,15%, жалпы фосфор 0,21% болып келеді. Зерттеу аймағының климаты континентальды, тиімді температуралар жиынтығы шамамен 3000-32000С. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 140-170 күндей. Жылдық жауын-шашын түсімінің жиынтығы 414,0 мм, оның ішінде 39,7% көктемде, жазда- 24,2% күзде -17,9% және қыста -18,2% түседі.

2002-2004 ауыл шаруашылығы жылдарындағы ауа райы дәнді дақылдарға қолайлы қалыптасты.



Павлодар АШҒЗИ - Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Топырақ жамылғысы қара қоңыр, механикалық құрамына байланысты құмдауыт болып келеді. Жер бедері толқынды жазық болып келеді, бұл эрозияның өсуін күшейтетін процесс. Топырақтың беткі бөлігінде, яғни тың игеру жылдарында және кейіннен өңделген бөліктерде қарашірінді 2,1 пайызға жетеді, ал қалған жерлерінде одан төмен. Қарашірік қабатының азаюына топырақтың жеңіл механикалық құрылымы тікелей әсер етеді. Қарашіріктің аздығы және топырақтың механикалық құрамының жеңілділігіне байланысты өсімдіктердің қоректенуіне қажетті азот, фосфор элементтері жеткіліксіз. Зерттеу жылдары: 2002- қолайлы, 2003 - құрғақшылық, ал 2004 жыл көп жылдық деңгейде болды.

Ақтөбе АШТС - Ақтөбе облысының сол жақ бөлігінде орналасқан. Құрғақ, далалы аймақтың топырақ жамылғысы қара қоңыр. 100С-тан жоғары температура жиынтығы 2000-28000С құрайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері шамамен 225-250 мм. Аязсыз кезеңі 130-140 тәулік. Аймақ барынша құрғақшылығымен, қар жамылғысының жұқалығымен, буланудың қарқынды процесімен және құрғақ та, суық қысымен айрықшаланады. 2002 жылдың жаз айлары құрғақшылықта өтіп, 2003-2004 жылдар қолайлы қалыптасты.

2.2 Зерттеу нысаны мен әдістемелері

Бастапқы материал ретінде Н.И. Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдік шарауашылығы институты (БРӨШИ) жаздық қатты бидай топтамасынан ең озық, жоғары өнімді отандық және шетелдік сорттары мен үлгілері іріктеліп алынды. Олардың тізімі 1-кестеде келтіріліп отыр. Зерттеудің бағдарламасына сәйкес топкоросты будандастыру жүргізіліп, аналық түрлерді ұрықсыздандыру жалпы қолданбалы әдіс арқылы орындалды. Тозаңдандыру жұмысы ұрықсыздандырудан 3-5 күннен кейін мексикалық ғалым Н. Борлауг әзірлеген (Оразалиев, Шегебаевтың өзгертуі, 1981) твел әдісімен жасалды.

Фенологиялық бақылау БРӨШИ (1981) әдісімен жүргізілді. Әрбір жекелеген экологиялық бекеттерде келесі белгілері бойынша БРӨШИ-ң әдісімен құрылымдық талдау жасалды: өсімдік биіктігі, өнімді түптілік, жоғарғы буынаралығының ұзындығы, масақ ұзындығы, масақтағы масақшалар саны, масақтағы дән саны, масақтағы дән салмағы, бір өсімдіктегі дән салмағы, 1000 дәннің салмағы. Математикалық өңдеулер компьютерлік бағдарламалар арқылы жүргізілді.
1-кесте - Топкросты будандастырудың үлгісі




Сорт және

үлгі

Шығу

тегі


Тестер

Накат

к-44422

Без-139

Украина

АҚШ

Ресей












1

Алмаз

Ресей

х

х

х

2

Актюбинская 75

Қазақстан

х

х

х

3

Дамсинская 90

Қазақстан

х

х

х

4

Гордеиформе 254

Қазақстан

х

х

х

5

Наурыз 2

Қазақстан

х

х

х

6

к-39781

Қазақстан

х

х

х

7

к-43122

Чили

х

х

х

8

к-44421

АҚШ

х

х

х

9

к-45356

Азербайжан

х

х

х

10

к-48740

АҚШ

х

х

х

11

к-49373

АҚШ

х

х

х

12

к-53015

Италия

х

х

х

: user content -> upload -> Zashita
Zashita -> Юсаева дамира анарбекқызы физиологиялық және биохимиялық әдістерді күнбағыс селекциясы және тұқым өндірісінде пайдалану
Zashita -> Изучение сортовых ресурсов рапса для выработки интегральных показателей идеотипа культуры в Республике Казахстан 06. 01. 05- селекция и семеноводство
upload -> Рсалиев Аралбек Сырашұлы Жаздық қатты бидай (Triticum durum Desf) сорт-үлгілерінің тат ауруларына төзімділігі
upload -> Бекежанова мадина мәлікқызы қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында арпаның гельминтоспориоз және ринхоспориоз ауруларымен күресу шараларын жетілдіру
Zashita -> Баядилова Гүлсім Онғарқызы Биотехнологиялық әдістер арқылы вирустардан сауықтырылған
Zashita -> Қостақов амандық Қамбарұлы қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта егістігінің арамшөптерімен химиялық күресу әдістері
Zashita -> Баймуратов Асқар Жалғасбайұлы Селекциялық материалдан өнімділігі және сапасы жоғары арпаның бастапқы үлгілерін сұрыптау


  1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет