Абайдың «адам бол!» Идеясының МӘні муханбеткалиев Е. Е



Pdf көрінісі
Дата24.10.2018
өлшемі53.94 Kb.

Елдің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жағдайындағы студенттік ғылымның рөлі

________________________________________________________________________________________________________________

АБАЙДЫҢ «АДАМ БОЛ!» ИДЕЯСЫНЫҢ МӘНІ

Муханбеткалиев Е.Е.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті 

Абайдың этикалық көзқарасын сөз еткенде екі нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек. Ол 

ақынның  гуманистік  және  диалектикалық  түсінігі.  Абайдың  дүниеге,  әлеуметтік  өмірге 

деген көзқарасының, бүкіл шығармашылығының өзегі, қайнар көзі, рухани күші, осы екі 

ұғыммен  тікелей    байланысты.  Абайдың  этикасы  –гуманистік  этика.  Абайдың  «Адам 

бол!» идеясының мәнін гуманистік тұрғыда ашып көрейік.

Абай өзінің жиырма жетінші сөзінде дін және дін мәселесі жөнінде пікір алысып, ой 

жарыстыратын  моралист  –философ  Сократтың  «Адам  ең  әуелі  өзіңді  -өзің  таны»  деген 

этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы 

ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да «адамды (пендені) 

адамға  айналдыру»,  адамды  кісі  ету,  азамат  ету.  Абайдың  этикалық  түсінігінде  «дүние» 

және  «жалған»,  «адам»  және  «пенде»  деген  бір  –біріне  қарама  – қарсы  ұғымдар  бар. 

Дүние  –  мәңгі  құбылыс,  жалған  - өткінші  құбылыс.  Адам  –  дүниенің,  мәңгіліктің 

туындысы,  пенде  –  жалғанның,  күнделікті  тіршіліктің  туындысы.Адамның  өмірі  ақиқат, 

адалдық,  әділеттілік,  әдемілік  деген  ұғымдармен  ұштасып  жатса,  пенденің  өмірі 

күнделікті  тұрмыстың,  тек  тіршіліктің,  күнкөрістің  қамымен  байланысып  жатады. 

Пенденің бір белгісі-ол өзінің қиялында да кішкентай, өз қиялында да шарықтай алмайды

тауық сияқты қораның шарбағынан  жоғары ұша алмайды. Қыраннан  қиялы-биік шыңда 

болса,  қораздың  қиялы-қи  түбінде.  Пенде  әрқашан  да  бағынғыш,  құптағыш,  күндегіш, 

затшыл,  өзімшіл  келеді,  мырзаларының  алдында  құрдай  жорғалайды.  Адам,  оның 

керісінше,  өзін-өзі,  айналасын  сыйлайды,  өзінің  азаматтығын,  адамгершілігін  бағалай 

біледі, затқа бағынбайды, затарды өзіне бағындырады. Пенделер заттың құлы болса-Адам 

заттарды  өзіне  құл  етеді,  осы  тұрғыдан  келіп,  Абай  адам  деген ұғымды  үлкен  даналық 

санайды  ,  (“Адам  деген  даңқым  бар”)  Ондай  адам  ханның  тағына  да,  байдың  бағына  да 

қызықпайды,  ойы  сергек,  өз  қамымен  халық  қамын  ұштастыра,  жалғастыра  білетін 

мейірімді жан.

Абайдың  өзіне  тікелей  сөз  берсек-пенде  өз  басында  еркі  жоқ,  айналасына  тәуелді-

“байғұс”.  “Ақылы  бар,  ықтиярлы,  Пенде  теппес  өз  жарын.  Еркін  иеде,  пенде  зарлы,  не 

білер не боларын ?” немесе “Зар қылып тілеймін Рахметін алланың. Елжіреп жылаймын, 

көңілін аш пенденің”.

Тіршілікте жан сақтау да, ар ақтау да бар. Абай ар сақтауды жан сақтаудан жоғары 

қояды. Абайша айтқанда, пенде жан сақтаудың қамы үшін өмір сүреді, оның арманы мен 

қиялы,  тамақ  пен  киімі-.мансап  пен  атақ.  Пенде:  “Шіркін,  ананың  киген  киімін-ай, 

мынаның  ішкен  асын-ай,  көршінің  мінген  атын-ай,  тұрғар  үйін-ай”  деп,  өзгенің 

тіршілігіне  тамсанумен  өтеді.  Пенде  жеке  басының  қамы  үшін,  жан  сақтау  үшін  арын 

құрбан  ете  береді.Осындай  пендешіліктен  арыла  алмаған  “қуыс  кеуделерге”  налыған 

Абай: «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген  мұндай 

пенденің  жүзі  құрсын»,-дейді.  Пенденің  ой  өрісі  -өзінің  қара  басының  әрі  кетсе 

сыбайластарының  төңірегінен  артпайды.  Ел,  Отан,  Ұлт  деген  ұғымдар  пендеге  жат 

сөздер. Қарнын ойлаған пенде-халқын қайтсын! Абайдың даналық түсінігінде  Адамның 

адамдығы, ең игі қасиетті жан сақтау емес-арын сақтау. Абйдың “Адам бол!” идеясында 

Ар, Намыс,  Ұлт- ең негізгі ұғымдар. Бұл ұғымдардың мәні, мазмұны, өзінің ішкі  сыры 

тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің  ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы 

ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің этикалық 

категорияларын  -өз  шығармашылығын  өзегі,  түйіні,  тамыры  етеді.  “Қу  өмір  жолдас 

болмас, әлі-ақ өтер, өз күлкіне өзің қарық болма  бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, 



Ұятсызда  иман  жоқ,  түпке  жетер  ”  деп,  ар  мен  ұятты  негіз  етіп,  өмірдің  түбін  ойлауға 

шақырады  толғанған  ақын  өз  ойын  әлем  кеңістігіне  жүгіртіп,  Ар,  Ұят,  Намыс  деген 

ұғымдар  адам  өзінің  ары  алдында  жүгінген  кезде  түйсігімен  түсінетін    киелі  ұғымдар 

екенің, әр адам өзіне-өзі жауапты екенін аңғарта айқындай, түсіндіре келіп: “Осы да есеп 

бола  ма,  Ар,  абұйыр  тапқанға?  Миың  болса  жолама.  Бос  жегіліп  шапқаға...”,  “Абиыр 

қайда,  ар  қайда?  Өз  басыңа  не  пайда?...”,”  Достық,  қастық,  бар  қызық-  жүрек  ісі,  Ар, 

ұяттың  бір  ақыл-күзетшісі. “  Ар  мен  ұят  сынбаса,  өзге  қылық,  Арын,  алқын-бұл  күннің 

мәртебесі”,-дейді.  Адамды  адам етіп  тұрған  ар  екендігін,  тіпті,  тіпті  өлім  туып тұрса  да 

Ар  сатуға  болмайтындығын,  халық  санасында  “өлімнен  ұят  күштіні”терең  түсінген. 

Абай-қазақтың  тарихына  ой  жүгірте  отырып:  “Ата  аталып,  аруақ  шақырылған  жерде 

ағайынға өкпе,  араздыққа қарамайтын екен...”, “өзіне  ар тұтқан жаттан  зар тұтады”,-деп 

түйеді. Абай түсінігінде әр адамның ең үлкен күнәсі, міні, өзінің өз ары алдында жасаған 

рухани  қылмысы-арын  сату,  арсыздыққа  салыну,  ұяттан  безу.  Мұндайларға  Абай 

төмендегідей  теріс  бата  береді:  “Ант  ішіп  күнде  берген  жаны  құрсын,  Арын  сатып 

тіленген малы құрсын, қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,  Қу тілмен қулық сауған 

заңы құрсын”.

Адам  болудың  бір  шарты-Ұят  деген  ұғымды  бойға  сіңіру.  Ұят  дегеніміз-адам 

бойындағы адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, 

өзіңе  -өзің  ұрсу,  өзіңді-өзің  дұрыс,  әділ,  адал  жолға  салу.  “Жалығу  бар,  шалқу  бар,  іш 

пысу  бар.Жаңа  сүйгіш  адамзат,  көрсеқызар.Ар  мен  ұят  ойланбай,  тәнін  асырып,  Ертеңі 

жоқ  бүгінге  құмар  ”Абай  ұяттыларға  мейірленсе,  ұятсыздардан  жиеркенеді  де: 

“Қайнайды  қаның,  ашиды  жаның,  мінездерін  көргенде”,  “Жігерлен  сілкін,  Қайраттан, 

беркін!”  деп  насихат  бергенде;  “Ұятсыз  арсыз  салтынан  қалғып  кетер  артынан”деп, 

ұятсыздарды сөгіп, “осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да, “ ол 

істен”, “мен ұятты болдым деді ғой, енді нең бар?”, -дейді. Я боласа, “жә, жә оған мен ақ 

ұятты  болайын,  сен  өзіңде  сөйтпеп  пе  едің?”  –дейді.  Ар,  ұятпен  қатар  саналы  қазақтың 

табиғатына  сіңген  бір  ұғым-Намыс.  Ақын  бұл  ұғымға  да  ерекше  мән  береді.  “Бұрынғы 

ата-бабаларымыздың  бұл  замандағыларымыздан  артық  екі  мінезі  бар:  соның  екіншісі-

намыс келеді екен. Ар, ұяттан айырылған, намыс дегенді білмейтін, Білгісі де келмейтін 

болыстарды Абай мысқылдай кектіп, өткір сатиралық тілмен түйреп:

                                 “Сүйегім жасық, буын бос,

                                   Біраз ғана айлам бар.

                                   Айлам құрсын білемін-

                                   Болыстықтың жолы тар.

                                   Қайтіп көмек болады,

                                   Антұрған өңкей ұры- қара 

                                   Көргенім әлгі ойлашы,

                                   Ұят, намыс, қалдыма ар?... –

 деп  налиды.  Не  құдайшылыққа  жатпайтын,  не  адамшылыққа  жатпайтын,    ардан 

бездіруге  итермелейтін  “Жарлы  болсаң  арлы  болма  ма”,  жалқаулыққа,  сұрампаздыққа, 

жылпостыққа  шақыратын:  “Қалауын  тапсаң,  қар  жанады,Сұрауын  тапсаң  адам 

баласының  бермейтініжоқ  ”,  ұрлыққа,  мейірімсіздікке  бағыттайтын  “Алтын  көрсе, 

періште  жолдан  таяды”,  “Ата-анадан  мал  тәтті”дейтін,  ата-анасын  малға  сатуға  бейім 

тұрған опасыздардан, сатқындардан “бек сақ болу керектігін” қатты ескертеді.

Абайдың  “Адам    бол!”  идеясы  адам  өміріндегі    диалектикалық    қайшылықтарды  

түсіндіруде    маңызы    зор.  Ақын    Абай    адамгершілік,  мораль    мәселесін    сөз    еткенде  

жақсылыққа: адамшылдық, адалдық, әділеттілік, берекелік, достық, білімдік, еңбеккерлік, 

терең  ойлылық, ерлік,  жомарттық, қайраттылық, кісілік, қанағатшылдық, рақымдылық, 

махаббат,  арлылық,  намысқойлық,  сабырлық,  сертке    беріктік,  табандылық,  татулық, 

тәуекелшілдік,  шүкіршілік    тағы    басқа  қасиеттерді,    жамандыққа:  арамдық,  азғындық, 

айлакерлік,  парақорлық,  арызқойлық,  тәкаппарлық,  сараңдық,  алдампаздық,  сайқалдық, 

даңққұмарлық,  әділетсіздік,  әдепсіздік,  пәлеқорлық,  паңдық,  әсемпаздық,  бақбастық, 



борышқорлық,  өсекшілдік,  залымдық,  надандық,  менмендік,  еріншектік,  әулекілік, 

әсерлік,  жалақорлық,  мақтаншақтық,  жарамсақтық,  залымдық,  жылпостық,  қияңқылық, 

тағы    басқа    жиерінішті    мінез-құлықтарды    жатқызады.    Абайдың    негізгі    этикалық, 

адамгершілік  түсініктері  әділдік  пен әділетсіздіктің  ұғымдық  мәнін, арақатынастарын  

түсінуге  арналған.  Енді  ұлы    ойшылдың    осындай    диалектикалық    қайшылықтарға  

байланысты    тұжырымдарына    тоқталайық.  Соның    бірі  –адам    табиғатындағы    ең  

күрделі    қайшылық  –  білім    мен    надандардың    арасы.  Этикалық    теориялардың  мәнін  

түсүнуге  ұмтылған  көптеген  ғұламалар, ағартушылар  сияқты  Абай  да  адамгершілікті,  

моральды, біліммен, таныммен  ұштастыруды  қажет  деп  санайды. “Білімдіден  шыққан  

сөз,  Талаптыға  болсын    кез.  Нұрын,  сырын    көруге,  Көкірегіңде  болсын    көз”.  Абай 

“білімді”, “білімділік” деген  ұғымдарды  қазіргідей “бастуыш”, “орта”, “жоғары”   білімі  

бар  дегенді айтып  отырған  жоқ.  Ақын  “білімді”  деген ұғымға  өзінше   ерекше  мән  

береді.  Абайдың    түсінігінде    білімді  адам  –  адамдардың    арасындағы  қарым-

қатынастарды  (әкелі-балалы,  алыс-жақын,  тума-туыс)    дұрыс    түсіне    білітін    адам. 

Мектептен  алған    білімін    адамгершілікпен    ұштастыра    білмейтіндерді    Абай 

адамсымақтарды ең  үлкен  наданы, арамы екенін айта  келіп:

                  “Осы  жасқа  келгенше,

                   Өршеленіп  өлгенше, 

                   Таба  алмадық  еш адам

                   Біздің  сөзге –ергенді.

                   Өмірдің  өрін  тауысып,

                   Білімсізбен алысып,

                  Шықтық  міне белге  енді...”

         деп, тоғышарлықтан  адамдыққа, білімсіздіктен  білімділікке  қарай  күрес  жолында  

өткен  өмірін   баяндайды. Абайдың  бұл   ойлары   “жақсылық   ақиқатпен   бірге  болады, 

жамандық  білімсіздіктің  салдары”, сондықтан  да “өзіңді - өзің  таны, өзіңді-өзің  біл” 

деген  этикалық принциптермен  ұштасып  жатыр.

         Өлімді    жеңетін    жақсы,  мәнді    өмір    ғана.  Осындай    философиялық    тұжырымды  

Абайдың    баласы  Әбдірахман    дүниеден    өткенде    жазған    өлеңдерінен,  Оспанның  

өліміне    жазған    тағы    бір  өлеңінен    байқауға    болады.  Мәселе,    адамның    қанша    өмір  

сүргендігінде  емес, қалай  өмір  сүргенінде: 

                     Ұзақ   өмір  не  берер

                      Көрген, білген  болмаса?

                      Жатқан  надан  не  білер,

                      Көңілге  сәуле  толмаса?  [1].

         Адам  деген  атына  лайық, адамгершілігіне  кір  шалдырмаған, көрсем-білсем, еліме  

қызмет  қылсам  деген  адам  өлмейді,  оның ізгі  ісі  мен мәнді өмірі  өлімді  жеңеді:

                     Өлсе  өлер  табиғат, адам  өлмес,

                     Ол  бірақ  қайтып  келіп, ойнап  күлмес.

                     “Мені” мен “менікінің”  айрылғаның,

                     “Өлді”  деп ат  қойыпты өңкей  білмес [2].

         Адам-  табиғаттың    жемісі,  адамның  “менікісі”,  оның    тәні  осыны    білдіреді. 

“Менікіні”  адам  “менімен”,  өзінің    адамгершілігімен,  жақсы    ісімен,  үлгілі    өмірімен 

толтырады. Адамның  тәні өлгенімен, өмірде  қалдырған  рухани  ізі  өлмек  емес. Біздің  

осы    ойымыздың      дәлелін    Абайдың    “Көк    тұман  алдындағы  келер    заман”  өлеңінен  

көруге  болады.  Ақын    адам    өмірі    “арнаулы  таусыншық    күн”,  қалғанын  алла    бір  өзі  

біледі  дей  келіп, көп  күнді  айдап  өтіп жатқан  көп  өмірдің  ізі  жоқтығының  себебіне  

үңіледі,  ол  –  адамның    пендешілдікке    салынып,  “Менін”  емес,  “Менікінін”  көбірек  

ойлануында.

                      Ақыл  мен  жан – мен  өзім, тән-менікі

                      “Мені” мен “менікінің” мағынасы-екі.

                      “Мен” өлмекке  тағдыр жоқ  әуел  бастап,



                      “Менікіні” өлсе  өлсін, оған  бекі!

                      Шырақтар, ынталарың  “менікінде”, 

                      Тән  құмарын іздейсің  күні-түнде,

                      Әділеттілік, арлылық, махаббат пен –

                      Үй  жолдасың  қабірден  әрі  өткенде[3]. 

    Саналы    адам    өзінің    “Менін”,  жанын  жетілдіруге,  руханилық    пен    адамгершілікке  

ұмтылса  ғана  өлмейді, Абайдың:

                      Өлді  деуге сыя ма, ойлаңдаршы, 

                      Өлмейтұғын  артына сөз  қалдырған,

                       Деуі  де сондықтан. Дәл осы Абайдың  өзі  туралы да  айтамыз, оның  өмірі 

– мәнді  өмір  сүрудің ұлы өнегесі[4].

       Қорыта  айтқанда  Абайдың    этикалық,  моральдық,  адамгершілік    идеалы,  мұраты, 

принципі – қысқаша  ғана  “Адам  бол!” деген формула,  тұжырым. Адам  болу – кісілікті  

кісі,  шын  мәнісінде  азамат   болу,  қара   бастың  қамын ойлайтын,  “өзін-өзі  зор  тұтып”, 

“надандарды  менсінбейтін”,  дүниеге    әлем  тұрғысынан    қарайтын  Азамат    Адам    болу. 

Ойшыл  ақынның  талдауынша, толғауынша тек  адамгершілікке  тән  адал  қасиеттерді 

өміріне, ісіне, күнделікті  күн  көру  іс-әрекетіне табиғи  сінірген кісі  ғана – нағыз  адам. 

Демек,  Абайдың    этикалық    көзқарасының  түйіні,  өзегі,  арнасы,  квитэссенциясы  

гуманистік    принцип:  “Адам    бол!”.  Бұл    принцип    грек    философы    Диогеннің    күндіз  

шам  жағып  нағыз  адамды  іздеуінің  қазақ  сахарасындағы  көрінісі[5]. 



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абай. Әбдірахман өліміне/ Сонда 230 бет

2. Абай. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес/ Сонда 225 бет

3. Абай. Көк тұман алдындағы келер заман/ Сонда 265 бет

4. Абай. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес/ Сонда 225 бет

5. Ғабдуллин Б. Этикалық көзқарасы. Абай. Энциклопедия Аламты, 1995ж  624 бет



Каталог: pdf


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет