Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды



Дата22.06.2018
өлшемі19.94 Kb.
Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды.

Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте  Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды. Рашид ад-дин: «кімде-кім Орда ұрпағынан келіп, Баты ұрпақтарының орнына хан болып отырмайтын, өйткені олар бір- бірінен алыста болды және әрқайсысы өз ұлысының жеке билеушілері саналды», - деп көрсетеді. Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғаларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, 1376 жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болды. Осы кезде Маңғыстау Үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй Хожаның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялады. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алды.  Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан Х1Vғ. соңы –ХV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреді. Барақ хан ішкі талас-тартыстар мен сыртқы шабуылдарды тоқтата алмады. 1428 жылы Барақтың өлімінен кейін маңғыттық Едіге ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтың біраз бөлігіне өз билігін таратса, солтүстікте шайбаниліктер бас көтере бастады. Шайбанилік Әбілқайыр хан XΥ ғ. ортасында Ақ Орданың біраз жерлерін басып алды. Биліктен айырылған Орыс хан ұрпақтары оңтүстікке, Сыр бойына қарай ығысты. 1446 жылы Әбілқайыр Ақ Орданың астанасы болған Сығанақты басып алды. Марко Поло: «Моңғол империясының, оның негізін салушы өлімінен кейінгі тарихы былайша қалыптасты: Шыңғысханның тек төрт ұлы ғана моңғол ұлыстарының билеушілерінің басшылары айналды. Шыңғысханның бұл төрт ұлы ақылды, әбден жетілген, үлкен қасиетке ие, батыл да ержүрек, әкесі, бүкіл әскер және халық бағалаған адамдар болды. Олар Шыңғысхан мемлекетіне төрт діңгек ретінде қызмет етті».Монғол ханының билігіне Плоно Карпини: «Бұл тайпалардың императорының барлығының үстінен қарайтын ғажайып білігі бар. Егер де император рұқсат бермесе, ешкім қандай да бір елде бола алмайды. Оның өзі көсемдердің қайда болу керектігін көрсетеді, көсемдер болса мыңдықтарға, мыңдықтар – жүздіктер, жүздіктер болса – ондықтарға қай жерде болу керектігін көрсетеді...». 


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет