А. ж.ғ. м., аға оқытушы, Оспанова А. А



жүктеу 50.74 Kb.
Дата09.07.2017
өлшемі50.74 Kb.
ӘОЖ 668.393.51
МИКРОБАЛДЫРДАН АРАХИДОН ҚЫШҚЫЛЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІ ШАРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ
Абдикалық А. - ХТ-12-5к1 тобының студенті

Абубакирова А.А. - ж.ғ.м., аға оқытушы, Оспанова А.А. - ж.ғ.м., аға оқытушы
Липидтер әр түрлі шаруашылықта, медицинада, фармацевтикалық химияда, және тағы басқа мақсатта кеңінен қолданылады.

Жалпы липидтер барлық микроорганизмде кездеседі, бірақ та кейбіреуі липидті белгілі мөлшерде жинап алу қасиетіне ие болатындары да бар. Липидтердің продуценті болып ашытқылар, микроскоптық саңырауқұлақтар және бактериялар саналады. Жеке продуцент - микроорганизмдер 60-75 % липид түзе алады (есеп бойынша құрғақ биомасса) [1]. Микроорганизмдерді әр түрлі субстратта культивирлеу барысында қарапайым липидтерді, күрделі липидтерді және өндіріс липидтерін алуға болады.


1кесте - Кейбір микроағзалардағы липидтердің максималды құрамы


Микроағза

Клетканың құрғақ затына байланысты липидтер, %

Actinomyces albaduncus

42-57

Alcaligenes eutrophus

40-60

Blaceslea trispora

54-56

Cryptococcus terricolus

65-70

Lipomyces lipoferus

50-63

Mycobacterium smegmatic

35-36

Мицелиалдық саңырауқұлақтардың липидтерінің май қышқылдық құрамында өсімдік майына ұқсас болады. Сондықтан саңырауқұлақтық липидтер халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылады. Кейінгі жылдары мицелиалдық саңырауқұлақтардың арасынан арахидондық қышқылдың жоғары белсенділіктегі өнімдері табылды және оның өзгергіштігі зерттелді (биологиялық белсенді заттармен) 1.

Сонымен қатар, қазіргі кезде липидтер өндірісінде микробалдырлардың да маңызы ерекше. Оларды маңызды арахидон қышқылын алу мақсатында культивирлеу жағдайларын анықтау біздің зерттеуіміздің мақсаты.

Қазіргі кезде фотобиотехнологияда ең көп қолданылатын организмдер – микробалдырлар мен цианобактериялар. Соңғы жылдары биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) алуға көптеген микробалдырлар мен цианобактерия таза дақылдар пайдаланылуда. Атап айтқанда, Chlorella vulgaris, Scenedesmus, Dunaella salina, Synedra acus және цианобактерия Spirulina platensis 2.

Спирулина – көртеген ғалымдарының зерттеулері бойынша, ол тек қорек көзі ғана болып табылмайды, яғни оның фармацевтік қасиеті де аса зор екені дәлелденді. Спирулина иммундық жүйені активтендіреді, сондай-ақ вирусты жою қабілеттілігі де зор2,6.

Диатомды балдырлар - бір жасушалы эукариотты фотосинтездеуші микроорганизмдер, оның кремнилі жасуша қабықшасы бар, биосферада өте маңызды роль атқарады, жердің барлық біріншілік органикалық заттардың өнімімен 20% қамтамасыз етеді. Олар қоректену үшін тек бейорганикалық тұздарды пайдаланады, олар теңізде, тұщы суларда, топырақтарда, мұздарда, ағаш қабықтарында, судың термалды көздерінде мекен етеді. Диатомей өзінің кремнилі сүлдесін молекулалық механизм көмегімен синтездейді және ол интенсивті зерттеу нысанасы болып табылады, оның нәтижесі нанотехнология дамуында үлкен қызығушылық тудырады. 2004 ж. алғаш рет диатомей құрылымын толығымен ашып көрсетті. Әрине, осы гендермен ақуыздың кодтары және олардың туындыларының көмегімен биотехнология – үшін үлкен қызығушылық тудыра алады 3,5.

Биологиялық белсенді заттар (ББЗ) - жалпы заттардың атауы, онда айқындалған физиологиялық белсенділігі бар. Әрине әр ББЗ үшін, өзінің қолдану аймақтары бар. Диатомейді қолданудың негізі сферасы арахидонды қышқыл өндірісі болып табылады  3,7.
Зерттеуді жүргізу әдістемелері мен нәтижелерін талқылау.
Әртүрлі қоректік орталарында микроағзалардың өсуіне, 15 тәулік бойы бақылау жүргізілді. In vitro Synedra acus культураларды енгізу кезінде Заррука, Тамия, Кратц-Майерс және DM қоректік орталар қолданылды 4,8.

Зерттеу қорытындылары 1 суретте көрсетілген.

Суретте көрсетілген бұршақ тұқымдасы соя өсімдігінің тамырларындағы түйнектерінен бөлініп алынған түйнекті бактериялардың ең жақсы өсіп шыққаны DM қоректік ортасында байқалды.
1 сурет. Құрамы әртүрлі қоректік ортада өсетін Synedra acus өсу жылдамдығы
Сондықтан, әрі қарай зерттеулер DM қоректік ортасында жүргізілді. DM қоректік ортаның құрамы келесідейі, мг/л: Ca(NO3)2∙4H2O – 20; KH2PO4- 12,4; MgSO4∙7H2O -25; NaHCO3-16; Na2ЭТДА -2,25; H3BO3-2,48; MnCl2∙4H2O-1,39; (NH4)6Mo7O24∙4H2O-1; цианокобаламин (дәрумен В12)-0,04; тиамин гидрохлорид (дәрумен В1)- 0,04; биотин- 0,04; Na2SiO3∙5H2O-4,26; FeCl3-1,6.

Қорытындылай келе біз биореакторда культивирлеу үшін әлсіз араластыру режимін таңдап алдық. Бұл жағдайда культура бөлшектеніп реактор түбіне тұнды және қоректік орта жақсы сіңетін құрылымдық диатомды түзді. Микроскопиялық зерттеулер жүргізу барысында анықталғандай, Synedra acus жасушалары сілекеймен байланысқан агрегаттар түзеді. Олар өзінің сілекейімен әртүрлі субстраттарға жақсы бекітіледі, мысалы, целлюлоза талшықтарына 1,9.

Диатомды жасушаларды культивирлеудің басты параметрлердің бірі ортаның рН көрсеткіші. Қоректік ортаның қажетті рН көрсеткішін табу үшін, әртүрлі сутек көрсеткіштерімен ортаның НСl қышқылдануын бақылауда бір қатар тәжірибелер жүргізілді.

Биомассаның жинақталу процесін рН-тың 4-тен 10-ға дейінгі мәндерде анықтады. Биомасса өсуінің ортадағы бастапқы рН-мәніне тәуелділігі 2-ші суретте көрсетілген.



2 сурет. рН ортасының бастапқы мәнінің май қышқылдар түрлерінің ара қатынас байланыстылығы
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ортадағы қышқылдықтың жоғарлауы кезінде биомассаның өсуі айтарлықтай төмендейді. Графикте көріп тұрғандай ортадағы рН-тың мәнінен биомасса өсуінің тәуелділігі рН-тың оптималды көрсеткіші 7,7-8,0 мәніне тең.
Әдебиеттер

  1. Искендирова Р.Ә. Балдырлар және саңырауқұлақтар.- Алматы: Ғылым, 2011.- 93 б

  2. Заядан Б.К., Жубанова А.А. Перспективы использования цианобактерии Spirulina platensis в медицинской биотехнологии. //Биотехнология. Теория и практика.-2003.-№2.- С. 71-75.

  3. Гусев М.В., Минеева А.А. Микробиология.- М.: Из-во МГУ, 2005. – 240 с.

  4. Лабораторно-практические занятия по сельскохозяйственной биотехнологии: Методические указания / Под ред. В.С. Шевелухи. - Москва: Изд-во МСХА, 1991. – 206 с.

  5. Беккер М.Е., Лиепиныш Г.К., Райпуллус Е.П., Биотехнология. М.,2000.-135с.

  6. Воробьева Л.И., Промышленная микробиология. М., 2009-302с.

  7. Биохимические основы микробиологических производств. Киев, 2001.-401с.

  8. Бейли Дж., Оллис. Основы биологической инженерии (в 2- х т.) М.: Мир, 1999, - С. 686.

  9. Слюсаренко Т.П. Лабораторный практикум по микробиологии пищевых производств. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 2004 – 208 с.

  10. Вербина Н.М., Каптерева Ю.В. Микробиология пищевых производств: Учебник. –М.: Агропромиздат, 1988. – 256 с.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет