7-сынып. «Жануарларды жіктеу»



жүктеу 348.05 Kb.
Дата01.04.2018
өлшемі348.05 Kb.


7-сынып биология

7-сынып. « Жануарларды жіктеу »


  1. Жүйелеу –дегенміз :

А) ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіру ; В) бүкіл жануарларды ерекшеліктерне сәйкес топтастару ; С) жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік ; Д) жануарларды жіктеу ; Е) өсімдіктерді жіктеу ;

2. Жіктеу дегеніміз -:

А) жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіру ; В) бүкіл жануарларды ерекшеліктерне сәйкес топтастару ; С) жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік ; Д) жануарларды жіктеу ; Е) өсімдіктерді жіктеу ;

3. Ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіру

А) жіктеу ; В) түр ; С) жүйелеу ; Д) жануарлар дүниесі ; Е) қосарлы атаутізім

4. Бүкіл жануарларды ерекшеліктерне сәйкес топтастару

А) жіктеу ; В) түр ; С) жүйелеу ; Д) жануарлар дүниесі ; Е) қосарлы атаутізім

5. Денесі бір ғана жасушадан тұратын -:

А) біржасушалы жануарлар ; В) көпжасушалы жануарлар ; С) құстар Д) балықтар

Е) жорғалаушылар

6. Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік

А) жіктеу ; В) түр ; С) жүйелеу ; Д) жануарлар дүниесі ; Е) қосарлы атаутізім

7. Түр дегенміз - :

А) жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіру ; В) бүкіл жануарларды ерекшеліктерне сәйкес топтастару ;

С) жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік ;

Д) жануарларды жіктеу ; Е) өсімдіктерді жіктеу ;

8. Түрді латын тілінде қос атпен атауды ғылымға ұсынған ғалым:

A) К.Линней. B) Ж.Б.Ламарк. C) Т.Шванн. D) Ч.Дарвин. E) К.Ф.Рулье.

9. Ең ірі жүйелер :

A) Түр B) Туыс C) патшалық D)бөлім E) тұқымдас

7-сынып. «Тамыраяқтылар »


1.Амеба төсемікте қалай қозғалып жүреді ?

А) бұлшықеттер көмегімен ; В) талшықтармен ; С) кірпікшелермен; Д) жалған аяқтарымен

2.Қарапайымдар жасушасының көпжасушалы жануарлар жасушасынан айырмашылығы не ?

А) мөлдір микроскоп арқылы көрінеді ; В) тіршілік әрекетінің барлық үдерістерін өздігінен орындайтын ағза ; С) фагоцитоз және пиницитоз ; Д) бөлініп көбейе алады;

3.Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы неде ?

А) жасушалық құрылысында ; В) көбею жолында ; С) фотосинтездей алуында ; Д) ұлпалардың құрамында ;

4.Амебаның жиырылғыш вакуольі қандай қызмет атқарады ?

А) асқорыту ; В) тынысалу ; С) ағзадағы су мен тұзды реттеу ; Д) бөлінуге қатысу;

5.Қарапайымдылардың циста түзуінің қандай маңызы бар ?

А) орта жағдайының кенеттен өзгеруіне орай әрекет ету ; В) қорғану ; С) көбею; Д) тасалану

6.Қарапайымдылар жаратылымының деңгейі :

А) жасушаға дейінгі ; В) жасушалық ; С) ұлпалақ ; Д) көпжасушалық

7.Қарапайымдардың ядросыздардан айырмашылығы :

А) ядросының болмауы ; В) ядросының болуы ; С) талшықтарының болуы

Д) пластидтерінің болуы ;

8. Сатқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы неде ?

А) теңіз суқоймаларында тіршілік етеді ; В) ағын суларда мекендейді ; С) адамның ішегінде паразиттік етеді ; Д) топырақта тіршілік етеді ;

9. Сатқақ амеба адамның ішегінде қалай тап болады ?

А) қан арқылы ,қан сорғыш жәндіктер шаққан кезде ; В) лас су және тағамы бар цистаны жұтқан кезде ; С) тыныс алу жолы арқылы ; Д) тері арқылы ;

10.Амебада зиянды сұйық заттар қайда жинақталады :

А) цитоплазмада ; В) асқорыту вакуолінде ; С) жиырылғыш вакуолде ; Д) қылаулатқышта;

11.Кәдімгі амеба қай типтің өкілі болып саналады :

А) соркадиналар немесе тамыраяқтылар ; В) талшықтылар ; С) инфузориялар

Д) споралылар ;

12. Шоғырлы қарапайымдарға жатады :

А) амеба ; В) инфузория ; С) лямблия ; Д) домаланғы ;

13. Бақалшақты тамыр сияқтылар қайда мекендейді ?

А) теңіз бен мұхитта ; В) адамның тоқ ішегінде ; С) өзен мен көл ; Д) тұщысу қоймада

14. теңіз тамыраяқтыларының маңызы :

А) кәсіптік ; В) паразиттік ; С) азықтық тізбектің маңызды буыны ; Д) құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын әктас түзеді ;

15.Кәдімгі амебаның жалғанаяқтарының саны :

А) 2 В) 4 С) тұрақсыз Д) 5 Е) 3

16.Қантышқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы :

А) теңіздерде тіршілік етеді В) адамның ішегінде паразиттік тіршілік етеді С) топырақта тіршілік етеді Д) ағысы қатты суда тіршілік етеді Е) өсімдіктерді паразиттік тіршілік етеді .

17. Амебалар класының атауы:

A) сәулелілер B) кірпікшелілер C) плазмалылар (жалғанаяқтылар)

D) споралылар E) талшықтылар

18. Ішектің қабырғасындағы сілемей қабықшаны бүлдіріп, жара қылады

A) Лямблия B) Құртамыш C) Кәдімгі амеба D) Лейшмания E) Қантышқақ амеба

7-сынып. «Талшықтылар »


1. Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден айырмашылығы неде ?

А) көзшелердің болуы ; В) қылаулатқыштың болуы ; С) кірпікшелердің болуы ;

Д) асқорыту вакуолінің болуы ;

2. Домаланғы терең суда қалай қозғалады ?

А) бұлшықеттер көмегімен ; В) талшықтар көмегімен ; С) кірпікшелермен;

Д) жалғанаяқтарымен

3.Жасыл эвглена қай экологиялық топқа жатады ?

А) топырақтық топқа ; В) бентостық топқа ; С) планктондық топқа ; Д) паразиттік топқа;

4.Талшықтылыр қалай қоретенеді ?

А) автотрофты ; В) тек гетеротрофты ; С) автотрофты және гетеротрофты ; Д) паразитті ;

5.Қарапайымдылардың қайсысында цитоплазмада хлоропластар болады ?

А) амебада ; В) жасыл эвгленада ; С) кірпікшелі кебісшеде ; Д) шұрықденелілерде ;

6. Жасыл эвгленаның жыныссыз көбею жолы :

А) бойлық бөліну ; В) көлденең бөліну ; С) бүршіктену ; Д) көптік бөліну ;

7. Жасыл эвглена қай типтің өкілі болып саналады ?

А) соркадиналар ; В) талшықтылыр ; С) инфузориялар ; Д) споралылар ;

8. Жасыл эвглена қоректену жолы бойынша - болып саналады:

А) фототрофты ; В) хемотрофты ; С) миксотрофты Д) сапрофиттер ;

9. Лямблия қай типтің өкілі ?

А) соркадиналар ; В) талшықтылыр ; С) инфузориялар ; Д) споралылар ;

10.Қантұрғы қай типтің өкілі болып саналады :

А) соркадиналар ; В) талшықтылыр ; С) инфузориялар ; Д) споралылар ;

11.Тек қана паразиттік тіршілік етеді ?

А) соркадиналар ; В) талшықтылыр ; С) инфузориялар ; Д) споралылар ;

12. Қантұрғы паразиттік етеді :

А) қанда ; В) бұлшықеттерде ; С) ішекте ; Д) бауырда ;

13. Кірпікшелі кебісше қалай қозғалады ?

А) бұлшықеттер көмегімен ;В) талшықтар көмегімен ; С) кірпікшелермен; Д) жалғанаяқтарымен

14. Қорытылмаған қалдықтар қылаулатқыш арқылы бөлініп шығады :

А) кірпікшелілерде ; В) кірпікшелілерде және талшықтыларда ; С) барлық қарапайымдыларда ; Д) жасыл эвгленада ;

15.Қарапайымдар арасында ең күрделі құрылыстысы қайсысы :

А) амеба В) трипаносома С) инфузория ; Д) лямблия ;

16. Дене пішіні ұршыққа ұқсас бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайым жәндіктерді атайды:

A) Бунақденелілер B) Ішекқуыстылар C) Плазмалылар D) Талшықтылар

7-сынып. «Ішекқуыстылар типі »


1. Гидра денесінің қабаттары:

A) Үш. B) Көп. C) Төрт. D) Бір. E) Екі.

2. Гидраның қозғалуында негізгі роль атқаратын:

A) бұлшық ет талшығы B) атпа жасушалары C) ас қорыту жасушасы

D) аралық жасушалар E) көбею жасушасы

3. Гидраның қозғалуы ... байланысты.

A) атпа жасушаларына B) көбею жасушасына C) ас қорыту жасушасына

D) бұлшық ет талшығына E) аралық жасушаларна

4. Ішекқуыстыларға тән тітіркену дегеніміз:

A) жүйке жасушаның сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап беруі B) тітіркендіргіш

C) сыртқы орта жағдайына бейімделуі D) жауап беруі E) қоректі ұстап алу

5. Гидраның қозғалуында негізгі роль атқаратын:

A) ас қорыту жасушасы B) аралық жасушалар C) көбею жасушасы

D) атпа жасушалары E) бұлшық ет талшығы

6. Гидраның қармалауыштарының орналасқан жері:

A) ауыз қуысының айналасында. B) табанында. C) денесінің ортаңғы бөлігінде.

D) дене бүйірінде. E) денесінің артқы бөлігінде.

7. Ішекқуыстылардың дернәсілі:

A) Планула. B) Жұмыртқа жасушасы. C) Сперматозоид.D) Атпа жасушасы. E) Жүйке жасушасы.

8.Ішекқуыстылар үшін қай асқорыту типі тән :

А) жасуша ішілік ; В) қуыстық ; С) ішектік ; Д) жасушаішілік және қуыстық ;

9. Гидраның энтодермасында қандай жасушалар бар ?

А) атпа жасушалар ; В) жүйке жасушалары ; С) асқорыту жасушалары ; Д) жыныс жасу-ы

10. Гидраның атпа жасушаларының ең көп жиналатын орны :

А) ауызда ; В) ауыз және қармалауышта рда ; С) ауызда және табанда ; Д) бүкіл денесінде

11.Гидра немен қоректенеді ?

А) ұсақ су жәндіктерімен ; В) балдырлармен ; С) су өсімдіктернің эпидермисін қырып жейді ; Д) фотосинтездейді ;

12. Атпа жасушалар пайдалану соңынан :

А) өледі ,олардың саны кеми түседі ; В) атпа жіпше сақталып қалады ; С) өледі ; Д) тірі қалады

13. Гидра құрылысының қарапайымдардан айырмашылығы :

А) біржасушалы ; В) шоғырлы құрылысты ; С) жасушаларының екі қабатты болуы ;

Д) жасушаларының бірнеше қабатты болуы ;

14.Тұщысу гидрасы қайда мекендейді ?

А) тоғандар мен өзендерде ; В) терең суда ; С) теңіздің түбінде ; Д) ұлулардың бақалшағында

15. Гидраның атпа жасушасының уы неге ұқсас ?

А) қалақайдың уына ; В) кобраның уына ; С) жабайы араның уына ; Д) бүйінің уына


7-сынып. « Теңіз ішекқуыстылары »


1. Шоғырлас полиптер қаңқасының түзілетін заты:

A) Әк (ізбест). B) Фосфор. C) Магний тұздары. D) Ас тұзы. E) Калий тұздары.


2. Ішекқуыстары арқылы шоғырласып жалғасқан, әшекей заттарын жасауға пайдаланылатын жәндік:

A) Актиния. B) Медуза. C) Гидра. D) Қызыл маржан. E) Кебісше.

3. Шоғырланып, қозғалмай тіршілік ететін көпаяқты жәндік:

A) Кебісше. B) Эвглена. C) Амеба. D) Гидра. E) Қызыл маржан.


4. Су астында маржандардан пайда болған шеңберлі арал:

A) Жағалық риф. B) Атолл. C) Кішкене арал. D) Тосқауыл риф. E) Маржанды арал.

5. Теңіз түбінде әкті минерал түзетін қарапайым:

A) кәдімгі амеба B) жасыл эвглена C) қантышқақ амебасы

D) бақалшақты тамыраяқтылар E) кірпікшелі кебісше

6. Маржандар қайда мекендейді :

А) өзендерде ; В) тоқтау суқоймаларында ; С) тұщысу қоймаларында Д) теңіздерде ;

7. Медузалар үшін қай асқорыту типі тән ?

А) өсімдік жемділік ; В) жыртқыштық ; С) бактерияфагтық ; Д) өсімдік және жануар қалдықтарымен ;

8.Медузаның жүйке жүйесі :

А) болмайды ; В) диффузиялық тип ; С) түтікшелі ; Д) бағанды ;

9. Актиния қайда мекендейді ?

А) теңіздің терең суында ; В) теңіз түбінде ; С) тұщысу қоймаларында Д) өзендерде ;

10. Бекініп,отырықшы тіршілік етеді ?

А) гидралар мен медузалар ; В) актиниялар мен кораллдар ; С) медузалар ;Д) инфузориялар ;

11. Шоғырлы ішекқуыстыларға жатады :

А) гидралар мен медузалар ; В) актиниялар мен кораллдар ; С) медузалар ;Д) маржандар ;

12.Медузалардың қозғалыс амалы :

А) талшықтардың жәрдемемен ; В) тері-бұлшықет қапшығын жиыру арқылы ;

С) реактивті қозғалыс ; Д) жүзбеқанаттың жәрдемімен

13. Күңгірттеу ақшыл шатыршасы болады ,мөлшері аяқдопқа шамалас және ақшыл күлгін немесе көк жегі болады :

А) тамырауыз медуза ; В) аурелия ; С) айқышты медуза ; Д) актиния ;

14.Кедертас және шеңбертас (атолл) түзуге қатысады :

А) маржандар ; В) гидра ; С) аурелия ; Д) актиния ;

15. Әдемілік ретінде қолданылады :

А) обелия ; В) актиния ; С) гидра ; Д) қызыл маржандар ;

16.Отырықшы дара теңіз көпқармалауыштары :

А) маржанжар ; В) гидра ; С) аурелия ; Д) актиния ;

17.Ең үлкен медуза :

А) цианея ; В) айқышты медуза ; С) аурелия ; Д) тамырауыз ;

18. Улы медузалар :

А) тамырауыз ; В) айқышты медуза ; С) аурелия ; Д) а,в,с –дұрыс ;

19. Терең суда жүзіп тіршілік ететін ішекқуыстылар :

А) медузалар ; В) қызыл маржандар С) гидралар Д) актиниялар

25. Арал мен Каспий де кездесетін гүлге ұқсас көп аяқты:

A) Актиния. B) Эвглена. C) Кәдімгі амеба. D) Медуза. E) Кебісше.

7-сынып. « Жалпақ құрттар типі »


1.Бауырсорғышта кірпікше :

А) дернәсілінде болады ; В) дернәсілінде болмайды ; С) болмайды ; Д) ересек ағзада болады; Е) ересек ағзада болмайды ;

2.Қандай паразиттік құттардың тіршілік циклі иесінің ауыстырылуымен жүреді ?

А) бауырсорғыш ; В) ақ сұлама ; С) аскарида ; Д) жауын құрты ; Е) острицалар ;

3. Бауырсорғыш құрттың асқорыту мүшесі:

А) ауыз,жұтқыншақ ; В) болмайды ; С) ауыз,сорғыш,жұтқыншақ,ішектармақтар ;

Д) ерінді ауыз, жұтқыншақ ; Е) ауыз,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ішектер ;

4. Бауырсорғыш денесін қаптайды :

А) кутикула ; В) жабын ; С) жүйке ; Д) бұлшықет ; Е) паренхима ;

5. жалпақ құрттар типінің қатарынан дара жынысты түрін белгілеңіз :

А) мысық сорғыш ; В) таспа құрттар ;С) бауырсорғыш ; Д) ақсұлама ; Е)қаншыл сорғыш(айырдене

6.Бауырсорғыш құрт :

А) көп иелі ; В) үш иелі ; С) бір иелі ; Д) екі иелі ; Е) төрт иелі ;

7.Мысықсорғыш құрттың әсерінен пайда болатын ауруды белгілеңіз :

А) дикроцелиоз В) цистицеркоз С) шистозаматоз Д)описторхоз Е) фациолез

8.Жалпақ құрттарға тән белгілер :

А) радиальді симметрия В) қанайналым жүйесі С) аналь тесігі Д) сорғыштары болмайды Е) тұйықталып біткен асқорыту жүйесі ;

9. Жалпақ құрттарға қандай белгілер тән :

А) жасыл бездің болуы В) паренхима С) радиальді симметрия Д)аналь тесігі Е) қан айналым жүйесі ;

10. Жалпақ құрттардың ішінде құрылысы едәуір күрделісі :

А) сорғыштар В) буылтық құрттар С) жұмыр құрттар Д) таспа құрттар Е)кірпікшелі құрттар

11. Жалпақ құрттар типі дегеніміз бұл - :

А) біржасушалы жәндік ; В) қосқабатты С) үш қабатты Д) соңғы қуысты

12. Ішекқуыстылармен салыстырғанда жалпақ құрттардың күрделенуіне қандай белгілер дәлел болады :

А) денесі үстінен астына қарай жалпайған ; В) дене жабынында кірпікшелері бар ;

С) мүшелер және мүшелер жүйесі бар ; Д) паразиттік жолмен өмір сүреді ;

13. Жалпақ құрттардың қозғалу жүйесі несімен көзге түседі ?

А) жалғанаяқшалармен В) тері-бұлшықет С) кірпікшелі жабынымен ,сақиналы бойлық бұлшықеттермен Д) кірпікшелі жабынымен ;

14. Ақ сұламаның асқорыту жүйесінің құрамы :

А) асқорыту вакуолінің жиынтығы В) ішек қуысынан С) бітеу тармақталған ішектен

Д) тесіп өтпе ішектен ;

15. Ақ сұлама қоректену типі бойынша жануарлардың қай типіне жатады ?

А) жыртқыш В) паразит С) өсімдікқоректі Д) ыдыраған өнімдер қалдығы

16.Бауырсорғыш ересек күйінде паразиттік етеді :

А) адамның ішегінде В) сиыр,ешкі шөпқоректілер бауыр өзегінде

С) қасқыр мен иттің ішегінде Д) адамның тоқ ішегінде ;

17.Бауырсорғыштың аралық иесі :

А) ірі қара мал В) кіші тоспаұлу С) адам Д) ит

18.Бауырсорғыштың бекіну мүшелерінің ерекшелігі неде :

А) ілгек түріндегі бекіну мүшелері В) сорғыштары болмайды С) ілгектері болады

Д) ауыз мжәне құрсақ сорғыштары болады ;

19.Таспа құрттардың бауырсорғыштан айырмашылығы неде ?

А) денесі бунақталмаған В) екі жақты симметриялы С) құрсақ және ауыз сорғышы болады

Д) денесі шоқпарбастан,мойыннан,бунақденеден тұрады ;

20.Қой жармасқақ ересек күйінде паразиттік етеді :

А) адамның ішегінде В) сиыр,ешкі шөпқоректілер бауыр өзегінде

С) қасқыр мен иттің ішегінде Д) адамның тоқ ішегінде ;

21. Адам қой жармасқағын жұқтыруы мүмкін :

А) шикі балық жесе В) иттің басын сипап қолын жумаса С) қойдың жеткілікті пісірілмеген немесе қуырылмаған етін жесе Д) жуылмаған көкөніс жегенде ;

22.Сиыр жармасқағы ересек күйінде паразиттік етеді :

А) адамның ішегінде В) сиыр,ешкі шөпқоректілер бауыр өзегінде

С) қасқыр мен иттің ішегінде Д) адамның тоқ ішегінде ;

23.Эхинококк ересек күйінде паразиттік етеді :

А) адамның ішігінде В) иттер мен қасқырлардың ішегінде С) адамның тоқ ішегінде

Д) сиыр мен ешкілердің бауыр өзегінде ;

24.Ақ сұлама қай кластың өкілі :

А) сорғыштар В) буылтық құрттар С) жұмыр құрттар Д) таспа құрттар

Е)кірпікшелі құрттар

25.Сиыр жармасқақ қай кластың өкілілі :

А) сорғыштар В) буылтық құрттар С) жұмыр құрттар Д) таспа құрттар

Е) кірпікшелі құрттар

26.Сиыр жармасқағының пайда болу нәтижелері :

А) Ароморфоздың В) ортаға көндігуден С) азғындаудан Д) биологиялық кері кетуден

27. Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:

A) қантышқақ амебасы B) трипоносома C) лямблия D) безгек паразиті E) құртамыш

28.Трематодтар, ол:

A) Кірпікшелі құрттар. B) Ақсұлама. C) Ішексорғы. D) Сорғыш құрттар. E) Үшкірқұрт.

29.Сүлікті медицинада қолдану себебі:

A) Салатамыр бітелгенде. B) Қылтамыр бітелгенде. C) Көктамыр бітелгенде, миға қан құйылғанда. D) Қолқа бітелгенде. E) Қанды қоюлату үшін.

30.Сүліктің зәршығару жүйесі :

А) аналь тесігі В) екі жасыл без С) станбез Д) мальпигий түтігі Е)он жеті жұп түтіктен тұрады

7-сынып. « Жұмыр құрттар типі »


1. Жалпақ құрттармен салыстырғанда Жұмыр құрттар типі үшін қандай белгінің өзіне тән ерекшелігі бар ?

А) үстінен астына қарай жалпайған В) жабынды кірпікшелер болады

С) мүшелер және мүшелер жүйесі бар Д) дененің алғашқы қуысы пайда болады

2. Паразит жұмыр құрттарға жататындар :

А) жалпақ қияқұрт В) ішексорғы,үшкірқұрт С) ақ сұлама Д) сиыр жармасқағы

3. Адамда болатын ішексорғы паразиттік етеді :

А) адамның ішегінде В) адамның аш ішігінде С) тоқ ішегінде Д) сиыр мен ешкінің бауыр өзегінде ;

4. Ішексорғының аналығы күнделікті жұмыртқа салады :

А) 100 мың В) 200 мың С) 10 млн Д) 1 млн

5.Ішексорғыны адам жұқтыруы мүмкін :

А) дернәсілді теріге енгізу жолымен В) нашар қуырылған қой етінен

С) нашар қуырылған сиыр етінен Д) лас су мен тамақ арқылы ;

6. Ішексорғы қай мүшелер мен ұлпаларда паразиттік ете алады ?

А) жүйке жүйесінде В) жабында С) ішекте,қанда,өкпеде Д) бұлшықеттерде

7. Паразит құрттардың қайсысында тек қана бір ие болады ?

А) ақ сұламада В) ішексорғы мен үшкірқұртта С) сиыр жармасқағында Д) бауырсорғышта

8. Жұмырқұрттарға тән белгі :

А) алғашқы қуыс В) паренхима С) соңғы қуыс Д) қантарату жүйесі

9. Жұмыр құрттардың тері-бұлшықет қапшығы неден білінеді :

А) бойлық бұлшықеттерден В) көлденең бұлшықет С) бойлық және көлденең

Д) бойлық,көлденең,қиғаш бұлшықеттерден ;

10. Жұмыр құрттардың ататегі :

А) кірпікшелі құрттар В) жалпақ құрттар С) таспа құрттар Д) ішекқуыстылар

11. Адамның және жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі-

A) Суыртқы B) Мысық сорғышы C) Үшкірқұрт D) Бауырсорғышы E) Таспа құрт

12. Адамға бөсір ауруын тудыратын жұмыр құрт:

A) сиыр цепені B) ішексорғы C) мысық сорғыш D) таспа құрт E) үшкірқұрт

12. Паразит құрттарды зерттеумен айналысатын ғылым :

А) бриология В) палеонтология С) гельминтология Д) микология Е) гистология

13. Адамның және жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі-

A) Бауырсорғышы B) Суыртқы C) Мысық сорғышы D) Үшкірқұрт E) Таспа құрт

10. Адамның және жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі-

A) Суыртқы B) Мысық сорғышы C) Үшкірқұрт D) Бауырсорғышы E) Таспа құрт

7-сынып. « Буылтық құрттар типі »


1. Буылтық құрттар тыныс алады :

А) желбезектермен В) өкпемен С) бүкіл ылғалды денесімен Д) желбезектермен

2.Теңіз буылтық құрттарының көпшілігінің тынысалу қызметін атқарады :

А) желбезектер В) өкпе С) дененің үстіңгі беті Д) желбезек және өкпе ;

3. Нерейда қай кластың өкілі болып саналады :

А) көпқылтанды құрттар В) сорғыштар С) таспа құрттар Д) жұмыр құрттар

4.Шұбалшаң қай кластың өкілі болып саналады :

А) көпқылтанды құрттар В) сорғыштар С) таспа құрттар Д) жұмыр құрттар

5.Түтікше құрттар қай кластың өкілі болып саналады ?

А) көпқылтанды құрттар В) сорғыштар С) таспа құрттар Д) жұмыр құрттар

6. Шұбалшаңдардың қозғалуы:

A) Сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.

B) Көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуынан.

C) Кутикуланың жиырылуынан.

D) Ұзын бұлшықеттердің жиырылуынан.

E) Біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.

7. Сүлікті медицинада қолдану себебі:

A) Қолқа бітелгенде. B) Қанды қоюлату үшін. C) Көктамыр бітелгенде, миға қан құйылғанда.

D) Салатамыр бітелгенде. E) Қылтамыр бітелгенде.

8. Шұбалшаңдардың класы-

A) кірпікшелі құрттар. B) таспа құрттар. C) азқылтанды құрттар.

D) көпқылтанды құрттар. E) сорғыш құрттар.

9. Шұбалшаңдардың қозғалуы:

A) Көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуынан.

B) Сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.

C) Кутикуланың жиырылуынан.

D) Біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан. E) Ұзын бұлшықеттердің жиырылуынан.

10. Ең ежелгібуылтық құрттар :

А) көпқылтанды В) азқылтанды С) сүліктер Д) түтікшеқұрттар

11.Сүліктер :

А) тек қана паразиттер В) жыртқыштар және экзопаразиттер С) тек қана жыртқыштар

Д) қорек талғамайтындар ;

12.Құрттардың қай типінің денесі сигментті :

А) жалпақ құрт В) жұмыр құрт С) буылтық құрт Д) шұбалшаң

13.Сүліктік экзопаразитизмге бейімділігі :

А) сорғышы болады В) қармақшасы болады С) жабысқақ Д) сорады және гирудин бөледі

14.Шұбалшаң :

А) даражынысты В) қосжынысты С) жынысы орта жағдайына тәуелді Д) партеногенез

15. Топырақтағы өсімдіктің шіріген қалдығымен қоректенеді

A) Ақ сұлама B) Қылдырықбас C) Эхиноконк D) Қылқұрт E) Шұбалшаң

7-сынып. « Желілілер типі » бассүйексіздер .


1.Қай тип тармағы желілілер типіне жатпайды ?

А) қабықтылыр В) бассүйексіздер С) омыртқалылыр Д) демтүтіктілер

2. Қандауыршаның қозғалатын мүшесі не ?

А) құйрық жүзбеқанаты В) құрсақ жүзбеқанаты С) көкірек жүзбеқанаты Д) сырттесік

3. Желі қандай қызмет атқарады ?

А) тірек В) асқорыту С) тынысалу Д) сезім мүшелері

4. Қандауыршаның хордасы қайда орналасқан ?

А) құрсақ жағында В) арқа жағында жүйке түтікшесінің астында

С) ішектің астында Д) құйрық жағында

5. Қандауыршаның жүйке жүйесі неден басталады ?

А) жүйке тізбекшесінен В) жүйке арқауынан С) жүйке түтікшесінен Д) жұлыннан

6 .Қандауыршаның қантарату жүйесі қай типке жатады ?

А) веналық В) тұйық С) ашық Д) аралас

7.Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым:

А) А.Ковалевский В) И.Вавилов С) Ч.Дарвин Д) С.Навашин Е) Л.Пастер

7-сынып. « Желілілер типі » балықтар класы.


1. Шеміршекті балық:

A) Сазан B) Қазықұйрық. C) Табан. D) Камбала. E) Майшабақ.

2. Балықтар торсылдақтың көмегімен :

А) судың бағыты мен күшін сезеді В) тамақты қоытады

С) судың түбіне түіп,қайта бетіне шығады Д) тез қозғалады

3. Үйлесімді қозғалыстардың басқаруына байланысты балық миының қай бөлігі көбірек дамыған ?

А) ортаңғы ми В) мишық С) сопақша ми Д) аралық ми

4.Уылдырық шашу деген не ?

А) жылыстау В) ұрпағына қамқорлық С) балықтардың көбею кезіндегі мінез-құлқы

Д) балықтардың жыныс өнімдерін шашуы

5. Қайбалықта желбезек қақпағы болмайды ?

А) сүйекті-шеміршекті В) шеміршекті С) бекірелерде Д) саусаққанаттыларда

6. Қай балықта торсылдақ болмайды ?

А) алабұғада В) шортанда С) жұпбалықта Д) сетінекте

7. Латимерияның қай бөліктері алабұғадан өзгеше ?

А) көзі В) жұптасқан жүзбеқанттар С) жақсүйектер Д) желбезек қақпағы

8. Балықтардың желбезек күлтелері қайда болады ?

А) желбезек қақпақтарында В) желбезек доғаларында

С) желбезек ендірмелерінде Д) желбезектерінде

8. Су жануары ретінде балықтар үшін қай сезім мүшесі тән ?

А) көру В) есту С) бүйір сызығы Д) иіс сезу мүшесі

9. Балықтың желбезек қақпақтары қандай қызмет атақарады ?

А) тірек В) бөліп шығару С) желбезек саңылауларына су айдау Д) эстетикалық

10. Балықтардың бауыр өзектері және ұйқыбез өзектері қайда құяды ?

А) өңешке В) қарынға С) аш ішекке Д) клоакаға

11. Сүт деген не ?

А) аналықтың жыныс өнімі В) аталықтың жыныс өнімі С) уылдырық Д) бөлінді (экскремент)

12. Артерия қаны балықтың қай тамырларымен ағады ?

А) арқа қолқасында В) құрсақ қолқасында С) веналарда Д) артерияларда

13. Балықтардың қай түрі филогенездік жағынан жас деп саналады ?

А) сүйекті В) шеміршекті С) сүйекті-шеміршекті Д) қостынысты

14. Өрістегіш балықтарына жатады ?

А) албырт,жыланбалық,бекіре В) албырт,шортан,бекіре

С) майшабақ ,албырт ,тұқы Д) алабұға тұқымдастар

15. Балықтың көтеріліп,батуын қай жүзбеқанаттар қамтамасыз етеді ?

А) құйрық және көкірек В) көкірек және құрсақ жұп жүзбеқанаттар

С) көкірек және құрсақ сыңар жүзбеқанаттар Д) сырттесік және арқа жүзбеқанаттары

16. Балықтардың есту мүшесі :

А) ішкі құлақ В) ішкі және ортаңғы құлақ С) ортаңғы құлақ Д) сыртқы құлақ

17. Балықтардың дене температурасы мыналарға тәуелді :

А) ұлпалардағы майға В) қорек сипатына

С) қоршаған ортаның температурасына Д) балықтардың қозғалуына

18.Балықтардың жүректегі қаны :

А) веналық В) артериялық С) аралас Д) көгілдір

19.Тосылдақ мынандай рөл атқарады :

А) тепе-теңдік мүшесі В) тынысалу мүшесі С) гигростатикалық Д) бөліп шығару

20. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып ,соңынан өлетін қай балық :

А) алабұға В) шортан С) жыланбалық Д) нәлім

21. Балықтардың қай жүзбеқанаттары жұптасқан ?

А) арқа В) құрсақ С) сырттесік Д) құрсақ және сырттесік

22. Сүйекті балықтардың жасын қабыршағы бойынша анықтауға болады :

А) иә В) жоқ С) дұрыс жауабы жоқ Д) тек шеміршекті балықтарда

23. Торсылдақ көлемі ұлғайған кезде балықтардың дене тығыздығы :

А) кемиді В) артады С) өзгермейді Д) 2-есе ұлғаяды

24. Алға қарай жылжығанда қай жүзбеқанаттар басты рөл атқарады ?

А) арқа В) көкірек С) құйрық Д) құрсақ

25. Балықтардың бас және тұлға қаңқасының қосылуы :

А) қимылдайды В) қимылдамайды С) шала қимылдайды Д) әр түрлі

26. Өт ішекке :

А) қарыннан түседі В) бауырдан түседі С) ішек безінен түседі Д) көкбауырдан түседі

27. Балықтардың сүзгілі мүшесі ?

А) желбезек доғалары В) желбезек күлтелері С) желбезек ендірмелері Д) желбезек қақпақтары

28.Балықтарда қанша қанайналым болады :

А) біреу В) екеу С) айналым болмайды Д) ашық жүйе

29. Балықтар судың ағу бағыты мен қысымын ненің жәрдемімен анықтайды ?

А) көру В) бүйір сызығы С) есту Д) жүзбеқанаттар

30. Қиыр Шығыста қай өрістегіш балықтар өмір сүреді ?

А) дөңмаңдай және албырт В) кета және құнысбалық С) жыланбалық,мурена Д)шоқыр,сүйрік

31. Уылдырық түйірлері деген не ?

А) жұмыртқажасуша В) қоректену өнімдері С) зигота Д) жыныс мүшелерінің бірі

32. Балықтарда кездеседі :

А) тек қана жыныстық көбею В) жыныстық және жыныссыз көбею

С) партогенез Д) барлығы дұрыс

33. Шеміршекті балықтарға қайсысы жатады ?

А) бекіре В) акула С) латимерия Д) жайын

34. Сүйекті –шеміршекті балықтарға қайсысы жатады ?

А) қортпа В) акула С) жұпбалық Д) латимерия

35. Мыналардан қара уылдырық алынады :

А) бекіре тұқымдастарынан В) албырт тұқымдастарынан

С) сетінек тұқымдастарынан Д) майшабақ тәріздестерден

36. Латимерия келесі балықтар өкіліне жатады:

A) Шеміршекті балыққа. B) Бекіретәрізділерге. C) Албырттәрізділерге.

D) Тұқытәрізділерге. E) Саусаққанатты балықтарға.

37. Су планктондарының және балық шабақтарының қорегі:

A) лейшманиялар B) қантышқақ амебасы C) лямблиялар

D) кірпікшелі кебісше E) фораминифералар

38. Балықтарды зерттеумен айналысатын зоология ғылымының саласы :

А) гельминтология В) микология С) герпентология Д) палеонтология Е) ихтиология

39.Ұрпағына қамқорлық жасайтын балық:

A) тұқы B) тікенекті кекіре C) албырт D) алабұға E) құнысбалық

7-сынып. « Қосмекенділер класы.»


1. Қосмекенділердің қанайналы шеңбері :

А) 1 В) 2 С) 3 Д) қанайналым шеңбері

2. Бақаның жүрегі неше камералы ?

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4

3. Бақаның қай бұлшықеттері өте жақсы дамыған ?

А) басының В) алдыңғы аяқтарының С) артқы аяқтарының Д) құйрығының

4. Қай қосмекенділер құйрықсыз қосмекенділерге жатады ?

А) тритон В) саламандра С) протей Д) бақбақыл

5. Қай қосмекенділер құйрықты қосмекенділерге жатады ?

А) құрбақа В) бақа С) тритон ,саламандра Д) жайынауыз

6. Бақа терісінің қандай ерекшеліктері болады ?

А) терісі қалқаншалармен қапталған В) терісі қабыршақпен қапталған

С) терісі жалаңаш , сілемейлі бездері болады Д) терісі жалаңаш , сілемейлі бездері болмайды

7.Үлкен қанайналым шеңбері жүректің қай бөлігінен басталады ?

А) сол жақ жүрекшеден В) оң жақ жүрекшеден С) қарыншадан Д) сол жақ қарыншадан

8. Қосмекенділерге мынандай ерекшеліктер тән :

А) басы қимылдамайды В) басы мойын омыртқаларымен жалғасқан

С) мойнында 7- омыртқа болады Д) аяқтары үш бөліктен құралған ,саусақтары болады

9. Саусаққанатты балықтар палеозой дәуірінің қай кезеңінде пайда болды ?

А) девон В) карбон С) силур Д) ордовик

10. Клоакасы бар жануар:

A) қоян B) аю C) бақа D) қасқыр E) түлкі

11. Құрбақаның қаңқасы:

A) хитинді B) сүйексіз C) сүйекті D) шеміршекті E) сүйекті-шеміршекті

7-сынып. « Жорғалаушылар класы.»


1. Жорғалаушыларға жататын:

A) саламандрлар B) кесірткелер C) бақбақылдар D) бақалар E) тритондар

2. Жорғалаушылар қай геологиялық дәуірде басым болды ?

А) кайнозойда В) архейде С) мезозойда Д) палеозойда

3.Жорғалаушылардың қай мүшелірі тыныс алуғу қатысыды ?

А) тері В) өкпе С) желбезектер Д) ішек

4. Жорғалаушылар жүрек құрылысы бойынша қосмекенділердің жүрегінен айырмашылығы ?

А) екі қарыншасы болады В) екі жүрекшесі болады

С) қарыншасында жартылай қолқа болады Д) қақпақшалары бар

5. Жорғалаушылардың жүрек құрылысы :

А) бір камералы В) екі камералы С) үш камералы Д) төрт камералы

6. Қай жануарларда жүрек қуысы болады ?

А) алабұға В) құрбақа С) кесірткеде Д) жыланда

7.Бауырмен жорғалаушыларды зерттеумен айналысатын зоология ғылымының саласы :

А) гельминтология В) микология С) герпентология Д) палеонтология Е) ихтиология

8. Бауырмен жорғалаушылар класына жатпайтын жануар :

А) кесіртке В) хамелеон С) қолтырауын Д) жылан Е) тритон

9. Бауырмен жорғалаушылардың тынысалу жүйесіне жатпайтын мүше :

А) көмекей В) бронхы С) желбезек қақпақтары Д) кеңірдек Е) өкпе

10. Жүрегі төрт бөлікті жорғалаушы:

A) келес B) тасбақа C) жылан D) қолтырауын E) кесіртке

11.Бауырмен жорғалаушылар тұмсықбастылар отрядының өкілі:

A) гаттерия B) тасбақа C) жылан D)хамелеон E) кесіртке

7-сынып. « Құстар класы.»


1. Құс денесінің ауада ұстайтын қалықтау бетін құрайтын қауырсындары :

А) қанат үсті В) қанатты қағушы С) жабындық Д) бағыттаушы Е) мамық

2. Құс жұмыртқасында болмайтын қабықша :

А) ақуызды В) әкқабық С) саруыздың төменгі бөлігі Д) саруыздың жоғары бөлігі Е) эпителийлі

3. Құстарды зерттеумен айналысатын зоология ғылымының саласы :

А) гельминтология В) микология С) орнитология Д) палеонтология Е) ихтиология

4. Құстардың кейбір өкілдерінде пайда болған без :

А) бауыр өзегі В) сілекей безі С) құйымшақ безі Д) ұйқы безі Е) сүт безі

5. Қызылшақа балапан шығаратын құстар :

А) торғай В) тауық С) үйрек Д) қаз Е) құрлар

6. Ширақ балапан шығаратын құстар :

А) торғай В) тоқылдақ С) үйрек Д) қарлығаш Е) көкек

7. Қыртөссіз құстарға жататын :

А) шағала В) тотықұс С) қоқиқаз Д) көкек Е) түйеқұс

8. Құстардың қањқасының ерекшелігі-

A) Жеңіл және берік, қанат сүйектері пайда болады. B) Желбезек доғалары болады.

C) Денесі төрт бөлімнен тұрады, қабырғалары жетілмеген.

D) Бассүйегіне астыњғы жақ сүйегі қозғалмалы байланысқан, тістері жақсы дамыған.

E) Кеуде қуысы пайда болады.

9. Құстарға зиян келтіретін бунақдене:

A) Сона. B) Түкжегі. C) Мамықжегі. D) Құлық. E) Біте.

7-сынып. « Ұлулар.»


1. Тоспа ұлуының қан айналым жүйесі:

A) болмайды B) тұйық C) ашық D) үлкен қан айналу жүйесі E) кіші қан айналу жүйесі

2. Тілі болмайтын ұлулар-

A) Айқұлақ. B) Каракатица. C) Сегізаяқ. D) Қошқармүйіз ұлу. E) Тоспа ұлу.

3. Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):

A) Каракатица. B) Айқұлақ. C) Үлкен тоспа ұлуы. D) Жалаңаш шырыш. E) Кіші тоспа ұлуы.

4. Бақалшақсыз, басаяқты жыртқыш былқылдақденелілер:

A) Айқұлақ B) Үлкен тоспаұлу C) Шалшық ұлуы D) Кальмар E) Жүзім ұлуы

5. Бақалшақсыз былқылдақденелі жәндік.

A) Үлкен тоспа ұлуы. B) Жүзім ұлуы. C) Айқұлақ. D) Каракатица. E) Шалшықұлу.

6. Басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралған қосжақтаулылар классының өкілі:

A) Жүзім ұлуы B) Каракатица C) Айқұлақ D) Сегізаяқ E) Шалшық ұлуы

7. Тоспа ұлуы бақалшағының бұрала иірленуі-

A) 5-6 бұрама. B) 4-5 бұрама. C) 2-3 бұрама. D) 6-7 бұрама. E) 3-4 бұрама.

8. Ұлдың екінші реттік жыныс белгілерінің дамуына жатады:

A) Мұрты өсіп, дауысы жуандап, ұяңдық болады. B) Мұрты өсіп, дауысы жуандап, бойы өседі.

C) Мұрты өсіп, дауысы, жінішкереді бойы өспейді. D) Мұрты өсіп, дауысы жінішкереді, бойы өседі.

E) Мұрты өсіп, биязылык, ұяндық болады.

9. Аузы аяғының түбіне жақын орналасқан ұлу-

A) кальмар. B) жалаңаш шырыш. C) сегізаяқ. D) тоспа ұлу. E) айқұлақ.

10. Бауыраяқтылар класына жататын жәндік:

A) Сегізаяқ B) Каракатица C) Кальмар D) Айқұлақ E) Үлкен тоспаұлу

11. Үлкен тоспа ұлуының жүйке жүйесі:

A) Екі жұп. B) Жұтқыншақ үсті. C) Бес жұп. D) Жұтқыншақ асты. E) Үш жұп.

12. Кәдімгі тоспа ұлуының тіршілік ортасы-

A) теңіздер. B) топырақ. C) тұщы су түбі. D) тоғандар мен өзендер. E) мұхиттар.

13. Айқұлақ ұрықтанғаннан кейін жұмыртқада … дамиды

A) Планула B) Қуыршақ C) Дернәсіл D) Имаго E) Итшабақ

14. Ұлудың ас қорыту жүйесінде шұбалшаңмен салыстырғанда пайда болған жаңа мүше:

A) Бауыр. B) Тіссіз жұмсақ тіл. C) Көмей. D) Ауыз қуысы. E) Ішек.

15. Тоспа ұлуының қан айналым жүйесі:

A) ашық B) болмайды C) үлкен қан айналу жүйесі D) кіші қан айналу жүйесі E) тұйық

16. Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):

A) Жалаңаш шырыш. B) Каракатица. C) Кіші тоспа ұлуы. D) Айқұлақ. E) Үлкен тоспа ұлуы.

17.Бауыраяқты ұлуларға жататындар:

A) Кальмарлар. B) Қошқармүйіз. C) Сегізаяқтар. D) Айқұлақ. E) Каракатицалар

18.Көзі болмайтын ұлулар-

A) Кальмарлар. B) Катушкалар. C) Айқұлақ. D) Жүзім ұлуы. E) Жалаңаш шырыш.

7-сынып. « Шаянтәрізділер класы.»


1. Өзен шаянның қорғаныш және қорегін аулайтын мүшесі:

A) көздері B) құрсақ аяқтары C) қысқа мұртша D) қысқыштары E) ұзын мұрт

2. Қыршаянның шаншары-

A) Аяққармалауышының (тұтқыаяғының) ұшында. B) Қысқыш аяқтарының арасында.

C) Құрсағының соңғы буынында. D) Құрсағының алдыңғы бөлігінде. E) Тырнақты күйіс аяғының маңында

3. Шаянтәрізділердің тыныс алу мүшесі:

A) Өкпе. B) Ауатамыры. C) Демтүтігі. D) Желбезектер. E) Өкпе қапшығы.

4. Желбезек:

A) зәр шығару мүшесі B) жүйке жүйесі C) тыныс алу мүшесі D) ас қорыту мүшесі

E) қан айналым мүшесі

5. Өзен шаянының жүрегі:

A) Төрт бөлікті. B) Бір бөлікті. C) Бес бұрышты қалта. D) Екі бөлікті. E) Сақина тәрізді жүрекше.

6. Шаянтәрізділердің есту және тепе-теңдік мүшесі:

A) Екі қысқа мұртша. B) Екі ұзын мұртша. C) Хитинді жабын. D) Желбезек. E) Күрделі көзшелері.

7. Шаянтәрізділердің су қоймаларында атқаратын рөлі -

A) Балық шабақтарының қорегі болады. B) Балық шабақтарымен қоректенеді.

C) Өсімдіктерді ыдыратады. D) Балықтың денесіне жабысып тіршілік етеді.

E) Суды тазартады.

8. Суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзетін жәндік:

A) Өзен шаяны B) Тарақан C) Қыршаян D) Медуза E) Балық

9. Шаянтәрізділердің есту және тепе-теңдік мүшесі:

A) Хитинді жабын. B) Желбезек. C) Екі қысқа мұртша. D) Күрделі көзшелері. E) Екі ұзын мұртша.

10. Қыршаянның шаншары-

A) Құрсағының соңғы буынында. B) Құрсағының алдыңғы бөлігінде.

C) Аяққармалауышының (тұтқыаяғының) ұшында. D) Тырнақты күйіс аяғының маңында.

E) Қысқыш аяқтарының арасында.

11. Шаянның бунақталған жүретін аяқтары ... жұп.

A) бес B) үш C) алты D) бір E) төрт

12.Шаянның зәр шығару мүшесі:

A) Екі жұп дөңгелек қалташалар. B) Қос жасыл бездер. C) Сатанбез.

D) Бүйректер. E) Мальпиги тамырлары .

13. Шаянның хитинді жабыны. -

A) Сәндік қасиет береді. B) Дене икемділігін сақтайды. C) Қозғалуға қатысады.

D) Қаптайтын сауыт, ішкі мүшелерін қорғайды. E) Көбеюіне қатысады .

14.Жас шаяндардың хитинін жиі алмастыру себебі:

A) Денесі тез өскендіктен. B) Құрғап, сынатындықтан. C) Суда жұмсарып кететіндіктен.

D) Өзі босап түсетіндіктен. E) Денесі тез өспегендіктен.

15.Шаянтәрізділердің бір жұп қысқышының қызметі -

A) Жүзу. B) Тепе-теңдік сақтау. C) Жүру. D) Қорғаныш, қорегін аулау. E) Иіс сезу.

16.Шаянтәрізділердің көбеюі:

A) Ұрықтанбаған уылдырық салу арқылы. B) Ұрықтанған уылдырық салу арқылы.

C) Тірідей туу арқылы. D) Дернәсілдер арқылы. E) Қуыршақ арқылы.

17.Шаянтәрізділердің бір жұп қысқышының қызметі -

A) Жүру. B) Иіс сезу. C) Жүзу. D) Қорғаныш, қорегін аулау. Е) Тепе-теңдік сақтау.

18. Шаянның хитинді жабыны. -

A) Көбеюіне қатысады . B) Қаптайтын сауыт, ішкі мүшелерін қорғайды.

C) Қозғалуға қатысады. D) Сәндік қасиет береді. E) Дене икемділігін сақтайды.

19.Жас шаяндардың хитинін жиі алмастыру себебі:

A) Денесі тез өскендіктен. B) Өзі босап түсетіндіктен. C) Суда жұмсарып кететіндіктен.

D) Денесі тез өспегендіктен. E) Құрғап, сынатындықтан.


7-сынып. «Өрмекшітәрізділер класы.»


1. Түрленбей дамитын омыртқасыз жануарларға жататындар-

A) Құрттар. B) Шаянтектестер. C) Өрмекшілер. D) Ішекқуыстылар. E) Жәндіктер.

2. Өрмекші тәрізділерге жататындар:

A) дафния B) айқұлақ C) аскарида D) кенелер E) ақ планария

3.Өрмекшінің зәр шығару мүшесі:

A) Аналь тесігі. B) Екі жасыл без. C) Бүйрек. D) Тері.

E) Сатан без және мальпигий тамыршалары.

4. Өрмекші өрмекауды пайдаланады:

A) пілде тоқуға B) бунақденелілерді еліктіруге C) жауынан қорғануға

D) қорегін аулауға E) ұрпақтарын өсіруге

5.Өрмекшітектестердің баскөкірек бөлігіндегі бірінші жұп аяғы :

А) педипальпы В) параподий С) кірпікше Д) күйісаяқ Е) қылтан

6. Өрмекшітектестердің бас көкірек бөлігіндегі екінші жұп аяғы :

А) тұтқы аяқ В) параподий С) қармалауыш Д) күйісаяқ Е) аяқша

7.Өрмекші өрмекауды пайдаланады:

А) бунақденелілерді еліктіруге В) қорегін аулауға С) жауынан қорғануға Д) пілде тоқуға Е) ұрпақтарын өсіруге

7-сынып. «Сүтқоректілер класы.»


1.Қойдың арғы ата-тегі :

А) тарпан В) тур С) таутайлақ Д) арқар Е) шибөрі

2. Жылқының арғы ата тегі :

А) тарпан В) тур С) таутайлақ Д) арқар Е) шибөрі

3. Сиырдың етті бағыттағы қолтұқымы :

А) қырдың қызыл сиыры В) алатау сиыры С) қарала сиыры Д) әулиеата сиыры Е) ақбас сиыр

4.Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласы:

А) гельминтология В) ихтиология С) маммалогия Д) орнитология Е)герпетология

5. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақты бөліп тұратын:

А)жарғақша В) диафрагма (көкет) С) гиподерма Д) шапанша Е) мезодерма

6.Іші перделермен бөлінген сүтқоректілер өкпесінің қуыстары :

А) бронхы В) қапшық С) түтікшелер Д) кеңірдек Е) альвеола

7.Ұрық пен аналық ағзаның арасында зат алмасуды реттейтін жатыр қабырғасындағы мүше :

А) жатыр В) ұрық жолдас С) ұрық қабықшасы Д) аналық без Е) клоака

8.Қазақстан арқар-меринос қойын шығаруға қатысқан ғалым :

А) Т.Шарманов В) М.Айтхожин С) Ә.Есенжолов Д) Қ.Сәтпаева Е) Б.Мусин

9.Қазақстанның ақбасты тұқымды ірі-қара шығаруға қатысқан :

А) В.Фурсов В) К.Бляшев С) Б.Есенжолов Д) Б.Мусин Е)М.Айтхожин

10.1922 жылы шығарылған «Жануарлар » оқу құралының авторы :

А) А.Жандеркин В) Б.Мусин С) К.Кудерин Д) А.Елеманов Е) Х.Досмұхамедов

11.Тақтұяқтылар отрядына жататын жануарлар :

А) бұландар В) жираф С) бұғы Д) жылқы,тапир Е) шошқа,ешкі

12.Тарихи кезеңдерде тарпанның таралған аймақтары:

А) Еуропа мен Батыс Қазақстан В) Орта азияның таулы аудандары С) Үндістанда

Д) Қытай Е) монғолия шөлі

13.Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі :

А) бүйрек В) өкпе С) өңеш Д) кеңірдек Е) қарын

14. Сүтқоректілердегі тіс түрінің саны:

а)2 ә)4 б)3

15. Үй қояның жақсы дамыған тістері:

а)азу тістер ә)күрек тістер б)сойдақ тістер

16. Иттің жақсы дамыған тістері:

а)сойдақ тістер ә)азу тістер б)күрек тістер

17. Етпен, дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:

а)2 ә)1 б)4

18. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:

а)4 ә)2 б)1

7-сынып. «Буынаяқтылар класы.»

1.Адам үшін қауіпті буынаяқтылар :


А) кресті өрмекші В) жайылым кене С) зауза Д) таңқышаян,шаян Е) қарақұрт,тарантул

2.Хитинді жабынның атқаратын қызметі :

А) қанайналым В)сыртқы ортамен байланыс С) тыныс алу Д) қорғаныш Е)сезім мүшесі

3.Аяқтары бірнеше бунақтардан құралған жәндіктер :

А) бунақденелілер В) көп қылтанды құрттар С) буынаяқтылар Д) буылтық құрттар

Е) былқылдақденелілер

4.Жемін аулау үшін тор құратын буынаяқтылар :

А) өрмекшілер В) қоңыздар С) жәндіктер Д) кенелер Е) шаянтәрізділер

5.Буынаяқтылар типінің қанша класы бар?

А) 2 В) 3 С) 6 Д) 4
6. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат:

А) хитин В) сірқабық С) қауыз
7. Буынаяқтылардың денесі немен қапталған?

А) шапаншамен В) кірпікшемен С) хитинмен Д) қабықшамен
8. Буынаяқтылардың қайсысы жемін аулау үшін тор құрады?

А) өрмекшілер В) кенелер С)шаяндар
9. Буынаяқтылардың қайсысы қотыр ауруын туғызады?

А) тайга кенесі В) жайылым кенесі С) қышыма кенесі
10. Буынаяқтылардың қайсысында тіршілік әрекетінің нәтижесінде қанда еріген зиянды өнімдерді ағзадан бөліп шығаратын жасыл бездері бар?

А) өрмекшілерде В) кенелерде С) шаяндарда
11. Буынаяқтылардың қайсысында екі жұп мұртшасы бар, ауыз мүшесі жоғары және төменгі жақтан тұрады?

А) шаяндарда В) шыбындарда С) шырышта
12. Буынаяқтылардың қазіргі кезде ғылымға қанша түрі белгілі?

А)1 млн В) 500 мың С) 1,5 млн

7-сынып. «Бунақденелілер класы.»

1.Араның ауыз мүшесі :


А) сорғыш-түтік В) кеміріп -жалағыш С) шаншып сорғыш Д) кеміргіш Е)сүзіп жалаушы

2.Адамға энцефалит ауруын жұқтырушы қауіпті паразит :

А) жайылым кенесі В) иткене С) тайга кенесі Д) өрмеккене Е) мамықкене

3.Адам денесінде паразиттік тіршілік етіп,қышыма ауруын тудыратын жәндік :

А) қышыма кенесі В) иткене С) тайга кенесі Д) өрмеккене Е) мамықкене

4.Құстардың денесінде мекендеп әкаяқ ауруын туғызатын кененің түрі :

А) қышыма кенесі В) сукене С) тайга кенесі Д) өрмеккене Е) мамықкене

5.Бунақденелелердің тыныс алу мүшесі :

А)желбезек В) түтікшелер С) су түтікшелі жүйе Д) өкпе Е) демтүтік(трахея)

6.Бунақденелілердің паразитті түрі :

А) шыбындар В) сушалақақ С) кандала Д) инеліктер Е) сукандала

7.Толық түрленіп дамитын бунақденелілер:

А) инелік В) шегіртке С) бүргелер Д) дәуіттер Е) биттер

8.Сүзіп жалаушы ауыз мүшесі бар бунақдене :


А) көбелек В) ара С) шыбын Д) қоңыз Е) маса

9.Оба ауруын таратушы бунақдене :

А) бүрге В) бөгелек С) бит Д) маса Е) шаншар

10.Бунақденелілердің шала түрленіп дамуында болатын сатысы:

А) имаго В) дернәсіл С) ересек бунақдене Д) жұмыртқа Е) қуыршақ

11.Қазақстанның Қызыл Кітабына енген бунақдене :

А)коларад қоңызы В) ақтеңбіл дәуіт С) қанқыз Д) зауза қоңызы Е) қарағаш жібеккөбелегі

12.Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкесі болып саналатын бунақдене :

А) далалық кергі В) сушалқақ С) қанқыз Д) аралар Е) бізтұмсық

13.Зиянкестермен биологиялық күрес шараларында қолданылатын бунақдене :

А) бит В) дәуіттер С) шаншарлар Д) бүрге Е) бізтұмсық

14.Кене арқылы таралатын ауру :

А) шиқан В) пневмония С) сыздауық Д) энцефалит Е) қояншық

15.Қысқы тыныштық күйге көшкен бунақденелілердің қуыршақ сатысында қыстайтындары:

А) сыңар жібек көбелек В)орамжапырақ көбелегі С) безгек масас Д) зауза қоңызы Е)қалақай көбелегі

16.Ауа қабытына алғаш көтерілген жәндіктер :

А) шаянтәрізділер В) бунақденелілер С) былқылдақденелілер Д) құрттар Е)өрмекшітәрізділер

17.Масаның отряды:

А) қабыршақ қанаттылар В) қатқыл қанаттылар С) қос қанаттылар Д) жартылай жарғақ қанаттылар Е) жарғаққанаттылар

18.Толық түрленіп дамитын бунақденелілер отряды:

А) тарақандар В)дәуіттер С) биттер Д) инеліктер Е) бүргелер

19.Табиғаттың тазалығын сақтайтын қоңыздар :

А) колорад қоңызы В) көмбекей С) қанқызы Д) жүзгіш қоңызы Е) зауза қоңызы

20.Бунақденелілердің дене бөліктері :

А) көкірек В) бас,құрсақ С) бас,көкірек Д) құрсақ Е) бас,көкірек,құрсақ

21.Бунақденелілер тыныс алады:

А) желбезектерімен В) бүкіл денесімен С) өкпе қапшығы арқылы Д) өкпе арқылы Е) демтүтік

22.Бунақденелілердің қанының қызметі :

А) көмірқышқыл газын сіңіреді В) қоректік заттарды тасымалдайды С) тыныс алуға қатысады

Д) кез-келген газдарды тасымалдайды Е) оттегін тасымалдайды









-бет


: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет