7 Қалалық клиникалық ауруханада жоғары технологиялық эндоваскулярлық емдеу әдістері енгізу туралы баспасөз-релизі



жүктеу 22.93 Kb.
Дата19.05.2017
өлшемі22.93 Kb.
7 Қалалық клиникалық ауруханада жоғары технологиялық эндоваскулярлық емдеу әдістері енгізу туралы баспасөз-релизі

Өткізілген күні: 2015 жылғы 19 тамыз

Өткізілген уақыты: 11.00

Өткізілген жері: Қалқаман ықшам ауданы, №7Қалалық клиникалық аурухана

Ұйымдастырушылар: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефондары: 2755473 ,87013860455

Пациент Гүлсара, бес баланың анасы.Көп жылдары бойы қатты ауырсыну мазалады. №7Қалалық клиникалық аурухананың мамандарымен магнит-резонанстық томографиялық зерттеу жасалды, зерттеу қорытындысы бойынша күретамыр ішкі артериясының қалталы аневризмасы.Ауруханаға жоспарлы түрде 2015 жылғы 16 тамызда госпитализацияланды, операция жасалды-стенттік ассистенция қолданумен аневризманы эмболизация. Қазір пациент бөлімшеде, жағдайы қалыпты, жақын күндері пациент ауруханадан шығып, балаларының қасына қайта оралады.

Пациент Ажаркүл, жағдайы нашарлағаннан кейін жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді: АҚ 200/100 дейін көтерілген, айналасындағылар қатты ауырсыну салдарынан есінен танып, қол-аяғы құрысып және бірнеше мәрте құсқанын байқады.Ауыр халде шұғыл түрде стационардан ауыр халде реанимация бөлімшесіне госпитализацияланды. Магнит-резонанстық томографиямен зерттеу нәтижесі субарахноидальдық қан құйылуын көрсетті.Ангиография жасалды, оның нәтижесінде ми тамырлары аневризмасы және қалталы аневризма пайда болғаны расталды. Ажаркүлге де 2015жылғы 16 тамызда операция жасалды-баллондық ассистенцияны қолданып микроспиралдармен аневримзмаға эмболизация жасалды. Қазір Ажаркүлдің жағдайы қалыпты, бөлімшеге ауыстырылды, ауруханадан үйіне қайтуға дайындалуда.

Гүлсара мен Ажаркүлге ишемиялық инсульттің алғашқы сағатында эндоваскулярлық операция жасалды. Алматы қаласы бойынша жылсайын 1000 жуық пациент, оның 200 астамы мидың артерия- тамырлық мальформация мен аневризма кезінде, 600 астамы ишемиялық инсульттың алғашқы кезінде, 200 астамы артерияның брахиоцефальдық стенозы кезінде қажет.

Инсульт жер бетіндегі пациенттерді мүгедектікке әкелетін бірінші себеп және өлім-жітімге әкелетін басты себеп екенін ескеруіміз қажет. Инсульттің жіті мерзімінде ең тиімді емдеу әдісі инвазивтік жоғары технологиялық эндоваскулярлық емдеу әдістері. Сондықтан, №7Қалалық клиникалық аурухананың мамандары алдына мақсат қойылды- ол эндоваскулярлық емдеу әдістерін енгізу.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 2013 жылғы желтоқсанда елімізде және жақын шетелдерде баламасы жоқ, заманауи Philips Alluraі бипланды ангиографиялық жүйе сатып алынды. Ангиографиялық қондырғыда жұмыс жасау және аппаратты орнату бойынша оқытулар өткізілді.



2014 жылғы 18 наурызда 10 төсек орнына арналған интервенциялық хирургия бөлімше ресми түрде ашылды және бірнеше рет ангиографиялық операция жағдайында операция жасалды. Бүгінгі күні қанша операция жасалды және тағыда қандай инновациялық әдістер енгізіледі, бұл сұрақтың жауабын №7Қалалық клиникалық аурухананың мамандары береді. Сондай-ақ эндоваскулярлық емдеу әдістері операцияларының түлеріне тұсаукесер жасау және операцияны бейне жазбаға түсіру келесі пресс-турда ұсынылады.
: about managing -> press service
press service -> Өткізілетін күні: 2015 жылғы 5 ақпан Өткізілетін уақыты: 11. 00 Өткізілетін орны
press service -> Баспасөз-хабарламасы
press service -> Ашық есік күнін өткізу туралы Баспасөз-релизі Өтетін мерзімі
press service -> Баспасөз хабарламасы тақырыбы: 9-10 қазан күні Алматы қаласында сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты халықаралық конференция өтеді
press service -> Дүниежүзілік Денсаулық Күні аясында Республика сарайының алдындағы алаңда өтетін Дүниежүзілік Денсаулық Күні акциясының баспасөз хабары
press service -> 7 Қалалық клиникалық ауруханада алғаш бауыр трансплатанциясын жасау туралы Баспасөз-релизі Өткізілетін күні




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет