№6 (39) 2015 жыл Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/8
Дата24.10.2018
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

№6 (39) 

2015 жыл

Ауырып ем іздегенше

Ауырмайтын жол ізде

А

А



Ж

Ж

м е д и ц и н а л ы қ - а қ п а р а т т ы қ   ж у р н а л ы

мақсатым – 

ауырып 


келгендерді 

сауықтырып 

қайтару


2

№6   2015   ЖАС-АЙ

Жазылған Жан олЖа

«Жас-Ай» Шығыс-тибет ме-

дицина орталығынан небәрі 3 

курс ем алдық. Екінші курс еміне 

келгенде-ақ жүре бастады. Ең 

алғаш жүрген кезінде қызым 

маған телефон шалып, «жүре 

бастады» деген  қуанышты ха-

бар жеткізген еді. Бірінші рет 

келген кезінде профессор Жа-

сан Зекейұлы «қыздарыңыз 

жазылып, жүретін болады» 

деген екен, бірінші Алланың 

рақымымен, екінші осы «Жас-

Ай» медицина орталығының 

емінің нәтижесі деп айта ала-

мын.


Әзірге «ата, апа, мама, папа» 

деген сөздерді айтып жатыр. 

Ертең әлі-ақ, бұдан да көп 

сөздерді айтып, «тілмаш бала» 

боларына сенімдіміз. Біз қазір 

осы жерге келгенімізге қатты 

қуанып, Аллаға шүкіршілік 

етеміз. Осында келуімізге 

себепкер болған Әсем атты 

келіншекке де зор алғысымызды 

білдіргім келеді. Оның да «ДЦП» 

дертінен ауырған баласы «Жас-

Ай» медицина орталығында 

емделіп, жазылып шыққан екен. 

Осындай қаншама жүре ал-

май келген балалардың жазы-

лып шығуына себепкер болып 

отырған «Жас-Ай» клиникасы-

на айтар алғысымыз шексіз. 

Өз елімізде алтын инемен 

немеремді 

сал 


ауруынан 

тұрғызды


емдейтін емханалар кем де кем. 

Қазақстанның бір түкпірінен 

Жасан мырзаны арнайы іздеп 

к е л г е н і м і з д е ,   ж а н ы м ы з ғ а 

шипа, дертімізге дауа тау-

ып, сенімімізге қанат бітіріп, 

үмітімізді ақтап жатқаны өте 

қуанышты жағдай. 

«Жас-Ай» орталығының 

қызметкерлері өте тәрбиелі, 

инабатты да білімді жандар.  

Күндей күлімдеген көздеріне 

қарап, жаныңа жылу ұялайды 

екен. Қалтқысыз еңбектеріне 

қарап, нағыз ұлттық емдеу 

орталығына келгендігімізді 

м о й ы н д а д ы қ .  Е м і н - е р к і н , 

алаңсыз жатып ем алуымызға 

ө з   ү й і м і з д е г і д е й   б а р л ы қ 

жағдайларды жасап қойған.

Күн сайын немереме ине 

салып, жарқыраған жарқын 

жүзімен қарсы алатын балалар 

дәрігері –Айгүл Оңдасқызына, 

барлық қажет-жарағымызды 

сұрастырып, мейірімін төгіп 

жүрген мейірбикесі – Айжамал 

Күзембаеваға, жалпы барлық 

«Жас-Айлық» ұжымына зор 

алғысымызды білдіреміз. 



Гүлсім БӨПЕШОВА,

Маңғыстау облысы, 

Бейнеу ауданы

Мәдина Бітібай атты немерем сал ауруымен 

туылғандықтан, өз қолымызға алып, қызым мен 

күйеу баламның шаңырағына біраз көмек болсын 

деп,  қол ұшымызды созған  болатынбыз. Мәдина 

олардың үшінші балалары. Үш жасқа толған 

кезде аяғынан тік тұрып, өздігінен жүріп, сөйлей 

бастағанын көріп, қуанып жүрміз. 

14-15-беттер

20-21-беттер

6-7-беттер

26-бет


10-11-беттер

30-31-беттер

12-13-беттер

5-бет


БАЛАНЫҢ ТІЛІНЕ 

МӘН БЕРІҢІЗ

БЕТ ТЕРІСІ МҰҚИЯТ 

ТАЗАЛАУДЫ 

ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ХАЛЫҚ 

МЕДИЦИНАСЫ – 

АСЫЛ ҚАЗЫНА

ЖАСАНДЫ 

ТҮСІК – ҰЛТ 

БОЛАШАҒЫНА 

ҚАУІПТІ

КИНЕЗИТЕРАПИЯ – 

ҚОЗҒАЛЫС 

АРҚЫЛЫ ЕМДЕУ

НЕВРАЛГИЯ

ҚЫРЫҚҚАБАТ 

«ҚЫРЫҚ» 

ДЕРТКЕ ДӘРУ

ҚОМАҒАЙЛЫҚТАН 

ҚҰТЫЛУ

1

2

3

4

5

6

7

8

Біздің жазылу бағамыз – «Қазпошта» АҚ бойынша:

Индекс

Мерзімі

Алматы

Аймақ/Қала

Аудан/ауыл

Жеке тұлғалар үшін

74192

6 ай


694,61

714,13


724,99

12 ай


1389,22

1428,26


1449,98

Заңды тұлғалар үшін

24192

6 ай


904,61

924,13


934,99

12 ай


1809,22

1848,26


1869,98

МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

4

№6   2015   ЖАС-АЙ

«Талма» ауруы қазақы жалпақ 

тілде «қояншық» деп те атала-

ды. Талма дертінің пайда болуы 

ешқашан ананың жүкті кезінде же-

ген азықтарының әсерінен болмай-

ды. Кейбір талма аурулары мидың 

қабынуынан болмаса, мертігу сал-

дарынан пайда болатындықтан 

ұстамалы талма ауруы деп аталады. 

Ал енді бір бөлімінің пайда болу 

себебі медицинада күні бүгінге дейін 

анықталмағандықтан тума талма 

ауруы делініп отыр. Бұлардың туылу 

себебі әр түрлі болғанымен, ауыру 

қозғандағы бейнесі негізінен ұқсас 

болады.

Дертің қозуы жай ұстау және 



ауыр ұстау деп екіге бөлінеді. Жай-

шылықтағы ұстау күніне бірнеше рет-

тен, оншақты ретке дейін қайталайды. 

Әр реткі ұстау уақыты кейде бірнеше 

секундтан, ондаған секундтарға жал-

ғасып бір-бірінен парықталып оты-

рады. 

Талма ұстағанда адам кенет есінен 



танады, көзі алайып, тілден қалады. 

Кейде жығылып қалады немесе 

белгілі дене мүшелерінің бұлшық еті 

дірілдейді. Аяқ астынан басын кек-

жектету, денесі бүгіліп қалу, екі қолы 

дірілдеу сияқты бейнелер көріледі. 

А л ,   т а л м а   а у ы р   д ә р е ж е д е 

ұстағанда науқас, көбінде, шыңғырып 

барып тұтқиыл жығылады, қолдары 

бұратылып, аяқтары түзу созы-

лып, үздіксіз құсады. Тыныс алуы 

тоқтайтындықтан өңі көгеріп, көзі мен 

аузы қисаяды. Аузынан ақ көбік ағып 

тоқтамайды, тілін шайнап алса қан 

аралас көбік құсады, кейде үлкен-кіші 

дәретіне ие алмай қалуы да мүмкін. 

Соңында дене құрысы біртіндеп 

жеңілдеп барып тоқтайды да, науқас 

ес-түссіз ұйықтау күйіне ауысады. Есін 

қайта жиғанда өзінің талу барысын 

мүлде есіне келтіре алмай тұла бойы 

сырқырап, басы ауырып, қалжырап 

тұрғандай сезімге келеді. Талма 

ауыруы ауыр дәрежеде ұстағанда 

жығылып мертігу, тіпті биіктен құлап 

кету, суға ағып кету немесе отқа күйіп 

өлу сияқты қайғылы оқиғалар жиі 

кездеседі.

Талма – үнемі кезігетін ру-

хани аурулардың бірі. Бұл дертке 

шалдыққан науқастың жағдайы 

т ұ р а қ т ы   б о л м а й д ы .   Ж а ғ д а й ы 

ауырларыныкі ұзаққа созылып, 

қайта-қайта ұстайды. Аурудың ұстауы 

ретсіз болады. Ал жеңіл дәрежесі 

бір айда не бірнеше күнде бір рет 

ұстаса, ауыры күніне бірнеше рет-

ке дейін ұстауы ықтимал. Егер дерт 

толассыз ұстаса медицинада оны 

«талманың толассыз күйі» деп атайды. 

Мұндай кезде өмірге қауіп төнгеді. 

Ұстау реті қаншалықты жиілеген 

сайын, науқастың миы соншалықты 

ауыр зақымдалады. Уақыт ұзара келе 

науқастың зейін қуаты барған сайын 

әлсіреп, үйренуге, қызмет істеуге 

мүмкіндігі болмай қалады. Соңында 

бүкілдей ес-ақылынан айырылады. 

Талма – науқастар үшін ауыр руха-

ни күйзеліс. Бұл дертке шалдыққан 

науқастар көп жағдайда өз-өзіне 

қарай алмайтын жағдайға келеді. 

Сондықтан да ауру адамда рухани 

қалыпсыздық пайда болады, көп 

ашуланады. Мұндай қалыпсыздық ой 

жүгіртудің шабандауы, басы артық 

сөйлеу, қызғаншақтық, дөрекілік, 

өзімшілдік, кекшілдік, өш алу ниеті 

күшею, маңайынан ұялмау сияқты 

белгілер көбейеді. Кейбір науқасы 

салмақтылар жауыздық әрекетке не-

месе басқаларға зиянкестік жасауға 

дейін барады.

Т а л м а   а у р у ы н а   ш а л д ы қ қ а н 

науқастарды уағында емдеткен жөн. 

Бұл науқас үшін де, қоғам үшін де 

маңызды. Дәрігер науқасқа диа-

гноз қою кезінде ауру белгілеріне 

қараудан сырт, осы заманғы озық 

жабдықтардың көмегіне сүйену 

арқылы ми қызметінің, бас бөлімінің 

қан айналыс жүйесінің қалыпты, 

қалыпсыздығын тексерген жөн.

Дәрігерлердің нұсқауы бойынша 

дәріні үзбей ішкенде, көптеген науқас 

адамдардың талма ауруының ұстауы 

тізгінделеді. Аз санды ұстамалы талма 

ауруы бар науқас адамдарды миында 

өспе белгілері байқалғаннан кейін ота 

жасау жолымен емдеуге де болады. 

Ұласпалы күйдегі талма ауруы сөзсіз 

қысқа уақыт ішінде тежелуі керек. 

Өйтпегенде науқас тез арада өліп кетуі 

мүмкін.


Талма ауруы бар науқастар ба-

рынша жеңіл дене әрекеттерімен 

айналысып тұрғаны жөн. Деген-

мен мұны ауру жағдайына қарай 

істеген абзал. Өйткені дене әрекеті 

денсаулықты жақсартып, дене 

қуатын күшейтіп, дерт-дербезге 

болған қарсылық қуатты арттыра-

ды, қартаюды кешіктіреді. Жүректің 

қуатын күшейтіп қан тамырлардың 

серпімділігін арттырады, тұтас дененің 

қан айналысын жақсартады, мидағы 

қанның ағу мөлшерін молайтады. 

Қан тамырларын кеңейтеді, қан 

қысымын түсіреді, қанның ағысын 

тездетеді, қанның жабысқақтығы 

мен қоюлығын, қан табақшаларының 

жиналып қалуын төмендету арқылы 

қан ұйығының қалыптасуын азай-

тады. Майлы заттардың алмасуын 

тездетеді, қандағы орта және жоғары 

тығыздықтағы май белогының 

құрамын жоғарылатады. Сол арқылы 

артерияның қатаюының алдын алады. 

Шынығу ұзақ жалғасса, дене салмағы 

жеңілдеп, семірудің алдын алады.



Құрметті Жасан Зекейұлы! Сіздің еңбегіңізді естіп, біліп 

жүрміз.  Білікті маман ретінде, сізге бір сұрағымды қойсам 

деп едім.  Қатарынан екі жыл болды, талма ауруынан 

зардап шегіп келемін. Көп жағдайда туыстарымның, 

жақындарымның көмегімен есімді жиіп аламын. бірақ, 

қорқынышым көбейіп келеді. Ешкім жоқ жерде талып қалсам, 

қайтып тұра алмай қалам ба деген ой мазалай береді. Әрине, 

бәрі Алланың қолында ғой. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ 

демекші, осы ауруымның сырын білейін деп едім. Жалпы, тал-

ма ауруы туралы кеңінен түсінік бере аласыз ба?

Төлеби АлдАмжАров,

Шымкент қаласы

Талма ауруы

Бас дәрігер Бағаны



№6   2015   ЖАС-АЙ

5

тән сұлулығы



Жасан Зекейұлының ғылыми материалдарынан

тері майы) жуасыз, кешке – маки-

яжды, терінің бетінде жиналған 

кірді жуып тастаңыз. Қабынуға 

бейім, майлы тері болса, әсіресе, 

ыстық кезде бөртпенің алдын 

алу үшін күніне 3-4 рет жуыну 

ұсынылады.

 Теріні терең тазарту шараларын 

да жасап тұрыңыз. Терінің дұрыс 

демалуын қайта қалпына келтіру 

үшін және терінің қуаттылығын 

арттыру үшін, сонымен қатар, 

реңін жақсарту үшін 2-3 апта 

аралығында пилинг арқылы теріні 

терең тазартып тұрыңыз. Олардың 

құрамында өсімдік сығындылары 

мен жеміс қышқылдары болуы 

мүмкін. Майлы тері үшін терең 

тазарту процедурасын аптасына 2 

рет жасау ұсынылады, аралас тері 

үшін – аптасына 1-2 рет, құрғақ 

және жасы ұлғайған тері үшін – 

аптасына 1 рет.



Дайындаған  Ж.ИМАНҚҰЛ

Теріге зақым келтіріп алмас үшін жуыну ережелерін мұқият ұстану қажет. Дұрыс 

тазаланбаған тері жасушалары бактериялардың өршуіне, әжім мен безеулердің 

пайда болуына әкеледі. Бөлме температурасындағы сумен жуыныңыз. 

Қылтамырлардың кеңеюін өршітпеу үшін су ыстық болмауы қажет. Бірақ, әсіресе, 

қыз-келіншектер қатты суық сумен де жуынбауы керек, өйткені суық су макияж 

қалдықтарын кетіре алмайды.

Жуынуға арналған құралдар-

дың мөлшерін есепке алыңыз. Егер 

гель пайдаланатын болсаңыз, онда 

құралдың кішкене бөлігін (бұршақ 

мөлшеріндей) сулы қолға құйып 

алып, көпіртіп, бетіңізге ақырын 

уқалап жағыңыз. Теріңізді қатты 

ысқыламаңыз. Үздік нәтиже 

үшін арнайы губка немесе спонж 

пайдалансаңыз болады.

Е г е р ,   с ү т ш е   қ о л д а н а т ы н 

болсаңыз, онда кішкене бөлігін 

(шамамен 5 мл.) дымқыл дөңгелек 

мақтаға немесе саусақтарыңыздың 

ұшына құйып алып, бетіңізге 

ж а ғ ы ң ы з .   Б е т т і ң   о р т а л ы қ 

бөлігінен шетке қарай массаж 

сызықтары бойынша қозғалыңыз. 

Сүтше қалдықтарын сумен шайып 

тастаңыз.

 Теріні тазартуды ұмытпаңыз. 

Теріні күніне екі рет, таңертең 

ж ә н е   к е ш к е   т а з а р т у   к е р е к . 

Таңертең тері қабатынан түні бойы 

жиналған себумды, (себум – түні 

бойы жиналған қышқылдығы көп 

БЕТ ТЕРІСІ МҰҚИЯТ 

ТАЗАЛАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Қантты «бос калориялы» деп 

атайтынымыз бекер емес. 

Ағзаға, әсіресе денсаулықты 

сақтауға селқос қарамайтын 

жандар оны  мүлдем пайда-

сы жоқ зат деп те атайды. 

Күнделікті шәйімізді қазіргі 

кезде қантсыз іше алмай-

мыз. Дегенмен, қанттың 

орнын біршама пайдалы 

затқа алмастыруға да болар 

еді. Мысалы, балмен. Бал 

– калорияға өте бай болып 

келеді. Бір қасық балда 64 

калория бар. Екіншіден, 

қандағы мөлшеріне әсер 

етуін көрсететін шамасы 

да төменгі деңгейде. Ал, 

қантты қолданған сайын 

қандағы қант мөлшерін 

арттырып отырасыз. 

Балдың қандағы қант 

мөлшеріне әсері төмен 

болғандықтан, қант диабеті, 

салмақтың өсуі, жүрек-

қантамыр жүйесінің ауруға 

шалдығуына жол бермейді.  

Қанттың 

орнын 


балмен 

алмастырыңыз



6

№6   2015   ЖАС-АЙ

мытатын  түрлі-түсті ойыншықтар 

әперіп, ойын ойнай отырып, диалог 

құру арқылы  сөйлесу қабілетін да-

мыту керек. Ойын үстінде сөздерді 

п а й д а л а н у ,   б а л а ғ а   с ұ р а қ т а р 

қойып, сұрағына жауап бере білу, 

интонациялық, грамматикалық 

сөз тіркестерінің дұрыс айтылу-

ын қадағалау, дұрыс айтылмаған 

жағдайда қателігін түзеп, тілінің 

тазалығына мән беру аса маңызды.

Сондай-ақ, баламен бала болып, 

мысалы «орамал жоқ» деген сөзді  

бала тілінде сақауланып,«ойамал 

зоқ» деп айтуға болмайды.

«Ойын баланың алдынан өмір 

есігін ашып, оның шығармашылық 

қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-

ойдың қалыптасуы мүмкін емес» 

деп, В.Сухомлинский айтпақшы, 

балаларға ойыншықтармен ойнай 

отырып, оның түр-түсін, пішінін 

сипаттау, атауын үйрету арқылы 

сөздік қорын байытуға болады. 

Баланың білімі мен құштарлығы 

о й ы н   ү с т і н д е   қ а л ы п т а с а д ы . 

Халық даналығындағы «ойнай 

білмеген, ойлай білмейді», «ой-

ында озған, өмірде де озады» де-

ген аталы сөздердің астарынан 

қазақ халқының ежелден-ақ бала 

тілінің дамуына ерекше мен бергені 

байқалады.  

4-5 жасқа келген бала ата-ана-

сына үнемі сұрақтар қоя бастайды. 

Олар әр нәрсеге қызығушылық 

танытып, тіпті ұсақ-түйекке дейін 

ежіктеп ата-анасынан сұрап, ма-

заны алатын кездер осы кезеңде 

басталады. Әрбір сұраққа мұқият 

аурудың Жақсысы Жоқ



Баланың тілі – ата-анасы, қоршаған ортасы мен өз денсаулығына тікелей байланысты екені белгілі. Жалпы, 

бала тілінің кешеуілдеуі бүгінгі таңда ата-аналарды ғана емес, логопед мамандарының жұмысындағы өзекті 

мәселесіне айналып, толғандырып отыр десек қателеспейміз. Көп жағдайда, ата-аналар баласының тіл 

кемістігіне мән бермей,  «еркеліктен сөйлей алмай жүр, уақыты келгенде өздігінен сөйлеп кетеді» деген қате 

пікірде жүріп, баласы 4-5 жасқа жеткен кезде ғана тіл кемістігіне көздері әбден жетіп, логопед маманының 

алдына келеді. Ата-ананың осындай қате пікірге бой алдыруының нәтижесінде баланың тілімен жұмыс істеу ба-

рысы кешеуілдеп, тіпті психикасына да кесірін тигізуі әбден мүмкін. Егер де, баланың сөйлеу мүмкіншілігі өз жа-

сына сай келмей жатса, демек, ол баланың ақыл-ойының дамуында бір кемістік бар екенінің дәлелі. Сондықтан 

да, баланың өз жасына сай дамуына барлық психикалық үрдістердің сай келіп, жасына сәйкес тілінің шығуы аса 

маңызды. 

БаланыҢ тіліне 

мӘн БеріҢіз

Ең алдымен, сәбидің денсау-

лығы анасының құрсағында жат-

қанда дамитынын ескерер болсақ, 

жүктілік кезеңіндегі ата-анасының 

қандай да бір инфек циялық ауру-

мен ауыруы, стресстік жағдайлар, 

қан аздылық, жүрек ақауы, бүйрек 

әлсіздігі сияқты ақаулар әсер  етпей 

қоймайды. Сонымен қатар, босану 

кезіндегі дәрігерлік қателіктерден, 

оның ішінде асфексиялық ауру-

лар (баланың өз кіндігіне ора-

лып қалуы), нәресте миының 

қысылып, зақымдалуына байла-

нысты орталық нерв жүйесінің 

бұзылу салдары. 

Б а л а н ы ң   с ө й л е у   т і л і   к ө п 

жағдайларда туа біткен процесс 

емес екендігін көптеген авторлар 

дәлелдеген. Ол онтогенез барысын-

да адамның әлеуметтік дамуымен 

де байланысты болуы мүмкін. 

Сондықтан да, сап-сау баланың 

тіл кемістігін ата-ананың өздері 

қолдан жасап алатын жағдайларды 

жоққа шығара алмаймыз. Мы-

салы үшін, отбасындағы шешімі 

табылмаған проблемалардан ту-

ындайтын дау-дамайлар мен ұрыс-

керістер немесе баланы шектен 

тыс еркелетіп жіберіп, әріптерді 

өзгертіп сөйлеуіне мүмкіндік 

беру. Қазіргі кезде көптеген от-

б а с ы л а р д а   қ а з а қ   ж ә н е   о р ы с 

тілдерінде бірдей сөйлеу үрдісі 

сәнге айналғандықтан, баланың 

нақты бір тілде сөйлеп, ана тілінде 

дұрыс ойлап, жетік меңгеруіне  

көптеген зиян келтірілуде. Соның 

салдарынан, тілі жаңадан шығып 

келе жатқан балада сөздерді бұзып 

сөйлеушілік құбылыстары орын 

алады. 


Жалпы, баланың сөйлеу тілі 

дамуы екі негізгі кезеңге бөлінеді: 

Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі 

кезең – баланың туылған кезінен 

бір жасқа дейінгі кезең. Ал, сөйлеу 

тілі шыққан кезеңге – бір жастан 

кейінгі сөйлеу әрекеті енеді. 

Логопед мамандары сөйлеу 

тілі шыққанға дейінгі кезеңді 

«дайындық кезеңі» деп атайды. 

Яғни, туылған кезден бастап,  

сәбиде айқайлау немесе жылау 

сияқты дауыс реакциялары пайда 

болады. Жаңа туылған нәресте 

екі аптадан кейін айналасындағы 

а д а м д а р д ы ң   д а у ы с ы н а   н а -

зар аудара бастайды. Жұбатқан 

дауыстарға еліктеп, жылауын 

тоқтатып, тыңдайды. Бір айға 

толысқан сәбиді әлдилеп жұбатуға 

болады дейді. Бір жасқа толған 

бала алғашқы сөздерді айтатын 

кезең екендігін білетін ата-ана 

баласымен міндетті түрде жақын 

қарым-қатынаста болып, жиі 

сөйлесуге тырысқаны жөн. Және 

де әр баланың сөйлеу әрекеті 

мен қарым-қабілеті әр түрлі бо-

лады. Бір бала бір сөз айтқанда, 

екінші бала бірнеше сөздер айта 

алуы мүмкін. Бұл баладағы нерв 

жүйелерінің түріне, ата-анасының 

тәрбиесіне тікелей байланысты. 

Тілді дамытуда баламен ойын 

ойнаудың маңызы зор. Өсіп келе 

жатқан баламен үнемі қарым-

қатынаста болып, ақыл-ойды да-


№6   2015   ЖАС-АЙ

7

аурудың Жақсысы Жоқ



жауап беруге тырысып немесе аса 

мезі болған жағдайда дөрекі жау-

ап бермей, көңілін басқа нәрсеге 

аударып жіберу керек. Баламен се-

руенге шыққанда немесе қандай да 

бір жерге, қонаққа бара жатқанда 

қайда бара жатқаныңызды оған да 

айтып, сыр бөлісіңіз. Оның әрбір 

сөзіне, ойына қолдау білдіріп оты-

ру қажет. Мүмкіндігінше, әңгімеге 

айналдыру арқылы «Жарайсың, 

суретті өте жақсы салыпсың!» 

деп айта салмай, сол салынған 

суреттің мән-мағынасына терең 

үңіліп, не үшін олай салғандығы 

турасында ой бөлісіп көру керек. 

Бала әңгімеге селқостық танытып, 

зейін қоймайтын болса, невропа-

толог маманына көрсету керек. 

Кейбір жағдайлар есту қабілетінің 

нашарлығынан болуы ықтимал. 

Ал, нашар еститін баланың тілі 

кешеуілдетіп дамитындығына 

сәйкес, оның дұрыстап сөйлей ал-

майтынына түсіністікпен қарауға 

тырысыңыз.

Тіл кемістігі бар балалардың 

жалпы қимылдары, соның ішінде, 

б ұ л ш ы қ   е т і н і ң   қ и м ы л д а р ы 

ж е т к і л і к т і   д е ң г е й д е   д а м ы -

майды. Сөйлеу тілі мүшелері 

әрекетінің қозғалуларының да-

муы қол саусақтарының нәзік 

қимылдарының дамуымен тығыз 

байланыста болғандықтан, бала 

қолының ептілігін жетілдіру, 

түзету-тәрбие жұмысын жүргізуді 

қалайды. Саусақтағы бас миымен 

байланысқан активті нүктелеріне 

әсер ете отырып, массаж жасау 

керек. Сондай-ақ, қолдың мото-

рикасын дамыту үшін де, баланың 

өз-өзіне қызмет көрсете білуге 

дағдыландыру, яғни, өз киімдерін 

өзі киіп, шешініп, бәтеңке ба-

уларын өзі ағытып, байлауына 

әрекеттендіру болып табылады. 

Осыны ата-аналардың үнемі есте 

ұстағандары абзал.  

Үш жастан асқан бала тілінің 

дамуына тек қана ата-ананың 

қарым-қатынасы емес, сонымен 

бірге балабақшадағы тәрбиеші, 

ұ с т а з д а р ы н ы ң   а т қ а р а т ы н 

еңбектері де маңызды. Мектепке 

дейінгі кездегі тілдің дамуына 

мынадай практикалық әдістер 

тән: еліктеу әдісі, сөйлесу әдісі, 

қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру 

немесе құрастыру әдістері.   

Мәселен, сөйлесу әдісі кезінде 

4-5 жас аралығындағы балаға 

сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-

бірлеп қойып, оны екеуара әңгімеге 

шақыру керек. Сөйлесу әдісі – 

бұл үйретуші үйренушіні өзінің 

сөздік қорын орынды пайдалануға 

және сол арқылы тілін жетілдіруге 

үйрететін әдіс болып табылады. 

Сонымен қатар, әңгіме құрастыру, 

көрген жағдайларды әңгімелеп 

беру арқылы, соны қайталату 

ә д і с т е р і н і ң   б а р л ы ғ ы   д а   б а л а 

тілінің дамуына, сөйлесе білуіне 

оң септігін тигізері сөзсіз. 

Сонымен, балалармен үнемі 

қ а р ы м - қ а т ы н а с т а   б о л а т ы н 

балабақша тәрбиешілері үшін 

өзінің тілін жетілдіру – болашақ 

әрбір педагогтың адамгершілік әрі 

қоғамдық парызы болып табылмақ. 

Сондықтан да, балаларға үйрететін 

тілдік дағдыларды жетік меңгеруі 

тиіс. Баласы балабақшаға ба-

р а т ы н   а т а - а н а л а р   к е й д е   б а р 

жауапкершілікті тәрбиешіге тап-

сырып қойып, үйге келгенде тілдік 

қормен жұмыс жасамайтындар да 

кездеседі. Әрине, бұл дұрыс емес. 

Әрбір бала үшін ана махаббатының 

орны, жөні бөлек. Ананың аяу-

лы алақаны мен жылуын сезбей 

өскен балалар өз ортасында томаға-

тұйық мінез қалыптастырып, көп 

сөйлесуден қашып, енжарлыққа 

б о й   ұ р ы н д ы р а р ы   д а   с ө з с і з . 

Сондықтан да, бала тілінің дамуы-

на әрбір ата-ананың ерекше назар 

аударып, мән бергені аса маңызды 

іс. 


«Жас-Ай» медицина орталығы 

тіл кемістігі бар балаларды инемен 

емдеу, инені дәрілік шөптермен 

қыздыру, токпен тітіркендіру, 

нүктелі массаж жасау арқылы 

емдейді. Емдеу кезінде мына 

нүктелерге ине қойылады: 

МС7-да-лин;                                                                 

МС6-нэй-цзань; 

ТR10-тянь-цзинь;

E36-цзу-сан-ли;

V15-синь-шу;

6I19-хэ-ляо;

RP6-сань-инь-цзяо;

P7-ле-цюе:

ТR15-я-мэнь;

RP3-хоу-си:                                                        

                               Дайындағандар  -




Айман рахманқызы,
Азапты дерт – үшкіл нерв 
Балық еті –  дәрумендерге 
Иіссулар  құпиясы
Дамир гусамович имаев



  1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет