5 баспасөз релизі «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан



жүктеу 35.42 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі35.42 Kb.

5 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


«Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан

«Таға» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы
2016 жылғы 4 наурыз Алматы қ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 4 наурыздан бастап «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады. Монета таға тәріздес күрделі нысанда жасалған.

Тағаның үйге сәттілік, табыс, байлық әкелетін, ең ежелгі және ең танымал тұмар екендігі баршаға белгілі. Мұндай наным әлемнің түрлі елдерінде кеңінен тараған. Бақыт әкелетін тұмар ретінде келетін бақыт ағып кетпесін деп тағаның ұшын жоғары қарату қажет деп саналады.
c:\users\so_saule_k\documents\подкова аверс.jpg c:\users\so_saule_k\documents\подкова рев.jpg
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31.1 g» деген жазу бар. Жазуларды айналдыра ұлттық өрнек салынған, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ», ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған және моншақ тәріздес тізбек жүргізілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде стильдендірілген тағаның ұшында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) алтын жалатылған таға бейнесі орнатылған, ортасында спираль орналасқан, оны айналдыра ағылшын тілінде

«FOR LUCK», мемлекеттік тілде «ІСКЕ СӘТ» және орыс тілінде «НА СЧАСТЬЕ» деген жазулар бар. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан берілген.

Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурт) тегіс, бедерсіз және жазбаларсыз.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 гр, сипатталған дөңгелек диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 6 мың дана.

Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «SKARBIEC KORONNY SA» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығару және сату туралы келісімге сәйкес дайындалды.

Осы Келісім бойынша:

- «SKARBIEC KORONNY SA» акционерлік қоғамы Қазақстаннан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен монеталарды сатып алады;

- Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындайды және жеткізеді;

- Ұлттық Банк дайындалатын монеталардың бір бөлігін (3 мың дана) коллекциялық құны бойынша Қазақстанның ішкі нарығында сату үшін резервтейді.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы Интернет – дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: +7 (727) 273-83-98.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 697

+7 (727) 3302 497

+7 (727) 3302 452

e-mail: press@nationalbank.kz



www.nationalbank.kz
: file -> info
info -> 14 баспасөз релизі базалық мөлшерлеме туралы
info -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
info -> 47 баспасөз релизі валюта нарығындағы ағымдағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №9 баспасөзрели зі
info -> 20 баспасөз релизі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы
info -> Памятка по домашнему компостированию растительных отходов




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет