4 –нұсқа биология



Дата02.07.2017
өлшемі75.43 Kb.
4 –нұсқа

БИОЛОГИЯ

1. Өлі табиғатқа жатады:

A) Өсімдік.

B) Тау жыныстары.

C) Жануар.

D) Бактериялар.

E) Адамдар.

2. Органикалық тыңайтқышқа жатпайды:

A) Микротыңайтқыш.

B) Қарашірік.

C) Көң

D) Шымтезек



E) Құс саңғырығы

3. Гүл дегеніміз:

A) Жыныс мүшелері бар өсімдік мүшесі.

B) Жасушалар жиынтығы.

C) Өсімді мүше.

D) Ағзаның ең кіші бөлігі.

E) Фотосинтезге қатысатын мүше.

4. Шөлге төзімді, суды көп қажет етпейтін өсімдік:

A) Мыңжапырақ.

B) Күріш.

C) Қияр.

D) Кактус.

E) Жүгері.

5. Раушангүлділерге жататын шөптесін өсімдік:

A) Алабота.

B) Көкнәр.

C) Жоңышқа.

D) Қазтабан.

E) Картоп.

6. Қырықбуыннан көктемде дамитыны-

A) Жасыл өркендер.

B) Масақшасы бар қоңыр өркендер.

C) Тамырсабақ.

D) Қосалқы тамырлар.

E) Сабақ.

7. Үш ағзаның селбесуінен құралған өсімдік:

A) Балдыр.

B) Қына.


C) Қалпақшалы саңырауқұлақ.

D) Түйнек бактерия.

E) Зең саңырауқұлағы.

8. Судың қалың қабатында жүзіп жүретін ішекқуыстылар-

A) риф түзуші маржандар.

B) актиниялар.

C) гидралар.

D) қызыл маржандар.

E) медузалар.

9. Бауырсорғышта кірпікше:

A) Ересек ағзада болады.

B) Дернәсілінде болады.

C) Дернәсілінде болмайды.

D) Ересек ағзада болмайды.

E) Болмайды.

10. Басаяқты бақалшақсыз ұлулардың сорғышы бар қармалауыштары-

A) Мантиясы (шапаншасы).

B) Бақалшағы.

C) Аяқтарының бөлігі.

D) Тұлғасы.

E) Басы.

11. Бунақденелілердегі майлы денелердің қызметі:

A) тамақтану

B) тыныс алу

C) көбею

D) қозғалыс

E) зәр шығару

12. Желбезек:

A) ас қорыту мүшесі

B) тыныс алу мүшесі

C) жүйке жүйесі

D) зәр шығару мүшесі

E) қан айналым мүшесі

13. Ішкі секреция бездерінің бөлетіні

A) Дәрумендер

B) Сілекей

C) Гормон

D) Фермент

E) Тер

14. Адамның қимыл-әрекетін реттеп дене тепе-теңдігін сақтайтын:



A) аралық ми

B) бас ми бағаны

C) мишық

D) алдыңғы ми

E) ортаңғы ми.

15. Сүйектің құрамындағы органикалық заттар:

A) Иілгіштік, серпімділік қасиет береді

B) Тез сынғыш қасиет береді

C) Сүйекті жұмсартады

D) Сүйекті қатайтады

E) Сүйекке мықтылық қасиет береді

16. Тамырдың лүпілінің сезілуі :

A) Өкпе қылтамырынан.

B) Лимфадан .

C) Қылтамырдан.

D) Көктамырдан.

E) Салатамырдан.

17. Өкпедегі ауа көпіршіктерінен тұратын ұлпа:

A) эпителий

B) сүйек


C) бұлшық ет

D) дәнекер

E) жүйке

18. Сілекей бөлінуін реттейтін орталық-

A) Ортаңғы ми.

B) Сопақша ми.

C) Үлкен ми сыңарлары.

D) Аралық ми.

E) Мишық.

19. Ас қорыту жүйесінде аминқышқылдарға дейін ыдырайтын органикалық қосылыс:

A) көмірсу

B) глюкоза

C) ақуыз (нәруыз)

D) крахмал

E) май

20. Ағзада бүйректің атқаратын қызметі:



A) Қанды оттегімен қанықтырыды.

B) Инсулин гармонын түзуге қатысады.

C) Су мен улы қосылыстарды бөліп шығаруға қатысады.

D) Ақуызды ыдыратады.

E) Адреналин гармонын түзуге қатысады.

21.Мүктердің жыныс жасушаларының қосылуынан:

А)теңдей бөлінеді

В)спора түзіледі

С)екі-екіден қосылады

Д)зооспоралар түзіледі

Е)дене үзінділерінен жетіледі

F)гамета пайда болады

G)қауашақ жетіледі

Н)ұрықтанады

22.Қос гүлсеріктері бар өсімдктер:

А)шаған


В)қымыздық

С)өрік


Д)қалақай

Е)шие


F)қызылша

G)алма


Н)тал

23.Бунақденелілердің дене бөліктері:

А)бас

В)бас, құйрық



С)баскөкірек және құйрық

Д)көкірек және құрсақ

Е)құйрық

F)баскөкірек және құрсақ

G)бас, мойын

Н)баскөкірек

24.Құйрықты қосмекенділер:

А)саламандра

В)құрбақа

С)жетісулық бақатіс

Д)кәдімгі құрбақа

Е)данатта құрбақасі

F)көлбақа

G)сақиналы құртжылан

Н)тритон

25.Қан тамырларының түрлері:

А)қылтамыр

В)эритроцит

С)плазма

Д)сүйек кемігінде

Е)макрофагтар

F)қолқа


G)моноциттер

Н)көктамыр

26.Сыртқы секрециялық бездерге жатады:

А)қалқаншамаңы безі

В)гипофиз

С)сілекей без

Д)ұйқы без

Е)қалқанша без

F)тері без

G)жыныс без

Н)айырша без

27.Ми діңіне жататын:

А)сопақша

В)ортаңғы ми

С)мишық

Д)астыңғы жақ



Е)ми өзегі

F)үлкен ми, мишық

G)үлкен ми

Н)аралық


28.Ч.Дарвин анықтап берген қолдан сұрыптаудың түрлері:

А)жеке


В)әдістемелік

С)мақсатсыз

Д)биотехнология

Е)аутбридинг

F)полиплоидия

G)гетерозис

Н)инбридинг

29.Шала түрленіп дамитын ағзалар:

А)бит

В)шаншарлар



С)көбелек

Д)шыбындар

Е)шегіртке

F)баларалар

G)масалар

Н)бақа


30.Құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметтері әр түрлі мүшелер:

А)гомологтық мүшелер

В)қалдық мүшелер

С)мимкрия

Д)табиғи сұрыпталу

Е)түрішілік күрес

F)аналогтық мүшелер

G)морфологиялық мүшелер



Н)рудименттік мүшелер



 №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

4 - нұсқа

B

A

A

D

D

B

B

E

B

C

E

B

C

C

A

E

A

A

C

C

BGH

CEG

AD

ACH

AHF

CF

ABH

BC

AE

A



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет