32 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы



Дата02.11.2017
өлшемі88.66 Kb.


32 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Қаржы нарығындағы ахуал туралы
2015 жылғы 15 шілде Алматы қ.
1. 2015 жылғы маусымдағы инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2015 жылғы маусымда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы 0,1%-ға (2014 жылғы маусымда – 0,3%-ға өсті) төмендеді. Бұл ретте, азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға (0,4%-ға өсті) азайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,3%-ға (0,3%-ға өсті), ақылы қызмет көрсету – 0,1%-ға (0,2%-ға өсті) көтерілді.

Азық-түлік тауарларының ішінде 2015 жылғы маусымда көп дәрежеде жемістер 1,9%-ға, күріш және нан – 0,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,5%-ға, макарон өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады. Көкөністердің бағасы 9,6%-ға, оның ішінде орамжапырақ – 28,8%-ға, жұмыртқа – 6,6%-ға, қант – 0,5%-ға, май және тоң майлар – 0,4%-ға, сүт өнімдері – 0,3%-ға, жарма, ет және ет өнімдері – 0,2%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында матаның бағасы 0,7%-ға, аяқ киім – 0,5%-ға, тұрмыстық үй заттары – 0,4%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,2%-ға өсті. Бензиннің құны 0,3%-ға өсті, дизель отыны 0,4%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,1%-ға төмендеді. Бұл ретте ыстық су тарифтері 1,7%-ға, сұйытылған газ – 0,7%-ға азайды. Тұрын үйді жалға алғаны үшін баға 0,4%-ға, тұрғын үйді ұстау – 0,2%-ға өсті. Бұдан басқа, қызмет көрсету құрылымында амбулаторлық қызметтің бағасы 0,4%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметі – 0,5%-ға өсті. Білім беру қызметі 0,1%-ға арзандады.

2015 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 1,4% (2014 жылғы қаңтар-маусымда – 4,8%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдың басынан бастап 1,4%-ға (5,5%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%-ға (4,7%-ға), ақылы қызмет көрсету – 2,1%-ға (4,0%-ға) қымбаттады (1-график).


1-график

2014 және 2015 жж. қаңтар-маусымдағы инфляция және оның негізгі топтары
2015 жылғы маусымда инфляция жылдық көрсетуде 3,9% (2014 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 3,7%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,6%-ға (7,8%-ға), ақылы қызмет көрсету – 4,4%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.
2. 2015 жылғы маусымның соңындағы халықаралық резервтер мен ақша агрегаттары

2015 жылғы маусымның аяғында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 0,5%-ға ұлғайды және 28,9 млрд. АҚШ доллары болды. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 0,5%-ға ұлғайды және 28,1 млрд. АҚШ доллары болды.

Елдің халықаралық резервтері, жалпы алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (69,0 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 97,9 млрд. АҚШ долларына дейін 0,2%-ға ұлғайды.

2015 жылғы маусымда ақша базасы 15,0%-ға кеңейіп, 4191,2 млрд. теңге болды (жыл басынан бері 22,8%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3877,9 млрд. теңгеге дейін 11,1%-ға кеңейді.

2015 жылғы мамырда ақша массасы 12533,8 млрд. теңгеге дейін 2,2%-ға, айналыстағы қолма-қол ақша – 1086,9 млрд. теңгеге дейін 6,7%-ға, банк жүйесіндегі депозиттер – 11446,9 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды. Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі депозиттер көлемінің төмендеу қарқынымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаның қысқару қарқынының 2015 жылғы қаңтар-мамырда тіркелген басым болуы салдарынан 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы мамырда 91,3%-ға дейін өсті. 2015 жылғы мамырдың соңында ақша мультипликаторы 3,44 болды.
3. 2015 жылғы маусымдағы валюта нарығы

2014 жылғы маусымда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 186,04 теңгені құрады.

Қосымша сауда-саттық мәмілелерін ескере отырып Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 12,4%-ға өсіп, 4,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі, алдын ала деректер бойынша 0,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 11,0%-ға өсіп, 4,8 млрд. АҚШ долларын құрады.


4. 2015 жылғы маусымдағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2015 жылғы маусымда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 1 аукцион өтті, онда тиімді кірістілігі 7,80% 15 жылдық МЕУКАМ (353,1 млн. теңге) орналастырылды.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 0,01% ұлғая отырып, 2015 жылғы маусымның аяғында 4701,3 млрд. теңгені құрады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары.

2015 жылғы маусымда Ұлттық Банктің ноттарын орналастыру бойынша аукциондар өткен жоқ.


5. 2015 жылғы маусымдағы банкаралық ақша нарығы

2015 жылғы маусымда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 2,2%-ға өсіп, баламасында 3066,4 млрд. теңгені құрады.

Теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 4,4, есе ұлғайып, 449,8 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 14,7%-ы) болды. Бұл ретте теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2015 жылғы маусымда 3,55% болды.

АҚШ долларымен орналастырылған депозиттердің көлемі 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 11,8%-ға төмендеді және 13,3 млрд. АҚШ долларын (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 80,6%-ын) құрады. АҚШ долларымен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,08% болды.

Ресей рублімен және еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің тиісінше 4,7%-ы және 0,01%-ы.

Шетел валютасымен банкаралық депозиттердің үлесі орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 85,3%-ы болды. Шетел валютасында бейрезидент банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінің 84,6%-ын құрады.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 2015 жылғы маусымда 8,1 есе ұлғайып, 392,7 млрд. теңгені құрады.
6. 2015 жылғы мамырдың соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы

2015 жылғы мамырда резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 11446,9 млрд.теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 7173,9 млрд. теңгеге дейін 2,7%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 4273,0 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды.

2015 жылғы мамырда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5472,0 млрд. теңгеге дейін 7,0%-ға ұлғайды (заңды тұлғалардыкі 8,2%-ға өсті, жеке тұлғалардыкі 3,3%-ға өсті), шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 5974,8 млрд. теңгеге дейін 2,6%-ға төмендеді (заңды тұлғалардыкі 4,0%-ға төмендеді, жеке тұлғалардыкі 1,1%-ға төмендеді). Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 45,5%-дан 47,8%-ға дейін ұлғайды.

Халықтың банктердегі салымдары (бейрезиденттерді қоса алғанда) 2015 жылғы мамырда 4308,4 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға көтерілді. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттер 1369,4 млрд. теңгеге дейін 3,4%-ға ұлғайды, бұл ретте шетел валютасымен салынған депозиттер 2939,1 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы бір айда 30,8%-дан 31,8%-ға дейін өсті.

2015 жылғы мамырда мерзімді депозиттер 7829,3 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға өсті. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен салынған депозиттер 3124,6 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға, шетел валютасымен салынған депозиттер 4704,6 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға өсті.

2015 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен салынған мерзімді депозиттерінің орташа алынған мөлшерлемесі 12,0%, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,1% болды.


7. 2015 жылғы мамырдың соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеудің жалпы көлемі 2015 жылғы мамырда 12068,3 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютамен берілген кредиттер көлемі 8487,9 млрд. теңгені, шетел валютасымен берілген кредиттер көлемі 3580,3 млрд. теңгені құрады. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 70,3%-ды құрады.

2015 жылғы мамырда ұзақмерзімді кредиттеу 9821,5 млрд. теңгені құрай отырып, 0,1%-ға ұлғайды, қысқамерзімді кредиттеу көлемі 2246,8 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға азайды. Ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы бір айда 81,1%-дан 81,4%-ға дейін ұлғайды.

2015 жылғы мамырда заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 8094,1 млрд. теңге болды, жеке тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 3974,2 млрд. теңгеге дейін 0,2%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 32,8%-дан 32,9%-ға дейін ұлғайды.

2015 жылғы мамырда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1888,6 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға дейін өсті, бұл экономикаға кредиттеудің жалпы көлемінің 15,6%-ын құрайды.

Салалар бойынша алғанда банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым басым сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі - 19,1%), өнеркәсіп (11,5%), құрылыс (9,1%), ауылшаруашылығы (3,9%) және көлік (3,8%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 15,3%-ды, жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 17,6%-ды құрады.


8. 2015 жылғы 1-тоқсандағы төлем балансы және сыртқы борыш

2015 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шоты 0,2 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі аздаған теріс сальдомен қалыптасты. Сауда балансы 4,2 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі профицитпен қалыптасты. Бұл ретте тауарлар экспорты 12,1 млрд. АҚШ долларын, ал тауарлар импорты 7,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

Халықаралық қызметтер балансы 1,1 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі тапшылықпен қалыптасты. Бастапқы кірістер балансының тапшылығы 3,0 млрд. АҚШ долларын құрады. Қосалқы кірістердің теріс сальдосы 0,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қаржы шоты бойынша (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) міндеттемелердің қысқаруымен салыстырғанда активтердің неғұрлым жоғары қарқынмен қысқаруы нәтижесінде 2,4 млрд. АҚШ доллары (2014 жылғы 1-тоқсанда оң сальдо 2,2 млрд. АҚШ доллары) мөлшерінде капиталдың таза әкелінуі (теріс сальдо немесе «қалған елдерден таза қарыз алу»1) қалыптасты.

Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша 2015 жылғы 1-тоқсанда 1,2 млрд. АҚШ доллары болған теріс баланс қалыптасты. Тікелей инвестициялау операциялары бойынша қаржы активтерін таза иелену 1,4 млрд. АҚШ долларын, ал тікелей шетелдік инвестициялар бойынша міндеттемелердің таза өсімі 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

«Салым бағыттары» қағидаты бойынша есепке алынған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2015 жылғы 1-тоқсанда 4,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Өзара фирмааралық міндеттемелер бойынша негізгі борышты өтеуді есептегенде Қазақстанға тікелей инвестициялардың таза әкелінуі 0,2 млрд. АҚШ долларын құрады, ал шетелге таза әкетілуі 0,9 млрд. АҚШ доллары болып қалыптасты.

Портфельдік инвестициялар балансы 0,8 млрд. АҚШ доллары болатын теріс сальдомен қалыптасты. Портфельдік инвестициялар бойынша активтердің төмендеуі 2,1 млрд. АҚШ доллары болды, ал міндеттемелердің азаюы 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

«Басқа инвестициялар» бабы бойынша теріс сальдо 0,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Активтердің төмендеуі 2,1 млрд. АҚШ долларын, ал міндеттемелердің төмендеуі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

2015 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 154,2 млрд. АҚШ долларын құрады, олардың 5,1%-ы немесе 7,8 млрд. АҚШ долл. – мемлекеттік сектордың сыртқы борышы2, 6,0%-ы немесе 9,3 млрд. АҚШ доллары – «Банктер» секторының сыртқы борышы3, 36,8%-ы немесе 56,7 млрд. АҚШ доллары – «Басқа секторлардың»4 тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі, ал қалған 52,1%-ы немесе 80,3 млрд. АҚШ долларын осы сектордың фирмааралық берешегі құрайды.

2015 жылғы 1-тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,9 млрд. АҚШ долларына төмендеді, бұл ретте міндеттемелер экономиканың барлық секторларында қысқарды.

Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 0,4 млрд. АҚШ долларына азайды. «Банктер» секторы сыртқы борышының 0,8 млрд. АҚШ долларына төмендеуі барлық қаржы құралдары бойынша міндеттемелерді өтумен байланысты болды. Фирмааралық берешектің 1,1 млрд. АҚШ долларына өсуі кезінде, «Басқа секторлардың» жиынтық сыртқы міндеттемелері 1,7 млрд. АҚШ долларына қысқарды.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 270 46 39

+7 (727) 270 45 85

+7 (727) 330 24 97

e-mail: press@nationalbank.kz



www.nationalbank.kz

1 Төлем балансының жаңа әдіснамасына сәйкес қаржы шоты және оның құрауыштары сальдосының теріс белгісі таза қарыз алудың халықаралық инвестициялық позицияның нашарлауына және елдің таза сыртқы борышының өсуіне ықпал ететінін көрсетеді.

2 «Мемлекеттік басқару органдары» (Қазақстан Республикасының Үкіметі) және «Орталық Банк» (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) кіреді.

3 Екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ кіреді».

4 Банктік емес қаржы корпорациялары, қаржылық емес корпорациялар, сондай-ақ үй шаруашылықтары мен үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет