3 мемлекеттік мекемелер



жүктеу 127.41 Kb.
Дата12.04.2018
өлшемі127.41 Kb.
1.Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

 3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:


      1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;
      2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;
      3) мемлекеттік мекемелер; 
      4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар; 
      5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер; 
      6) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар; 
      7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.
      Осы баптың 3-тармағының 4) – 6) тармақшаларында көзделген норма, егер мұндай автокөлік құралдары 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер болып табылса, осы тармақшаларда аталған адамдарға қатысты қолданылмайды.

Салық салу объектiлерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады. 
      2. Мыналар: 
      1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар; 
      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
      3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектiлерi болып табылмайды.

Салық мөлшерлемелері



      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

Рет


Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Двигателінің көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):




1100-ге дейін қоса алғанда

1

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

6

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

9

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан жоғары

117

2.

Жүк көтергіштігі мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тіркемелерді есептемегенде):




1 тоннаға дейін қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаны қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаны қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

3.

Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары

3

4.

Автобустар:




отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда

9

отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда

14

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателінің қуаты:




55 кВт-ға дейін қоса алғанда

1

55 кВт-дан асатын

10

6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшіне тең):




160-қа дейін қоса алғанда

6

160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда

18

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

32

1000-нан жоғары

55

7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептік көрсеткіштің 4 пайызы

8.

Мыналар:
кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн;
магистральдық, станциялық және тар табанды және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;
өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы

Тар табанды және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы

      Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:

Р/с №

Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):




3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда

35

3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда

46

3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда

66

4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда

130

5 000-нан жоғары

200

      Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
      1-1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
      1) жеңiл автомобильдерге:
      В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғандағы) автомобильдер;
      жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);
      рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
      2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады;
      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;
      4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады.
      2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрді қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
      2-1. Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 1 500-ден жоғары 2 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 000-нан жоғары 2 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 500-ден жоғары 3 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда текше сантиметр, қырық алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, алпыс алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 5 000-нан жоғары текше сантиметр болған кезде қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.
      2-2. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.
      3. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық мөлшерлемелеріне мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
      1) 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0;
      пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0;
      2) 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5;
      пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 0,3.
      4. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетілген шығарылған жылы негізге алына отырып есептеледі.
      5. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Салықты есептеу тәртiбi



      1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi. Жеке тұлғалар осы Кодекстің 369-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді. 
      Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi. 
      2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
      1) беруші тарап үшiн: 
      салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi; 
      салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi; 
      2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
      3. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңі ішінде беруші тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемі тараптардың келісімі бойынша сатып алу-сату, айырбастау шарттарының талаптарына негізделіп сатып алатын тараптың берілетін салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
      4. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.
      5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады. 
      Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Заңды тұлғалар салық кезеңінің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:
      1) көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      2) салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
      тоқтатылған жағдайда – салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап мұндай көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
      Заңды тұлғалар салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын табыс етпейді. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Салық төлеу мерзiмдерi



      Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн болып табылады.
      Салықты төлеу салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.
      Көлік құралдарын тіркеуден, қайта тіркеуден, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткізген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықты есептейді және бюджетке төлеуді жүргізеді.
      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет