2030 жылға дейінгі мерзімге арналған «Агралық сектордың тұрақты дамуы, өңдеу мен азық-түлік қауіпсіздігі» бағытындағы технологиялар, ғылыми зерттеу жүргізу жұмыстары, өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі



Дата02.07.2017
өлшемі158.71 Kb.
2030 жылға дейінгі мерзімге арналған «Агралық сектордың тұрақты дамуы, өңдеу мен азық-түлік қауіпсіздігі» бағытындағы технологиялар, ғылыми зерттеу жүргізу жұмыстары, өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі.


Өнім /Қызмет

Технологиялар

Ғылыми зерттеулер мен өңдеулердің тақырыптамалары

Өсімдік және егін шаруашылығы

1.Биотикалық және абиотикалық факторларға тұрақты жоғары өнімді және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық дақылдары

1.Дәстүрлі сұрыптау, жасушалы инженерия, молекулярлық генетика және биоинженерия тәсілдерін қолдану арқылы жоғары өнімді және гибридтер мен сорттардың күйзеліс факторына тұрақты ортасын құру және жетілдіру.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының шектеулі көрсеткіштерін (құрғақшылыққа төзімді, аурулар мен күйзелістерге тұрақты) белгілі (генетикалық) жиынтығын және мәліметтер базасын құрудағы зерттеулер.

Қарама қайшылық сұрыптау және генетикалық технологиялардың күйзеліс индикаторларының белгілерін жақсарту бағытындағы генетикалық көптүрлілікті пайдалану бойынша зерттеулер.

Жылжымалы гибридтер мен жабайы туыстарын қоса алғандағы әлемдік агробиотүрлілік талдауы негізіндегі қажетті, мақсатты гендерін сәйкестендіру бойынша зерттеулер.

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі, сапасы және бейімделу белгілерін сұрыптаудағы маңызды тұстарын қолдану бойынша зерттеулер.

Әр агроэкотиптің морфологиялық және физиологиялық идиотипін дамытудағы фенотиптің жақсартылған технологиясын жасау.

Қазақстанның табиғат климатының әртүрлілік әлеуетін пайдалану мақсатында экологиялық сұрыптау бойынша зерттеулер.

Дәнді дақылдар, жарма, майлы дақылдар, жеміс-жидек, көкөніс және орман шаруашылығы дақылдарын сұрыптауды, олардың өнімділігін арттыруды, өнім сапасын және биотикалық, абиотикалық факторларға төзімділігін зерттеу.

Сұрып ауысымы мен жаңартуды тездету барысында тұқым шаруашылығы кестесін әзірлеу және жетілдіру.

Феноменнің генотип ортадағы әр түрлі деңгейін үйрену жөніндегі зерттеулер:

- халықаралық сұрып сынау(үздік ұқсастықтар негізінде);

- Қазақстанның экологиялық желісіндегі сұрыптаудың жылжымалы ақпараты

- MAS- сұрыптау бағдарламалары (нақты белгілер бойынша)



Аймақтың табиғат климаты жағдайларына ауыл шаруашылық дақылдарының сұрыптары мен гибридтердің шыдамдылығы және тұрақтылығын иммунологиялық бағалау бойынша зерттеу.

1.Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу технологиясының табиғат климаты жағдайына бейімделген қоржиыны.

1. Табиғат климаттық және топырақ жағдайларының түрлілігіне арналған агроландшафтты егін шаруашылығы.

Қазақстанның аймақтары бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің оңтайлы агроландшафтты өңірлерін дәлелдеу жөніндегі зерттеулер.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын нақты бір алқапта өсірудің технологиялық басқару жүйесін автоматтандыру

2. Суармалы агроландшафттарды тұрақты басқару.

Су шаруашылығын дамытудың (мелиорация, суару, суарудың техникасы мен технологиясы) техникалық және технологиялық жағынан қамтамасыз етуді зерттеу.

3. Табиғи ресурстар жағдайы мониторингінің ГИС-жүйесі.

Жерді пайдалану және сулы қор жинақтау технологиясының бейімделу жүйесін жасау.

Топырақ құнарлығын қайта жаңғырту және сақтау технологиясын жасау.

Топырақтың ксенобиотиктармен ластануы және гумустардың құрамын бағалау үшін әсер ету және шоғырлану қабілеті көрсеткіштерін дистанциялық тәсілмен анықтауды зерттеу.

3.Органикалық егін шаруашылығы (технологиялар)

1. Өсімдік аурулары және зиянкестермен күресуге арналған биопрепараттар мен биотәсілдер құру.



Өсімдік аурулары және зиянкестермен күресуге арналған жоғары әсерлі биопрепараттар әзірлеу.

Зиянкестермен күресуге арналған биотәсілдерді шығару және пайдалану технологиясын әзірлеу.

Bacillus thuringiensis энтомопатогенді бактериялар негізінде жасалған биопрепараттарды әзірлеу тәсілдерін жасау және жетілдіру, тал көшеттерін қорғауды енгізу.

Қазақстанда шегіртке санын азайту үшін Beauveria bassiana энтомопатогенді саңырауқұлақтар негізінде микоинсектицидтер алу технологиясын әзірлеу.

Вeauveria bassiana энтомопатогенді саңырауқұлақтар негізінде биопрепараттар алу технологиясын әзірлеу.

Bacillus thuringiensis энтомопатогенді бактерияларының Қазақстанның штаммдарының генетикалық полиморфизмінің келешегі бар биопрепаратарын анықтау бойынша зерттеулер.

Қазақстан жағдайында энтомопатогенді микроағзалар пайдалану арқылыколорад қоңызының санын реттеудің қауіпсіз тәсілдерін әзірлеу.

Табиғи энтомофагтарды анықтау бойынша зерттеулер жүргізу және ашық топырақта көкөністер мен дақылдарды биологиялық қорғауда жаппай пайдалану үшін технология әзірлеу.

Ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерімен биологиялық күрес жүргізуде пайдалану үшін Қазақстанның оңтүстік шығысындағы агробиоценоздарды пайдалану энтомофаунасын анықтау бойынша зерттеулер.

Агроценоздағы биоценотикалық тепе теңдікті сақтау үшін бақшадағы фитофагтар мен фитопатогендер санын биологиялық бақылау әдістерін әзірлеу және алынған өнімдерді балалардың және емдәмдік тағамдарында пайдалану.

Органикалық егін шаруашылығы жүйесінде көкөніс дақылдарын әртүрлі кеміргіштер фитофагтарының кешенінен биологиялық қорғаудың агробиологиялық негіздемелері бойынша зерттеулер.

Органикалық егін шаруашылығы өсімдіктерін қорғау үшін пайдалы жәндіктер мен кенелерді жаппай көбейтетін био-конвейер әзірлеу.

Экологиялық таза өнім алу үшін жүзімдік алқаптарының фитофагтары мен фитопатогендердің басымды кешендерімен биологиялық қорғаудың әдістерін әзірлеу.

Агроландшафтты негіздегі жидектік алқаптардың агроценозын қорғаудың биологиялық тәсілін әзірлеу.

Орманның жапырақ кеміргіш зиянкестеріне қарсы Chouioia cunea паразитоидтарын жаппай көбейту және қолдану бойынша зерттеулер.

Ауыл шаруашылық дақылдарының дерттерімен биологиялық күресу үшін антогондарды пайдалану әдістерін әзірлеу.

  1. Органика негізінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру.

Экологиялық таза табиғи өнімдерді өңдеудің технологиясын әзірлеу.

Органикалық тыңайтқыштарды алудың технологиясын әзірлеу.

4. Фитосанитарлық қолайлығын қамтамасыз ету.

Аурулар мен зиянкестерді анықтау, болдырмау және күресу жұмыстарына қатысты барлық субъектілердің бірыңғай ақпараттық желісі мен мәліметтер базасы.

Аса қауіпті және оқшаулы зиянкес организмдердің үнемі жаңарып тұратын автоматтандырылған мәліметтер базасын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы аумағындағы фитосанитарлық тәуекелділік талдауы негізінде реттелетін оқшауланбаған зиянкес организмдер бойынша фитосанитарлық шараларды әзірлеу.

Ауыл шаруашылық дақылдары зиянкестерінің инсектицидтері мен синергистерге гросс-резистенттігін анықтау және олардың улы қалдықтарынан алынған өнімді азайту үшін зерттеулер жүргізу.

Тәртіптік барлау мен ГИС-технологиялар негізінде ауыл шаруашылық жерлерін аса қауіпті және карантинді организмдерін фитосанитарлық мониторингін зерттеу.

Топырақ және өсімдіктерде қалған пестицидтері мониторингінің тиімді құралы мен әдісін әзірлеу.

Аса қауіпті карантиндік ошақтар мен полиядты зиянкес жәндіктердің таралуын шектеу әдістерін әзірлеу.

Аурулар мен зиянкестерді анықтау және зерттеу кезінде қолданатын ыңғайлы тәсілдер.

Қазақстан Республикасы аумағында шектеулі таралған рас пен штаммдарды анықтау карантинді зиянкес организмдерінің ПЦР талдауы арқылы зерттеу

Мал шаруашылығы және ветеринария

1. Жоғары өнімді және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық жануарлары, құстар және балықтар (селекция)

1. Геномды сұрыптау негізінде сұрыптау процессін басқару.

Ауыл шаруашылығы жануарларының типтерін жетілдіруді зерттеу.

Ірі қара малдарының рецессивті гендерін ДНК –зерттеу әдісі арқылы сұрыптау процессіне енгізу және әзірлеу.

Технологиялық төмен өнімді бұқаларды арнайы етті тұқымдылармен шағылыстыру арқылы етті мал басын құрудың ғылыми- негізделген тәсілін әзірлеу.



Республикамызда өсірілетін жоғары өнімді гибридтер алынатын ауыл шаруашылық жануарлары негізінде гибридизациялаудың жаңа нұсқасын енгізу және әзірлеу.

Ерте антогенез кезіндегі жануарлар ағзасына иммундық түзетулер тәсілін әзірлеу.

2.Ауыл шаруашылық жануарларын тездетіп жаңғырту.

Жасушалы инженерия және трансгенез саласына әдіс- тәсілдер әзірлеу.

Ауыл шаруашылық жануарларын қолдан ұрықтандырудың жаңа әдісі мен жүесін әзірлеу.

Ауыл шаруашылық жануарларының эмбриондарын трансплантациялау тәсілін (in vivo, in vitro) әзірлеу

3. Арнайы сұрыптау белгілеріне қарай асыл тұқымды ауыл шаруашылық жануарларының бірыңғай электрондық мәліметтер базасы.

Ауыл шаруашылық жануарларының негізгі сұрыптау белгілерін талдау және жүргізуін қамтамасыз етуді әзірлеу.

Ауыл шаруашылығы жануарларын асылдандыру құндылығын ескере отырып ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу.

Ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық құжаттамасын ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу.

Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру рационын автоматты есептеуді ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу.

2.Тұрақты азық базасы. (азық, азықтандыру)

Азықтандыру және азық дайындау.

Азықтандыру қорын барынша пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын толықтай азықтандыру жүйесін зерттеу және жетілдіру.

Қоректі азықтарды тиімді пайдалануын арттыруды қамтамасыз ететін, жас төлдерді азықтандыру жүйесін жетілдіруді зерттеу.

Егіндік азық өндіру және шабындықта жайылымдық азық өндіру

Азық дақылдарын өсіру технологиясын жетілдіруді зерттеу.

Шабындық жерлерін рационалды пайдалану технологиясын әзірлеу.

Оазистік азық өндіру технологиясын әзірлеу.


Негізгі қоректік азықтар және өндіріс технологиясы жағдайының шаруашылық азық базасын есепке ала отырып дайындалған қоспа жемдерді құру технологиясын әзірлеу.

Консервіленген азық өндірісінің технологиялық параметрін әзірлеу және жетілдіру.

(шөп, сенаж, силос, корнаж, дымқыл бидайды өңдеу)



Жайылымдарды тұрақты басқару

Шабындық және жайылымдардарды агроэкологиялық бағалау үшін геоақпараттық жүйесін қолдануды зерттеу.

Жайылымдарды ұтымды пайдалану және жаңартылған қуат көзін қолдану негізінде жасалған жайылымдардың технологиясын әзірлеу.

Деградирленген жайылымдар мен бұзылған агроэкожүйелерді қалпына келтіру технологиясын әзірлеу.

Жасыл және шикізаттық конвейер кестелері бар жайылымдар мен шабындықтарды пайдаланудың технологиялық параметрлерін әзірлеу.

3.Қазақстан Республикасы аумағындағы қолайлы жағдай.

1.Мал басының аса қауіпті аурулардан сақтап, олардың қолайлы жағдайын жетілдіру жүйесі.

Қазақстан Республикасы жануарлары ауруларын болжау, математикалық модельдеу және эпизоотологиялық қадағалау жүйесін әзірлеу.

Қолайсыз ауру ошақтардан шыққан эпизоотикалық дақылдарының иммунобиологиялық және молекулярлы-генетикалық құрамын зерттеу, биопрепараттар құру үшін микроағзалардыңколлекциялық штаммын сақтау.

Алыс, жақын шетелде және Қазақстан Республикасы аумағында аса қауіпті зооантропонозды және басқа да инфекциялы жаңа эпизоотиялық ошақтардың пайда болу жағдайын зерттеу.

МЭБ талаптарына сәйкес аса қауіпті карантинді және эмерджентті ауру жануарлардың эпизоотиялық барысын басқару бойынша іс шаралардың ғылыми-дәлелді жүйесінәзірлеу және жетілдіру.

Ветеринарлық- санитарлық қадағалау ошақтарын дератизациялау, дезинсекция бойынша іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және жетілдіру.

2.Жануарлардың ауруларын анық тау, емдеу және оларды жою құралдары мен тәсілдерін әзірлеу.

Қазіргі заманға сай құру және қолда бар вакциналық препараттарды жетілдіру технологиясын әзірлеу.

Жануарлар, құстар,балықтар және аралардың ауруларын анықтау үшін қолданыстағы тест жүйесін жетілдіру және жаңасын әзірлеу.

Жануарлар, құстар және аралардың терапиясының тиімді құралдары мен тәсілдерін әзірлеу.

Жұқпалы емес ауыл шаруашылық жануарларының қолайлығын қамтамасыз ететінжүйені зерттеу және жетілдіру.

4. Жануарлардың генетикалық әлеуетін барынша жүзеге асыруға арналған оңтайлы жағдайлар (асырап күту технологиясы)

1.Ауыл шаруашылық жануарларын асырап күту

Қазақстанның аймақтары бойынша ауыл шаруашылық жануарлары өнімдерінің түрлі бағытта қамтудағы ресурс жинақтау технологиясын әзірлеу.

Ресурс жинақтау технологиясының төмен шығынды етті мал шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу.

Жоғары өнімді сиырларды жылдам өсірудің жүйесін әзірлеу.

Сүт және ет өнімдерін өндіруде экологиялық қауіпсіз, қуат және ресурс жинақтау технологиясын әзірлеу.

2.Технологиялық процесстерді автоматтандыру және и механикаландыру.

Сүтті машина арқылы сауыпоны қайта өңдеу және сақтау құралдарының жүйесін әзірлеу.

Ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиялық жағдайын сәйкестендіру тәсілдерін әзірлеу.

Азық өндіруге арналған машиналар жүйесін әзірлеу.(тұқымсепкіш, шөп жинағыш, тіркеме және т.б)

Азық дайындау машиналары жүйесін әзірлеу (майдалағыш, азықтаратқыштар және т.б)

Ауыл шаруашылық жануарларын асырап күту үшін құрал жабдықтар жүйесін әзірлеу(суат, қитазалағыш)

Азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, тамақ және қайта өңдеу өндірісі

1. Бәсекеге қабілетті азық түлік өнімі

  1. Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеудің кешенді, қуат-ресурс және ресурсжинақтау технологиясы.

Ауыл шаруашылық шикізатын осы тиімді технологиялық өңдеуде заманауи физика-химиялық және электро-физикалық әдістерін әзірлеу.

Ауыл шаруашылық оның ішінде қайта өңделетін шикізаттарды өңдеуде нано және биотехнологиялық әдістерді пайдалану арқылы технологиялық процесстерді әзірлеу

  1. Жаңа, сапалы оның ішінде импортталатын биологиялық құндылығы жоғары тамақ өндірісі.




Тамақ жобалаудың заманауи тәсілі негізінде халықтың әртүрлі жас шамасына қарай жаппай азық пайдалану үшін құрылған техника мен технологияларды әзірлеу. (балалар тағамы,мектепке дейінгі және мектеп жасындағы героемдәмдік тағамдар және т,б.)

Биологиялық белсенді заттар мен микроағзалардың жаңа консорциумын пайдалана отырып етті сүтті өнімдердің жаңа түрлері технологиясын әзірлеу.

Жаңа қиыстырылған ферменттердің құрамын пайдалана отырып ет сүт өнімдері мен құрама жемнің жаңа түрлерінің сапасын жоғарлату технологиясын әзірлеу

Емдік профилактикалық өнімдерді оның ішінде экологиялық қолайсыз аймақтарға өндірудің заманауи технологиясын әзірлеу.

Функционалды тамақ өндірісін соның ішінде , түрлі ауруларды ескерту, ағзаның қорғаныс қызметін басқару және зиянды заттардың әсер ету қаупін азайту.


  1. Жануар және өсімдік тектес шикізаттардың сапалық және функционалдық мінездемесін қалыптастыру.

Ет, сүт, тері және жүннің сапалық және функционалдық мінездемесін құру арқылы ауыл шаруашылық жануарларына жем шөп пен азық қоспаларын өндіру технологиясын әзірлеу.

Ауыл шаруашылық дақылдарының биохимиялық, технологиялық және құнарлы құрамдастары жағынан құнды генотиптерін іріктеу және белгілеу арқылы қайта өңдеуге болатын шикізат негізінде сау тамақ өндірісі технологиясын әзірлеу.



  1. Қайта өңделген негізгі өнімнен және екінші ретті шикізаттан бәсекеге қабілетті өнім өндіру.

Жаңартылған қуат көздерін ауыл шаруашылық шикізатынан екінші ретті алутехникасы мен технологиясын әзірлеу.

Биоконсерванттау әдісін пайдалану арқылы тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу технологиясын әзірлеу.

Шикізаттың бағалы компоненттерін тамақ өндіру өндірісі және медициналық препараттарда пайдалану технологиясын әзірлеу.

  1. Сақталу мерзімі ұзақ тамақ өнімдерін өндіру.

Ұзақ мерзімге сақтау үшін азық түлік өнімдерінің консерванты технологиясын әзірлеу.

Сақтау кезінде жемістер мен көкөністердің сапасын барынша сақтап оларды жоғалту қаупін азайтудың жаңа экономикалық технологиясын әзірлеу.

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, азық түлік өнімдерінің сақтау мерзімін ұзартудың заманауи техникасы мен технологиясын әзірлеу.

  1. Тамақ және қайта өңдеу өндірісінде технологиялық процесстерді автоматтандыру.

Азық түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеудің технологиялық барысын автоматтандыру жүйесін әзірлеу.

  1. Тамақ және қайта өңдеу өндірісіне суды барынша қайтару арқылы айналмалы сумен қамту жүйесін әзірлеу.

Өндірісте суды бірнеше рет пайдалану жүйесін әзірлеу.

Әртүрлі шаруашылық мақсатта қайталап пайдалану үшін суды тазалау технологиясын әзірлеу және жетілдіру.

2. Азық-түлік өнімдері қауіпсіздік


1.Азық түлік өнімдері мен ауыл шаруашылық шикізаттары қауіпсіздігін бақылаудың құралы мен әдісін жасау технологиялары.

1. Мал шаруашылығындағы дәрілік және ветеринарлық препараттарды , вакциналар мен антибиотик қалдықтарын анықтау әдіс-тәсілдерін әзірлеу.

2. Хромато-масс-спектрометрияны пайдалана отырып ксенобиотиктер мен суперэкотоксиканттарды бірдейлендіру, экстракт тазалау және экстракцияның жаңа технологиясын әзірлеу.

3.Тамақ қоспалары қауіпсіздігін бағалау әдісін әзірлеу. (БАҚ-ы, бояғыштар, консерванттар, эмульгаторлар, ароматизаторлар, дәм көбейткіш және т,б.)

4.Құрамында ГМА бар импортталатын өнімдердің мониторингін және бақылауды молекулярлы-зерттеу тест-жүйесін әзірлеу.

5. Жануарлар мен өсімдіктер шикізаттары радиоактивті сәулелер мөлшерін орнатуды зерттеу.

6. Азық түлік өнімдерінің фальсификациялау және сапасын анықтау тәсілін әзірлеу.

2. Тамақ өндірісінің барлық өмірлік кезеңіндегі қиын жағдайларын бақылау технологиясы.

1.Азық түлік өнімдері мен өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайды модельдеу , болжау және басқарудың ақпараттық-өлшемдік жүйесін әзірлеу.

2.Азық түлік өнімінің өмірлік кезеңі барысында биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық, химиялық және физикалық тәуекелділіктерін (анықтау методологиясы, азық түлік өнімдерін өндіру кезінде қауіпті факторларды бағалау және басқару) талдауды(бірдейлендіру, бағалау және басқару) зерттеу.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет